kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ту?ан ?лке т?н?ан шежіре

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Ту?ан ?лке – т?н?ан шежіре
Ма?саты: О?ушыларда ту?ан ?лкеге деген ?адір – ?асиетті оята отырып, сол ар?ылы туып - ?скен ?лкеге, Отан?а деген с?йіспеншілікті ?алыптастыру.
Барысы:
І Таныстыру
(Тілшілер Ма??ыстау облысы туралы жина?ан м?ліметтерін айтады)

ІІ Б?йге (С?ра? – жауап)
ІІІ Кім шапша?? (?орапты? ішінен бір ?ріп суырып, сол ?ріптен келетін Ма??ыстауды? жер-су аттарын айтады)
ІV Сурет к?рмесі (О?ушылар болаша? Ма??ыстауды? суретін салып сол туралы ??гімелейді)

 V Жыр шашу (О?ушылар ?здеріні? дайында?ан ?н билерін к?рсетеді)
 VІ ?орытынды


М??алім: Кіріспе (м??алім с?зі)
«?аза? деген мал ба??ан елміз,
Ешкімге со?ты?пай жай жат?ан елміз,
Жерімізді жау баспасын деп,
Елімізден ??т – береке ?ашпасын деп,
Найза?а ?кі та??ан елміз,- деген екен рухы м??гі ?лмейтін ?азыбек би.
Бізді? Отанымыз – Т?уелсіз ?аза?стан! ?аза?стан дегенде к?з алдымыз?а ке? байта? дала, шексіз жазира дала елестейді. Я?ни дала бейнесі к?з алды?а келеді. Б?л ке? дала - ?аза??а ?ымбат дала.
Ж?регім, жырым сенікі,
Ке?істі далам, ке? далам.
Тудым, ?стім есейдім.
Ен далам – анам, мен бала?!- демекші, б?л ?ле? шума?тары не туралы айтыл?ан?
- Ту?ан жер
- ?рине, олай болса, «Отан» деген ??ым, біздер ?шін ай?ын а?и?ат, Отан - ?зі? ту?ан ?ала, ?зі? ?скен ауыл, ?зі? о?ы?ан мектеп, ?ыс?асы ?зі?ді ?мір азаматы етіп ?алыптастыру?а ?сер жаса?ан орта. Ендеше, солар жайлы білу ауа мен судай ?ажет н?рсе – деп ?лы жазушымыз М?хтар ?уезов айт?андай мені? б?гінгі ?ткізгелі отыр?ан т?рбие са?атым осы аталы с?здерді? желісімен ?рбиді. Ту?ан жеріміз, ту?ан Отанымыз ?аза?стан болса, кіндік ?аны там?ан ту?ан ?лкеміз киелі Ма??ыстау ?лкесі.
Ендеше, ??рметті ?стаздар, ата – аналар, о?ушылар «Ту?ан ?лке – т?н?ан шежіре» атты т?рбие са?атымызды бастау?а р??сат еті?іздер.

            Т?рбие са?атымызды бастамас б?рын балалар сендермен бірге бейнебаян?а назар аударайы?.  

Мінеки, балалар, б?л сендерді? тамашала?андары?ыз бізді? ту?ан Ма??ыстау ?лкеміз. Ендеше, осы Ма??ыстау ?лкесіні? аудандарына, ?алаларына арнайы барып келген тілшілеріміз бар еді, солар?а ??ла? т?ріп ?арайы?.

 І Таныстыру (Тілшілер Ма??ыстау облысы туралы жина?ан м?ліметтерін айтады) к?шейік.

Ма??ыстау - ?аза?стан Республикасыны? ?иыр солт?стік батысында?ы ірі айма?тарды? бірі. «?й?ыда?ы ару» атан?ан б?л ?лке елімізді? м?найы мен газын беріп отыр?ан ?азына т?бегі.Б?л ?лкеде ?р ша?ыра?, ?уан?ан кезінде де, ??лазы?ан кезінде де, алдымен Бекетті? атын ауыз?а ал?ан. ?йткені, ол тірісінде еліні? жел жа?та?ы Панасы, ы? жа?та?ы Саясы бола білген Азамат. Жаудан елді арашала?ан Батыр. Дауда ?ділетті арашала?ан ?азы. ?лсізге медет, К?штіге Айбат, Зары??ан?а Жебеу, Тары??ан?а Демеу, Ас?ан?а Тос?ан, Сас?ан?а сая, ?рпа??а ?стаз, ?лыс?а ?ран, Ел иесі Жер киесі Пір ата Бекетті? отаны.
?) Слайд к?мегімен м?найдан ?ндірілетін заттар туралы айту.
б) Жа?а?зен 1961 жылы ?ырк?йекте т???ыш газ фонтаны ат?ыла?ан жер.

ІІ Б?йге (С?ра? – жауап)
1. Ма??ыстау облысыны? ?алалары (А?тау, Жа?а?зен, Форт – Шевченко).
2. Ма??ыстау облысыны? ??рамына кіретін аудандарды ата (?ара?ия, Ма??ыстау, Бейнеу, Т?п?ара?ан, М?найлы).

3. «?й?ыда?ы аруды? оянуы» е?бегіні? авторы кім? (?біш Кекілбаев).
4. Ма??ыстау облысы ?ай жылы ??рылды? 1973 жылы 20 наурыз).

 5. Ма??ыстау облысында орналас?ан ?оры? ?ай ?оры?? Нешінші жылы ??рылды?

(?стірт ?оры?ы, 1984ж.)

6. Д?ние ж?зіндегі е? ?лкен а?ынсыз к?л (Каспий те?ізі).

 7. Ма??ыстауды? байта? даласында кездесетін емдік ш?птерді ата? (адыраспан, б?йшешек, бозжиде, жанта?, изен, с?ттіген).
8. Т?п?ара?ан ауданыны? орталы?ы (Форт – Шевченко)
9. Ма??ыстаудан шы??ан батырлар Иса, Шотан, ??лбара?, Досан батырлар.
10. Ма??ыстауда?ы ?андай тауларды білесі?? (Айра?ты, Шер?ала, А?мыштау, А?таулар, Отпан, Бесшо?ы, ?аратау, О?ыланды, Маната, т. б)
 

ІІІ Кім шапша?? (?орапты? ішінен бір ?ріп суырып, сол ?ріптен келетін Ма??ыстауды? жер-су аттарын айтады

ІV Сурет к?рмесі (О?ушылар болаша? Ма??ыстауды? суретін салып сол туралы ??гімелейді)

V Жыр шашу (О?ушылар ?здеріні? дайында?ан ?н билерін к?рсетеді)

Хор: «?асиетті домбыра!»

?сет:

Ма??ыстау б?л келе жат?ан ежелден.
Ма??ыстау б?л ш?лдеп ерні кезерген,
Т?бе - т?бе бастары?да обадан,
К?не тарих ?ыр?ындарын сезем мен.
Айна:

Ма??ыстауды? ойында,

?ш ж?з алпыс екі ?улие,

Бес намазды? жайы ?шін

?адамын санап бас?ан жер

Б?лтірік:

Ма??ыстау ?ш ?иянны? ?рген жері.
Жерленбей жеті ж?ртты? кеткен жері.
Атамыз Адай мекен еткен жері,
Той ?ылып «Адай» туын тіккен жері.


Н?рболат:

Ма??ыстау – ер Бекетті? ту?ан жері,
Кетіріп кіндік ?анын жу?ан жері.
Кіндігін ?ожа молда ?олымен кесіп,
Тамырын тарамыспен бу?ан жері7
 

А?ниет: Би «?аражор?а керім – ай»

?ымбат:

Ма??ыстау – ?ой тастары? ж?регімдей,
М?нара? жолы жалын к?ре?імдей.
Аспаны? - Адайларды? к?кірегі.
??с жолы - К?кмойна?ты? шілдеріндей.

М. ?ара?ат:

Ту?аннан со? адам боп,

 Білімсізден жаман жо?.

 Ел д?ст?рін білмесе?,

 Ж?рт айтады надан деп.

 Ата-баба? арда?ты,

 Жаманды??а бармапты.

 Арда? т?тып ?лкенді,

 Ата жолын жал?апты.

Бауырлас?ан т?німіз,

Б?зылма?ан салтымыз,

Ке? даланы? ежелгі

?аза? деген хал?ымыз.

?зге ?лттай бізді? де

Бар д?ст?р мен салтымыз

Г?лдана:

Ма??ыстауым ту?ан ?лкем сен еді?,

?з елімде еркін ?сіп келемін

Ата – баба аманатын ар?алап

?з елімді к?ркейтсем мен деп едім!

Хор: «Мен ауыл?а барамын!»

VІ ?орытынды

Ма??ыстауым ту?ан ?лкем сен еді?,

?з елімде еркін ?сіп келемін

Ата – баба аманатын ар?алап

?з елімді к?ркейтсем мен деп едім! – деп Г?лдана айтып ?ткендей осы бізді? ата бабамыз мекен еткен ?асиетті ?улиелі Ма??ыстау ?лкемізде туып ?скенімізді ма?тан т?тайы?! Осы ?зімізді? ту?ан ?лкемізді одан ?рі к?ркейтуге, таби?атын ?ор?ау?а баршамыз атсалысайы?. Ту?ан ?лкемізді? т?нып т?р?ан шежірелері ?те к?п соны одан к?ріп, біліп зерттеуге ?мтылайы?.

