«Елдің ертеңі-жастардың қолында» демекші, бүгінгі кешімізге қош келіпсіздер.
Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты, мен жастарға сенемін.
Жұмсақ мінез жібектей, сүттей таза жүректер,
Қасиетті тілектер, мен жастарға сенемін.
Тау суындай гүрілдер, Айбынды алаш елім дер,
Қажу бар ма тұлпарға, талу бар ма сұңқарға?
Иман күшті оларда, мен жастарға сенемін.
Алаштың айбынды ұраны, қасиетті құраны,
Алаштың олар құрбаны, мен жастарға сенемін- деп Мағжан Жұмабаев жырлағандай, ендігі кезекте пікірталас кешінің қонақтарын сахна төріне шақырайық.
«Кеш қонақтармен таныстыру»
(Пікірталасқа қатысушылар тақырып төңірегінде өз ойларын ортаға салып , дағдарыстан шығудың басты тетіктерінің бірі- «Дипломмен-ауылға» идеясы-ның өміршендігін өмірлік тәжірибелермен дәлелдеп берді. Сонан соң жастарға қазіргі өмір талабына сай сұрақтар қойылады:)
«Сұрақ бізден, жауап сізден»
Жастардың бос уақыты дегеніміз не?
Сіз өнердің қандай түрімен шұғылданасыз?
Жастар неге қызығады? Не ойлайды, армандары қандай? Мақсаттары не, бос уақытында немен шұғылданады, не қуантады, неге ренішті, жалпы ойлары қандай?
Қазақтың зиялы адамдары мен өнер иелері жайлы мағлұматтары қаншалықты?
Қандай мамандықты қалайды?
Ауылдағы жастардың тәртібі, өмірлік ұстанымдары сіздерге ұнай ма, әлде келеңсіз жағдайлар бар ма?
Қазіргі жастардың оқуға, мамандық алуға, өмірдегі өз орнын табуына мүмкіндіктер көп. Олар оны қалай пайдаланып жүр. Бізге ешкім көмектеспейді деп ренжитіндерге көзқарасыңыз қалай?
Жүргізуші: Құрметті ауыл жастары білім мен қатар өнерді де бірге серік еткен жастарсыздар олай болса бүгінгі кештің шарттарының бірі
«Өз өнерін көрсету»
Жүргізуш: Құрметті ауыл жастары. «Бастау-мұрат, қоштау-парыз» деген-дей, Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2014жылғы халыққа Жолдауында «Біздің болашағымыз жастардың қолында »деген болатын . Ендеше, өз еліміздің байлығын арттырып, берекесі мен бірлігін көздеп, ауылдың іргесін нығайтатын сіздерсіздер». Кешке қатысушылар пікір алысу кезінде өз сауалнамаларына барынша толық жауап алды деп ойлаймыз. Жастар арасында мамандық таңдауға және жас мамандар дайындауға осы кештің ықпалы болады деп сенеміз.
Трениг
«Балалық шақтан қызықты оқиға»
Мақсаты: Эмпатияны дамыту
Уақыты: 10 минут
Нұсқаулық: Сіздердің алдарыңызда қорапша тұр. Сол қорапшадан билет суыруыңыз қажет. Ол билеттерде «Балалық шақ», «Балалық шақтан қызықты оқиға» жазылған. Кімге «Балалық шақтан қызықты оқиға» билеті түссе, сол мұғалім өзінің балалық шақтан бастан өткізген қызықты оқиғасын айтып береді.
Талдау
Өздеріңізді қалай сезінудесіздер?
Сен білесің бе?
Мақсаты: Қатысушылардың бір-бірін жақсы тану, өзара бөлісу, мән бермей жүрген қасиеттерін өзара түсінсу.
Уақыты: 10 минут
Нұсқаулық: «Сіздің алдарыңызда қоржын бар. Осы қоржыннан бір билет аласыз. Онда әр түрлі жануарлар мен құстар, жәндіктердің аттары жазылған. Алдымен әркім өзіңіздегі билеттегі жануарлармен танысып, көршіңіздің бойында осы жануарлардағы бар қасиеттерді анықтайсыз »
Сыйқырлы қоржындағы, сыйқырлы жануарлар мен құстар, жәндіктер.
