Ашы? саба? 2а - сынып «?зін-?зі тану п?ні»
Та?ырыбы: Ж?рек жылуы
Ма?саты: «?айырымдылы?», «Мейірімділік» адамгершілік ??ндылы?тары туралы т?сініктерін ке?ейту.
Міндеттері:
-мейірімділік,?айырымдылы? туралы т?сініктерін -мейірімділік,?айырымдылы? туралы т?сініктерін -мейірімділік,?айырымдылы? туралы т?сініктерін -мейірімділік,?айырымдылы? туралы т?сініктерін -мейірімділік,?айырымдылы? туралы -мейірімділік,?айырымдылы? туралы т?сініктерін -мейірімділік,?айырымдылы? туралы т?сініктерін -мейірімділік,?айырымдылы? туралы т?сініктерін -мейірімділік,?айырымдылы? туралы т?сініктерін -мейірімділік,?айырымдылы? туралы т?сініктерін -м
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "Ж?рек жылуы"»
Ашық сабақ 2а - сынып «Өзін-өзі тану пәні»
Тақырыбы: Жүрек жылуы
Мақсаты: «Қайырымдылық», «Мейірімділік» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-мейірімділік,қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту;
-қамқорлық жасауға жетелеу;
-мейірімділікке тәрбиелеу;
Көрнекілік құралдар: үнтаспа,үйрек пен балапандардың суреті,дәптер оқулық.
Шаттық шеңбер
Сәлеметсіңдер ме , балалар! Қанеки ортаға шығып дәстүрге айналған шаттық шеңберімізді өткізейік.
-Балалар,қолдарыңды жүрек тұсына бір сәт қойып,дүрсілін тыңдап көріңдерші? Сендердің жүректерің мейірімге,қайырымға,махаббатқа,жылы сезімге толы.Адам бойындағы бар жылу мен мейірім жүректен шығады. Енді осы жүректен алған жылуымызды түсіріп алмайтындай қимылмен (қолымызды бірден төмен түсірмей,оң жағымызда тұрған баланың сол қолын қысайық) бір-біріміздің қолымызды қысып, осылайша жүрек жылуын бір-бірімізбен бөлісейік.
Әңгімелесу:
Ал қанеки балалар айта қойыңдаршы өздерің жақсы көретін жан-жануарлаың бар ма?
Табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болды ма?жақсылық жасаған кездерің болды ма?
Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?
(жүрекшелер беріледі)
Мәтінмен жұмыс. «Қайырымдылық»
Түсініктеме жазу: Қайырымдылық –дегеніміз
Тыныштық сәті
Баланың өзінің ішкі күйіне үңілуге,оның табиғатпен байланысын сезінуге мүмкіндік беретін тыныштық сәті төмендегідей ұйымдастырылуы мүмкін.
-Балалар денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Жаңа ақпарат:Адам өзін және өзгелерді жақсы көру арқылы өмірін қуаныш пен шаттыққа,махаббат пен бақытқа бөлейді.
(сурет арқылы қорытынды жасау)
Ойын- жаттығу «Көмек» (Балапандарынан адасып қалған үйрекке көмектесу үшін балапандар суретінің артқы бетіндегі сұрақтарға жауап беріледі.)
-Сен жолда келе жатырсың. Шұңқырға түсіп кеткен балапанды көрдің . Балапан шиқ-шиқ етіп шығудың әрекетін жасайды.Бірақ оған шамасы келмейді.Осы жағдайда сен қандай әрекет етер едің?
-дәлізде жүгіріп келе жатқан Қарлығаштың сүрініп құлап қалғанын көрдің қандай әрекет етесің?
Дәйексөз
«Табиғаттағы барлық жылу – күннен,
Өмірдегі барлық жылу - адамнан.
Дәптермен жұмыс.
1-тапсырма
Өздерің жақсы көретін адамдарың туралы жазыңдар.
2-тапсырма
Суреттегі бос торкөздерге «Ана деген кім?» сұрағына жауаптар жазыңдар.
Жағдаят шешу:
Сен бір құшақ газет-журнал көтеріп келе жатқан пошташыға кездестің..........
Сен аулаға ролик тебуге шықтың,ал досыңның ролигі жоқ.........
Анаң ас пісіріп жатыр,ал інің мазасызданып кетті...........
Бір кішкентай қыз көпірден өте алмай тұрғанын көрдің, ал сен болсаң мектепке асығып бара жатырсың...............
Жүректен –жүрекке
Қайырымды жандар айнала, Сүйеміз барлық ананы,
Шеңберге келсін жайлана. Жүрегім оттай жанады.
Жалықпастан қайта біз, бақыттымыз осы біз.
Махаббат сөзін айтамыз Қасымызда досымыз
«Железин ауданы Еңбекші жалпы білім беру орта мектебі»ММ
Ашық сабақтың тақырыбы: «Жүрек жылуы»
Пән: «Өзін-өзі тану»
Мұғалім: А.С. Ислямова
Сынып: 2а
Қайырымдылық
М.Сүндетов
Құрбыларынан бойы бәкене аласа, монтиған Мұхтардың мектеп табалдырығын аттағанына көп болған жоқ. Әлі тіпті су жаңа киімдерінің қыры да кетіп үлгермеген,бәтеңкесі де қап-қара, жылт-жылт етеді.
Айналайын, -деді анасы күнде үйден шығарда . – Байқап жүр. Үсті-басыңды ластама. Жарай ма?
Мұхтар мақұлдап басын изеді. Міне ,ол үйге қайтып келеді.Күн бұлыңғыр еді,жауын сіркірей бастады. Әтсе де, Мұхтардың көңілі жадыраңқы,ашық. Әлгінде мұғалима оны бүкіл сынып алдында тәртіпті,таза деп мақтаған. Ол үстіне қылау жұқтырмай,аяғын тақ-тақ басады.Алда үш-төрт баланың ұйлығып тұрғанын көріп,іркіле берді. « Неге күледі?У-шу боп дурығады ғой.О несі-ей?» деп, Мұхтар таңдана мойынын созып қойды. Мұхтар елемей кетпек еді, кенет су ішінде жүзіп жүрген жұдырықтай күшікке көзі түсті. Тұмсығы қара,өзі –ақ күшік. «Мені мыналардан құтқарсайшы. Өлтірер болды ғой» дегендей аянышты қыңсылайды. Өзгелері қиқулап тас атып жатыр. Тас тиген сайын күшік қаңқ етіп батып кетеді, сәлден соң су жұтып шашалып, қайтадан шығады. Әбден қалжыраған күшік жан ұшырып жүгіріп жүр.
* Балалардың әрекеттері туралы не айта аласыңдар?
* Мұхтар осы жағдайға не істейді деп ойлайсыңдар?
- Мұхтар шыдамады.Араға кеп қойып кетті. Балалардың бірін иығымен қағып,бірін итеріп жіберіп,өлеусірей үні өше бастаған күшікті бауырына қыса түсті.
Күшікті құтқарғанына Мұхтар қуанышты.
Су жаңа формасының балшық-балшық болғанын да елейтін емес. Қап-қар бәтеңкесі – кір-қожалақ. Үйге жетіп келіп, есіктің қоңырауын басқанда ғана киімінің ластығы есіне түсті. Мұхтар абдырап, не істерін білмей тұрғанда, апасы есік ашты.