Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессия тақырыбына есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: арифметикалық прогрессия тақырыбы бойынша оқушылардың тірек білімдерінің деңгейі мен тиянақтылығын тексеру және бағалау
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, зейіні мен зердесін дамыту.
Тәрбиелік: дұрыс және нақты жауап беруге, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: білімді бастапқы деңгейде тексеру және бағалау сабағы
Сабақ әдісі: ішінара ізденушілік, деңгейлік, ой қозғау
Көрнекілігі: формулалар, кесте, слайд
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Сөзжұмбақ шешу
Прогрессия
- Санның жүзден бір бөлігі қалай аталады? (пайыз)
- Екінші мүшенің бірінші мүшеден азайтқанда шығатын теңдігі қалай аталады? (айырма)
- Ѕn арифметикалық прогрессияның n мүшесінің.. деп аталады? (қосынды)
- формуласын енгізген атақты неміс математигі кім? (Гаусс)
- Архимед қай елдің ғалымы? (Грек)
- Мүшелерін нөмірлеп шығуға болатын шексіз сандар жиынын қалай атаймыз? (тізбек)
- Ұлы ағылшын ғалымы, математигі, физигі (Исаак)
- Әріпті өрнекті енгізген математик? (Франсуа Виет)
- Арифметикалық прогрессия мүшелерінің қосындысының формуласын дәлелдеген грек оқымыстысы? (Диофант)
10. Ерте заманда қолданған ұзындық өлшемі? (ярд)