(Әрбір мұғалім өзінің көршісінде сол жануарға тән қасиет бар болса айтады, егер ондай қасиет жоқ болса келесі көршісіне жалғастырады.)
Жүргізуші: «Көңіл күй» Ақылдаса отырып біреуіңіз Смайлик арқылы осы кештен алған әсеріңізді көрсетсеңіз және бет-қимыл арқылы бейнелеп берсеңіз! Рақмет, жастарға қошемет көрсетіп қояйық!
Жүргізуші: Пікір алысу кешінде қатысып отырған ауыл жастарына мектеп директоры Талғат Тұрсынғалиұлына сөз кезегін береміз.
Жүргізуші:біздің «мамандығым мақтанышым»атты кешімізге келгендеріңізге көп – көп рахмет! Сіздерге зор денсаулық, алдағы қадамдарыңызға сәттілк тілейміз
Мамандықтың бәрі жақсы, тек таңдай біл
Мақсаты: мектеп оқушыларын қоғамдық мәні бар мамандықты дұрыс таңдай білуге үйрету, білімін әрі қарай жалғастыру, бейімділігі мен ықыласын дамыту, маман шеберлігімен кездестіріп, оларға деген қызығушылығын арттыру, оқушының сол мамандықтың түріне жарамды-лығын зерттеу.
Көрнекіліктері:сахнада әр түрлі мамандық түрлеріне байланысты плакат-тар, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер жазылған.
Қатысушылар:әр түрлі мамандықтың шеберлері.
Жүргізуші: әрбір шәкірттің асқар арманы, алдыға қойған мақсат бар. Осыған орай «Мен кім болам?» деп ойланып мақсат қойып жүрген шәкірт-тердің ой-арманын жүзеге асыру үшін мектебімізде оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар берілуде. Бүгінгі кешімізде болашақ мамандарымыз өздерінің
Қабілеттіліктерін, тапсырма орындау іскерлігін ортаға сала отырып, шаруашылық саласындағы маман шеберлігімен кездеседі.
1-бөлім. Сахнаға жүргізуші шығып, әр маманды таныстырады. Бірінші ұстаздық маманын ортаға шақырамыз:
Болашақтың бағбаны секілді,
Шәкірттерге айтқан сөзі өтімді.
Тең ұстаған парасаттың тізгінін,
Білім беріп, үлгі шашқан не түрлі.
Барлық жақтан лайық жан заманға,
Ұстаз болу оңай емес адамға.
Осынау ұлы мамандықты таңдаған,
Жол берейік «Ұстаз» атты маманға.
Қарсы алыңыздар (қол шапалақ)
Ортаға келген ұстаз өзінің мамандығы бойынша жалпы түсінік береді. Одан кейін орнына отырады.
2.Дәрігер-
Бас ауырып, сыздай қалса балтырың,
Бәсеңдесе бойда шабыт қарқының.
Көтеріліп 400 қызуың,
Кірбің шалса от жанардың жарқылын,
Дәрісінен шипа қонып бойыңа.
Рахат тауып, алар сонда жан тыныш,
Ауырғанда бір мамандық ішінен,
Дәрігерден көрмедім мен артығын.
Жол берейік, қарсы алайық құрметпен,
Ақ желеңді абзал жанын халқыңның!
Дәрігер- өзінің мамандығын қызықты ету үшін, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыру туралы кеңес береді.
3.Аспазшы-
Балдай тәтті тамағы,
Айдай ару жамалы
Жайраң қағып қарсы алар,
Ашық дәйім қабағы.
Мәнтісін жеп шөлдесең,
Шайымен сусын қанады.
Арзан, дәмді тағаммен,
Жұрт алғысын алады.
Адал еңбек етумен,
Табысты да мол табады.
Аспазды қарсы алайық (қол шапалақ).
Аспазшы «Ас адамның арқауы»деп дұрыс тамақтанатын ас мәзірі туралы түсінік береді.
4.Тігінші-
Адам көркі-шүберек сәнді киім,
Жасау-жихаз келіссе сәнді үйін.
Жылы пальто, қалың тон, қолғап кисең,
Жаурата алмас сары аяз, қарлы құйын.
Сол бұйымды тігетін шеберлерді,
Құрметтейді бар адам, барлық ұйым.
Соған арнап әншілер әсем әнін.
Соған арнар күйшілер сазды күйін,
Он саусағын майысып, өнері асқан.
Тігіншіні ортаға шақырайық! (қол шапалақ).
Тігінші сән үлгілерін көрсетеді.
5.Ағаш ұстасы-
Атанып ағаш ұстасы,
Меңгерген сырын өнердің.
Киіз үй жасап, ер шапқан,
Көпке ортақ қолы шебердің.
Келі мен ағаш тегене,
Өзінен өзі келеме?
Ағаштан түйін түйетін,
Шын шебер емей, немене!
Жүрместен босқа сенделіп,
Өнерді осы меңгеріп,
Ағаш ұстасы келеді
Қол соғайық жол беріп! (қол шапалақ).
Ортаға ағаш ұстасы шығып, мамандық туралы түсіндіреді.
6.Механизатор-
Түрен сап тыңды қопарған,
Еңбектен жігер, от алған.
Атызды жыртып беретін,
Сеялкамен тұқым себетін.
Алыстан алған жүгіңді,
Тонналып тасып беретін.
Шөпті де өзі шабатын,
Ыңғайын істің табатын.
Механизатор болсам деп,
Ер жетіп ертең толсам деп.
Арманның асыл алауын,
Жүрекке шам ғып жағатын.
Талабы таудай ұланды,
Құрметтеп қарсы алайық! (қол шапалақ).
Ауыл шаруашылық өнімдері туралы түсіндіреді.
7.ЭВМді меңгерген программашы
ЭВМді меңгеру,
Заманның бүгін талабы.
Озық ұлттар ойынның,
Үлгісін соған салады.
Жұмбақ сырын ғылымның,
Компьютермен табады.
Қиын деген есепті,
Шемішкеше шығады.
Дамыған елдер ежелден,
Үйреткен соған баланы.
Жетістігі ғылымның,
Бұл ғасырдағы ең бағалы
ЭВМ деп аталған.
Қатысып жүрген сабағы
Өзі содай саналы
Жанындай жақсы көретін
Жасампаз жарқын жаңаны
Шетінен сондай болсам деп
Қазақтың барлық адамы
Шақырайық ортаға талабы таудай баланы!(қол шапалақ).
Программашы алгоритмнің құрылымдық түрлерімен таныстырады.
2-бөлім.Көрме, оған түсінік беру. Мектеп вальсі ойналады.
3-бөлім. Осы мамандықтың маман иелерімен пікір алысу. Кездесуге келген әр маман иесі өздерінің қызметі, оқыған орны, оның шығармашылық жетістіктерімен таныстыра отырып, оқушыларға мамандық таңдауда ақыл-кеңес береді. Сонымен қатар оқушылардың өздерінің таңдаған мамандығына деген ықылас-бейімділігін арттыруға ыңғай береді.
Бұдан кейін оқушылар осы маман иелеріне әр түрлі сұрақтар қояды.
Сіз осы мамандықты қалай таңдадыңыз.
Сізге мамандық таңдауда мектептің рөлі болды ма?
Мамандық таңдауда кімдер себепші болды?
Мамандықты дұрыс таңдау үшін не қажет?
Мамандықты таңдауда қандай қателіктер кездеседі?
Осы сияқты тағы басқа сұрақтарға маман иелері толық жауап беріп, оқушылардың болашағына бағыт-бағдар берді. Кездесуге риза болған оқушылар мамандықтың бәрі жақсы, тек таңдай білу өздеріне байланысты екенін түсінеді.