"Ағылшын тілің деңгейлеп оқыту" шығармашылық жұмыс
"Ағылшын тілің деңгейлеп оқыту" шығармашылық жұмыс
Оқу – тәрбие саласының барлық сатысында жас жеткіншектерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру басты мақсатым. Оқу үрдісінің тиімділігін арттыруда әсіресе әдіс тәсілдерді дұрыс таңдай білу,оқушыларға бірыңғай талап қою,дидактикалық білім мен тәлім тәрбие беру, ой өрісін дамыту, білімнің мазмұнын дәл тиянақты анықтау және өз бетімен оқи білуге, білім алуға үйретемін.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Ағылшын тілің деңгейлеп оқыту" шығармашылық жұмыс»
Баяндама
Тақырыбы: Ағылшын тілің деңгейлеп оқыту
Дайындаған:ағылшын тілінің мұғалімі Достанова Жансая Есенқызы
Оқу – тәрбие саласының барлық сатысында жас жеткіншектерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру басты мақсатым. Оқу үрдісінің тиімділігін арттыруда әсіресе әдіс тәсілдерді дұрыс таңдай білу,оқушыларға бірыңғай талап қою,дидактикалық білім мен тәлім тәрбие беру, ой өрісін дамыту, білімнің мазмұнын дәл тиянақты анықтау және өз бетімен оқи білуге, білім алуға үйретемін.
Бүгінгі таңда ағылшын тілін оқыту үлкен шығармашылық ізденіс пен біліктілікті талап етеді. Мұғалім педагогикалық заңдылықтарды неғұрлым жақсы білсе, оқу технологиясының талаптары соғұрлым нақты орындалады.
Деңгейлеп оқыту технологиясы – білім беруді жетілдірудің бір жолы.
Мақсаты: әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарап оқыту мен білім деңгейі ерекшелігіне қарай бейімдеу.
Ерекшелігі: 1. Озат оқушылар өздерінің қабілетімен икемділігін одан әрі бекіте түседі.
2. Әлсіздер оқуға ниет білдіріп , сенімсіздіктен арылады.
3. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.
Оқушы бір, екі адаммен немесе топпен қарым-қатынасқа түсу арқылы диологты, монологты, сұраққа-жауапты және т.б меңгере келіп, жұптық, топтық, ұжымдық қатынастарға үйренеді.
Деңгейлік оқыту мәселесі өз алдына жеке бір ғылыми зерттеуді қажет етеді. Біздің зерттеу объектіміз деңгейлік тапсырма арқылы оқыту мәселесі. Сонымен, деңгейлік тапсырмалар оқушылардың әртүрлі білім дәрежесіне сай ұсынылады. Деңгейлік тапсырмаларды орындағанда мұғалім – бақылаушы, кеңесші.
Ағылшын тілінде оқушының білім сапасын жетілдірудегі жетістіктерін деңгейлеп оқыту технологиясында жүйелі, әрі үзіліссіз дамытуды көздеген төмендегідей жұмыстар құрылыммен іске асады.
Оқытудың үш өлшемді жүйесінің педагогикалық технологиясы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын тұлғаны қалыптастыруды көздейді.
Дыбыстарды қайталау барысында үлгерімі төмен оқушылармен төмендегідей жұмыстар жүргіздім.
1.Мына сөздерді көшіріп жазда, қай әріптің орны алмасып тұрғанын аңғарып, астын сыз.
cake – take big - bag ball - hall
plate – place nine – fine cup - cap
six - sit cat - rat milk- silk
2. Сөздің бірінші әріпін тауып жаз.
- ed ( bed ), - ar ( car ), - ench, - ree, - poon, - helf, - itchen, - able, - ace, - ie;
3. Мына сөздердегі дауысты дыбыстардың астын бір, дауыссыздардың астын екі сыз.
1.Затқа зейін қойып, оны суреттеп, басқа екінші затпен салыстыр.
Заттың қандай белгілері, ұқсастығы және айырмашылығы бар?
Қарбыз доп сияқты домалақ .
Water – melon is as round as a ball.
Қарбыз ауыр да, доп жеңіл.
Water – melon is heavy but the ball is light.
2.Суретке қарап қысқа әңгіме құрап жазып, зат есімдердің астын сыз.
Деңгейлеп оқытудың тиімділігі – 45 минөттің ішінде деңгейі әр түрлі оқушылармен жұмыс істеу жүзеге асады. Бұл әдістің қаншалықты тиімді жүргізілуі мұғалімнің шеберлігіне, ізденімпаздығына байланысты.