Ағылшын тілі пәнін оқытуда электронды оқулықтарды
тиімді пайдалану жолдары
Мырзахметова Балгын Сигуатовна
Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің ағылшын тілі
мұғалімі
Қазіргі уақытта «Сабағымды қалай, қызықты , тартымды өткізсем?Сабақ үсті оқушылардың қызығушылығын қалай арттыруға болады?» деген сұраққа ойланбайтын мұғалім жоқ шығар.Себебі , әрбір жаңашыл мұғалім шәкірттерінің шығармашылық жетістіктерін,сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруды мақсат етеді.Өйткені, мектепке талаптар ешуақытта кеміген емес.Баланы өзіндік белсенділік пен оқуға деген құштарлыққа тәрбиелейтін қазір жаңа инновациялық технологиялардың түрлері өте көп.
Инновациялық үрдіс дегеніміз жаңашылдықтың құрылымы, мазмұны және жаңашылдықты ұйымдастыру.Инновациялық үрдістің басты түсінігі- кешенді іс-әрекет қалыптастыру,игеру,жаңашылдықты пайдалана білу. Қазіргі кезде заман талабына сай, жаңа ақпараттық технологияны мультимедиа,интерактивті тақта, интернет жүйесі арқылы пайдалану ерекше дамыған.Инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізуде электрондық оқулықтарды пайдалану өте тиімді. Осы тақырыппен шұғылданып жэүрген екі жыл ішінде компьютермен жұмыс жасау дағдысын,интерактивту тақтаны пайдалану жүйесін үйреніп қана қоймай, әрбір сабақта мүмкіндігі келгенінше электронды оқулықтарды пайдалануды да әдетке айналдырдым.Электронды оқулық арқылы ағылшын тілін үйретудің артықшылығы мынада: компьютерлік желі арқылы жұмыс жасауға мүмкіндік, екіншіден,заманауи ғылым негіздерін білгізуге деген мүмкіндік, үшіншіден, оқушының сөйлеу тілін жаттықтыру мүмкіндігі. Электрондық оқулықтарда барлық дерлік тақырыптарға жаттығулар мен мысалдар көп-ақ.Сонымен бірге оқушы білімін тексеруге арналған тестік тапсырмалар да ұтымды орналастырылған.Ағылшын тілін оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың коммуникативті қаблеттерін қалыптастыру мен дамыту және ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алуын қамтамасыз ету болып табылады.Ағылшын тілінің мұғалімі Әрбір оқушы ағылшын тілінде еркін қарым-қатынас жасай алуы , яғни еркін сөйлей алуы үшін, олар жеке қызығушылық танытатындай және тілді шығармашылықпен үйренетіндей әдіс-тәсілдер қолдануы тиіс.Мұғалім міндеті ағылшын тілін үйренудегі оқушының зерттеушілік қызметін жакндандыруы тиіс.Жаңа ақпараттық технологиялар жобалау әдісі, жаңа тақпараттық технологиялар,интернет-ресурстар сияқты оқушымен жеке бағыттаушы қызметін жақсы атқарады,әр баламен оның даму, үйрену деңгейіне қарай жеке жұмыс жасауына мүмкіндік береді.
Дыбыс, түс,бейне. Алдыңда тінтуір мен экран
.Қандай тамаша ағылшынша ән айтқан.
Электронды мұғалім жанады, сайрайды,
Сұра, жауап береді,қайталайды қаласаң...
Экрандағы сиқырлы әлемді басқаратын қолың ғой,
Бақылаушы емессің, басқарушы өзің ғой!
Бұл өлең жолдарын колледж оқушыларының өздері құрастырған, себебі электрондық оқулықтың сан қырына қызыққан .
Бүгінгі қолда бар CD-ROM дискілер мәтінді дыбыс және бейнежазба түрінде бере алады.Компьютер арқылы оқыту әр оқушыныңт өздігінен әрекет жасап, өзбетімен оқуына мүмкіндік береді.Аудиожазбалар арқылы оқыту кезінде оқушылар ағылшынша сөйлесуді естиді және кейбір абзацтарды аудиомен бірге қайталап, тілін жаттықтыруға болады.Грамматикаға оқыту кезінде әр оқушы грамматикалық тапсырмаларды орындайды.Дұрыс жауаптары бар тестік тапсырмаларды орындау арқылы нәтижеге қол жеткізуге болады.Қолда бар электрондық оқулықтардағы бағдарламалар Аяпованың оқулығымен сәйкес келмейді, алайда олардағы кейбір тапсырмалар, тестар, ережелерді пайдалануға болады.Бұл материалдарды көмекші құрал ретінде пайдалануға әбден жарамды және оқушы қызығушылығын туғызуға жұмыс жасайды.
Ағылшын тілі сабағында компьютерлік оқыту бағдарламасын пайдалану әдістері.
Біздің колледжде екі мультимедиалық ,екі интерактивті тақта бар. Бұлкомпьютермен сабақ бойы немесе сабақ барысының бір бөлігінде жұмыс жасауға мүмкіндік береді.Электрондық оқулық арқылы грамматикалық,форетикалық,лексикалық жұмыс жасаумен бірге аудиожазбаларды тыңдауға болады.Өз сабақтарымда 11 сыныпқа арналған электронды оқулықты пайдаланамын. Бұл оқулық 9 тақырыптан тұрады.Оның ішінде грамматика, лексика, фонетикалық талдауларға арналған тапсымалар мен аудиожазбалар бар.
1.Welcome to Great Britain.6.Cinema, theatres, museums.
2.Welcome to Kazakhstan 7.Mass media.
3.English speaking countries. 8.Politics.
4.Education. 9.We enjoy sport.
5.Ecology.
Осының ішінде осы электронды оқулықпен қалай жұмыс жасауға болатынын түсіндіру үшін,«Қазақстан» тақырыбына тоқталамын.
І.PhoneticPractice. Отработка произношения.
Бұл бағдарлама сөздер мен үзінділерді аудиожазба түрінде береді, оқушылар оны тыңдайды және диктормен бірге қайтадайды.Экранда Мәтінде кездесетін географиялық атаулар,немесе басқа үзінді көрінеді, оқушыларға экрандағы текст бойынша жұмыс жасау тапсырылады.Мысалы «Қазақстан» тақырыбы бойынша мынадай тапсырма беріледі:
Listen and repeat in the interval.
Give English equivalents of the following words.
Listen and fill in the blanks.
Жұмыстың мұндай түрі диктоды тыңдауға , үзінділерді диктормен бірге қайталауға, мүмкіндік береді, сөйтіп оқушылар осы тілмен сөйлеушілердің сөйлеу мәнеріне біртіндеп жақындай түседі.
ІІ.Grammar Practice.Грамматикалық жұмыстар.
Барлық компьютерлік бағдарламамен жұмыс жасаушылар әуелі белгілі бір грамматикалық құрылымдармен танысуы, үйренуі керек. «Қазақстан» тақырыбы бойынша грамматикалық тапсырмалар тберілмесе де,оны басқа электрондық оқулықтардан алуға болады.Электрондық оқулық оқушыға грамматикалық ережелерді қарауға , онымен жұмыс жасауға ,тест жасауға және бірнеше рет жасауға мәжбүрлейді.Аталған оқулықта түрлі уақытта сұраулы және болымсыз сөйлемдермен,артикльдер,шартты сөйлемдер т.б. грамматикалық тапсырмалар бар. «Қазақстан»ырықсыз етіспен - Passive Voice қалай жұмыс жасауға болатынын көрсетейін.
Active and Passive Voice
Мынадай тапсырмалар беруге болады:
a).Open the brackets use Passive voice and the verb into the correct form.(using Present, Past and Future Simple.):
For example:
в).Open the brackets , choosing the correct form of the verb.
-Your luggage will(bring/be brought)___________up in the lift.
- From the station they will (take/be taken) __________straight to the hotel.
3. Translate into English, using Passive voice.
- Оны екі күн бұрын ауруханаға жіберді.
- Сізден емтиханды түске дейін алды ма?
4. Test (ырыксыз етіс тексеріледі, бекітіледі).
ІІІ.Conversational Practice.Диалогтық тілін жаттықтыру.
«Қазақстан» тақырыбы бойынша диалогқа берілген тапсырмаларға назар аударайық. Экранға диалог пен оған берілетін тапсырмалар жиынтығы шығады.Бірінші этапта диалогты тыңдаймыз, екінші этапта диктормен бірге қайталаймыз, дыбыстардың айтылуына тілімізді жаттықтырамыз, ү шінші этапта тастап кеткен сөздің орнына сөз тауып ,диалогты оқытамыз.
1.Listen to the dialogue, repeat it after the author and read it.
2. Read the dialogue. Complete the missing part of the dialogue.
3. Compose your own dialogue according to the situation (situation is done)
Диалогпен жұмысты түрлендіруге де болады: диктормен бірге оқу, жұппен оқу, диалогты диктормен бірге оқып, соңынан жатқа айту, өздері диалог құрастыру жәнет.б. Мұндай тапсырмалар оқушы деңгейіне байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
ІҮ.Read and find out. Оқу дағдысын дамыту.
Оқуға үйретуді төмендегіше ұйымдастыруға болады: мәтінді оқу, аудармай тұрып, мәтін бойынша сұраққа жауап беру, мәтіндегі географиялық атауларды табу және мәтінді аударып, мазмұнына назар аудару және жақсы оқитын оқушыларға түсінігін айтқызуға болады. Мысалы:
1. Read the text `Kazakhstan` several times, paying attention to your pronunciation and intonation.
2. Read the following words after the speaker.
3. Record your reading. Listen to your reading. If you are not satisfied do the task again.
4. Fill in the blanks using the active vocabulary.
5. Answer the questions
6. Retell the text.
Ү.Writing. Жазуға үйрету.
Жазудың бұл түрі бірден екі міндетті шешеді: ағылшын сөздерін дұрыс жазу және компьютер пернетақтасымен жұмысқа үйренеді.Компьютермен жұмыс жасаған кезде әр тапсырманы ағылшынтіліндегі сөйлемдерді пернетақтада орындау қажет немесе тест жауаптарын да компьютерге жазу арқылы оқушылар ағылшынша әріп теруді тез үйренеді және сөздердің жазылуы мен айтылуын еске сақтауға жылдам үйренеді.Мультимедиалық кабинетпен бірге колледжге «Language Courseware»атты электрондық оқулықтары келді, сол оқулықты да пайдалануға тырысамын.Ол төмендегі тақырыптағы 9 деңгейлік тапсырмадан тұрады:
1.English- speaking countries 5.Welcome to Kazakhstan
2.Education 6. Sport
3.Ecology 7.Nhe world around us
4.Politics
және басқа тақырыптар. Әрбір тақырыпта жаңа сөздермен жұмыс, грамматикаға арналған,оқуғаарналған жұмыстар және тексеру жұмыстары бар.
Лингофон кабинетінде жұмыс жасаған кезде барлық оқушылардың тілін дамытуға арналған лингофондық аппаратурамен жұмыс жасаған өте тиімді. Алайда комплексті жаттығулар көбінесе орта және кіші топтарға арналған. Сондықтан ,көбінесе әндермен өлеңдерді тыңдату және үйрету және Верещагинаның оқулықтарындағы түрлі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттырамыз. Жаттығуларды топпен, жұппен және жеке орындатуға болады. Енді осы бағытта өткізген бір сабағымның жоспарын берейін.
I The theme of the lesson: Information technology
II. Aims of the lesson:
Educational: to teach pupils to speak about theme, to use language in group to prepare them for activity, ask pupils what the programs are about, complete sentences with the correct word.
Developing: to develop communicative skills and abilities of pupils, to develop thinking and memory, to develop skills in reading, speaking, listening.
Brining up: to bring up pupils to watch useful for life programs, to bring up pupils love and interest to the subject.
Material: project, cards.
The procedure of the lesson:
Organization moment.
Good morning, pupils!
Good morning, teacher!
How are you?
We are fine, thank you!
How are you?
I`m fine , thank you!
Sit down, please.
