kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ағылшын тілін оқытудың тиімді әдісі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ағылшын тілін оқытудың тиімді әдісі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ағылшын тілін оқытудың тиімді әдісі»

Жунусбекова Жакай Заманбековна

60 НОМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Ағылшын тілін оқытудың тиімді әдісі.

Жалпы  орта  білім  беретін  мектептерде қазіргі  таңда  шет тілін  меңгертуге аса мән беріліп  отыр. Қазақстан Республикасындағы ең  бірінші  кезекте тұрған тіл саясаты туралы  басты  мәселе мемлекеттік  тілді  еркін меңгерту,шет тілін  меңгертудегі  басты  мақсат – білім алушылардың  сапасын  халықаралық  стандартқа сай  көтеру.

Келешекте жаппай 12 жылдық білімге көшетіндіктен, 12 жылдық  білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасын алып қарасақ ,  оқытудың ойын технологиясына үлкен мән берілген. Ағылшын тілін  оқыту  әдістемесінің  бірі  ойын  элементтерімен іс-әрекеттер арқылы оқыту. Бұл әдістің  тиімділігі  оқушылардың  белсенділігін , пәнге  деген қызығушылығын ,ынтасын арттыруында  болып  табылады.

Ойын ұғымына түсінік берсек, бұл баланың мінез –құлқына өзі  басқарумен қатар топпен жұмыс жүргізе білу  әрекеті, ол баланың бір-біріне көмектесу, тез ойлау қабілетін, алға ұмтылу ісін дамытады. Сондықтан бағдарлама бойынша бекітілген оқыту үрдісінде  ойын түрлерін сабақ үрдісінде үнемі  пайдаланып  отыру  керек. Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденіпаздықты, іскерлікті, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттерін қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. Оқудың  алғашқы  кезінде оқушының  тілдік  материалдарды жеңіл  меңгеріп кетуіне  көмектеседі.Ойын  түрлерін дұрыс   өткізілген   сабақта  оқушылардың  тілді  үйренуіне  ынтасы  артып,сол  тілді  білуге  қызығады. Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда бастауыш және орта буында оқушылар белсенді және өте қозғалмалы болып келеді. Бұл жастағы балалар өздерін еркін ұстап, сабаққа аса қызығумен қатысады, өзінің айналасындағы нәрселерді көріп, соны бейнелеуді ұнатады. Тақырыптық «рөлдік-ойындар» оқушылардың сөйлеу дағдысының қалыптасуын дамытады.

Ойынның сабақ барысындағы басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушының:

  • қисынды ой-қабілеті дамиды;

  • өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;

  • сөздік қоры баийды, тілі дамиды;

  • зейіні қалыптасады;

  • байқампаздығы артады;

  • өзара сыйластыққа үйретеді;

  • ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды;

  • бір-біріне деген оқушы сенімі артады;сабаққа қызығушылығы артады.

Қызығуды  туғызу  үшін  ойын  түрлерін  пайдаланудың  орны  бөлек. Тиімді  пайдаланылған  ойын түрлері мұғалімнің  түсіндіріп  отырған материалын  оқушылардың зор ынтамен  тыңдап  берік  меңгеруіне  көмектеседі. Өйткені  төменгі  сыныптағы  оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап  отрады. Қызықты  ойын түрінен кейін  олар тез  серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы  орындайтын  болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады.

  Сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолданамын. Олар: «доппен ойыны» - балалар допты бір-біріне лақтырып тез заттың атын немесе түсін айтып, яғни жалғастыру керек. «Сұрақ қой» ойынында үстелдің үстінде бірнеше заттар жатады, оқушылар әр затқа сұрақ қою керек, «Затты тап» ойынында мұғалім әлдебір затты газетпен жауып, сұрақтар қою барысында оқушылар ол не зат екенін шешу керек, «Сөз құра» - суретке қарап атын атау және осы сөздің бірінші әрпіне сөз құрау керек, «Дым білмес» ойынында дым білмес тақтадағы сөзді немесе карташадағы санды дұрыс оқымайды мысалы: мұғалім 20 санын көрсетеді, ал дым білмес It’s twelve десе, сынып түзетіп No, it’s twenty деп жауап беру керек,  «Түсті ата» ойынында мұғалім қызыл түсті карташаны көрсетіп « What colour is it ?” балалар It's red деп жауап береді . Әр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады. Бұл ойындар оқушының тілін жаттықтырады, яғни коммуникативтік құзіреттілікті арттырады.

Қимылдары дамуымен қатар ойын барысында өлең, тақпақ жаттайды, мысалы: «colours”, “friends”, “ school”, “family” .

Сабақ барысында оқушы зейінін сабаққа аудару, ауызша сөйлей алу және жазу дағдысын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығымен өз бетінше жұмыс жасай алу қабілетін дамытуда дидактикалық ойындардың үлесі зор  десек болады. Мәтінді мазмұндауға үйрету, жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға, мұғалімнің көмегімен өздерінің ойларын, қызықты іс-әрекеттерін әңгімелеуге үйрету дидактикалық ойындарды ойнау барысында қалыптасады. Балалар білімді ойын арқылы қабылдап үйренеді.

