Просмотр содержимого документа
«"Ағылшын тілін ерте жастан үйрену"»
«Ағылшын тілін ерте жастан үйрену»
Мақсаты: Ата – аналарға ағылшын тілінің ерте жастан үйрену қажеттілігінің маңыздылығын айту.
Қазақстан Республикасының білім туралы Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсетілген. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін меңгертуді жолға қою мақсатында мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту қолға алынып отыр.
XXI ғасырдың талабы мәдени деңгейі жоғары маман даярлап шығару болып табылады, олай болатын болса, жоғары мәдениетті маманның: жалпы, кәсіби, әдіснамалық, кәсіби-этикалық, ақпараттық, тілдік, саяси, психологиялық-педагогикалық, көркемдік эстетикалық мәдениетінің болуы шарт.Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды, жас ұрпаққа саналы, мән- мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің талабы.
Американ ғалым философы Дейл Карнеги «Ең бірінші адам бойындағы қажеттілікті туғыза білу керек. Ондай іс қолынан келетін адам бүкіл әлемді мойындата алады» деген екен. Шет тілін,оның ішінде ағылшын тілін білу –заман талабы. Баланың тілді оңай меңгеруі үшін үлкен ынта, зейін, талап оқушының тілге деген бейімділігі қызығушылығы керек. Содан кейін ғана оқушының ойын дамыту міндеті келеді.
Мектепке дейінгі балаларға шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ересек балаларға қарағанда,олардың есте сақтау қабілеті де жоғары. Мектеп жасына дейінгі балаларға шетел тілін оқыту олардың танымдық және әлеуметтік белсенділігінің, өзіндік әрекет жасау қабілеттілігінің және өзіне деген сенімінің артуына ықпал етеді.
Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, баланы жан-жақты дамытатын, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күннің ең басты талабы. Алдағы уақытта 12 жылдық білім жүйесіне көшкен кезде оқу ұйымдарында кей пәндер ағылшын тілінде өтілетін болады. Сондықтан баланы ерте жастан ағылшын тіліне бейімдеу қажет. Бұл тілді үйренуде мектеп жасына дейінгі балалардан бастаған қолайлы. Неғұрлым көп естіп білуге ынталанған балалардың еске сақтау қабілеті соғұрлым жоғары дәрежеде дамиды. Ал ерте жастан балаға көңіл аудармай оның жан-жақты дамуына көмек жасамасақ оның ақыл-ой, қабылдау, есте сақтау қабілеті баяу дамиды. Себебі, баланың дамуы кішкентайынан бастап қалыптасқандықтан, тілді үйрету мәселесін де ерте бастаған тиімді екені айтылуда. Алайда, мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету барысында олардың қызығушылықтарын оята отырып, ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастыру қажет.
Мектепке дейінгі жас шет тілін оқытуға өте қолайлы кезең. Себебі бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді: оларда өзінің сөйлеу тәжірибесін, тіл құпияларын байқау қызығушылығы пайда болады. Олар лезде берілген шағын материалды меңгеріп алып, оны өте жақсы кері айтып бере алады. Балалардың жасы қосылған сайын мұндай факторлар өзінің күшін жоғалта бастайды.
Ерте кезден оқыту тілдік кемшіліктерді жоюға және болашақта тілді тез игеруге көмектеседі. Бала тез есте сақтау үшін ойындар, тез жатталатын сөздері ұйқас тақпақтар, өлеңдер үйреткен тиімді. Балаға ойын барысында тіл үйрену қызықтырақ болады. Балаларға жас ерекшеліктеріне сай тілді меңгерту басқа халықтың мәдениетін білуіне жол ашады.
Ерте жастан ағылшын тілін оқыту балалардың:
- шетел тілін үйренуге қызығушылығын;
- танымдық қабілетін;
- өзіндік шығармашылық әрекетін;
- ұйымда қызмет жасай алу қабілеттілігін;
- үйірімділік қабілетін;
- елестету мүмкіндігін;
- есте сақтау қабілетін;
- мектеп өміріне бейімделушілігін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылған қасиеттерді балабақшадан, бастауыш мектептен бастап оқытуды бастау қажеттілігі дәлелдей түседі. Мектеп жасына дейінгі балаларға оқыту сатысында ауызша сөзді дамыту одан арғы ауызша базаның дамуында әсерін тигізеді. Ауызша сөз басқа да іскерліктердің дамуына негіз болып табылады. Ағылшын тілін ерте жастан оқытуда мотивацияның рөлі зор екені айдан анық. Жасөспірімдердің тілге деген қызығушылығын дамыту негізгі шарт. Қызығушылық тұлғаның белгілі бір әрекетте, затқа эмоционалды қатынасы болғандықтан, зейін машықтанады, ойлау терең болып, тілдік материал ойда ұзақ уақыт сақталады. Оқу үдерісінің қызықты, тартымды болуы, эмоционалды редакдакциялардың көп болуы, ағылшын тіліне деген қызығушылықты арттырады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады,оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу – уақыт талабы.