С?з кезегі мектеп т?рбие ж?ніндегі орынбасар?а береміз:

Осыменен бізді? ту?ан ?лке т?н?ан шежіре атты т?рбие са?атымыз ая?талды. 


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ту?ан ?лке т?н?ан шежіре »

Тақырыбы: Туған өлке – тұнған шежіре
Мақсаты: Оқушыларда туған өлкеге деген қадір – қасиетті оята отырып, сол арқылы туып - өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Барысы:
І Таныстыру
(Тілшілер Маңғыстау облысы туралы жинаған мәліметтерін айтады)

ІІ Бәйге (Сұрақ – жауап)
ІІІ Кім шапшаң? (Қораптың ішінен бір әріп суырып, сол әріптен келетін Маңғыстаудың жер-су аттарын айтады)
ІV Сурет көрмесі (Оқушылар болашақ Маңғыстаудың суретін салып сол туралы әңгімелейді)

V Жыр шашу (Оқушылар өздерінің дайындаған ән билерін көрсетеді)
VІ Қорытынды


Мұғалім: Кіріспе (мұғалім сөзі)
«Қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз,
Жерімізді жау баспасын деп,
Елімізден құт – береке қашпасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз,- деген екен рухы мәңгі өлмейтін Қазыбек би.
Біздің Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан! Қазақстан дегенде көз алдымызға кең байтақ дала, шексіз жазира дала елестейді. Яғни дала бейнесі көз алдыңа келеді. Бұл кең дала - қазаққа қымбат дала.
Жүрегім, жырым сенікі,
Кеңісті далам, кең далам.
Тудым, өстім есейдім...
Ен далам – анам, мен балаң!- демекші, бұл өлең шумақтары не туралы айтылған?
- Туған жер
- Әрине, олай болса, «Отан» деген ұғым, біздер үшін айқын ақиқат, Отан - өзің туған қала, өзің өскен ауыл, өзің оқыған мектеп, қысқасы өзіңді өмір азаматы етіп қалыптастыруға әсер жасаған орта. Ендеше, солар жайлы білу ауа мен судай қажет нәрсе – деп ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай менің бүгінгі өткізгелі отырған тәрбие сағатым осы аталы сөздердің желісімен өрбиді. Туған жеріміз, туған Отанымыз Қазақстан болса, кіндік қаны тамған туған өлкеміз киелі Маңғыстау өлкесі.
Ендеше, құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар «Туған өлке – тұнған шежіре» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын балалар сендермен бірге бейнебаянға назар аударайық.

Мінеки, балалар, бұл сендердің тамашалағандарыңыз біздің туған Маңғыстау өлкеміз. Ендеше, осы Маңғыстау өлкесінің аудандарына, қалаларына арнайы барып келген тілшілеріміз бар еді, соларға құлақ түріп қарайық.

І Таныстыру (Тілшілер Маңғыстау облысы туралы жинаған мәліметтерін айтады) көшейік.

Маңғыстау - Қазақстан Республикасының қиыр солтүстік батысындағы ірі аймақтардың бірі. «Ұйқыдағы ару» атанған бұл өлке еліміздің мұнайы мен газын беріп отырған қазына түбегі.Бұл өлкеде әр шаңырақ, қуанған кезінде де, құлазыған кезінде де, алдымен Бекеттің атын ауызға алған. Өйткені, ол тірісінде елінің жел жақтағы Панасы, ық жақтағы Саясы бола білген Азамат. Жаудан елді арашалаған Батыр. Дауда әділетті арашалаған Қазы. Әлсізге медет, Күштіге Айбат, Зарыққанға Жебеу, Тарыққанға Демеу, Асқанға Тосқан, Сасқанға сая, Ұрпаққа Ұстаз, Ұлысқа Ұран, Ел иесі Жер киесі Пір ата Бекеттің отаны.
ә) Слайд көмегімен мұнайдан өндірілетін заттар туралы айту.
б) Жаңаөзен 1961 жылы қыркүйекте тұңғыш газ фонтаны атқылаған жер.



ІІ Бәйге (Сұрақ – жауап)
1. Маңғыстау облысының қалалары (Ақтау, Жаңаөзен, Форт – Шевченко).
2. Маңғыстау облысының құрамына кіретін аудандарды ата (Қарақия, Маңғыстау, Бейнеу, Түпқараған, Мұнайлы).

3. «Ұйқыдағы арудың оянуы» еңбегінің авторы кім? (Әбіш Кекілбаев).
4. Маңғыстау облысы қай жылы құрылды? 1973 жылы 20 наурыз).

5. Маңғыстау облысында орналасқан қорық қай қорық? Нешінші жылы құрылды?

(Үстірт қорығы, 1984ж.)

6. Дүние жүзіндегі ең үлкен ағынсыз көл (Каспий теңізі).

7. Маңғыстаудың байтақ даласында кездесетін емдік шөптерді ата? (адыраспан, бәйшешек, бозжиде, жантақ, изен, сүттіген).
8. Түпқараған ауданының орталығы (Форт – Шевченко)
9. Маңғыстаудан шыққан батырлар Иса, Шотан, Құлбарақ, Досан батырлар.
10. Маңғыстаудағы қандай тауларды білесің? (Айрақты, Шерқала, Ақмыштау, Ақтаулар, Отпан, Бесшоқы, Қаратау, Оғыланды, Маната, т. б)


ІІІ Кім шапшаң? (Қораптың ішінен бір әріп суырып, сол әріптен келетін Маңғыстаудың жер-су аттарын айтады

ІV Сурет көрмесі (Оқушылар болашақ Маңғыстаудың суретін салып сол туралы әңгімелейді)

V Жыр шашу (Оқушылар өздерінің дайындаған ән билерін көрсетеді)

Хор: «Қасиетті домбыра!»

Әсет:

Маңғыстау бұл келе жатқан ежелден.
Маңғыстау бұл шөлдеп ерні кезерген,
Төбе - төбе бастарыңда обадан,
Көне тарих қырғындарын сезем мен.
Айна:

Маңғыстаудың ойында,

Үш жүз алпыс екі әулие,

Бес намаздың жайы үшін

Қадамын санап басқан жер

Бөлтірік:

Маңғыстау үш қиянның өрген жері.
Жерленбей жеті жұрттың кеткен жері.
Атамыз Адай мекен еткен жері,
Той қылып «Адай» туын тіккен жері.


Нұрболат:

Маңғыстау – ер Бекеттің туған жері,
Кетіріп кіндік қанын жуған жері.
Кіндігін Қожа молда қолымен кесіп,
Тамырын тарамыспен буған жері7


Ақниет: Би «Қаражорға керім – ай»

Қымбат:

Маңғыстау – қой тастарың жүрегімдей,
Мұнараң жолы жалын күреңімдей.
Аспаның - Адайлардың көкірегі.
Құс жолы - Көкмойнақтың шілдеріндей.

М. Қарақат:

Туғаннан соң адам боп,

 Білімсізден жаман жоқ.

 Ел дәстүрін білмесең,

 Жұрт айтады надан деп.

 Ата-бабаң ардақты,

 Жамандыққа бармапты.

 Ардақ тұтып үлкенді,

 Ата жолын жалғапты.

Бауырласқан тәніміз,

Бұзылмаған салтымыз,

Кең даланың ежелгі

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз

Гүлдана:

Маңғыстауым туған өлкем сен едің,

Өз елімде еркін өсіп келемін

Ата – баба аманатын арқалап

Өз елімді көркейтсем мен деп едім!



Хор: «Мен ауылға барамын!»

VІ Қорытынды

Маңғыстауым туған өлкем сен едің,

Өз елімде еркін өсіп келемін

Ата – баба аманатын арқалап

Өз елімді көркейтсем мен деп едім! – деп Гүлдана айтып өткендей осы біздің ата бабамыз мекен еткен қасиетті әулиелі Маңғыстау өлкемізде туып өскенімізді мақтан тұтайық! Осы өзіміздің туған өлкемізді одан әрі көркейтуге, табиғатын қорғауға баршамыз атсалысайық. Туған өлкеміздің тұнып тұрған шежірелері өте көп соны одан көріп, біліп зерттеуге ұмтылайық.

Сөз кезегі мектеп тәрбие жөніндегі орынбасарға береміз:

Осыменен біздің туған өлке тұнған шежіре атты тәрбие сағатымыз аяқталды.






































Қарақұдық орта мектебі

















(Тәрбие сағаты)



Өткізген: 3 «Б» сынып жетекшісі: Байдуллаева М.Х























с.Бостан 2015ж
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Ту?ан ?лке т?н?ан шежіре

Автор: Байдуллаева Маусим Хамзеевна

Дата: 29.04.2015

Номер свидетельства: 206875


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства