“Барлы? дамы?ан елдерді? сапалы бірегей білім беру ж?йесі бар. ?лтты? білім беруді? барлы? буыныны? сапасын жа?сартуда бізді ау?ымды ж?мыс к?тіп т?р. Орта білім ж?йесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі о?ыту де?гейіне жеткізу керек. Мектеп т?лектері ?аза?, орыс ж?не а?ылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды о?ыту н?тижесі о?ушыларды? сындарлы ойлау, ?зіндік ізденіс пен а?паратты тере? талдау машы?ын игеру болу?а тиіс “
?аза?стан – 2050: «Бір ма?сат, бір м?дде, бір болаша?» жолдауынан
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Әдістемелік қызметтің менеджментін және педагогтың кәсіби құзыреттіліктерінің даму деңгейі мониторингісін жетілдіру – білім беру сапасын арттыру құралы.
Дайындаған:Қонысов Бахберген Абдуллаұлы.
№235 мектеп – директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары
2015 - 2016 оқу жылы
“Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс “
Қазақстан – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауынан
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деп айтқандай еліміздің келешегі орасан, сондықтан Елбасының салиқалы саясатының арқасында бүгінде Қазақстандағы білім саласы қарқынды дамып келеді, мектептерде білім сапасы артуда. Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген: … «Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетігі - ұстаз, сондай-ақ, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі. Мұғалімдер жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет.
Білімнің сапасын көтерудің қазіргі таңда жолдары көп. Ең бастысы білімді де білікті, ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті мол ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етіледі.
Білім сапасы дегеніміз– мектепте білім алып отырған шәкірттің немесе мектеп бітірушінің білім алу арқылы әзірлігінің сапасы мен білім беру қызметінің сапасын қамтитын түсінік.
Сапалы білім беру дегеніміз– ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық практикалық іске, еңбекке баулу дүниетанымын кеңейту. Баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіру болып табылады.
Сапалы білім беру– оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- тағамы бар адамгершілігі жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру
Білім сапасын арттыру
Мектептің жылдық жұмыс жоспарының жүйелі, нақты жасалуы
Әдістемелік қызметтің менеджменті
Мектепішілік бақылау жүйесі – сапалы білім, жоғары нәтиже негізі
Мониторингісін жетілдіру
Педагогтың кәсіби құзыреттіліктерінің даму деңгейі
«Менеджмент» ағылшын сөзі. Басқару деген мағынаны білдіреді
«Мониторинг» латын сөзі. Сақтандыру, ескерту деген мағынаны білдіреді.
«Білім туралы» заңда «Білім беру мониторингі – білім беру процестерін
жүзеге асырудың нәтижелері мен шарттарының, білім алушылар контигентінің, білім беру ұйымдары желісінің жай - күйін және өзгерістер серпінін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау» деп көрсетілген.
Педагогикалық мониторинг дегеніміз – педагогикалық жүйенің жағдайы мен
оның дамуын болжап, үздіксіз қадағалауды қамтамасыз ететін ақпарат жинау,
сақтау, өңдеу, жұмыс үрдісінде қолдану. Мониторинг жүргізудің өз ережесі болады. Білім беру үрдісіндегі білім беру сапасын анықтау үшін айқын, нақты,
толық ақпарат қажет. Ондай ақпаратты мониторинг арқылы алуға болады.
Мониторинг білім беру мекемелерінде білім берудің сапасын басқару үшін нақты, дәл ақпарат алу мақсатында жүргізіледі.
Мониторинг – білім беру үрдісінің талдауы.
Әдістемелік жұмыстың құрылымы
Педагогикалық кеңес
Әдістемелік кеңес
Мұғалімдердің әдістемелік бірлестігі
Әдістемелік отырыс,семинар, тренинг
Ғылыми практикалық конфере нция
Жас мамандар мектебі
Шығармашылық топ, білім жетілдіру
Педагогикалық шеберлік мектебі
Мұғалімдердің
кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, жан- жақты көмек беру
Мұғалімдердің шығармашылық мүмкiндiктерiне қолайлы жағдай жасау.
Мұғалiмдерiнiң жаңашылдық
әрекеттерiн
басқару.
Жаңашылдық технологияларын
меңгеру.
Тақырыпты
сабақтық
Жоспарлау.
Әдістемелер.
Мұғалім
жұмысының
Технологиясы.
Өздік талдау.
Бағдарламалар
жасау
Әдістемелік
кеңес ,
практикалық-
теориялық
семинарлары
Оқылатын пәннің
сапасы,
оқытылу деңгейі
тәрбиелік деңгейі
әдестемелек
мәселелерді
игерудің
диагностикалық
картасы
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі - оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. «Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.
Құзырлылық - белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді.
Педагог құзіреттілігінің 4 түрі
Педагогтың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудыңш а р т т а р ы
1. Әдістемелік құзіреттілік - дидактикалық әдістер мен тәсілдерді білу, оқыту процесінде білімдер мен іскерліктерді меңгерту үшін қолдана білу іскерлігі;
2. Зерттеушілік құзіреттілігі - оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, құрылымы және мазмұны туралы жаңа білімдерді жасау;
3. Басқарушылық құзіреттілігі - өз қызметі мен оқушы қызметін басқару тәсілдерімен, әдістерімен қарулану;
4. Ақпараттық құзіреттілігі - қазіргі ақпараттық технологиялармен қарулану, алынған ақпаратқа сыни көзбен қарай білу;
5. Коммуникативтік құзіреттілік - әртүрлі ситуациялардағы қарым-қатынасты бағалай білу;
6. Білімділік құзіреттілік - өзінің кәсібилілігін үздіксіз жетілдіру қабілеті, жеке қоғамдық өмірде дамып отыру;
7. Экологиялық құзіреттілік - өзінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру, оны пайдалана білу;
8. Тәрбиелік құзіреттілік - өзінің тәрбиелілігін ұлттық құндылықтар арқылы қалыптастыру,ұлттық тәрбиеде кеңінен қолдану;
Педагогтың кәсіби құзіреттілігінің қалыптасу картасыныңб ө л і м д е р і
Құзыреттілік түрлерініңа с п е к т і л е р і
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің
негізгі шарттары:
1. Тұлғааралық және еңбектегі байланыс. 2. Қызметтің эканомикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі. 3. Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы. 4. Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті 5. Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі. 6. Тиімді шешім қабылдау қабілеті
Білім мекемесіндегі сапаға жету жолдарын жоспарлауды
мына үлгіде құруға болады.
Жоспарлау кезеңі
1. Негізгі мақсат
Негізгі жауап беруге тиісті сұрақтар
Біздің негізгі мақсатымыз не? Міндеттеріміз ше? Көрсеткішіміз және оның мәні не болмақ?
2. Тұтынушы талаптары
Біздің тұтынушыларымыз кімдер? Олар бізден не күтеді? Олардың сұраныстарына біздер қалай жауап беруіміз керек? Мекемеден олар не талап етеді?Тұтынушының қажетін өтеу үшін біз қандай әдістерді қолданамыз?
3. Табысқа жол
Кездесетін қиыншылықтар мен кедергілерден шығуда неге сүйенеміз? Жетістікке жетуде қандай сыншыл факторлар болуы мүмкін? Жетістікке қалай жетеміз?
4. Сапаны жүзеге асыру
Қандай стандартты жүзеге асырамыз? Біз сапаны қалай жүзеге асырамыз? Сапа несімен құнды?
5. Мамандар қызметі
Мамандар қызметін қалай ұйымдастырамыз?
Кәсіптілік пен шығармашылықты дамыту жолдары қандай?
6. Үрдісті бағалау
Табыссыздық пен кезіккен кемшіліктерді жоюда қандай нақты әрекеттер болды? Нәтижелі жұмысты біз қалай не арқылы білеміз? Нәтижені бағалауды қалай жүргізсек дұрыс болмақ?
2015-2016 оқу жылының жылдық_____________________пән бірлестігінің мұғалімдерінің зерделеу жұмыстары
Кесте №3. Қатемен жұмыс
Білім, икем, дағды
Жазба жұмысының №
%
Жіберілген қате саны
Жаңа
%
Жіберілген қате саны
Базалық
№1
Кесте №4. Жұмыс қорытындысының сапалық талдауы
Ұсыныстар мен қорытындылар
Жұмыс мақсаты
Жазба жұмысының №
Кесте №1. Жазба жұмысының қорытындысы
Жазба жұмыстың №
Сыныптағы оқушылар саны
Жазған оқушылар саны
Баға
Орындалу %
Сапа %
3
5
4
2
Кесте №2. Графикалық қорытынды
шартты белгілері:
ү
ү – үлгірімі (%)
с
c – сапа (%)
Мектепішілік бақылауды дұрыс
ұйымдастыру - білім сапасын арттырудың кепілі.
Ертеңгі келер күннің бүгінгіден де жарқын болуына
жол ашатын құдіретті күш тек білімде ғана.
Сондықтан да бүгінгі күн білім сапасы үлкен мәселе болып отыр. Басты талаптың бірі – білім беру сапасын арттыруды
қамтамасыз ету, білім деңгейін арттыру. Бірақ «қалай?»деген
сұраққа жауап табу оңай емес. Оқушыларға сапалы білім беруді қамтамасыз етуде кездесетін проблемалар баршылы қ .
Қазіргі заман мектебіндегі келелі мәселелердің бірі – оқу үрдісін дұрыс ұйымдастыру. Тек тиімді ұйымдастырылған оқу үрдісі ғана жеке тұлға қалыптастырып, оқушының тұлғалық дамуына негіз жасайды. Мектептің ұйымдастыру жұмыстарының ішіндегі ең басты мәселелердің бірі – педагогикалық ұжымға ғылыми тұрғыдан сауатты басшылық жасау. Мектеп жұмысын меңгеріп, зор жауапкершілікпен жүзеге асыратын тұлға мектеп директоры мен оның оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары.
Сондықтан мектепішілік бақылау мен басқару ісін, педагогикалық ұжым мүшелерін теориялық, әдістемелік және шығармашылық еңбекке баулитын психологиялық ахуал жасай білудің, жаңа бастамаларын үйреніп, пайдалануға негізделген жұмыстардың жоспарын құра білудің, әдістемелік кеңес пен «жас мұғалімдер» мектебінің, шығармашылық топ пен ата – аналар кеңесінің, оқушылар ұйымы жұмыстарын ұйымдастырудың орны ерекше екенін тәжірибелі директор мен оқу ісінің меңгерушілері өте жақсы білуі керек .
Оқушылардың білім, білік дағдыларының деңгейі, пәндердің оқытылу жағдайы үнемі бақылауда болып, оқушылар білімін кешенді тесттер, бақылау жұмыстары, сынақтар жүргізіліп, нәтижелері талданып, әр тоқсан бойынша мектептегі білім сапасына салыстырмалы талдау жасалынуы мұғалімдердің өз ісіне жауапкершілігін жоғарылатуымен қатар, білім сапасының кей пәндерден төмен болуының себебін анықтап, олқылықтарды түзету жолдарын іздестіру арқылы мектептегі білім сапасын арттыруға ықпалын тигізеді.
Білім сапасы – ол білімнің жүйелілігі, оқушының білімді пайдалана білуі, алған білімін есте сақтауы. Ең алдымен әрбір ұжымда кез – келген мұғалім білім сапасының осы үш негізгі бөлімін қамтамасыз еткенде ғана сапалы білім беріледі деп есептеуге болатынын жан – жақты талдап қарастырған жөн. Оқушы әр түрлі іс – әрекетке енген жағдайда қойылатын мақсат әр уақытта сапалы білім алуды көздеуі керек. Осы іс – әрекет барысында алынған нәтиже бастапқыда белгіленген мақсатқа сәйкес пе, яғни білім сапасы міндетті түрде бағаланып белгіленген нәтиже сәйкес болмаған жағдайда тиісті дәрежеде түзету енгізу қажет. Оған басшылық жасайтын мұғалім. Мұғалімнің жұмысына дұрыс бағыт – бағдар беретін мектептің әкімшілігі. Кез – келген әрекет нәтижелі болу үшін ең бастысы, мақсат дұрыс қойылуы тиіс, содан соң мақсатқа жету жолдарын дұрыс таңдап, атқарылар жұмыстың ауқымын нақты анықтау қажет. Мектептегі білім сапасын қамтамасыз етіп, оны жүйелі басқаруда мектепішілік бақылаудың орны ерекше.