kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Туған тілім – қасиетті анам тілі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тіл – халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Туған тілім – қасиетті анам тілі»

Туған тілім – қасиетті анам тілі

Сынып сағаты
Тақырыбы: «Туған тілім – қасиетті анам тілі»
Мақсаты:
1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2.Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Көрнекіліктері: Тақырып жазылған сөз, қанатты сөздер, шарлар, үнтаспа, 25-жылға арналған суреттер.

Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз,
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме! – деп
Сәлемдесіп аламыз.
Қазақстан Республикасының - әнұраны орындалады.
Жүректен жүрекке шеңбері. Тілек айту.

II. Тәрбиеші сөзі:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгінгі даярлық тобының «Туған тілім – ана тілім» атты ертеңгілігіне хош келдіңіздер!
«Тәуелсіздіктің 25-жылдығы –ел тарихының жарқын беті» Қазіргі кезгі Қазақстанның шежіресі 1991 жылғы 16 желтоқсаннан басталады. Бұл күні Қазақстан өзін Тәуелсіз егемен мемлекет деп жариялады. Жаңа дәуір 1991 жылдың желтоқсанынан басталды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздіктің сын сағаттарында нар жүгін мойымай көтеретін қажырлы қайраткер, дана саясаткер ретінде елімізді сеніммен алға бастады.

III. Осы 25-жыл ішінде Қазақстан қандай жетістіктерге жеткеніне тоқталайық.
1- бала Санжар
Қазақстан Республикасының президенті
Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы.
2-бала Болған
Қазақстан Республикасының Туы.
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.
Әнұран
3-бала Сабира
Қазақстан теңгесі – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы.
Қазақстан Республикасының Президенттің 1993 жылы қараша 15 жарлығы бойынша айналысқа еңгізілді.
4-бала Аружан
Қазақстан - 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы.
Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы
5-бала Берікжан
Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр.
6-бала Нұрасыл
Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша ұйымның бірінші төрағасы ретінде тарихқа кірді.
7-бала Алишер
Елордамыз – Астана қаласы.
Бүгінгі Астана – Қазақстан тарихи жеңістерінің белгісі.
8-бала Еркежан
Елбасы Жарлығымен 1997 жылдың 11 шілдесінде бекітілген
Тіл туралы Заңның 4-бабында
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі болды.
9-бала Жанерке
Келген жыл елдің басшылығымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығын тойлау жылы деп жарияланды

Тәрбиеші сөзі:
Туған елім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! – деп , ақын Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті.

"Тіл – біздің тұтастығымыз”, "Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс. Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы.
Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отан сүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.
Тіл – таусылмайтын байлық.

V. Тақпақтар
Сабира
Сүйесің өз тіліңді
Боласың білімді
Өз тілің үйретер
Өнерді ғылымды
Ардақта тіліңді

Алишер
Ана тілім қазақ тілім, туған тілім
Қасиетті тілімнің мәнін біл
Ана тілді құрметтеңдер адамдар
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл!

Ару
Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған.
Ақыл-ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.

Еркежан
Қазақ тілім туын биік ұстаған
Қазақ ттілім кең далама ұқсаған
Қазақ тілім мәртебелі еңселі
Құрметтеп отыр , бүгін ел сені.

Ғалия
Туған тілім – тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Өссе тілім мен де бірге өшемін
Өшсе тілі мен де бірге өшемін.

Мәди
Жанымнан қымбат
Ана тілім маған
Ана сөзден тыңдап
Үлгі өнеге алам

Жанерке
Ана тілім – анам,
Аппақ қардай арым
Мұра еткен бабам
Жарқыраған жаным.

Нұрасыл
Тіл сенің
Тірліктегі жан ләззатың!
Тіл сенің -
Ар арманың,
Махаббатың.

Малсұр
Ана тілім –елдігім
Ана тілім - ерлігім.
Тілді биік құрметтеп
Тойлап жатыр ел бүгін

Ардақ
Сенің әрбір тынысыңмен күш кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім, егер сені білмесем.

Берікжан
Ана тілім - тірегім
Ана тілім – жүрегім.
Қасиетті елімнің
Тек өзің деп білемін.

Әділхан
Ана тілім, дана тілі, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім
Сенсің менің қасіретім, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.

Назира
Тілсіз келген білімнің,
Түбі нағыз қиғылық.
Көсегесін тілімнің
Көтеремін ту қылып.

IV. Кәне балалар, сендермен бой жазып қара жорға биін билеп жіберейік.
Би. «Қара жорға»

VI. Ойын «Ұйқасын тап» Мақал-мәтелдер

1. Бас кеспек болса да, ..... (тіл кеспек жоқ)
2. Ана сүті бой өсіреді, (ана тілі ой өсіреді).
3. Тілмен байланған ...( тіспен шешілмес).
4. Тіл тас жарады,... ( тас жармаса бас жарады)
5. Жақсы сөз... (жарым ырыс)
6.Тіл - адам ойының ... (айнасы)
7. Тіл қылыштан... (өткір)
8.Ойнап сөйлесең де... (ойлап сөйле)
10. Тисе терекке, тимесе ... (бұтаққа)
11. Айтылған сөз, ... оқпен тең (атылған)
12. Бал тамған тілден ... тамар (у)
13. Көп сөз - ... (бос сөз)
14. Көп сөз - күміс, аз сөз - ... (алтын)
15. Жеті жұрттың тілін біл,...(жеті түрлі ілім біл)
16.Таза сөйлеу – биік ... (мәдениеттілік)
17. Жақсы байқап сөйлер...(жаман шайқап сөйлер)
18.Көре-көре көсем боларсың...(сөйлей-сөйлей шешен боларсың)

VII. Ән «Ана тілім» Жанерке мен Ару

Жүректен жүрекке шеңбері.
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс!
Бізді жақтап отырған
Сіздерге де мың алғыс!

Осымен «Туған тілім – қасиетті анам тілі» атты сынып сағатымыз аяқталды
Көп рахмет!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Туған тілім – қасиетті анам тілі

Автор: Сагинбекова Жазира Сабетбековна

Дата: 04.11.2016

Номер свидетельства: 355247

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Ту?ан ?лке т?н?ан шежіре "
    ["seo_title"] => string(32) "tug-an-olkie-tu-ng-an-shiezhirie"
    ["file_id"] => string(6) "206875"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430297820"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Тема: Ту?ан жер т?н?ан  шежіре,4 сынып "
    ["seo_title"] => string(46) "tiema-tug-an-zhier-tu-ng-an-shiezhirie-4-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "177063"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424542261"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»"
    ["seo_title"] => string(35) "otiebai_tu_rmanzhanov_tug_an_olkiem"
    ["file_id"] => string(6) "399370"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489297170"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(21) "Ту?ан тілім."
    ["seo_title"] => string(14) "tug-an-tilim-1"
    ["file_id"] => string(6) "258226"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448464747"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Мені? ту?ан ?лкемні? атауы"
    ["seo_title"] => string(29) "mienin-tug-an-olkiemnin-atauy"
    ["file_id"] => string(6) "277342"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452875816"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства