- А. Пушкин атындағы жалпы орта мектебінің тәрбие жүйесінің құрылымы:
- тақырыбы;
- тәрбие жұмысының мақсаты;
- тәрбие жұмысының бағыттары;
- тәрбие жұмысының міндеттері;
- күтілетін нәтижелер;
- тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
Тәрбие жұмысының мақсаты:
Мақсаты: Білім мазмұнын жаңарту жағдайында балалар мен оқушы жастарды тәрбиелеудің идеологиясы мен стратегиясын анықтау.
Міндеттері: білім беру ұйымдары, отбасы және басқа әлеуметтік институттардың күшін біріктіру;қоғамның тәрбиенің басым рөлін түсінуіне көмектесу;білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде тәрбиенің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету.
Нысаны: білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінің біртұтас педагогикалық процесі.
Іске асыру тетіктері: Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, Тәрбиенің кешенді бағдарламасын, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, барлық үлгідегі, деңгейдегі және меншік түріндегі білім беру ұйымдарында оқу бағдарламалары мен оқулықтарды, тәрбие бағдарламаларын әзірлеуде Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері негіз болады.
