Оқыту мен оқудағы топтық жұмыстың тиімділігі туралы мағлұмат беріп, мұғалімдер топтық жұмысты ұйымдастыру тәсілдерін таниды, маңыздылығын және тиімділігін анықтайды және топтық жұмыстың тиімділігін түсінеді, ұйымдастыру жолдарын пайымдайды, қорытынды жасайды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Оқыту мен оқудағы топтық жұмыстың тиімділігі»
«Тексерілді»
директордың оқу
ісі жөніндегі орынбасары
___________
Тақырыбы: Оқыту мен оқудағы топтық жұмыстың тиімділігі
Мақсаты: мұғалімдер топтық жұмысты ұйымдастыру тәсілдерін таниды, маңыздылығын және тиімділігін анықтайды.
Күтілетін нәтижесі:Топтық жұмыстың тиімділігін түсінеді, ұйымдастыру жолдарын пайымдайды, қорытынды жасайды.
Уақыты
Сабақтың кезеңдері
Коучтың іс-әрекеті
Мұғалімдердің іс-әрекеттері
Қолданыла-тын ресурстар
3 мин
15.30 – 15.33
Кіріспе
Психологиялық ахуал тудыру. «Сағаттық достар» арқылы ұстаздардың көңіл-күйлерін көтеру, психологиялық жағдай жасау, топтастыру.
Ұстаздарға бір парақ қағазға сағат суретін салып, әр сағаттын санының жанына бір әріптестерінін есімін жазады.
«Сағат 01.00 » дегенде, сол санын жанына есімі жазған мұғалімге барып тақтада №1 жазылған әрекет жасайды. Дәл осылай басқа сандар бойынша қайталанады.
Қол ұстасып амандасыңыз;
Құшақтасыңыз;
Арқа қағысыңыз;
Қол ұстасып айналыңыз;
Екі рет қол ұстасып, отырып тұрыңыз;
Алыстан қол бұлғаңыз;
Бір әннің қайырмасын айтып беріңіз;
Комплимент айтыңыз;
Комплимент тынданыз;
Өз көңіл күйіңіз туралы айтыңыз;
Қол ұстасып үш рет секіріңіз;
Жақсы бір тілек тілеңіз.
Мұғалімдер сағат тілі бойынша бөлініп, жаттығулар жасайды да,
Сурет қиындылары
Стикер, маркер
2 минут
15.33. -15.35.
Топқа бөлу
«Мозаика» стратегиясы: топтастыру
Шаршы - байқампаз, ұқыпты, еңбексүйгіш, жазуға ынталы, достары аз, көп сөйлегенді ұната бермейтін адам.
Үшбұрыш - өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған ісін аяғына жеткізетін, көшбасшы, өз-өзіне сенімді адам.
Шеңбер - өте мейірімді, басқаның қайғысын да, қуанышын да бөлісе алады.Көпшіл, ынталы, достары көп, пейілі кең, түйсігі жақсы дамыған адам.
3 қималар бойынша топқа бөлінеді
1-топ «Шаршы»
2-топ «Үшбұрыш»
3-топ «Шеңбер»
20 мин
15.35.- 15.55
Негізгі бөлім
«Топтық тергеу» әдісі арқылы мәтінін талқылау.
1 топ – Мазмұнын айтады
2 топ – Ертегіні жалғастырады
3 топ - Қазіргі өмірмен байланыстырады
Топ тапсырманы орындау үшін берілген мәтін бойынша өз ойларын немесе идеяларды барынша көп жазады. Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді және соңында бүкіл идеяларын талқылауды бастайды.
«Аквариум» әдісі: қорғау кезеңі
Алдымен өз ойларын жеке жазады,одан кейін әріптесімен бөліседі соңында талқылап,ортақ бір пікірге келеді. Ортасынан бір спикер шығып қорғайды.
7 мин
15.55. – 16.02
«Ашық микрофон » әдісі арқылы топтық жұмыстың тиімділігі туралы мәлімет алады.
1. «Ашық микрофон» әдісі туралы пікірлер
2. Сабақта қалай қолданасыз
10 мин
16.02-16.12
«Миға шабуыл» топтық ережелерді құрастыру
Әр топ жеке-жеке топ ережелерін құрастырады.
3 мин
16.12 – 16.15
Сергіту сәті
«Жер сілкінісі»
10 мин
16.15 – 16.25
«Шағын дәріс» стратегия:
Сұрақтар. Топ жұмысы кезінде қандай әсер алдың? Сіз белсенді қатыстыңыз ба? Топқа және сізге қалай әсер етті?
Тапсырма. Топ ережесін құрастырыңыз. (қорғау кезінде спикерлер қайталамайды) Келесі сабақта қолданасыз ба? (оқу-ы реттеуге шақырамын)
Теориялық мәлісеттер алады, өз тәжірибелер мысал келтіреді,
Джиксо әдісі бойынша, топ ішінде талқылайды, басқа топпен алмасады, білгендерін топ ішінде бөліседі, қорғайды. Ашық дискусия құрады.
5 мин
16.55-16.60
Кері байланыс : «Бес саусақ» әдісі
Сабақтан алған әсерлерін жазады
Мұғалім: Ахметова Б.Б.
«Оқыту мен оқудағы топтық жұмыстың тиімділігі» тақырыбы бойынша өткізілетін коучинг
түсініктемесі
Мектепте өткізетін тарих және география пәндерінің мұғалімдеріне жоспарлаған коучинг, әріптестер өзінің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған идеялармен және топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру тәсілдермен қамтамасыз ету мақсатында құрастырылды.
Коучинг басында психологиялық ахуал тудыру үшін «Сағаттық достар» стратегиясы арқылы ұстаздардың көңіл-күйлерін көтеру үшін психологиялық жағдай жасаймын. Мұғалімдер сағат тілі бойынша бөлініп, жаттығулар жасайды. Ал топтастыру үшін «Мозаика» стратегиясы қолданып қималар бойынша «Шаршы», «Үшбұрыш», «Шеңбер» үш топқа бөліп және тақта да әр топ қималарына бойынша өз – өздеріне шағын мінез – құлқына мінездеме алады.
«Топтық тергеу» әдісі кезінде «Байдың шұлығы» мәтінін талқылау үшін 1 топ – Мазмұнын айтады; 2 топ – Ертегіні жалғастырады; 3 топ - Қазіргі өмірмен байланыстырады және берілген мәтін бойынша өз ойларын немесе өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді өз ойларын жеке жазады, одан кейін әріптесімен бөліседі соңында ортақ бір пікірге келеді және бүкіл идеяларын талқылауды бастайды. Қорғау кезеңінде «Аквариум» әдісімен өтеді, ортасынан бір спикер шығып «Ашық микрофон » стратегиясы арқылы топтық жұмыстын қорғайды. Қорғау кезеңінен кейін және «Ашық микрофон» әдісі туралы пікірлерімен алмасып, әр мұғалім сабақта қалай қолданатыны жайлы айтып өтеді. «Миға шабуыл» стратегиясы бойынша топтық ережелерді құрастырады келесін «Шағын дәріс» стратегиясына шығып сұрақ-жауап арқылы толықтырамыз, мысалы: топ жұмысы кезінде қандай әсер алдың? Сіз белсенді қатыстыңыз ба? Топқа және сізге қалай әсер етті?Топ ережесін құрастырыңыз. (қорғау кезінде спикерлер қайталамайды) Келесі сабақта қолданасыз ба? (оқу-ы реттеуге шақырамын) Теориялық мәлісеттер алады, өз тәжірибелер мысал келтіреді.
«Ақ, қара» стратегиясында проблемалық сұрақ ретінде, топтық жұмыстың тиімділігін (+) және кемшілігі (-).Джиксо әдісі бойынша, топ ішінде талқылайды, басқа топпен алмасады, білгендерін топ ішінде бөліседі, қорғайды. Ашық дискусия құрады. Коучинг соңын да кері байланыс « Бес саусақ» әдісі бойынша сабақтан алған әсерлерін жазады.
Коучинг жоспарына есеп
Мектеп мұғалімдеріне топтық жұмысты ұйымдастыру жолдарын және әдіс – тәсілдерін таныстыру мақсатында «Оқыту мен оқудағы топтық жұмыстың тиімділігі» атты коучинг жоспарладым. Коучинг мақсаты: мұғалімдер топтық жұмысты ұйымдастыру тәсілдерін таниды, маңыздылығын және тиімділігін анықтайды.
Коучингке қатысқан мұғалімдерге коучинг үдерісі туралы «Коучтер – тәжірибелі мұғалімдерге ойлау және шығармашылық үдерістерінің көмегімен мектепте жақсы тәлімгер болуға көмектесу үшін өздеріне куратор рөлін қабылдаған адамдар.Соның нәтижесінде оның әріптестері өзінің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған идеялармен және тәсілдермен қамтамасыз етіледі. Коучтер мұғалімдерге өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектесетін болады» (МАН,81-бет) деген ақпаратпен танысып кеттік. Коуч сөзіне де түсіндірме жүргізілді.
Коучинг өткізер алдында әріптестеріммен сұхбаттасып, 7 модуль бойынша «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету», «Дарынды және талантты балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқыту мен оқу», «Қалай оқу керектігін үйрету», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқыту мен оқуды АКТ-ны пайдалану», «Оқытуды басқару және көшбасшылық» сабақта кірістіріп, пайдалану жайлы мәлімет беріп, жалпы модуль идеяларына түсінік берем. Коучинг барысында мұғалімдерді, оқушылар орына топтастырып, сабаққа қатыстырып, еркін ынтымақтастық түрде қарым – қатынас жасауы, бір – біріне көмектерып, сабаққа қатыстырып, еркін ынтымақтастық түрде қарым – қатынас жасауы, бір – біріне көмектесуге бағыттап, сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс – тәсілді үйренуге бағыттаймын. Мұғалімдерге өз сабақтарында өзгеріс еңгізіп, жаңа тақырыпты меңгеруде топтық жұмыстарының тиімділігін анықтап, тапсырмаларға жауапкершілікпен қарап, әр сабақта пайдалануға қорытынды шығаруға бағдар беру.
Мұғалімдер коучинг соңына дейін топтық жұмысты теорияға сай және тәжірибе түрінде де ұйымдастыруды үйренеді және әріптестерді табысты жұмыс істеуге дайындап, мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыруға жоспарладым.
Топқа бөліп оқытқанда оқушылардың талпынысы артатыны, әр оқушы өзін жеке керекті тұлға ретінде сезінетіні және өз үлесін қосуға талаптанатыны және бір адамның айтқанынан гөрі бірнеше адамның айтқаны есінде тез жатталады» -деген қорытынды шығарды.