Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
Қазақ – орыс тілдерінің кәсіби жазбаша аударма кафедрасы
I аралық бақылау тапсырмалары
1 курс,I семестр, 1 модуль
№1 жоба
Пән атауы: Лингвистикалық ілімдер тарихы (Лингвистиканың ғылым ретінде қалыптасуының негізгі кезеңдері)
Оқытушының аты – жөні:Ақыш.Б.Ө.
Жоба тақырыбы:Ежелгі Қытай тіл білімі.
Бақылау түрі: Презентация.
Жұмыс түрі: 5- 10 беттен тұратын есеп және оның СD дискідегі көшірмесі.
Тапсыру уақыты: 1 модуль, 7- шы апта
Міндеттері: Берілген тақырыптардан презентация жасауға тақырып таңдау және оның есебі мен презентациясын құрастыру. Дәріс сабағындағы ескертулер мен семинар сабағындағы пікірталастық мәселелерді қарастыру.Тақырып бойынша әдебиеттерді іріктеу, қарау. Тақырып бойынша ұстанымға сүйену, тақырыптан ауытқымау.
Тақырыпшалардың атауы:
1.Ежелгі қытай мәдениеті мен тіл білімі тарихы
2.Қытай жазба ескерткіштері
3. Ат қою теориясы мен грамматикалық өнер теориясы
4.Философ ғалым- Конфуций.
5.Қытай лингвистикасының өзіндік ерекшелігі
Жобаны жүзеге асыру кезеңдері:
Дайындық кезеңі:
1.Зерттеудің мақсаты мен міндетін (коммуникативтік, шығармашылық, ұйымдастырушылық) анықтау.
2.Дағдыны анықтауға арналған мәтіндер таңдау және оны құрастыру.
3.Тұсаукесер мәтінін жасауға арналған мәтін тізбесін құру.
4.Таңдалған тақырыптың өзектілігін көрсету.
5.Жазбаша жоба жоспарын құру.
Зерттеу кезеңі:
1.Таңдалған зерттеу тақырыбына байланысты ақпарат дайындау.
2.Ақпарат мәтіні туралы оқытушымен ақылдасу.
3.Тақырып бойынша көптеген ақпарат материалдарын жинау.
4.Жиналған материалдар бойынша зерттеу жүргізу.
Шығармашылық:
1.Мәліметтерге талдау жасау.
2.Әр материалға жеке талдау жасау
3.Қорытынды шығару
4.Іріктеп ұсыну
5.Жиналған материал мен презентацияға өзіндік бағалау жүргізу
Қорытынды кезең:
1.Зерттеу тақырыбы бойынша ұсыныс жасау
2.Зерттелген тақырыптың оң нәтижесі мен кемшіліктерін көрсету 3.Қолданылған әдебиеттер мен тақырыптың кейінгі өңдеу тізбесін жасау
4.Жобаны дайындау
5.Зерттеуді қорғау
Жоба міндеттері:
1.Қытай – мәдениті, ғылыми ой- пікірі ертеде дамыған, дүниежүзілік мәдениетке зор үлес қосқан ежелгі ел екендігіне тоқталу.
2.Иероглифтік грамматикаларда морфема, сөздер мағынасы, этимология мәселесі туралы сөз қозғау.
3.Иероглифтік грамматика дегенді қалай түсінесіз?
4.Біздің жыл санауымыздан бұрынғы 551 – 479 жылдар арасында өмір сүрген философ ғалым – Конфуцийдің тұжырымдары және оған қатысты өз ойыңыз.
5.Көне және орта ғасырлық Қытайда философиялық мәселе ретінде ерекше көңіл аударылған тіл салалары туралы саралау.
Ұсынылған әдебиеттер:
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
Қазақ – орыс тілдерінің кәсіби жазбаша аударма кафедрасы
I аралық бақылау тапсырмалары
1 курс,I семестр, 1 модуль
Пән атауы: Лингвистикалық ілімнің тарихы
Жоба тақырыбы: Қытай тіл білімі
Орындаған:Раджабова М.Х
Нурмуханова М.М
Сәулетова А.С
Тексерген: ф.ғ.д. Ақыш Б.Ө
Алматы,2018
Тақырыбы: Ежелгі Қытай тіл білімі
Жоспар:
1.Ежелгі Қытай мәдениеті
2.Қытайлардың көне жазуы. Қытай сөздігі Эрья
3.Ежелгі Қытай тіл біліміндегі ат қою теориясы
Мақсаты: Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны және пәні, анықтамасы, тіл білімінің тарихы бойынша теориялық мәлімет беру.
1 Қытай – мәдениеті, ғылыми ой-пікірі ертеде дамыған, дүниежүзілік мәдениетке зор үлес қосқан ежелгі ел. Қытай тіл білімінің тарихы екі мың жылдан астам уақытты қамтиды. Қытай тіл білімі 19 ғасырдың аяғына дейін басқа елдердегі тіл білімінің әсерінсіз өз бетінше дамыған.
2 Ат қою теориясы мен грамматикалық өнер теориясы Ежелгі Қытайда да болған. Ат қою теориясын қалыптастырған адам, біздің жыл санауымыздан бұрынғы 551-479 жылдар арасында өмір сүрген философ ғалым – Конфуций (Кун-Цзы).
Оның ойынша зат пен оның атауы арасында табиғи байланыс болады. Атау заттың табиғатына сай болу керек. Бұл қате тұжырым. Ат қою теориясымен қатар ежелгі Қытайда грамматикалық өнердің де негізі қаланған. Грамматикалық ілім қытайлардың көне жазуы - иероглифке негізделген. Қытай иероглифі біздің жыл санауымыздың бірінші ғасырының өзінде-ақ белгілі бір нормаға келтіріліп, уставтық, жартылай уставтық және жылдам жазу делініп үш стильге бөлінген, грамматикаға байланысты пікірлер де осы иероглиф жазуын талдап түсіндіруге негізделген
3 Грамматикалық өнер ежелгі дәуірден сақталған діни жазбалар тілін зерттеу негізінде туған. Көне және Ортағасырлық Қытайда тілге байланысты үш түрлі филологиялық мәселеге ерекше көңіл аударылған. Оның бірі – көне сөздердің мағыналарын айқындау, екіншісі – иероглифтің құрылысы мен этимологиясын айқындау, үшіншісі – фонология. Тілдегі дыбыстық өзгешеліктерді айқындауда, тілді зерттеуде қытайлықтардың өзіндік ерекшелігі, дәстүрі болған. Оларда ежелден қалыптасқан ұғым бойынша, тілдегі ең негізгі тұлға - сөз. Сондықтан иероглиф жазуы жеке дыбысты емес, сөзді таңбалайды. Ежелгі Қытай лингвистикасының негізі - тілдегі әр сөзге жеке таңба тағайындау, ол таңбалардың мағынасын, оларды қалай оқу, қалай қолдану жолдарын айқындау болған. Ол үшін таңбалар сөздігі жасалған. Біздің заманға жеткен сондай сөздіктердің бірі және қытайлар үшін ең беделдісі қытайша "Эрья" деп аталатын сөздік. Біздің заманға дейінгі үшінші ғасыр шамасында жасалған бұл сөздік бұрыннан сақталған діни жазбаның сөздерін - иероглифін түсіндіруге арналса керек. Ол жазбалардың сөздері - киелі, жоғары стильді, канондық сөздер саналған. Сөздікте оның иероглифін талдау, жүйелеу, оларды оқудың, түсінудің ережелері берілген. Сөздікті грамматикалық еңбектер қатарына жатқызуға себепші болатын да сол ережелер.
Грамматикалық және лексикалық қатынас халықтық әдеби тіл – қытай тілі солтүстік диалектіге бағытталған. Оның фонетикалық формасы пекиндік дыбыстау арқылы жасалған. Атақты қытай тілінің «Канси» сөздігінде 47 мыңнан астам таңба бар. Бірақ күнделікті тұрмыста қолданатын иероглиф саны – 3000-ға жуық.