Сабақтың мақсаты:Оқушыларға қайырымдылық, мейірімділік, жақсылық жасау туралы түсіктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу | Ресурстар Өзін-өзі тану оқулығы,адамгершілік-рухани тәрбие бойынша хрестоматия, i.Mektep ресурсынан «Өзін өзі тану» пәні бойынша «Әдеп» бейнефильміhttp://imektep.kz/adep |
Сабақтың міндеттері: Білімділік: Оқушылардың қайырымдылық, мейірімділік, жақсылық жасау туралы түсіктерін кеңейту. Дамытушылық: Оқушылардың бойына жақсылық жасауға, мейірімді болуға деген ниетінің дамуына ықпал ету, дамыту Тәрбиелік: Оқушыларды мейірімділікке, жақсылыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу | |
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды күлімдей, жылы шыраймен қарсы алу. Мұғалім оқушылармен бірге шеңбер құрып тұрады: -Балалар, бәріміз ортаға шығып «Шаттық шеңберін» құрайық.Бүгінгі сабақты бір-бірімізге жақсы көңіл күй, күлкі сыйлаудан бастайық Бір-бірімізге жылылықпен қарайық, Жақсылықты, мейірімді сыйлайық. Әрқашанда тату болып жүрейік Қуанайық, шаттанайық, күлейік. /мұғалім өлеңді жатқа айтады/ Ендеше біз де бір-бірімізге күлімсіреп, алақандарымыздың жылуымен бірге іштей жақсы тілектер айтайық! -Ал кім жұбына қандай жақсылықтар тіледі,кім бөліскісі келеді? | |
Балалар жүрек жылуы деген сөзді қалай түсінесіңдер? -Жүрек жылуын кімнен қашан сезіндіңдер? -Ал өздерің жүректеріңнің жылуын басқаға сыйлаған кездерің болды ма? Қай кезде? -Мына суреттерге қарап жылылық туралы қандай ой келеді? | |
Дәйексөзбен жұмыс. Оқулықта берілген дәйексөзді дауыстап оқу, мағынасын ашу. « Табиғаттағы барлық жылу- күннен, «Өмірдегі барлық жылу-адамнан» Дәптерге көшіріп жазу. | |
Әңгімелеу Оқулықтағы «Жай ғана әжей» атты әңгімені мәнерлеп әңгімелеп беру.Оқушылар әңгіме мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді: -Абзал қандай бала деп ойлайсыңдар? -Абзалдың орнында болсаңдар не істер едіңдер? -Абзалдың бойынан қандай жақсы қасиеттерді байқадыңдар? -Осы әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады? | Балалардың айтқан пікірлері мен жауаптарына сәйкес қорытынды жасау. |
Дәптермен жұмыс Жұмыс дәптерінің 28 бетіндегі тапсырманы орындау. «Жүрегімізден шыққан мейірімділік,қайырымдылық сезімдерін кімдерге,нелерге арнайсыңдар,соны торкөзге жазыңдар» | Оқушылар өздерінің ойларымен бөліседі |
Шығармашылық жұмыс Bilimland білім порталындағы http://imektep.kz/adepресурсынан «Әдеп»бейнефильмінен үзінді көру (3.30 дейін), кластер құруОқушылар топқа бөлініп, кластер құрастырады. 1-топ Дананың бойынан қандай әдепті қылықтарды байқадың? 2-топ: Дана әдептілікті үйренудің қандай жолдарын нұсқады? | Топта жұмыс істей отырып, бір-біріне көмектеседі, естерінде қалған қасиеттерді,жақсы ережелерді топтастырып жазады |
Кішілерді аяла, Кісілерден аянба. Адамдығың көрінсін, Анадай жан саяңда. Ақылы бар баласың, Айтқан тілді аласың. Намысты боп өссең сен Нағыз адам боласың,- өлеңін оқушыларға тілек ретінде оқып, «Күңілді күн» әнімен сабақты аяқтау. Көңілді күн әні Теріп едік жемісін сезім бақтың, Сыйластықтың алауын өзің жақтың. Сенің думан тойыңның әнін естіп, Есігіңді шыдамай өзім қақтым. Қ-сы: Бүгін қандай тамаша Көңілді күн 3-рет Сені қуанышыңмен құттықтаймын Бақытты бол, жан досым! 2. Бір тамаша отырдың өмірге еніп, Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп. Есігіңнен мен кіріп келгенімде Қуандың ау балаша мені көріп. Қ-сы: Бүгін қандай тамаша Көңілді күн 3-рет Сені қуанышыңмен құттықтаймын Бақытты бол, жан досым! | Сабақтан алған әсерлерін,жүректерінен шыққан жылы сөздерін ең сүйікті,жақын адамдарына арнап жүрекшеге жазады, да үйде сыйлайды |
Үй тапсырмасы: қайырымды, мейірімді адамдар туралы шағын әңгіме жазу | |
Тыныштық сәті: | |