Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Білім берудің жаңа бағыты - «Цифрлық Қазақстан»»
Білім берудің жаңа бағыты - «Цифрлық Қазақстан»
Сапарбай Г.Т
Оқу ісі жөніндегі орынбасары
«Батық ЖОББМ» КММ
Қарағанды облысы Шет ауданы,
Батық ауылы
Кейінгі кезде білім саласында жиі айтылып жүрген цифрлық дегеніміз не? Алдымен осы сұраққа тоқтала кетсек.
Қазіргі ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры екені белгілі. Цифрлық технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас буынға заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады.
Республикамызда жаңа технологияны жетік меңгере түсу үшін «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады.
Бірінші бағыт – шалғай жатқан ауылдарды кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, Қазақстанның транзиттік бағытын арттыру.
Екінші бағыт –денсаулық сақтау, білім беру, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы және электронды сауда экономиканың салаларына цифрлы технологияны ендіру.
Үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру мақсатында цифрландыру.
Төртінші бағыт – IT-мамандарын қайта даярлау.
Интернет желісі қолжетімді болу үшін облыс, аудан орталықтарынан бөлек, шалғайдағы ауылдарға да қолайлы жағдай жасалуда.Цифрлық технологяның жыл өткен сайын дамып келе жатқанының мысалы ретінде әр балаға, үлкендерге белгілі ұялы телефонды алуға болады. Бірнеше жылдың ішінде қазақстандықтар неше түрлі ұялы телефондарды ұстады. Уақыт өткен сайын олардың функциялары күрделеніп,пішіндері де өзгеріліп мүмкіндіктері арта түсті. Алғашқыда тек байланыс құралдары үшін қолданылған телефондар бірте-бірте айфон, айпад, смартфондарға ауысты. Қазіргі уақытта ұялы телефоныңыз тек байланыс құралы ғана емес, сонымен қатар, интернет желісіне еркін қосылатын шағын компьютер . Адамдар ұялы телефондарына сан алуан әлеуметтік желілерді жүктеп, қоғамдағы жаңалықтардан хабардар болып, болған оқиғаларға байланысты ой-пікірлерін білдіреді.
Қазіргі қарыштап дамып келе жатқан цифрлық заманда біздің басты мақсатымыз ақпараттық -коммуникациялық технологияны жетік меңгеру және оқушыларға меңгерту. Ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану мұғалімге де оқушыға да қолайлы. Сол кезде ғана сабақта теория мен практиканы ұштастыра аламыз.
Тәжірибелік жұмыс жасау барысында бала теориялық білімін шыңдайды. Мектеп қабырғасында кез келген пәнінде ақпараттық- коммуникациялық технологияны жүйелі қолдану - пәнді оқытуда оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қана қоймайды, оның логикалық ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Оқушы ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға тырысып, дағдыланады.
Тәуелсіз мемлекетіміздің басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ол өркениетке жетуде жан – жақты дамыған, рухани бай ұрпақтың алатын орны ерекше. Сондықтан заман талабына сай оқыту үрдісін жетілдіре отырып, қоғам сұранысына сай жеке тұлға қалыптастыру мәселесі бойынша оқушыларға ақпараттық - коммуникациялық технологияларды сабақта көптеп қолдану тиімділігі артып отыр.
Адамның үнемі ізденіске, жаңалыққа ұмтылуы ол физиологиялық құбылыс. Ақпараттық –коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін - өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.
Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Интернет желілерін пайдаланып, соның ішінде қазіргі мұғалімдерге қолжетімді BilimLand сайтынан көптеген видеосабақтар көрсету арқылы оқушыларды қызықтырып, сабақты қызықты өткізуге зор мүмкіндіктер туғызады.
Сонымен қатар оқушыларымыз да заманауи ақпараттық- коммуникациялық технология құралдарымен жұмыс істейді. Ақпараттық -коммуникациялық технология оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді. Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызады.
Ұстаздар кәсіби шеберліктерін ұштастыра отырып, аудандық, облыстық онлайн олимпиадаларына , KiO республикалық қашықтық олимпиадасына, NiO ұлттық интернет олимпиадасына, Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығының интернет конкурстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Сонымен қатар infourok.kz, kopilraurokov.kz т.б. көптеген сайттарға өз жұмыстарын салып, тәжірибе алмасуда.
Мұндай қашықтық олимпиадалардан оқушыларымыз да тыс қалып көрген емес. BS-PRESS, intelurokov, iKanat, NiO қашықтық олимпиадасына қатысып диплом, сертификаттармен марапатталуда.
Сондай-ақ видео мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео - сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз.
Білім саласындағы цифрландырудың ең басты міндеті білім беру сапасын арттыру,бәсекеге қабілетті ел жастарын дайындау.Қазіргі зулап дамып келе жатқан цифрлы болашаққа нық қадам басу үшін қызмет жасау біздің басты міндетіміз.