kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаңартылған оқу бағдарламасы: ізденіс пен тәжірибе

Нажмите, чтобы узнать подробности

БАЯНДАМА ТАҚЫРЫБЫ: Жаңартылған оқу бағдарламасы:  

ізденіс пен тәжірибе

МАТБЕКОВ КЫДЫРБАЙ КУРМАНБЕКОВИЧ

Шардара ауданы

«Қоссейіт» жалпы орта мектебі директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары

 «Білімі жоғары адам ғана табысты өмір сүре алады,

себебі ол білімінің жоғары деңгейде

болуының арқасында өз мамандығын

салыстырмалы түрде оңай өзгерте алады».

Н. Ә. НАЗАРБАЕҒВ

Білім – тоқтаусыз, толассыз үрдіс болғандықтан «Білім беру» ұғымының қaзіргі таңда бұрынғыға қарағанда мағынaсы да, қолданылу aясы да  кеңіді. Себебі бұрын жоғары білім алған адамға бүкіл өмірінe алған білімі мектептeн соң басқа қaндай да сала бойынша азық болатын еді. Сондықтан да бұл оқу oрындары жетeтін білім беруге күш салатын. Бұл күнде қазір адамның бүкіл өміріне жeтeтін білімді қандай мықты оқу орны болсын бере алмaйды. Оның басты себебі – жоғары жылдамдықпен қоғамның дамуы және соның негізінде қазіргі таңда адамның ақпараттар кезеңінде өмір сүруі деп ойлаймын. Ол кез-келген aдамға үнемі білім алу үшін, өз қатарынан кейін қалып қоймау үшін қажет деп есептеймін.

Білім берудің сапасын жақсарту үшін заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелер, білікті мамандар қажет.  Білім-қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.  «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды», - дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру - бүгінгі күннің басты талабы. Мектеп - еліміздің халыққа білім беру жүйесінің күрделі тармағы. Еліміздің жарқын болашағы, мектеп болашағы - ұстаздардың ізденісінде, балаларға деген сүйіспеншілігінде, кәсіптік деңгейіне байланысты екендігінде.

          Жаңа білім беру  бағдарламасы  толық сілтемелер, мысалдар арқылы нақты көрсетілген. Қазіргі таңдағы бұл жаңаша оқу үдерісі мұғалім үшін де, оқушы үшін де берер пайдасы көп. Мұғалімнің нұсқауымен өз еркімен білім алатын  жеке тұлға ғана білімді ұрпақ  бола алады.

         Жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар критериалды бағалау жүйесін енгізу болып табылады. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушы­лардың үлгерімі алдын ала белгіленген кри­терийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Қалыптастырушы баға­лау

күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқ­сан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалып­тастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ та­қырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.

          Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спираль­ді қағидатпен берілуі. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Осы негізгі төрт дағдыны қалыптастыру қажет. Бұл әр дағдының ерекше түсінігі бар. Бағдарлама «Біз пəн бойынша не білеміз жəне білімді қалай меңгереміз?» ұстанымы аясында ұйымдастыруды талап етеді. Пəн бойынша білімді меңгеру оқу бөлімдерінде тілдік дағдыларды қалыптастыру бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері жинақталған білім мен түсінік жəне дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерге бөлінген. Оқытудың мақсаттары əр бөлімше ішіндегі сабақтастықты айқындайды. Мұғалім мен оқушыға алдағы қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік береді. Бағдарламада оқу мақсаттары төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді.

          Жаңартылған білім берудің тағы да бір ерекшелігі – оқушылардың үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білуі. Тақырыпты мұғалім  меңгертіп түсіндіргеннен гөрі, бірігіп топпен оқу тиімді болып табылады. Белсенді оқыту  оқушылардың белсенді қызметпен айналысуы арқылы мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін есте сақтап, оны қолдана алуын қамтамасыз етуді көздейді. Мысалы: Хэттидің мидың қызметін талдай отырып  жүргізген шолуында меңгерту шеберлігі тек белсенді қызмет арқылы жүзеге асатынын,  оқушы тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуі керек екендігін көрсеткен.

            «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген А.Дистервег.

           Мектепте оқу мен тәрбие сапасын жетілдіру - тікелей мұғалімнің даярлық деңгейіне байланысты. Бұл деңгей үнемі өсіп отыруы керек. Ол - білім жетілдіру курстары, семинар, конференция, өзіндік білімін жетілдіру жоспары.
           Өзіндік білімді көтеру - бұл кез-келген кәсіпте жұмыс істейтін адамның шығармашылық жауапкершілігі, адамның қажеттілігі. Қоғам алдында моральдық жауапкершілігі жоғары мұғалімдерге әсіресе, ерекше қажет.
          Педагогикалық сөздікте - бағытталған танымдық қызмет, жеке тұлғаның меңгеруі, белгілі бір ғылым бойынша білімінің болуы, қызығушылық, өзіндік білімді меңгеруі, - делінген  педагогикалық қызметтегі қажетті шарттардың бірі. Қоғам әрқашан да мұғалімге жоғары талап қояды. Біреуді үйрету үшін, өзің  одан да көп білуің керек. Жаңа тұрпатты мұғалім тек өз пәнін білумен ғана шектелмейді, әдістемені, жақын ғылымдарды, қоғам өмірін, саясатты, экономиканы білуі керек. Себебі, оның алдындағы оқушылар өзгереді, уақыт өзгереді,  оқушының қоғам, қоршаған орта туралы көзқарастары тереңдейді. Дипломдағы білім мұғалімге жетпейді, ол оны өсірмейді.

І. Педагогтың өзіндік білімін көтеруіне қажеттілікті тудыратын мотивтер
• Күнделікті ақпаратпен жұмыс;
• Шығармашылық талпыныс;
• Қазіргі заманғы ғылымның дамуы "педагогика, психология";
• Қоғам өміріндегі өзгерістер;
• Бәсекелестік;
• Материалдық стимул;
• Қызығушылық
Мұғалімнің өзіндік білімін көтеруінің бағыттары:

• Әдебиеттер (әдістемелік, ғылыми, публиц, көркем);
• Интернет;
• Видео, аудио т.б;
• Білім жетілдіру курстары;
• Семинарлар мен конференциялар

Формалары: 
- жеке
- топтық

Жүзеге асыру процестері:

- Жаңа педагогикалық технологияларды оқып- үйрену, енгізу;
- Әріптестерінің сабағына қатысу және тәжірибе алмасу;
- Кәсіби қызметіне өзіндік анализ жасап отыру;
- Қазіргі педагогика және психология саласында өз білімін жетілдіріп отыру;
- Қазіргі экономикалық, саяси, мәдени жағдайларға қызығушылық таныту;
- Құқықтық және жалпы мәдениетін, өзінің эрудициялық деңгейін жетілдіру.

Нәтижеге жету жолдары:

- Педагогтың өзінің білімін көтеруге, дамуға деген қажеттілігі;
- Өзінің тәжірибесіне өзіндік анализ жасау ерекшелігі ;
- Рефлексия жасай алу шеберлігі ;
- Зерттеушілік қабілеті;
- Шығармашылыққа деген ұмтылысы;
- Жеке басы мен және кәсіби қызметінің өсуіне деген құлшынысы болса,онда, мұғалімнің кәсіби өсу деңгейі жоғарылайды.
Өзіндік білім көтеруді ұйымдастыру

- тақырыпты таңдау;
- жеке өзіндік білімін көтеру жоспарын жасау;
- бақылау (әкімшілік, әб жетекшісі);
- анализ жасап отыру;
- тәжірибесін тарату,есеп беру, 
- марапаттау
Ұсыныстар:
- дарынды балалармен жұмысын жүйелеу;
- ӘБ жетекшілері анализ жасап отыру;
- ОПТ тарату.
Құзырлы маман

  1. Сауаттылық, білімділік
    2. Біліктілік және дағды
    3. Дайындық
    4. Практикалық біліктілік
    5. Мамандық, кәсібилік
    6. Кәсіби мінез- құлық
    7. Өсуге деген қажеттілік
    8. Беделділік
    9. Мәдениет

      Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарлама­ның мәні, баланың функционалды сауатты­лы­ғын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қа­жетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек.

      Оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Мектеп директоры журналы. № 3, 2010
  2. Мектеп директорының орынбасары журналы.  №1, 2008,
  3.  Педагогтардың кәсіби шеберліктерін зерттеу жинағы.

Шымкент, 2002.

  1.   «Педагогика» Қ.Қоянбаев.
  2. К. Ж. Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технологиялар. Алматы, 2003.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаңартылған оқу бағдарламасы: ізденіс пен тәжірибе»

5

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Жаңартылған оқу бағдарламасы: ізденіс пен тәжірибе

Автор: Матбеков Кыдырбай Курманбекович

Дата: 09.04.2021

Номер свидетельства: 577795

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(130) "Баяндама жаңартылған білім негізінде оқушыларды шығармашылыққа баулу"
    ["seo_title"] => string(80) "baiandama_zhan_artylg_an_bilim_nieghizindie_ok_ushylardy_shyg_armashylyk_k_a_bau"
    ["file_id"] => string(6) "362330"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1480009171"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(119) "Қазіргі заманғы білім беру мазмұнын жаңарту- Бүгінгі өмір талабы"
    ["seo_title"] => string(72) "k_azirghi_zamang_y_bilim_bieru_mazmu_nyn_zhan_artu_bughinghi_omir_talaby"
    ["file_id"] => string(6) "398968"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1489142984"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(99) ""Физика п?нін шы?армашылы? ізденісте о?ыту –к?н талабы" "
    ["seo_title"] => string(58) "fizika-p-nin-shyg-armashylyk-izdienistie-ok-ytu-kun-talaby"
    ["file_id"] => string(6) "192038"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427392669"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(211) ""Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында Жаңа формация мұғалімі: тәжірибе және кәсібі баяндама қазақ тілі"
    ["seo_title"] => string(80) "m_n_ghilik_iel_u_lttyk_idieiasyn_zhuzieghie_asyru_aiasynda_zhan_a_formatsiia_m_2"
    ["file_id"] => string(6) "406782"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491372625"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(127) "О?ушыны? функционалды? сауаттылы?ын арттыруда?ы сындарлы о?ытуды? р?лі "
    ["seo_title"] => string(76) "ok-ushynyn-funktsionaldyk-sauattylyg-yn-arttyrudag-y-syndarly-ok-ytudyn-roli"
    ["file_id"] => string(6) "181844"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425401103"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства