О?ушыларды? с?здік ?орын байыту, ?з ойын толы?, аны? жеткізе білуге да?дыландыру; д?рыс с?йлеуге ?йрету, тіл байлы?ын дамыту; о?шыларды? шетел тілінде ойлау ж?не с?йлеу ?абілеттерін арттыру.
Оқушылардың сөздік қорын байыту, өз ойын толық, анық жеткізе білуге дағдыландыру; дұрыс сөйлеуге үйрету, тіл байлығын дамыту; оқшылардың шетел тілінде ойлау және сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Сабақта оқушыларға жаттығуларды дұрыс орындауға және өзін-өзі тексеруге қажетті және заман талабына сай оқытудың жаңа технологияларының әдіс-тәсілдерін жаңа білімді меңгеруде қолдану.
Мен сабағымды ұйымдастырудан бастадым. Оқушыларды түгендеп болғасын «Сиқырлы қораптың» ішінен карточка алғызып топқа бөлдім.Осыдан кейін үй тапсырмасын тексере бастадым. Үй тапсырмасын тексеру барысында барлық оқушыларды қамту мақсатында «Шеңбердегі әңгіме» әдісі бойынша үй тапсырмасын бекіттім.
Оқу нәтижесі: Қоршаған орта туралы жайлармен хабардар бола отырып, сөздік қорларын молайтты.
Негізгі идеясы: Тақырыпқа сай жаңа сөздермен таныстыру. Қоршаған орта туралы суреттеу, сипаттау. Оқытудағы жаңа тәсіл ретінде СТО технологиясы стратегияларын қолдану арқылы ойын жинақтау, өз ойын білдіруге, қиялын арттыруға ықпал ету.
Бағалау - формативтік бағалау, топтық бағалау,жұптық бағалау жүргізілді
Оқушылар жаңа видео сабақ арқылы тақырыпты ашты.
Animals топ.Аңдар не үшін азайып бара жатыр туралы айтып постер қорғады.
AirpollutionтопСу, ауа не үшін ластанып жатыр туралы айтып, постерді қорғады.
Environmentтоп Қоршаған ортаны калай аялаймыз сураққа жауап беріп постер
қорғады.
Сабақтың соңында оқушыларға сыни тұрғыдан ойлау технологиясының
стратегиясы бойынша тапсырма орындаттым. Оқушылардың көбі бұл тапсырманы
қызығушылықпен орындады.
Сыныпта берілген тапсырмалар:
Тақырыпты бірге оқу арқылы талдау /5 минут/
Әр топқа қоршаған орта туралы суреттер салып, дайындап,постер қорғау тапсырылады./7 мин/
Сергіту сәті үшін /3 мин/
Оқушылар ағылшын тілінде өлең айтты
Сабақты қорытындылау.
Бөлім бойынша берілген тақырыптарды түсіндіруде АКТ-ны қолдану арқылы оқушыларға қызықты, жаңа тәсілдермен өткізу танымдық белсенділіктерін арттыруға мүмкіндік береді.
Оқушылар берілген тапсырмаларды қызығушылықпен, жауапкершілікпен орындады.
Не сәтсіз өтті?
Оқушылар сөздік қорларын тиімді пайдалана алмады. Ессе жазу тапсырмасында терең ойланбады. Бұл сабақта мен уақыттан ұтылдым.
Не сәтті өтті?
Оқушылар интерактивті тақтамен еркін жұмыс жасады және өз пікірлерін айтуды үйрене бастады. Жаңаша әдістерді толықтырдым. Оқушылар бір-бірін үнемі мадақтап отырды.
Нені дамытар едім?
Байқалмай, үнсіз жүретін оқушыларға әсер ететін қызықты тапсырмалар әзірлеу. Сабағыма өмірмен байланысты толығырақ енгізу. Уақытты тиімді пайдалану.