kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ағылшын тілін оқытудың тиімді әдісі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

 АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ағылшын тілін оқытудың тиімді әдісі.»


АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ

ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ



Мақсаты:Ағылшын тілін уйретудегі әдіс-тәсілдерді түрлендіру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, сабақта алынған материалды бекіту, соның нәтижесінде балалардың ауыз – екі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғам шығармашыл әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеуде, осыған орай бүгінгі күні білім беру мекемелері мен ұстаздарға үлкен талап қойылуда. Ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты – шынайы өмірде оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін қалыптастыру болып табылады.

Ағылшын тілін оқытудың тарихы жүз жылдап есептелінеді,Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың тарихы 1947 жылдан басталады. Содан бері қарай көптеген өзгерістер енгізілді. ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады.

Жаңаша көзқарастардың дамуы шетел тілін оқыту, дамытуға ықпалын тигізуде. Білім алушылардың жан–жақты дамуына, сапалы білім алуына,өмірде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуінде ағылшын тілін жақсы менгеруінің маңызы үлкен. Осыған орай қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін көптеген әдістер пайда болды. Сондықтан, әр мұғалім өзінің шығармашылығын дамыта отырып озық іс-тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс. Сонымен, еліміздің мектептерінің оқу үрдісі түбегейлі өзгеріп оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы инновациялық педагогикалық технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының толығымен жаңаруына себепші болуда.

Жеке тұлғалардың қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп, саралап оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту,ақпаратты-коммуникациялы оқытудың негізгі-қағидалары балаға өз бетімен ықпал ету,өзіндік пікірлерін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру,оқушылардың, танымдық, шығармашылық қабілетін

дамыту болып табылады. Оқытудың мақсаты оқу бағдарламасымен айқындалады.

Оқытудың негізгі үш түрі бар: 1.тәрбиелеу, 2.ағарту, 3.дамыту. Оқытудың тәрбиелік мақсаты. Оқушылардың көпшілігінің ағылшын тілін оқуға деген үлкен қызығушылықпен кірісуі, олардың ағылшын тілінде қалай сөйлейтінін естігісі және сөйлегісі келеді. Олар алғашқы кезде амандасып, қоштасып үйренеді, заттардың атауларын біле бастайды. Осы кезеңде қарым-қатынас екі жақты болуды талап етеді себебі, олар тыңдай білуге де, сұрай білуге де үйретілуі керек. Оқытудың ағартушылық мақсаты. Кез - келген тілдің ағартушылық қызметі зор. Әрбір тіл сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетінің тікелей көрсеткіші және сол тілде сөйлейтін ел туралы хабардар болуы; өз ойын дұрыс жеткізе алуды үйренеді. Оқытудың дамыту мақсаты- оқушының тіл білімі деңгейін жоғарылату және сол тілде ойлауды дамыту-тіл білімін дамытудың басты міндеті.

Қазір білім саласында оқытудың жаңа технологиясы кеңінен қолданылуда. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте – мөте қажет» деп, ел Президенті атап көрсеткендей, электронды оқыту әдіс – тәсілдерін мектеп өміріне енгізу – жаңа білім берудің бірден – бір шарты.

Оқыту технологиясы – бұл, бір жағынан, оқу – ақпаратын дайындау, өңдеу, әдіс - тәсілдерінің жиынтығы, екінші жағынан, ұстаздың шәкіртіне оқыту үрдісінде қажетті технологиялық және ақпараттандыру құралдарын пайдалана отырып ықпал ету тәсілдері. Оқытудың мазмұны мен оқыту әдістері өзара тығыз байланыста болу керек. Ұстаздың педагогтік шеберлігі оның керекті мазмұнды, бағдарламадағы материалды іріктей алуымен және оны оқытудың озық әдістерін пайдалана отырып қолданумен белгіленеді.

Оқыту технологиясы дегеніміз- оқыту техникасы туралы ғылым, сондықтан, оқыту ғылыми түрінде жүзеге асуы керек, яғни мұғалім қалай оқыту, неге олай оқыту керек деген білім бірліктілігін білуі тиіс.

