Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары Сабақтың мақсаты: Білімділік: үй жануарлары, олардың төлдері туралы мәлімет беру, сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, сол сөздерді тілдік қатынаста қолдануды үйренеді. Дамытушылық: тіл дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту. Тәрбиелік: үй жануарларын күтуге, оларды жақсы көруге тәрбиелеу, оқушыларды еңбекке баулу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын түрі. Сабақтың көрнекілігі: үй жануарлары туралы слайдтар, үй жануарларының дыбыстары, сөзжұмбақ, ребус, мәтін, ойын элементтері, үй жануарларының өрісін көрсету, жайлаумен таныстыру. Сабақтың барысы: l. Ұйымдастыру кезеңі. a) Сәлемдесу ә) Оқушыларды сабаққа бейімдеу б) Сөйлесу Жылулық шеңбері: Амансың ба, алтын күн Амансың ба, көк аспан Амансың ба, жер-ана Амансың ба, қонақтар Сіздерді көрсем қуанам Мұғалім сөзі: Қара достар жан-жаққа Дайынсың ба, сабаққа Орныңда ма, қараңдар Кітап, дәптер қаламдар. - Балалар сыныпта бүгін кім кезекші? - Жылдың қай мезгілі? - Аптаның нешінші күні? - Ақпанның нешесі? Үй тапсырмасын тексеру: 106 бет, жаңа сөздерді жаттау, 1-жаттығу(мазмұндау), 107 бет 5-жаттығу (жазбаша) Сұрақ-жауап әдісі: Жануарлар неше топқа бөлінеді? Жабайы жануарлар қайда тіршілік етеді? Жабайы жануарларды ата. Үй жануарларына нелер жатады? Мұғалім жаңа сабақтың мақсатымен таныстырады: - Балалар, бүгін сабақта жаңа тақырыппен танысамыз, жаңа сөздермен танысамыз, мәтінді оқып аударамыз, сұрақтарға жауап береміз, сергіту сәтін жасаймыз, топпен жұмыс жүргіземіз, карточкамен жұмыс, дәптермен, тақтамен жұмыс, сөзжұмбақ, ребус шешеміз, ән айтамыз, үй жануарларының дыбыстарымен танысамыз.
Жаңа сабақ: Үй жануарлары Үй жануарлары слайдтан көрсетіледі. 1. Мұғалімнің кіріспе әңгімесі. - Төрт түлік малға қой, жылқы, сиыр, түйе, ешкі жатады. Төрт түлік малдың пайдасы зор. Олардың сүті, еті-тағам, жүні мен терісі-киім. Жылқы мен түйені көлік ретінде пайдаланды. Оқушыларға мәтін таратылады. Үй жануарлары адамға қызмет етеді. Олар адамға киім,тамақ береді. Түйе сүтінен шұбат, жылқы сүтінен қымыз жасайды.Сиыр мен ешкі де сүт береді. Біздің халық бұл жануарларды төрт түлік деп атайды. Түйе-малдың үлкені, Жылқы-малдың үркегі, Сиыр-малдың сүттісі, Қой-түліктің құттысы. Жаңа сөздер: таныстыру, оқу, жазу төрт түлік мал- четыре вида домашнего скота шұбат-напиток из верблюжьего молока қымыз-напиток из кобыльего молока қызмет етеді-служат үркегі-пугливый құттысы-приносящий благо төл-приплод, детёныши пайда әкеледі-приносят пользу Мәтінді оқып, аудару. Сұрақтарға жауап беру. Үй жануарларын ата. Бұлар адамға қалай қызмет етеді? Шұбат ненің сүтінен жасалады? Қымыз ненің сүтінен жасалады? Халық үй жануарларын қалай атайды? Төрт түлік малдың төлдерін ата. Сергіту сәті: Қошақаны қойдың Қайда қалып қойдың Бұлтиып тұр бүйірің Қай өрістен тойдың Топпен жұмыс: 1-топ Шопан ата 2-топ Қамбар ата Екі топқа екі түрлі тапсырмалар таратылады. Карточкамен жұмыс: 1.Лақ-сөзін тәуелдеп жазу Қозы- сөзін тәуелдеп жазу. Осы сөздерді тақтаға шығып тәуелдеу.
2. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Сиырдың төлі - ... . Қойдың төлі - ... . Жылқының төлі - ... . Түйенің төлі - ... . Ешкінің төлі - ... . Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөз тіркестерін көшіріп жаз. ... қозы, ... құлын, ... бұзау, ... бота. Керекті сөздер: жүйрік, сүйкімді, момақан, тентек Слайдпен жұмыс: Үй жануарларының дыбыстарын тыңдату. 3. Сөзжұмбақ шешу:
Ребусты шеш: Түйе Ән: Қошақан Сабақты қорытындылау, бекіту: - Балалар, бүгін сендермен қандай тақырыппен таныстық? - Үй жануарларын ата. - Бұлар адамға қалай қызмет етеді? Шұбат ненің сүтінен жасалады? Қымыз ненің сүтінен жасалады? Халық үй жануарларын қалай атайды? Төрт түлік малдың төлдерін ата. Бағалау: Үйге тапсырма: Мәтінді мазмұндау, 108 бет 4-жаттығу жаттау. |