Ағылшын  тілін  оқытуда ойын  түрлерін  мынадай  мақсатта қолдану  тиімді.

1.Алфавитті  дұрыс  меңгерту

2.Орфографияны  дұрыс   оқыту

3.Дұрыс   оқу  дағдысын қалыптастыру

4.Лексиканы  меңгерту

5.Оқушылардың  ойын  дамыту, дұрыс  жазу, дұрыс  айту,дұрыс  білу дағдысын  қалыптастыру.

Оқушыларды  шетел  тілінде  сөйлеуге  қарым-қатынас  жасауға  шет тілін  әрбір  мұғалім  өз  сабақтарында  жаттығудың  бір  түрі  ретінде  ойындарды қолданып,сабақты  қызықты  өткізуге, оқушылардың тілге  деген  қызығушылығын  арттыруға,  білім  деңгейін  тексеру  құралы  ретінде  пайдалануға  болады.Ойындар оқушылардың танымын, ақыл–ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып,олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша  алған  білімдерін тереңдете түсуді,әрі пысықтауды  көздейді.Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта –ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін,ойлау қабілеттерін дамытады.  Ойындар арнайы  мақсатты көздейді  және нақты  міндеттерді шешеді.

Ағылшын тілі пәнінде көбіне рольдік ойындар, грамматикалық ойындар, танымдық ойындар қолданылады.   Ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге  адамның өмір сүруінің маңызды  бір түрі. Іс-әрекетті  кесте  түрінде қарастырсақ,оқушының белсенділігімен білім  сапасын көрсетеді.

  Ойынның өзіне тән мотивтері болады. Мысалы: мазмұндық, рольдік ойындар баланың зейінін есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда  зор маңыз атқарады. Ойын әсері  арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатындығын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой  ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырылығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін дамытады. Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде сабақта пайдаланылатын танымдық ойындар, сөздік ойындар жан-жақты  дамытып білімді толық игеруіне көмектеседі.

Қорыта келгенде, оқу үрдісінде «ойын түрлерін пайдалану біріншіден, оқушылардың білімін  берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын көтеру болып табылады. Ойын түрлерін пайдалану мынадай нәтижеге жеткізеді.

Нәтиже

1. Әр оқушының шығармашылығы  артады.

2. Жылдам жұмыс істеуге  дағдыланады

3. Оқушының жеке қабілеті  анықталады

4. Оқушы топ жаруға  ұмтылады.

5. Оқушының ойлау қабілеті дамиды

6. Әр оқушы өз деңгейінмен бағаланады.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан мектебі. №1.2004 қаңтар. Ғылыми–педагогикалық журнал.

  2. Мектептегі шет тілі. Республикалық әдістемелік - педагогикалық

журнал. №3(45), 2010.

  1. Мектептегі шет тілі. №3(27), 2007.

  2. Мектептегі шет тілі. №2(44), 2010.

  3. Рогова Г.В. Методика обучения английскому языку. – Москва, 1975.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ағылшын тілін оқытудың тиімді әдісі

Автор: Жунусбекова Жакай Заманбековна

Дата: 20.02.2017

Номер свидетельства: 393967

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(125) "А?паратты? технологияны а?ылшын тілі саба?ында ?олдануды? тиімділігі "
    ["seo_title"] => string(78) "ak-parattyk-tiekhnologhiiany-ag-ylshyn-tili-sabag-ynda-k-oldanudyn-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "179671"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425050129"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Ағылшын тілін оқытудың тиімді әдісі."
    ["seo_title"] => string(39) "ag_ylshyn_tilin_ok_ytudyn_tiimdi_disi_1"
    ["file_id"] => string(6) "393974"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1487603582"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(174) "Баяндама «А?ылшын тілін о?ытуда кіріктірілген саба?тарда?ы а?паратты? инновациялы? технология» "
    ["seo_title"] => string(107) "baiandama-ag-ylshyn-tilin-ok-ytuda-kiriktirilghien-sabak-tardag-y-ak-parattyk-innovatsiialyk-tiekhnologhiia"
    ["file_id"] => string(6) "159154"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421854440"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(149) "А?паратты? – коммуникативтік технологияны? м?мкіндіктерін  ?олдануды? тиімділігі "
    ["seo_title"] => string(85) "ak-parattyk-kommunikativtik-tiekhnologhiianyn-mumkindiktierin-k-oldanudyn-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "200416"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428833656"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "А?ылшын тілі саба?ында о?ытуды? тиімді жолдары"
    ["seo_title"] => string(51) "ag-ylshyn-tili-sabag-ynda-ok-ytudyn-tiimdi-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "249006"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1446813327"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства