Просмотр содержимого документа
«АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ.»
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ.
К. А. Молдакулова №1 Жамбыл атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Алматы облысы
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың
қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры
ұстаздардың қолында»
Н. Ә. Назарбаев.
Қазіргі кезде заман талабына сай ақпараттық технологияны қолдану кең көлемде өріс алып жатыр. Ақпараттық коммуникациялық технологияны білім беру жүйесінде кешенді түрде пайдалану-оның дамуының негізгі шарты болып табылады. Ақпараттық технология дегеніміз – білім беру үрдісінде ақпараттарды даярлап, оны студенттерге тарату процесі. Қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиынтығы. Коммуникация – ақпаратты тасымалдап, жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып, жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты болып табылады.
Мақсаты: Білім беру үрдісін ақпараттандыру және ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны нәтижеге бағыттап оқыту үрдістерін жүзеге асыра отырып, оқу- тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын арттыру.
Міндеті: Ақпараттандыру жағдайында білім беру саласында компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып әлемдік көлемде, білім, білік дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оқушыларды шығармашылық бағытта жан- жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Себебі XXI ғасыр – ғылым мен білім, бәсеке, еліміздің дүнйежүзлік өркениетке ұмтылған өрлеу ғасыры. Сондықтан үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту дүнйежүзлік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Білім беруді дамыту негізінде жалпы оқыту үрдісіне жүктеліп отырған жаңаша талап, мүмкіндіктер ұстаздарға да қойылуда. Сондықтан ұстаз іс- әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Білім беру тұжырымдамасы ойлы, саналы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес белсенді түрін және әдістерін оқу үрдісіне енгізу бағытында құрылуы тиіс. Бұл тапсырманы оқыту үрдісіне тек жаңа ақпараттық технологияларды енгізу арқылы ғана орындауға болады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру»,- деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің 2008 жылғы 29 – мамырда бір топ бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен кездесуінде «Тілдердің үш тұғырлығы» мәселесіне байланысты ағылшын тіліне деген өзінің ой пікірін төмендегі сөзімен дәлелдеп берді. «Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл». Сондықтан да орта мектептердегі ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің мақсаты – оқушы- -лардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру, ағылшын тілін меңгертіп, еркін сөйлеуіне жағдай тудыру, Бұл орайда ағылшын тілін оқытудың озық технологиясын меңгеру –үлкен істің бастамасы. Ұстаздың қоғам өмірінде алатын орны мен олар атқарып отырған міндеттердің айрықша маңыздылығын Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, ең санампаз бөлігі болып табылады» деп атап көрсетті.
Әр мұғалім күнделікті сабақта өз ісін зерттеп, жаңашыл әдіс – тәсілдермен оқушының білім сапасын арттыруы керек. Соның бірі біз айтып отырған ақпараттық технология.
Электрондық оқулықтарды пайдалану
Қашықтықтан оқыту желісіне қосылу
Ақпараттық технологияны пайдалану
Интернет желісіне қосылу
Компьютерде жұмыс істей білу
Оқу үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға білім мен мәліметтерді әр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе алады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы » заңының 8- бап, 7- тармағында: «Оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» міндеті қойылған. Қазіргі ғылым мен техниканың шарықтаған шағында шетел тілі сабақтарында көрнекіліктердің қай түрі болсын молынан пайдалану мүмкіндігі бар. Жалпы білім беретін орта мектепте компьютермен жұмыс істеу өте пайдалы. Өйткені нашар оқитын оқушының өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, себебі балаға компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келдеді. Сонымен бірге оқушының танымдық қабілетін арттыра отырып білім нәтижесіне көзін жеткізеді. Заманға сай техникалық құралдарды ағылшын тілі сабақтарында қолдану – мұғалім жетістігіне апаратын тиімді жол. Орта мектепте компьютер арқылы оқыту мынандай міндеттерді қамтиды: -оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу; -оқыту, тәрбиелеу үрдісіндегі ақпараттық алмасу сипатын айқындау. -дайын бағдарламаларды қолдана білу шеберлігін арттыру; -ойлау қабілетін дамыту; -ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін пәндік материалды меңгеруді қолдана білуге үйрету. Компьютер арқылы ағылшын тілінде сабақтар өткізу оқушылырдың пәнге деген танымдық қызығуын арттырады, тиянақты білім алуына жағдай туғызады. Ағылшын тілі сабақтарында төмендегідей компьютерлік оқыту бағдарламаларын пайдалануға болады. Олар: Self English, Hangman, English Practice, Merits, Active Studio, English on holidays, Bridge to English , Triple play plus in English т.б . Аталмыш бағдарламалар оқушылардың есте сақтау қабілетін, сөздік қорын, дұрыс оқу, сауатты жазу мен аудару қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Бұл бағдарламаларды бірнеше топқа болуге болады. Мысалы, оқушылардың сөздік қорын, диалогтық сөйлеуін дамытуда Hangman , Self English, English Practice лексиканы үйретуде Triple play plus in English, English on holidays сауатты, көркем жазуға үйретуде Bridge to English, Active Studio бағдарламаларын пайдаланып, сабақтың тиімділігін арттыруға болады. Сабақ барысында компьютерді қолданудың жақсы жақтары: түрлі –түсті иллюстрациялар, ұлттық музыка, анимациялар есте сақтау процесі үшін тиімді. Шетел тілі сабағын оқытудың жаңа компьютерлік жүйесі шартты белгілерден тұрады. Бұл арқылы оқушы нақтылыққа дағдыланады. Соның негізінде оқытудың мынадай жақтарын атап көрсетуге болады . Олар: - оқушылардың ойлау дәрежесіне, материялды қабылдау ерекшелігіне байланысты әрбір оқушы үшін жеке-жеке компьютерде бағдарлама құрып, оқушылармен дербес жұмыс істеуге болады; -компьютер арқылы нашар оқитын баларды оқытудың тиімділігі артады; -компьютерді сабақта пайдалану уақытты үнемдейді; -оқушының сабаққа қызығушылығын арттырады; Әр сабақта сөз әрекетінің төрт түрі де қолданылады: тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым. Шет тілі пәнін меңгеруде ең маңыздысы – теориялық негіз емес, тәжірибелік яғни, тыңдап- түсіну, оқу, ауызша сөз, жазу қабілеттері. Сондықтан да, әр түрлі сөз дағдыларын қалыптастыруда оқушыларға өздері білетін үлгілер түрінде тапсырмалар беру керек. Ағылшын тілін оқытуда интернеттің беретін мүмкіндіктері мен қызметі де орасан зор. Олар: -алыстағы ақпарат көздерін пайдалану; -түрлі жүйелерге ену арқылы өз бетінше іздену; -сұраныс бойынша ақпарат алу; -ақпаратты кез-келген арақашықтықта тез арада жеткізу; -өзі оқып отырған тілде электронды пошта арқылы хат алмасу; -ақпараттың қажетті түп нұсқасына қосылу; Интернет арқылы ғаламдық желінің ақпараттық ресурстарын қолдана отрып, оларды оқу үрдісіне енгізіп, сәйкес дидактикалық мәселелердің келесі жолдарын тиімді шешуге болады. – күрделілік дәрежесі жағынан түрлі мателиалдарды, оқу дағдылары мен біліктерін қалыптастыру. –интернеттен алынған мателиялдарды талдау негізінде ауызша сөз іскерліктерін жетілдіру; -жазбаша серіктеріне хат жазу, жауап жазу, баяндама, реферат, т.б. жазба жұмыстарын дайындау арқылы жазбаша тіл білігін арттыру; -өзі оқып отырған тіл еленің тарихы мен мәдениеті, салт дәстүрлері, эканомикалық даму ерекшеліктерін қамтитын танымдық білімдерін кеңейту. Интернетті қалай және қандай мақсатқа қолдану керектігін анықтап алайық. – желідегі материалдарды сабақ мазмұнына қосу; - сабақ тақырыбына сай ақпараттарды іздестіруде оқушылардың ізденіс жұмыстары; - өзіндік оқу, шетел тілінің әр түрлі сатыларындағы іскерліктерді игерту, дамыту; - оқытушының басқаруымен шетел тілінің белгілі бір тақырыбы бойынша білімдерін тексеру;
Тақырыптық жобалар дайындау
Аудио-видео материалдар қолдану
Электронды пошта арқылы шетелдіктермен хат алмасу
Шетел авторларының шығармаларымен танысу
Интернет мүмкіншіліктерін пайдалану жолдары
Сабақ тақырыбына байланысты ақпарат көздерін табу
Пән бойынша әр деңгейде тест жұмыстарын ұйымдастыру
Электронды сөздіктерді қолдану.Ақпараттың түп нұсқасына қосылу
Түрлі ғылыми жұмыстармен танысу, ақпарат жинау
Интернет мүмкіндіктерін жоба жасауға қолданған да қызықты. Мысалы, оқытушы қазіргі кездегі өзекті мәселелерді интернеттен тауып алып, оқушыларға ұсынып, тапсырма береді. Берілген мәселе бойынша оқушылар ақпарат жинап өз жобасын құрады, ол жобаға енгізген материал бойынша өз ойын, ұсынысын беріп, ақпараттармен келісіп немесе келіспей талқылай алады. Интернеттен ең жаңа мәліметтерді үнемі алып отыруға болады. Мысалы, телеконференция, электронды хаттамалардағы чатты қолданып, шетел тілін жетік білушілердің, белгілі бір мәселе бойынша ойларын біліп, сабақта талқылауға болады (мысалы , президенттік сайлау, әлемде болып жатқан оқиғалар, білім беру жқиесіндегі жаңалықтар, т. Б.).Сабақта осы мәселелер бойынша жоба құрылып жқмыс аяқталған соң, әр жоба талқыланып, оқушының жұмысы бағаланады. Білім беруде «Электронды оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі, теориялық тақырыптарды графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер, сызба – нұсқалар арқылы береді. Оқулықтың ерекшелігі – әрбір тақырып қажетті суреттермен көркемделіп безендіріледі. Оқушылар үшін – электрондық оқулықтар мектепте оқылған жылдардың барлығында да өздері толықтыра алатын және нәтижелік емтиханға дайндалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып табылады. Оқулық – дисплей экранында көрінетін жай ғана мәтін емес, ол оқушыға өз бетімен керекті материалдарды жете меңгеруге арналған күрделі, көп сатылы жүйе. Электронды оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми – әдістемелік потенциялын дамытып, оның сабақ үстіндегі жұмысын жеңілдетеді. Электрондық оқулықтың жетістіктері мыналар болып табылады; -шұғыл кері байланысты қамтамасыз ету; -дәстүрлі оқулықта көп іздеуді қажет ететін тиісті ақпаратты тез табуға көмектеседі; -гипермәтінді түсіндірмелерді бірнеше рет қарап шығу барысында уақытты анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік береді; (мультимедиялық- технологияның мүмкіндігі мен артықшылығы осы жерде көрінеді). – әрбір оқушыға дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп, олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді; -белгілі бір бөлім бойнша білімді тексеруге мүмкіндік туады. Электрондық оқулықтармен жұмыс негізгі үш деңгейде атқарылады: -оқу -оқыту -бақылау және тексеру
Электронды қ анықтама ретінде
Электронды оқулықтарды мына мақсаттарға пайдалануға болады
Оқулық ретінде
Иллюстративті материал ретінде
Электрондық есеп ретінде
Электрондық оқулықтар оқушылардың өз бетінше жұмысын және олардың жоғары танымдық белсенділігін арттырады және олардың терең де тиянақты білім алу сапаларын көтереді. Сонымен бірге барлық оқу процесінің алға қойған мақсатынан бастап, қол жеткен нәтижесіне дейінгі аралықты қамтиды, оқушыларға үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді. Ғалым М. Ушакова ағылшын тілін оқыту әдістемесін зерттей отырып, компьютерлік телекоммуникациялар ағылшын тілінде тірі, шынайы қарым- қатынастарды ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін айтады. Бұл телекоммуникацияның дидактикалық қасиеті шынайы тілдік орта құру үшін керемет мүмкіндіктер туғызады. Ағылшын тілін оқытудағы ақпараттық бағыт ақпараттық тұрғыда білім беруді мақсат етеді, оның негізгі мақсаттары: лингвистикалық (тілдік және сөйлеу) тақырыптық, әлеуметтік мәдениет, оқу дағдыларын қалыптастыру. Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияны қолдану тілді үйренудегі белсенділікті қамтамасыз етеді. Өз жұмысында компьютерді қолданған мұғалім өзінің өткізген сабағының сапасын арттырып, оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыруды белсенді түрде жүргізеді. Бұл жағдайда ссм игеруде арнаулы қолданбалы пакеттерді пайдалануды үйрету болып табылады. Қорыта келгенде, сабақта ақпараттық технологияны пайдалану оқушының дүниетанымын кеңейтуге, пәнге деген ынтасын, танымдық қызығуын арттыруға, алғырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеуге, нақты тұжырымды айта білуге, дербес ой – қиялын дамытуға ықпал етеді.
Пайдаланылған сс:
Мектептегі шет тілі. №4/2011ж
Ел-назар. №02 /2012ж
Мктептегі шет тілі. №3/2011
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы// Қазақстан мұғалімі. Алматы,23.07.1999ж