|    Сөздік жұмысы   Қырғауыл   Естімейді   Заман   Зорлық қылмасын   Алды-артына қарамастан        Мәтінмен жұмыс   Тыңдалым.Оқылым   3-тапсырма. Мәтінді рөлге бөліп оқыңдар        Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де жақындап келіп:            — Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халің қалай? – дейді.            Қырғауыл:            — Жақсы, өзің қалай тұрасың? – дейді.            Түлкі:            — Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді.            Қырғауыл:            — Жерге түсуге қорқамын, жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, – дейді.            Түлкі:            — Әй, достым, қазір заман бұрынғы заман емес, жаңа ғана келдім, бұйрық шығыпты, біреуге біреу зорлық қылмасқа, қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін деген, – дейді.            Қырғауыл:            — Жақсы хабарыңыз бар екен, рақмет, достым! Мына жақтан бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айтыңыз, есітсін, – дейді. Ит деген сөзді естіген соң, түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнеледі.            Қырғауыл:            — Қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? – дейді.            Түлкі:            — Кім біледі, бұйрықты ол естімеген шығар, – дейді міңгірлеп.   Сараланған тапсырмалар.   1.Мәтінді рөлге бөліп оқу   2. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырады.   3. Сұраққа жауап беріңдер.   Қырғауыл не үшін иттер келе жатыр деп айтты?   
      Дискриптор   Мәтінді оқып, түсіне алады.   Рөлдік ойында әр кейіпкердің дауыс ырғағын келтіре алады.        Жазылым   Сараланған тапсырмалар   4-тапсырма.     1.Берілген сөздерден сөз тіркесін құрастыр.   Ит, мысық, қасқыр, қой, түлкі, қырғауыл, түлкі, қоян, жолбарыс, елік.   2. Үлгіге қарап, сөйлем құра.     Қою әріппен берілген сөйлемдерді алмастыр.   Үлгі: ит мысыққа зорлық қылмасын.   Ит-мысық, қасқыр –қой, түлкі-қырғауыл, түлкі-қоян, жолбарыс-елік.   3.Осы сөздерге қатысты мақал-мәтелдер, жұмбақ, тұрақты сөз тіркестерін айтыңдар.   Мысалы: Қой аузынан шөп алмас.        Дискриптор   Сөздік қорын пайдалана алады.   Жалғауларды дұрыс жалғай алады.        5-тапсырма   Мәтінді 2 рет тыңдап, кейіпкерлерді олардың әрекетімен сәйкестендіріңіз.       |   Кейіпкерлер   |    сәйкестендір   |    Іс-әрекеттері     |     |       |         |    Қалың ағашты аралап келе жатады     |     |       |         |    Алыстан дауысы естіледі.   |     |       |         |     Бізді жеп қоюы мүмкін деп қорқады   |                      |