Сөздік жұмысы Сөздермен фраза құрастырады. Мәтінмен жұмыс. Оқылым 3-тапсырма. Мәтінді рөлге бөліп оқыңдар Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де жақындап келіп: — Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халің қалай? – дейді. Қырғауыл: — Жақсы, өзің қалай тұрасың? – дейді. Түлкі: — Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді. Қырғауыл: — Жерге түсуге қорқамын, жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, – дейді. Түлкі: — Әй, достым, қазір заман бұрынғы заман емес, жаңа ғана келдім, бұйрық шығыпты, біреуге біреу зорлық қылмасқа, қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін деген, – дейді. Қырғауыл: — Жақсы хабарыңыз бар екен, рақмет, достым! Мына жақтан бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айтыңыз, есітсін, – дейді. Ит деген сөзді естіген соң, түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Қырғауыл: — Қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? – дейді. Түлкі: — Кім біледі, бұйрықты ол естімеген шығар, – дейді міңгірлеп. Сараланған тапсырмалар. 1.Мәтінді рөлге бөліп оқу 2. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырады. 3. Сұраққа жауап беріңдер. Қырғауыл не үшін иттер келе жатыр деп айтты? Дискриптор Мәтінді оқып, түсіне алады. Рөлдік ойында әр кейіпкердің дауыс ырғағын келтіре алады. 4-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша талдау (ауызша, жазбаша). Сұрақтарға жауап береді. а) Түлкі қырғауылды қалай алдамақшы болды? ә) Түлкі мен қырғауыл арасында қандай әңгіме болды? б) Қырғауыл қауіп-қатерден қалай құтылды? в) Мысалдың кейіпкерлерін анықтаңдар. Кейіпкерлерді олардың әрекетімен сәйкестендіріңіз. Кейіпкерлер | сәйкестендір | Іс-әрекеттері | | | Қалың ағашты аралап келе жатады | | | Алыстан дауысы естіледі. | | | Бізді жеп қоюы мүмкін деп қорқады | Дескриптор Сұрақтарға дұрыс, толық жауап береді. Кейіпкерлерді олардың әрекеттерімен сәйкестендіреді. Жазылым Сараланған тапсырмалар 5-тапсырма. 1.Берілген сөздерден сөз тіркесін құрастыр. Ит, мысық, қасқыр, қой, түлкі, қырғауыл. 2. Үлгіге қарап, сөйлем құра. Үлгі: ит мысыққа зорлық қылмасын. Ит-мысық, қасқыр –қой, түлкі-қырғауыл. 3.Осы сөздерге қатысты мақал-мәтелдер, жұмбақ, тұрақты сөз тіркестерін айтыңдар. Мысалы: Қой аузынан шөп алмас. Жұмбақ шешкізу: Бұлаңдаған құйрығы, Бір алдарлық қулығы (түлкі) Бір топ жыңғыл ішінде, Бір жапырақ қызыл гүл. (қырғауыл) Шығармашылық жұмыс. - Бұл қандай аң, құс? - Олар қайда мекен етеді? - Немен қоректенеді? - Қандай пайдасы бар? - Қандай зияны бар? Дискриптор Сөздік қорын пайдалана алады. Жалғауларды дұрыс жалғай алады. Жұмбақты дұрыс шешеді. Шығармашылық жұмысты толық орындайды. 5-тапсырма 1-топ. «Қырғауыл» сөзіне кластер құрастырыңдар. 2-топ. «Түлкі» сөзіне кластер құрастырыңдар. Венн диаграммасы. Түлкі мен қырғауылды салыстырыңдар. Дескриптор Кластерді дұрыс, толық құрастырады, аң мен құсқа сипттама береді. Түлкі мен қырғауылды салыстырады. 6-тапсырма. Түлкі мен қырғауылдың рөлінде қойылым жасау. Дескриптор Сөздерді дұрыс пайдаланып, сөйлем құрастыра алады. Кейіпкер рөліне еніп, дауыс ырғағын келтіре алады. Әр топ бірін бағалайды. |