Сабақ тақырыбы | Тағамдар мен сусындар |
Сілтеме | Оқу жоспарының бөлігі |
Сабақ мақсаты | Тағамдардың аттарымен танысу. Саналатын және саналмайтын зат есімдерді ажырата білу. |
Оқытудың нақты нәтижесі | Бұрыннан таныс тағамдардың аттарын еске түсірді. Жаңа сөздермен танысты. Саналатын және саналатын зат есімдер жайлы ережелермен танысты, ажырата білді. Мысалдар келтіре алды. |
Сабақтың идеясы | Ас-адамның арқауы. Bread is staff of life |
Сабақтың мазмұны | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау |
Ұйымдастыру кезеңі Топқа бөлу. | Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу. Шеңбер құру. «Көңілді күн» әніне билеу. Жақсы билегендері үшін сыйлыққа смайликтер тарату. | Кезекші оқушы жауап береді. Шеңберге тұрады. Билейді. Таратылған смайликтер бойынша топқа бөлу. | Формативті Смайликтер |
Өткенді еске түсіру Үй тапсырмасын сұрау | Миға шабуыл. Бұрыннан таныс тағамдардың аттарын еске түсіреді, тіл жаттыққанша қайталату | Сөздерді тізбектеп жазады, оқиды. | Шапалақ |
Жаңа сабақ | Сабақтың мақсатымен таныстыру | | |
1 тапсырма | Жаңа сөздермен танысу (Слайд+үнтаспадағы сөздердің дыбысталуымен танысып, айтып үйренеді) | 1.Естиді 2.Қайталайды 3.Аудармасымен танысады | |
2 тапсырма | Грамматика. Саналатын және саналмайтын зат есімдер. (видео) | Ережемен танысады. Ой бөліседі. Мысалдар айтады. | Тапсырманың дұрыстығына байланысты формативті мақтау алады |
3 тапсырма | Грамматикалық тапсырманы бір-біріне түсіндіру немесе білімді өз еріктерімен меңгеру үшін «Аквариум» стратегиясы. | Түсінген оқушылар түсінбеген оқушыларға түсіндіреді | Мұғалімнің мадақтамасы |
4 тапсырма | Топтық жұмыс. Т кестесін толтыру. І топ - Саналатын және саналмайтын тағамдар ІІ топ – Тағамдар және сусындар ІІІ топ – Денсаулыққа пайдалы және зиян тағамдар ІV топ – жемістер мен көкөністер | Кестені толтырады. | Дәлелдің құндылығына байланысты мадақтау |
Кері байланыс | Автобус аялдамасы | Бір-бірінің кестесіне толықтырулар жүргізеді, қатесін түзейді | Смайлик арқылы өзін-өзі бағалау |
Сергіту сәті | «I like food» өлеңі | Әнді қимылмен көрсете отырып айтады. | Өте жақсы деген мақтау алып орындарына отырды |
Сабақ қорытындысы | Жұптық жұмыс -What Food do you like? -What is your favorite food? | Диалог құрады. Жұптасып сөйлеседі | Әр оқушының пікірі тыңдалады. Шапалақ арқылы бағалау. «5» -5 шапалақ, «4» -4 шапалақ, «3» - 3 шапалақ |
Үй тапсырмасын беру | Сөздік жаттау. Ұнататын және ұнатпайтын тағамдары жайлы жазу. | I like …., ….., ….. but I don’t like …., ….., …… . | |