Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3Абөлім: Тізбектер | Мектеп: Шу ауданы, Төле би атындағы орта мектебі |
Күні: 10.12.2020ж Сынып: 9 В 2-3 сабақ | Мұғалімнің аты-жөні: Кыздарбекова С.М Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы: | Арифметикалық прогрессия |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.2.3.4 сандар тізбектерінің арасынан арифметикалық және геометриялық прогрессияны ажырату; 9.2.3.5 арифметикалық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдану; |
Сабақ мақсаттары | берілген тізбектердің ішінен арифметикалық прогрессияны таниды; арифметикалық прогрессиялардың n-ші мүшесін табады; арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысын табады; |
Бағалау критерийлері | Оқушылар: сандар тізбектерінің арасынан арифметикалық және геометриялық прогрессияны ажыратады; арифметикалық прогрессиялардың n-ші мүшесін табады; арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысын табады және арифметикалық прогрессияның белгісіз мүшелерін табады. |
Тілдік мақсаттар | Оқытудың тілдікмақсаты Оқушылар: бөлімнің пәндік лексикасы мен терминологиясын есеп шешуде қолданады; арифметикалық прогрессияны есеп шығаруда қолданып дәйектейді; банктік пайызға есеп шығарып түсіндіреді; бөлінгіштікке, қосындыға және теңсіздікті дәлелдеуге есеп шығарып түсіндіреді; Пәндік лексика мен терминология сандық тізбектер; тізбектің берілу тәсілдері; тізбектің алдыңғы мүшесі, тізбектің кейінгі мүшесі; тізбектің бірінші мүшесі және т.с.с.,тізбектің n-мүшесі; тізбектің n-мүшесінің формуласы; арифметикалық прогрессияның айырмасы; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер тізбектің n-мүшесінің формуласын … түрде беруге болады; тізбектің келесі элементі … болады; прогрессияның ... мүшесін табу үшін ... ; тізбек кемімелі/өспелі болып табылады, себебі …; ... прогрессияның алғашқы ... мүшесінің қосындысын табу үшін ... ; ... саны арифметикалық прогрессияның мүшесі болыптабылады, себебі … |
Құндылықтарға баулу | «Мәңгілік Ел»жалпыұлттық идеясының маңыздылығы, зайырлы қоғам және жоғары руханият құндылықтары негізінде №1 есеп арқылы жүзеге асады. Аталған құндылықтар сабақта жоспарланған жұмыстар арқылы орындалады. |
Пәнаралық байланыстар | Өмірмен байланысты есептер |
Тақырып бойынша алдыңғы білім | Сандық тізбектер, дәрежесі бар тізбектер түсініктері. Бүтін көрсеткішті дәрежесі бар тізбектің заңдылығын анықтау және жетіспейтін мүшесін таба білу. Пайыз, санның пайызын табу, пайызы бойынша санды табу, пайыздық қатынас түсініктері. Сандардың бөлінгіштігі, бөлінгіштік белгілері. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланғанкезеңдері | Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы | 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін шоғырландыру. Үй тапсырмасын тексеру. Кері байланыс: 1. үй тапсырмасын шешуде қандай қиындықтар болды? 2. Қандай тапсырмалар ең қиын болды? Оқушыларды 4 топқа бөлу. | Слайд 1-2 |
