kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

" Оқу – тәрбие үрдісіндегі мониторинг жүйесі" мақала

Нажмите, чтобы узнать подробности

Еліміз дамуының стратегиялық міндеттерінің бірі білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін жасау болып табылады, соның нәтижесінде республикамыздың білім беру жүйесі дүние жүзінің дамыған елдерінің біліміне сай болуға тиісті.

Қазіргі жағдайда жас ұрпақтың  сапалы білім алуға қызығушылығы мен қажеттілігі артып отырғаны айқын байқалады. Әр отбасы өз балаларының әлеуметтік кәсіби және басқа жағынан да биіктен көрінуін олардың білім алу деңгейімен тікелей байланыстырып отыр. Олар баласының болашақтағы игілікті әл  ауқаты үшін қазір өздерінің игіліктерінен жартылай бас тартуға дайын. Сонымен қатар, еңбек нарығы қызметкердің біліктілік ресурсына жоғары талап қоюды сезініп отыр. Білім берудің құрылымын өзгерту, 12 жылдық білім беру жүйесінің енгізілуі осының айғағы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«" Оқу – тәрбие үрдісіндегі мониторинг жүйесі" мақала»

Оқу – тәрбие үрдісіндегі мониторинг жүйесі


Балабекова Г. Т.

Қарағанды қаласы «№73 НОМ» КММ

директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары


Еліміз дамуының стратегиялық міндеттерінің бірі білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін жасау болып табылады, соның нәтижесінде республикамыздың білім беру жүйесі дүние жүзінің дамыған елдерінің біліміне сай болуға тиісті.

Қазіргі жағдайда жас ұрпақтың сапалы білім алуға қызығушылығы мен қажеттілігі артып отырғаны айқын байқалады. Әр отбасы өз балаларының әлеуметтік кәсіби және басқа жағынан да биіктен көрінуін олардың білім алу деңгейімен тікелей байланыстырып отыр. Олар баласының болашақтағы игілікті әл ауқаты үшін қазір өздерінің игіліктерінен жартылай бас тартуға дайын. Сонымен қатар, еңбек нарығы қызметкердің біліктілік ресурсына жоғары талап қоюды сезініп отыр. Білім берудің құрылымын өзгерту, 12 жылдық білім беру жүйесінің енгізілуі осының айғағы.

Мектептің нәтижелі жұмыс істелуі туралы талап қоятын 3 сыртқы жауапкершілік субъектісін анықтауға болады;

Субъект

Іс-әрекеттің сипаттауы

мемлекет

Білім беру ісінің негізгі пакетің қалыптастырады. Әлеуметтік саяси тұрғыда іс-әрекет жасайды.

Ата-ана

Білім алу қызметін жеке тұтынушы (сатып алушы). Балалардың білім алу жүйесінде бәсекелестік тұрғыда іс-әрекет жасайды.

Қоғам

Демократиялық және қоғамдық институттар. Мәдени сабақтастық, ұлттық интелектуалды резервін, этностық бәсекелестік артықшылығын сақтау мағыздылығы тұрғысынан мүдделік тағытатын жақ.

Мектептің сыртқы жауапкершілік жүйесі мектептің нәтижелі дамуына және оқушылар мүмкіншілігін теңестіруді қамтамасыз етуге тікелей немесе жанама әсерін тигізеді.

Егер біз мониторинг жүйесінің моделін құрып, оны қол жеткен нәтижелерді нақты өлшеу бағалауды қамтамасыз ету үшін ОТҮ басқару практикасына енгізсек, онда:

  • Оқушы мен мұғалімнің эмоционалдық – психологиялық жағдайы жақсы болады;

  • Пәндік және оқу мотивациясы жоғары болады;

  • Оқушылардың құзіреттілігі қалыптасады;

  • Оқу-тәрбие жұмысында инновациялық үрдістер нәтижелігі болады;

  • Мұғалімнің кәсіби зерттеу мәдениеті артады;

  • Кәсіби зерттеу мәдениеті артады;

  • Даму бағдарламасының негізгі қаланады.

90-жылдардың басындағы мектептерді жаңартудың күрделі үрдісі білім беру саласында педагогикалық мониторингті қолдану қажеттігіне алып келеді. Мектепті басқару іс-әрекетінің мазмұны күрделеніп, кеңейтілді.

Оқу-тәрбие үрдісін дәстүрлі бақылаудың жетілдірілмеген тұстары айқын болады. Қазіргі заманғы педагогика ғылымы мен практикасы мектеп туралы мәліметтер жинаудың дәстүрлі тәсілдерінен педагогикалық мониторингке өту қажеттілігін қойып отыр. Педагогикалық мониторинг – жиналған ақпараттар мен педагогикалық болжамды талдау негізінде барабар басқару шешімдерін уақытында қабылдау мақсатымен білім үрдісінің, оның жекелеген элементтерінің дамуын, оның атқаратын міндетін мақсатты бағытталған, арнайы ұйымдастырылған үздіксіз қадағалау болып табылады.

12 жылдық білімнің түпті мақсаты – ел болашағының бағдары. Әлем тәжірибесіндегідей, тілдік – танымдық, мәдени – ақпараттық пәндер 12 жылдықтың ішінде толық қамтылуы керек. Осы кешенді іске байланысты оқулықтар мен көмекші оқу құралдарын әзірлеу, оқу тәрбие үрдісін ұйымдастыруды жаңаша жолға қою біршама уақыт пен күшті талап етіп отыр.

Мектеп қызметінің түпті нәтижесі – біліктілік, тәрбиелік, тұлғалық даму деңгейі бойынша бітірген түлегі болып табылады. Осы нәтижеге өзара әсер ету мен бйланыс жасау арқылы қол жеткізіледі. Мониторинг нәтижесінің санасы белгісі бағдарлама бойынша жұмыс жүргізіп жатқан нақты мұғалімдер тобына, оқушылардың мектептен тыс мазмұнды жұмысын ұйымдастырушы қосымша білім беруші педагогтарға байланысты болады. Білім беру процесіндегі әрбір субъектінің қызметі мектептің негізгі мақсаттарына тәуелді, ал педагогикалық жүйесінің жеке элементтерінің міндеттері өзара үлестіріледі, ал өз кезегінде педагогикалық жүйенің жемістілігі мен нәтижелілігін қамтамасыз етеді.

Осылайша педагогикалық қызметтің барлық объективті және субъективті тұстарын бағалайтын мониторингтің жүйелік сипаты 12 жылдық халықаралық білім беру жүйесіне көшу мен өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі ҚР білім беру жүйесінің дамуын болжауда қазіргі заманғы педагогикалық қызметтің іс-тәжірибесін есепке алуға мүмкіндік береді.














Оқу-тәрбие үрдісіндегі мониторинг жүйесінің құрылымы



Еңбек нарығының сыртқы және ішкі талаптары

Әлеуметтік мәдени орта



Біліктілік сипаттамалары

Ата-аналар


Ата-ананың күтетін нәтижесі

Білім берудің мемлекеттік стандарты мен талаптары


Мектептің білім беру ерекшеліктері

Оқушының күтетін жеке нәтижесі






Оқушылардың жеке мінездемелері


Оқушылардың заманға сай мінездемелері

оқушы


Білім беру мазмұны


Басқару жүйесі

Педагогикалық технологиялар



Ақпараттық технологиялар

Кадрлар







Материалдық база

қаржы














ОТҮ өлшемдері


Реті

Өлшем

Көрсеткіш

Өлшеуіш

1

Оқу бағдарламасына меңгеру сапасы

Мемлекеттік стандарттың орындалуы, қорытынды аттестацияға дайындығы

Тестілеу, бақылау жүмыстары, шығармашылық жұмыстар

2

Оқушы күзіреттілігінің қалыптасуы

Қазіргі заман талабына және сұрасына сай болуы

Тестілеу, шығармашылық жұмыстар, әңгімелесу, сауалнама.

3

Оқыту ортасының қолайлығы

Мектептің бәсекелестік артықшылығы

Сауалнамалар, тестілеу

4

Оқушының білім, тәрбие алу жетістіктері

Оқушының білім алу сапасын дәстүрлі емес жолмен бағалау

Портфолио, жоба

5

Оқушыларды қызметтендіру

Түлектердің даму деңгейі, өз орнын тауып, проблемаларын шешу

Дөңгелек үстел, тестілеу, құжаттармен жұмыс

6

Оқу-тәрбие үрдісінің оқушылардың денсаулық дәрежесіне әсері

Дәрігерлік тексеру, сабаққа қатысуы, оқу жүктемесінің сақталуы, оқушылардың жарақат алуы, зиянды әдеттерге тәуелді болуы, ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі

Дәрігерлік тексрудің қорытындылары, сауалнамалар, тестілеу әңгімелеу

7

Оқушылардың танымдық әрекеттерінің қалыптасуы

Оқу-тәрбие үрдісін әдістемелік және технологиялық ұйымдастырудың заман талабына сай етілуі

Құжаттармен жұмыс, тестілеу, әңгімелесу

8

Оқу-тәрбие үрдісінің техникалық және технологиялық жағынан қамтамасыз етілуі

Мектептің ақпараттық компьютерлік технлогиясының болашағы оқушы мен мұғалімдердің АКТ қатысуы

Сұраунамалар, тестілеу

9

Мұғалімнің кәсіби деңгейі

Қәсіби құзіреттілігі, біліктілігі

Құжаттарды сараптау

10

Педагогикалық, техникалық, әкімшілік басқару персоналының қатынасы

Оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелігі

Рейтинг, санаты, тестілеу

11

Мектеп түлектерінің сапасы

Стратегиялық жоспарлау

Құжаттармен жұмыс, сауалнама

Мониторинг жүргізу кезеңдері:


  1. Дайындық (бағдарлама мен инструментарийлер).

  2. Ақпарат жинау.

  3. Ақпаратты жүйелеу, қорытындылау, талдау.


Қарастырып отырған мониторинг жүйесінің басқа қазіргі қолданылып жүрген өлшеуіш жүйелерінен (білім кесінділері, жоспарлы тексерулер, мектептің аттестатталуы т.б.) артықшылығы:


  1. Тұрақты түрде қолданылады және оқу – тәрбие үрдісін жан-жақты байқауды жүзеге асырады. Жан-жақтылық бақылау өлшемдерінің көп болуымен, өлшеуіштердің сапасы және жиілігімен нақтылық деңгейінің жоғары болуымен жүзеге асырылады.

  2. Жинақталған мәліметтер оқу-тәрбие үрдісінің даму жолындағы динамикасын зерттеу арқылы даму моделін болжауға мүмкіншілік туғызады.

  3. Күнделікті басқару қызметінде шешімдер қабылдауға ықпалын тигізеді.

  4. Білім беру мекемесінде өзгерістерді енгізгеннен кейін, үрдістің нәтижелілігі қаншалықты жақсаратынын көруге мүмкіндік береді.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
" Оқу – тәрбие үрдісіндегі мониторинг жүйесі" мақала

Автор: Балабекова Гульмира Тыныбековна

Дата: 27.12.2016

Номер свидетельства: 373836

Похожие файлы

object(ArrayObject)#855 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(147) "«Бастауыш сыныптарда о?ытуды? жа?а  технологиясын саба?та тиімді ?олдану” ма?ала "
    ["seo_title"] => string(88) "bastauysh-synyptarda-ok-ytudyn-zhan-a-tiekhnologhiiasyn-sabak-ta-tiimdi-k-oldanu-mak-ala"
    ["file_id"] => string(6) "210710"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1431492441"
  }
}
object(ArrayObject)#877 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(176) "Қазақ тілін деңгейлеп оқыту жүйесін жасау және қазақ әдебиетінің білім беру мазмұнын жетілдіру"
    ["seo_title"] => string(80) "k_azak_tilin_dien_ghieiliep_ok_ytu_zhuiiesin_zhasau_zh_nie_k_azak_diebiietinin_b"
    ["file_id"] => string(6) "366617"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1481044993"
  }
}
object(ArrayObject)#855 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(164) "“А?ылшын тілі п?ні бойынша о?ушыларды  ?лтты? біры??ай тестілеуге дайындау  ерекшеліктері”"
    ["seo_title"] => string(88) "agylshyntilipniboiynshaokushylardyulttykbiryngaitiestilieughiedaiyndauieriekshieliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "295051"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455776959"
  }
}
object(ArrayObject)#877 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "?абілеті жо?ары о?ушылармен ж?мыс "
    ["seo_title"] => string(42) "k-abilieti-zhog-ary-ok-ushylarmien-zhu-mys"
    ["file_id"] => string(6) "195647"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1427951702"
  }
}
object(ArrayObject)#855 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Оқушыларды шығармашылық жолға жетелеу жолдары"
    ["seo_title"] => string(57) "ok_ushylardy_shyg_armashylyk_zholg_a_zhietielieu_zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "414434"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1494494146"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства