Сонымен қатар, нарықтық экономикада кәсіпорын баға саясатын жүргізгенде нарықтың құрылымының әсері мен маңызы зор. Яғни, нарық құрылымы бәсекелі болған жағдайда, жекелеген бәсекелес кәсіпорынлар нарықта бағаға әсер ете алмайды, олар бағаны белгіленген деп есептейді. Сондықтан олар максималды пайда табу үшін өндіріс көлемін, өндіріс шығындарын оптималдауды іске асырады. Ал монополиялық нарықтағы кәсіпорындардың монополиялық билікке ие болғандықтан, олар өздерінің өнімдеріне баға белгілей алады және олар бағаға байланысты әр түрлі саясаттар жүргізе алады. Мысалы, монополиялық кәсіпорынлар бағалық дискриминация саясататрын жүргізе алады және олар ол саясатты жүргізу арқылы қосымша табыс түсіреді
Егер кәсіпорын жұмсаған шығынын анықтап, белгілі пайда табу тұрғысынан бағасын белгілеген болса, онда оның баға саясаты, онымен бірге баға стратегиясы да болмағаны. Баға саясаты болған кәсіпорын мәселені басқаша қарастырады: Әрекет жасайтын нақты рынокта бағаның деңгейі қандай болуы мүмкін? Сол баға деңгейіне сәйкес пайда табу үшін шығындар көлемін шектеу қолдан келе ме? Осы сұрақтарға жауап іздестірген кәсіпорынның баға саясатының болғаны. Сатып алушылардың табысы қандай бағаны көтере алады деген сұраққа жауап іздеген кәсіпорынның баға саясаты мен баға стратегиясының болмағаны. Баға саясаты мен баға стратегиясын қолданған кәсіпорын басқаша сұрақтарға жауап іздестіреді: сатып алушылары үшін кәсіпорын тауарының құндылығы қандай? Сол тауар құндылығына сәйкес бағаның белгіленгені жайлы сатып алушыларды қалай сендіруге болады?