Сабақтың ортасы | ІІ. Білімдерін өзектеу. Белсендіру Оқушыларға жұптарда өткен сабақты «Ойымды жалғастыр» әдісі түрінде қайталау 1)Тізбектің мүшелері дегеніміз не? (тізбекті құрайтын сандарды тізбектің мүшелері деп атайды) 2) арифметикалық прогрессия дегеніміз не? 3) арифметикалық прогрессияның айырмасы дегеніміз не? 4) Шектеулі және шексіз тізбек дегеніміз не? 5). Өспелі және кемімелі арифметикалық прогрессия дегеніміз не? Қолданбалы есеп. Жұптардағы жұмыс Оқушылар карточкадағы күнделікті өмірмен байланысты тапсырманы талдап, орындаулары керек. Мұғалім жұмысты қадағалайды, нәтижелерін жұптарда немесе кіші топтарда тексеруді ұйымдастырады. Нәтиже талқыланады. Есеп-1 Дәрігердің кеңесі бойынша демалушы бірінші күні 5 мин , ал әрбір келесі күндері күнге қыздырыну уақытын 5 мин арттырды. Егер күнге қыздырыну уақыты сәрсенбі күні басталған болса, онда аптаның қай күнінде күнге қыздырыну уақыты 40 минутқа жетеді. Топтық жұмыс Тапсырма 1: Тізбек берілген: 3;9;15;21;27;… Оның арифметикалық прогрессия болатынын көрсетіңіз. 117 және 195 сандары осы тізбектің мүшелері бола ала ма? Егер «иә» болса, онда тізбектің бұл мүшелері қай нөмірге ие болғаны? Тапсырма 2 4-ке еселік болатын барлық екітаңбалы натурал сандардың қосындысын табыңыз? Тапсырма 3: Егер болса, арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі мен айырмасын анықтаңыз Тапсырма 4: Арифметикалық прогрессияда болса, алғашқы 19 мүшесінің қосындысын табыңдар. Әр тапсырманы тақтада талдау, кері байланыс беру. Үлгерімі төмен оқушыларға формулалар, мысалдар, тапсырмалар бар кеспелер таратылады. Мұғалім бағалайды. | Слайд 3 Слайд 4 Слайд 5-6 Г.Н. Солтан, А,Е.Солтан, А.Ж.Жумадилова, С.Ш.Алибеков Алгебра 9-сынып «Есептер мен тапсырмалар жинағы» |
Жұптық жұмыс | «Карусель» тәсілін қолданыңыз. Тапсырма: Бос орындарды толтырыңыз. Тапсырманы орындап, жұп өз үлестірмесін келесі жұпқа тексеруге береді, осылайша, үлестірме дөңгелене ауысады. Тексеретін жұптар плюс немесе минус таңбасын қояды. Үлестірме өз иесіне қайта келгенде, жұптар өз қателерін түсіндіреді. 1 | 3 | ? | 7 | 9 | 2 | ? | 5 | 9 | 13 | 3 | -0,3 | 2,7 | 5,7 | ? | 4 | 8,1 | 7,6 | ? | 5,6 | 5 | 10 | 18 | ? | 34 | 6 | 7,3 | -2,2 | -11,7 | ? | 7 | ? | -4,5 | -3,8 | -3,1 | | Карточка |
Жеке жұмыс | . Өздік жұмысы. «Ең үздік жұмыс» бағалауы. Тауға көтерілудің алғашқы сағаттарында саяхатшы 800м биіктікке жетті.Әрбір келесі сағаттарда алғашқысынан 25м-ге кем биіктікке көтерілді.Қанша уақыт ішінде саяхатшы 5700 м көтерілді? Өспелі арифметикалық прогрессияның алғашқы сегіз мүшесінің қосындысы 88-ге, ал үшінші мен бесінші мүшелерінің қосындысы 18-ге тең. Прогрессияның жетінші мүшесін табыңыз. Сабақты қорытындылау: «Прогрессия біздің өмірімізде» қысқаша талқылау. | Г.Н. Солтан, А,Е.Солтан, А.Ж.Жумадилова, С.Ш.Алибеков Алгебра 9-сынып «Есептер мен тапсырмалар жинағы» |
Сабақтың соңы | Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз. «Сөйлемді жалғастыр» Бүгінгі сабақта... білдім … үйрендім … қиындықттуындады … әлі де жұмыстануымкерек … маған қызық болды? | |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Топта сұрақтар құрастыуда оқушылар әр деңгейде сұрақтар құрастырады. Жұппен жұмыста қабілеті жоғары оқушы жұбына көмектеседі «Ең үздік жұмыс» бағалауы. Тауға көтерілудің алғашқы сағаттарында саяхатшы 800м биіктікке жетті.Әрбір келесі сағаттарда алғашқысынан 25м-ге кем биіктікке көтерілді.Қанша уақыт ішінде саяхатшы 5700 м көтерілді? | Құрастырылған критерийлер бойынша бірін бірі, өздерін бағалайды. Сонымен қатар жетістік критерийі арқылы бағаланады. | Кабинеттегі ылғалдық пен ауа температурасын бақылап отыру Тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді. |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет? |