Қазақ тілі Сабақ № 40 | Мектеп «А.Розыбакиев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Тақырыбы | Жай сөйлем туралы түсінік |
Күні 09.12.2016 ж | Мұғалім есімі Сатыбалдинова З.Б |
Сынып 8Ә | Қатысқандар саны | қатыспағандар саны - |
Сабақ негізделген оқу мақсаты | Жай сөйлем туралы бастапқы білімдерін қолданады, жай сөйлемдердің өзіне тән ерекшелігін, түрлерін танып біледі. |
Оқу нәтижелері | Барлық оқушылар * бастауыш сыныпта жай сөйлем туралы алған білімдерін қолданады, сөйлемнің құрылысын түсінеді |
Оқушылардың басым бөлігі * жай сөйлемнің құрылысы мен көлемінің бір сипатта еместігін ажыратады |
Кейбір оқушылар *Жай сөйлем түрлеріне өз бетімен мысалдар келтіре алады. |
Алдыңғы оқу | 4-сынып жай сөйлем мен құрмалас сөйлем |
Жоспар |
уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Ресурс |
| Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |
Басталуы 1055-1058 1058-1103 1103-1105 | Ойсергек. «Сұрақ-жауап» Стикерге жазылған сұрақ-жауапты таратамын. Киноға барасың ба? Басым ауырып тұр. Күнделігіңде бес бар ма? Ол қандай баға? Досыңның аты кім? Диктант Бос уақытыңда не істейсің? Шұлық тоқимын. Қай пәнге қызығасың? Алгебраны сүйіп оқимын. Т.б «Әлемді шарлау» әдісі Үй тапсырмасын бағалау 20 оқушыдан апта көлемінде жазып, әр сабақта 5 тілектен тексерілген 25 тілек жазылған парақтарын сынып бөлмесінің қалаған жеріне ілуді сұраймын. Сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлаймын. | Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы екі қатарға тұрады. Оқушылар таратылған сұрақты оқиды, қарсы бетте тұрған оқушы жауап береді. Кездейсоқ сұраққа жауап беріп көңіл күйлері көтеріледі. Алдыңғы сабақтарда берілген «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына 25 тілек» бойынша жазылған тілектерді өздері қалаған жерге (қабырға, тақта, стенд т.б) іледі. Бір-бірінің жазғанын аралап оқиды, жұлдызша, смайлик арқылы бағалайды. Дәптерлерін ашып, күн ретін жазады. Оқушылар сөйлем туралы не біледі, негізгі ұғымдарды жазып, жіпке іледі. | стикер |
Ортасы 1105- 1110 | «Өзіме хат» әдісі Үш қатарға үш ақ парақ тарату «Сөйлем» туралы не білемін?-деген сұраққа қысқа жауап жазу, жауап тірек сөз, сөз тіркестері арқылы берілсе ұтымды шығады. «Модерация» әдісі арқылы жауаптарын тыңдау Жақсы жауап берген оқушыларға жұлдыз тарату «Жұлдыздарың жоғары болсын!» | Бірінші қатардағы оқушы алады. Өз жауабын жазып, бүктеп екінші оқушыға береді. Екінші оқушы жауабын жазып бүктеп үшінші оқушыға береді. Осылайша қатардың соңындағы оқушы бірінші оқушыға әкеліп береді. «Модерация» әдісімен екінші, үшінші қатардағы оқушы айтылып кеткен мәліметті сызып отырады, | Ақ қағаз |
1110- 1125 | Кеспе қағазға жазылған сөйлемдер қойылады. Далба тауында атақты Бұқар жырау күмбезі бой көтерді. Ертең жарысқа қатысамын. Қыс келді. Мейрамның Мұздыбайға соға кеткісі келді. Үскірік. Аяз. Тұлданған күн. Тақтада сөйлем талдаған оқушыларға бас бармақ стикер жапсыру, қалыптастырушы баға беру Екінші сөйлемде бастауыш жоқ, керек пе? Осы күнге дейін бастауышы жоқ сөйлемдер жаздық па? Соңғы сөйлемдердің құрылысы қандай? Сөйлемдердің жай сөйлем екені, ерекшеліктері айтылады. | Кеспе қағазға жазылған сөйлемдерді алып тақтаға жазады. Сөйлем мүшесіне талдайды. | Кеспе қағаздар |
1125- 1130 | Тақтаға « Жай сөйлем туралы түсінік» деген тақырыпты жазу 69-жаттығу, 90-бет Диалогті оқу, әрбір сөйлемнің жақты сөйлем екенін дәлелдеу | Жай сөйлемнің құрылысы және көлемі бір сипатта бола бермейді. Жай сөйлем 4-ке бөлінеді: 1.Жақты, жақсыз 2.жалаң, жайылма 3. толымды, толымсыз 4. атаулы | Оқу лық 89-90-бет |
1125- 1130 | Төмендегі үлгіге сәйкес сөйлем құрау Кім? Не істеді? Кім? Кімге? Не істеді? Кім? Кімнің? Несін? Қайтті? Қашан? Неге? Не істеймін? Кімнің? Қайда? Не істегісі келеді? Кім? Кіммен? Қайда? Қайтті? Қандай? Не? ТҮЙІН: Бастауышы бар сөйлем... Тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем Іс оқиғаның құбылыстың атауын ғана білдіретін сөйлем Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлем... Ойға қажетті мүшелерінің бәрі қатысқан сөйлем... Бастауышы мүлдем жоқ сөйлем... Айтылуға тиісті мүшелерінің бірі түсіп қалған сөйлем... | Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы сөйлем құрайды. Нәтижесінде жалаң, жайылма, толымды, толымсыз, жақты, жақсыз, атаулы сөйлемдер құрылады. | Сұрақ тар жазыл ған үлестірме |
Аяқталуы 1130- 1135 | «Борт журналы» әдісі Төрт-төрттен бірігу арқылы түйінді сөздер, қысқа сөйлемдер арқылы тұжырым ереже жазу | А3 қағазына әр түрлі стикерлер қолдану арқылы сабақтан алған білімін қолданып ереже шығарады. | Борт Журна лы |
1135- 1140 | Рефлексия SMS Қағаз ұялы телефон тарату, сабақтың қалай өткендігі туралы, қалай жұмыс істегені туралы қысқаша хабарлама жазу Баға, үй тапсырмасы 71-жаттығу, 91-бет | Қағаз ұялы телефонға сабақ туралы қысқаша хабарлама жазып береді | Теле фон суреті |
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайыз? | Пәнара лық байла ныс |
| | |
Рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сл ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. | |
Қорытынды бағамдау |
Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) 1. 2 Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) 1. 2. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? 1. 2. |
1 | Бірінші сөйлем тілек ретінде жазылу керек | Сөйлемде бастауыш болу керек | Бастауышты тауып, сызу керек. |
2 | Екінші сөйлем тілек ретінде жазылу керек. | Сөйлемде баяндауыш болу керек, | Баяндауышты тауып сызу керек |
3 | Үшінші, төртінші, бесінші сөйлемдер тілек ретінде жазылу керек, | Сөйлемдерде тұрлаусыз мүше болу керек. | Тұрлаусыз мүшелерді (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш) табу керек. |
4 | Алтыншы сөйлем тілек ретінде жазылу керек, , | Сөйлем құрамында бірыңғай мүше болу керек | Бірыңғай мүшені тауып, сызу керек. |
5 | Жетінші сөйлем тілек ретінде жазылу керек, , | Сөйлем құрамында қаратпа сөз болу керек | Қаратпа сөзді тауып, сызу керек. |
6 | Сегізінші сөйлем тілек ретінде жазылу керек. Қыстырма сөзді сөйлемді тілекке айналдыру үшін, келесі бір сөйлем қосуға болады. | Құрамында қыстырма сөз болу керек. | Қыстырма сөзді тауып, сызу керек. |
7 | Тоғызыншы сөйлем тілек ретінде жазылу керек. | Сөйлем құрамында одағай сөз болу керек. | Одағайды тауып, сызу керек. |
8 | Оныншы сөйлем тілек ретінде жазылу керек. . | Сөйлем құрамында жалпылауыш сөз бен бірыңғай мүше болу керек, | Жалпылауыш сөз бен бірыңғай мүшені тауып, астын сызу керек |
9 | Он бірінші – жиырма бесінші сөйлемдер барлығы он бес сөйлем Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналуы тиіс. | 25 жылдық мерекеге тілек ретінде жазылуы керек. | |