Білім (checking up the homework)
I gave you for home task exercise 2 on page 156
Read the text and translate it
Түсіну (new words)
Brief- қысқаша
Humans- адамдар
Invent- ойлап шығару
Computational есептейтін
Accessible- қол жетімді
Lead- басқарушы
Allow- рұқсат ету
Digital- цифровой
Influence әсер ету
Alike- бірдей
Advance ілгері жылжу
Machinery- механизм, аппарат
Қолдану (presentation new theme)
Now pupils what is mass media?
it`s television
it`s newspapers
it`s magazines
what is information technology?
it`s phone
it`s computer
it`s internet
it`s camera
Now listen the text
Lets choose the right answers.
Information technology is changing principally because of:
the changing needs
new technological advances
According to the author the first computers were:
calculators
humans
Development of information technology is the result of:
advances in computing systems
development of machinery in general.
Талдау (Doing exercise)
a. You listen to music and news on this. radio
b. You can use….phone when you are out. mobile
c. You can use this …..to make films camera
d. To know what is happening in the world right now, you need to watch the….. news
e. A new programs for children with moving pictures cartoon
f. This tells you about things you can buy advert
Now I gave you two project work about Mobile phone and
Camera
Lets listen their work .
Жинақтау (Test. Conclusion)
`tecnology`сөзінде қалып қойған әріп:
l
k
h
p
`magazine` сөзінің дұрыс аудармасын табыңыз:
a. магазин
b. журнал
c. дүкен
d. бақ
3.Сөздерден сөйлем құраңыз:
1 2 3 4 5
telephone Nokia the first is
a. 2/3/5/1/4
b. 5/2/4/3/1
c. 3/4/2/5/1
d. 2/5/3/4/1
4.Артық сөзді табыңыз:
bird
radio
telephone
computer
5.Орфографияға назар аударып, сөзді табыңыз:
newspepar
newpspear
newrpeaps
newspaper
6.Қойылған сұраққа мағынасы сәйкес жауапты көрсетіңіз:
What is mass media?
it`s a spoon
it`s a magazine
it`s a town
it`s a pen
7.Дұрыс етістікті табыңыз:
The first camera was …… by T. Setton
closed
happied
invented
smiled
8.Дұрыс сөзді табыңыз :
If you finish to count, please switch off…….
computer
calculator
radio
recorder
Дұрыс сөзді табыңыз:
Computer, mobile phone, interactive board, camera are ……
Internet
Information technology
Mass media
Subjects
Дұрыс аудармасын көрсетіңіз:
Do you think it is dangerous for children play computer games?
Балаларға компьютер ойындары кауіпті деп ойлайсың ба?
Балалар компьютер ойындарын жақсы көре ме?
Балалар қандай ойындар ойнайды?
Балалар компьютерді жақсы меңгерді ме?
Thank you! And let`s complete all that you knew today.
you are about camera
you are about phone
Бағалау (Marking)
-you are very actively today. Our lesson is over! Thank you for your attention! Good-bye!
Қорытынды.
Ағылшын тілін оқытудың жаңа мақсат-мүдделерінің өзі сабақта компьютерді сауатты әрі мақсатты пайдалануды керек етеді. Ағылшын тілін оқыту мазмұнының негізгі компоненті негізінен оқушылардың сол тілде сауатын ашу болып табылады: сөйлеу,тыңдау, оқу және жазу.Ағылшын тілін оқытудың компьютерлік бағдарламасы – өзі үйретуші, жаттықтырушы және өзі тексеруші, бақылаушы ролін атқара алады. Сабақта ақпараттық құүралдарды пайдалану – уақыт талабы.
Оқыту процесі кезінде компьютерді пайдалану оқушылардың танымдық және коммуникативті қызуғушылығын тудыратыны сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.М.З,Биболетова. «Мультимедийные средства как помощник УМК «EnjoyEnglish» для средней школы . ИЯШ №3, 1999г.
2.Л.П.Владимирова. «Интернет на уроках иностранного языка»,2002г.
3.Т.Е.Конкина. «Использование современных информационныхтехнологии на уроках английского языка».
4. Интернеттегі материалдар.