І.Ұйымдастыру Сыныптағы оқушыларды түгелдеу. Сабаққа сыныптағы оқушылардың даярлығын тексеру. Оқушыларды санату арқылы үш топқа бөлу. Өзін –өзі бағалау парақшасын таратып, бағалау критерийлерімен таныстыру. Оқушыларды 3 топқа бөлу. Бағалау критерийлері 1. «Есіңе түсір» кезеңі – 10 ұпай 2. «Сынап көр» кезеңі – 10 ұпай 3. «Анықта» кезеңі –10 ұпай 4. «Іске асыр» кезеңі – 10 ұпай 5. «Ойлан тап» кезеңі – 5 ұпай 6. «Нәтиже» кезеңі – 5 ұпай Бағалау шкаласы «5» -40 – 35 ұпай «4» -34 – 30 ұпай «3» -29 – 25 ұпай «2»-24 – 0 ұпай ІІ. Есіңе түсір (қайталау) Үй тапсырмасын тексеру. «Жұлдызды сәт» ойыны бойынша қайталау. 1. Зат есім қандай сөз табы? 2. Құрамына қарай нешеге бөлінеді? 3. Жалпы, жалқы зат есімдер дегеніміз не? 4. Сын есім қандай сөз табы? 5. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді? 6. Туынды сын есімдер қалай жасалады? 7. Құрамына қарай сын есім нешеге бөлінеді? 8. Сан есім қандай сөз табы? 9. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді? 10. Құрамына қарай қалай талданады? ІІІ. Сынап көр (есім сөздермен жұмыс) «Тілдік тренажер» арқылы сын есім, зат есім, сан есімдерге талдау. 1.Оқулық 2. Сары 3. Он алты 4. Балқаш 5. Әдемі 6. Ұзын бойлы 7. Бес 8. Оқушы 9. Майлы 10. Сексен тоғыз 11. Қызылорда 12. Қызыл ала 13. Екі 14. Ауыл 15. Шуақты IV. Анықта (жаңа сабаққа түсінік алу) Жаңа сабақпен оқып, танысуға 10 минут уақыт беремін. Мәтінмен жұмыс. Түртіп алу немесе Инсерт. Оқулықта берілген материалдармен өздері танысып шығу тапсырылады. Мәтінді оқи отырып, бұрыннан білетін және жаңалықтармен таныса отырып, өзіне күдікті дәлелдей алмайтын және түсініксіз, әлі де тереңірек білгісі келетін белгілерді қояды. Бұрыннан таныс мәлімет, «√» | Білмейтін ойы «–» | Жаңа танылған мәлімет, «+» | Таңқалдырып сұрақтар тудырған ой, «?» | | | | | Осыдан кейін әр топ өздерінің ойларын біріктіре отырып талдау жасайды. Бір-біріне сұрақтар қояды. Түсінбеген жерлерін бір-біріне түсіндіреді. Не түсінгендерін қағаз бетіне түсіріп, таныстырып шығады. Таныстырмас бұрын мынадай сұрақтарға жауап аламын: 1. Есімдік дегеніміз қандай сөз табы? 2. Қай есім сөздердің орнына қолданылады? 3. Мағынсына қарай нешеге бөлінеді? Жеті түрге: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау, болымсыздық, белгісіздік. 4. Жіктеу есімдігі нені білдіреді? Белгілі бір заттық ұғыммен байланыста қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. 5. Жіктеу есімдігі қалай түрленеді? (Олар септеледі, жақпен байланысты қолданылып жіктеледі) Жекеше, көпше. І. Мен ІІ. Сен Сіз ІІІ. Ол І. Біз (айтушы, тыңдаушы жақ) ІІ. Сендер Сіздер (тыңдаушы жақ) ІІІ. Олар (бөгде жақ) Жіктеу есімдіктерін септеу, жіктеу. 1- топ – мен 1- топ – біз 2- топ – сен 2-топ – сендер сіз сіздер 3- топ – ол 3-топ – олар Мысалы: Септелу үлгісі А.с | мен | І.с | менің | Б.с | маған | Т.с | мені | Ж.с | менде | Ш.с | менен | К.с | менімен | Жіктеу есімдіктерінің жіктелу үлгісі: І ж | менмін бізбіз | ІІ ж | сенсің сендерсіңдер, | | сізсіз, сіздерсіздер; | ІІІ ж | ол, олар. | V. «Іске асыр» (жаттығу жұмысы) 88-жаттығу. Өлеңді оқып, есімдіктерін табыңдар. Олар есімдіктің қай түрі екенін айтыңдар, түрлену жолдарын түсіндіріңдер. Мысалы: Сен – жіктеу есімдігі. 89-жаттығу Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалы есім сөздердң бір бөлек, септеулі жіктеу есімдігін бір бөлек теріп жазыңдар. Сергіту сәті. VІ. «Ойлан, тап» Фариза Оңғарынованың әке туралы «Перзент сөзі» өлеңінен есімдіктерді теріп жазу, тұлғасына талдау. І топқа Әкем- менің тәңірім, пайғамбарым Ұмтылатын биігім,сайран бағым. Ол білмейтін дүниеде құпия жоқ, Біліп алған, япыр-ай,қайдан бәрін?! ІІ топқа Ол тұрғанда сезінбей қатер демін, Хандардың да қалпағын әпермедім. Әділ шешім ататын барлық істе Біздің үйде бас қазы — әкем менің. ІІІ топқа Әкем барда,арқам кең,жоқ алаңым, Сұлу мүсін, бір мін жоқ келбетінде! Батыр,дана сол ғана. Асығамын әкеме ұқсап тезірек ер жетуге. VІІ. Нәтиже. «Киіз үй» құрастыру Сықырлауық: Есімдік дегеніміз не? Кереге: Есімдіктің түрлерін ата. Кереге: Жіктеу есімдігі дегеніміз не? Уық: «Сен» жіктеу есімдігін ауызша септе Уық: «Ол» жіктеу есімдігін ауызша септе Шаңырақ: Жіктеу есімдігі түрленудің қай түрімен тығыз байланысты? VІІІ. Өзіңді бағала Оқушылардың бағалау критериясына сай өзін –өзі бағалаған парақшаларындағы жиналған ұпайларына сай бағалау. Бағалау парақшасын жинап алу. Оқушылар бір – біріне деген ризашылықтарын төменнен жоғарыға қарай 3 рет шапалақтайды. Жапсырма қағаздарға оқушылар өздерінің ұсыныс – пікірлерін, көңіл – күйлерін жазып, смайликтерге жапсырады. Үйге: 1) 90-жаттығу. Жіктеу есімдігіне қатысты тағылымды сөздерді жаттап алыңдар. 2) 91-жаттығу. Көп нүктенің орнына сөз қойып, есімді және етістікті сөз тіркесін жасаңдар. |