Қазір ақпарат құралдарында, теледидар арналарында Қазақстандағы халықтар достығына байланысты әңгіме, сұхбаттар, көрсетілімдер жиі беріледі.Қазақ ежелден бауырмал,ұлт-нәсіліне қарамай, жалпы адамзатты жақсы көреді. Ұлы Абайдың «адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» дейтін қағидасы бар емес пе?! Адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен махаббатты қасиетті дініміз ежелден уағыздап келеді.