Ағылшын тілін үйретудегі негізгі әдістемелік бағыттар

1. Ағылшын тілін оңайдан қиынға қарай оқытуға бағытталған. 2. Тілдік материалдар қазіргі өмір шындығынан алынған және оқу процесінде әбден шыңдалып, өңделген тілдік материалдар. Сондықтан бұл материалдан күнделікті тіршіліктегі жағдаяттарда қолданылатын ағылшын тілін үйренуге болады. 3. Басты көңіл бөлетін нәрсе сөйлеу мен оқу. Оқушылар сөйлеу мен оқуды меңгергеннен кейін жазуды үйренеді. Сөйлеу мен оқу әрекеттері арқылы дұрыс нәтижеге жеткен оқушы өз ортасында ағылшынша еркін сөйлеп, тілді қатынас құралы ретінде пайдалана білу үшін мынадай ұжымдық жұмыс, топпен жұмыс оқыту тәсілдерін қолданамын. Оқушының сөйлеу іскерлігін дамыту үшін мынадай: сұрақ – жауап талқысы, салыстыра отырып әңгімелесу, проблемалық сұрақтарды талдау, мәтін не әңгіме бойынша өз ойын ортаға салу, ой алмасу, шарт қою, диалог түрінде сөйлеудегі ойды көрсете білу, пайымдау, түйіндеу,дәлелдеу, ойындар арқылы сөйлеу, сұраққа жауап беру, қорытындылау, өз пікірін айту сияқты әдістерді қолдануға болады, ең тиімдісі сол тілдің өз өкілімен жұмыс жасау арқылы үйрету болар еді,бірақ ондай мүмкіндік жоқ десе де болады.Ең кем дегенде жазба дисктерден тыңдату қажет. Оқу. Мәтін негізгі қарым – қатынас құралы. Мәтінді оқымас бұрын сұрақтар беріледі. Ол сұрақтар бойынша сол мәтіндегі мәселеге байланысты оқушы не біледі, не білмейді, соны анықтау үшін бір мақсат болса, екінші мақсат – өз білімі деңгейінде ойын айтқызып, мәтіндегі оқиға жайлы білуге ұмтылдыру, ынталандыру. Бұл жұмысты бүкіл топ болып немесе 3 – 4 оқушы бірігіп және жұптасып талқылауға болады. Мәтінді оқыған соң оқушы ұғымын тексеруге арналған жаттығуын сұрақтарын қою арқылы оқушылардың мәтіндегі мәселе бойынша өз ойын ортаға салып, пікірін айтуға, еркін сөйлеуге үйретіледі. Оқушыны еркін сөйлеуге төселдіру үшін сөздерді қайталау, оларды еркін де дұрыс қолдана білуге үйрету, грамматикалық материалдарды, сөйлем құрылымын орынды қолдануға үйрету де басты назарда болу керек. Диалогты, әңгімелерді, мәтінді тыңдап, одан не түсінгенін анықтау үшін де әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануға болады. Әдетте тыңдауға арналған маәтіндер оқылған тілдік материалға негізделіп құрылады. Оның ішінде 3 – 4% таныс емес лексикалық материалдар қосуға болады. Әңгімені алғашқы ретте тыңдауға жіберілген уақыт 1- 5 % минут көлемінде болуға тиіс. Тыңдалған әңгіме бойынша төмендегідей жұмыс түрлерін орындаймын: 1. Сұрақтар бойынша оқушыны тексеру 2. Кілт сөздерді анықтау, сөз тіркестерін жазу 3. Тыңдалған әңгімеге ат қою 4. Жоспар құру 5. Ауызша, қысқаша толық мәтіннің мазмұнын беру 6. Әңгіме кейіпкеріне немесе жағдаятқа мінездеме беру. Жазу – сөйлеуге үйренудің басты құралы болып табылады. Жазуды көбінесе грамматкалық жаттығуларды орындағанда, мәтін немесе тақырып туралы не айтқысы келгенін білдіру үшін қолдануға болады. Ал, шетел тілін оқытуда грамматиканы оқытудағы басты міндет – сол грамматикалық құбылыстарды сөз әрекетінің әр түрінде қолдана білу дағдыларын қалыптастырып, одан әрі дамыту. Ағылшын тілі грамматикасын өз ана тілінде зерттеп, аздап болса да онымен салыстыра отырып игеру, сол тілде тезірек және саналы түрде сөйлеп үйренуге қажетті шарттың бірі болып есептеледі. Сабақ – шығармашылық ізденіс дейміз.Күнделіктң сабақ жоспарын жасаудың өзі көптеген ізденісті,терең білімді талап етеді.сондықтанда мұғалім оқушыдан да бетер дайындалуы тиіс.Алдын ала жоспарланған сабақ қана өз нәтижесін береді. Сабақ жүйелі,бір тізбекпен берілуі тиіс.Алдыңғы сабақпен кейінгі сабақта байланыс болуы тиіс.Сонымен қоса қазіргі кезде ең негізгі мәселелердің бірі болып оқушыларға тек қана ғылыми білімдер жүйесін беру ғана емес, оларды шынайы өмірде пайдалана білу болып табылады. Осыған байланысты сыныптан тыс өткізілетін іс – шаралардың оқушылар үшін маңызы зор деп ойлаймын. Бұл жұмыс мұғалімнің сабақ үстінде жүзеге асыратын тәжірибе жұмысын толықтыра және тереңдете отырып балалардың таланттары мен қабілеттерін толық ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге қызығуын оятудың формасы болып табылады. Өзімнің іс тәжірибемде сыныптан тыс шараларды өткізген кезде интеллектуалды ойындар мен сайыс сабақтарын көп қолданамын,себебі бұл жұмыс формалары балаларды шапшаң шешім қабылдауға, ал топпен жұмыс балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Интерактивті әдіс – тәсілдермен сабақ жүргізген кезде оқытушы – кеңесші рөлін атқаратыны белгілі, ал оқушылар белсенді түрде әрекет ете отырып, бірін – бірі толықтыру арқылы сөйлеуге үйренеді. Осындай игі істер арқасында балалар өзін – өзі батыл, еркін сезінеді, үйреніп жатқан тілге деген қызығушылығы артады, шығармашылық пен жұмыс істеуге үйренеді.Сонымен қатар оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мәліметтерді әр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті мақсатқа тез арада қол жеткізуге көмектесе алады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8 – бап, 7 – тармағында: «Оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» міндеті қойылған. Сабақ барысында компьютерді қолданудың жақсы жақтары: 1. Түрлі – түсті иллюстрациялар, ұлттық музыка, анимациялар есте сақтау процесі үшін тиімді. 2.Тапсырмалар, кестелерді алдын-ала дайындап қоюда уақыт ұту 5.Оқушымен жекелей жұмысты іске асырады. 6. Компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін табысты байланыстырады. Аудиоматериалдар сабақта мынадай мақсатта қолданылады: біріншіден, қажетті ақпаратты күшті әсерлілікпен жеткізеді; екіншіден, оқушының бақылаушылығы мен талдау дағдыларын жетілдіреді, үшіншіден, өз пікірін, ойын тұжырымдап айтуға үйретеді. Таспа арқылы тыңдалатын мәтін оқушының тілін дамытады. Тіл үйренудегі тыңдау сөйлеумен тығыз байланысты. Оқушыға таспадан естігенін тілінде пайдалану қажеттігі туады. Таспадан тыңдалған мәтін бойынша сұрақ қою ең тиімді жол, өйткені оқушы сұраққа дұрыс жауап беру үшін мәтінді ынтамен тыңдап, мәнін түсінуге тырысады. Осы арқылы өз жұмысында компьютерді қолданған мұғалім өзінің өткізетін сабағының сапасын арттырып, оқушылардың танымдылық қызметін ұйымдастыруды белсенді түрде жүргізетініне тағы бір көз жеткіземіз. Бұл жағдайда қазақ тілі пәні мұғалімінің міндеті оқушыларға әр түрлі жаттығуларды орындауда компьютер көмегі мен мүмкіндігін көрсету, өз бетімен компьютерді қолдануды және белгілі бір үлгідегі жаттығулар жиынтығын игеруде арнаулы қолданбалы пакеттерді пайдалануды үйрету болып табылады. Сол сияқты ағылшын тілін игеру барысында білімнің, дағдының маңыздылығын, ал компьютер тек қолдану барысындағы көрнекі құрал екенін оқушылар санасына жеткізе білу де басты мақсаттың бірі болуы қажет. Халқымыздың рухани көсемі А.Байтұрсынов «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек. Оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек» дегендей, өзім де ұйымдастыруда нәтижелі болатын әдістерді сұрыптап пайдаланамын. Озық тәжірибелермен танысып, пән мұғалімдерімен тәжірибе алмасуға тырысамын. Өйткені, сабақтың тартымды өтуі, ұтымды тәсілдерді дұрыс қолдана білу бізден, яғни бүгінгі мұғалімнен ізденісті талап етеді. Қорыта айтқанда, ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл – ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті болып тұр. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сабақтың қызықты әрі нәтижелі болуы алдын ала таңдап алынған әдіс-тәсілдерге байланысты.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ағылшын тілін оқытудың тиімді әдісі.

Автор: Жунусбекова Жакай Заманбековна

Дата: 20.02.2017

Номер свидетельства: 393974

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Ағылшын тілін оқытудың тиімді әдісі"
    ["seo_title"] => string(37) "ag_ylshyn_tilin_ok_ytudyn_tiimdi_disi"
    ["file_id"] => string(6) "393967"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1487603072"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(125) "А?паратты? технологияны а?ылшын тілі саба?ында ?олдануды? тиімділігі "
    ["seo_title"] => string(78) "ak-parattyk-tiekhnologhiiany-ag-ylshyn-tili-sabag-ynda-k-oldanudyn-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "179671"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425050129"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(174) "Баяндама «А?ылшын тілін о?ытуда кіріктірілген саба?тарда?ы а?паратты? инновациялы? технология» "
    ["seo_title"] => string(107) "baiandama-ag-ylshyn-tilin-ok-ytuda-kiriktirilghien-sabak-tardag-y-ak-parattyk-innovatsiialyk-tiekhnologhiia"
    ["file_id"] => string(6) "159154"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421854440"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(149) "А?паратты? – коммуникативтік технологияны? м?мкіндіктерін  ?олдануды? тиімділігі "
    ["seo_title"] => string(85) "ak-parattyk-kommunikativtik-tiekhnologhiianyn-mumkindiktierin-k-oldanudyn-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "200416"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428833656"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "А?ылшын тілі саба?ында о?ытуды? тиімді жолдары"
    ["seo_title"] => string(51) "ag-ylshyn-tili-sabag-ynda-ok-ytudyn-tiimdi-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "249006"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1446813327"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства