kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тұрлаусыз мүшелер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тұрлаусыз мүшелер туралы қайталау сабағы. Сөйлем мүшелерін ажырата білу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тұрлаусыз мүшелер»

Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта мектебі



Тақырыбы:

Тұрлаусыз мүшелер

Қайталау сабағы



Сыныбы: 8 «а»





Пән мұғалімі: Даулетова Г.Ә.











2016-2017 оқу жылы

Мерзімі: 16.11.2016ж

Сыныбы: 8 «а»

Сабақтың тақырыбы:  Тұрлаусыз мүшелерден өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Сөйлем мүшелерінен алған білімдерін мысалдар келтіру арқылы  пысықтау, еске түсіру. Сөйлем мүшелерін ажырата білуге үйрету.

2. Дамытушылық : Оқушылардың таным белсендігін арттыру. Тіл байлығын, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту. Өз беттерімен жұмыс істеуге үйрету және логикалық ойлау қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік : рухани-адамгершілік, еңбексүйгіштік дағдыларын қалыптастыру, Отанды сүюге, қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Әдіс-тәсілдер: сұрақ- жауап,талдау, ой қорыту, іздендіру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Көрнекілігі: слайдтар , тест тапсырмалары, семантикалық карта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, зейіндерін сабаққа аудару.Сыныпты үш топқа бөлу
ІІ. Өткен сабақты пысықтау
«Иә, жоқ». Сынақ өткізу. 
(Сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру)
1. Шылау сөйлем мүшесі бола ала ма? (жоқ)
2. Бастауыш кім? не? деген сұраққа жауап береді. (иә)
3. Анықтауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесі. (жоқ)
4. Бастауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесі. (иә)
5. –ның, -нің ілік септігінің жалғауы. (иә)
6. мен, сен, ол, біздер – жіктеу есімдіктері. (иә)
7. –ма, -ме, -ше сұраулық шылаулар. (иә)
8. Лепті сөйлем қызметіне қарай негізгі, жетек, анықтауыш болып бөлінеді. (жоқ)
9. Биылғы күз салқын. Бұл – құрмалас сөйлем. (жоқ)
10. «У» тұйық етістік жасаушы жұрнақ. (иә)
11. «келе жатыр» - үйірлі баяндауыш. (жоқ)
12. Сөйлем мүшелерін тіл білімінің морфология саласы зерттейді. (жоқ)
13. Сөйлем айтылу мақсатына қарай төртке бөлінеді. (иә)
14. Бастауыш пен толықтауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. (жоқ)
15. Сөйлем мүшелері құрылысына қарай 3-ке бөлінеді. (иә)
ІІІ. Тапсырмалармен жұмыс

А) Мәтінмен жұмыс

Үш топтан бір оқушы шығып тақтада жазылған мәтінді өз тобына айтып жеткізу керек. Топ мүшелері жазып, тапсырманы орындауы қажет.


Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі . Табиғат пен адам қатар ұғым . Адамсыз табиғат , табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтады. Табиғат - тіршіліктің құт-берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Экологияны қорғау, табиғатты сақтау қазіргі жастардың қолында. Табиғаттың сырын қазіргі кезге дейін ғалымдар зерттеуде. Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады. Қазақтар жұлдыздарға қарап бағыт бағдарды болжаған. Табиғат біздің сыраушымыз,байлығымыз,күнделікті тынығатын сарайымыз. Табиғат–адамның еңбегінсіз, адам игілігі үшін жаралған жаратылыстың сыйы. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін - асыл ана. Өйткені адам баласы табиғатта,тіршілікте өсіп-өніп, жетілген.Қажетін алып, өз пайдасына жаратқан. Табиғат –ырыздықтың,ырыс пен мол қазынаның кайнар көзі , адам денсаулығының сенімді сақинасы. Ұрпақтан –ұрпаққа мол мұра ретінде калушы.

Табиғат-ғажап әлем

Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар.

Аяулы анам

Кіндік қаның тамып, туып - өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата - бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті.
Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Бұдан біз әр халықтың туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқағандаймыз. Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен - ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер жайлы мақал - мәтелдерден, аңыз әңгімелерден, батырлар жырынан көреміз. «Ит тойған жеріне, ер – туған жеріне» немесе «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп ерекшелеп көрсетеді. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын.
Туған жер-алтын бесігім

Ә) Сөйлем мүшелерінің айтысы (рөлдік ойын)

Б) Сызба бойынша сөйлем құрастыру:

  1. Анықтауыш  - бастауыш – пысықтауыш – пысықтауыш – баяндауыш.

  2. Пысықтауыш – бастауыш – пысықтауыш – баяндауыш.

  3. Бастауыш – толықтауыш – пысықтауыш- баяндауыш.





В) Семантикалық кестені толтыру.

1-қатар:

Біз  бүгінгі жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында  жеттік.

2-қатар:

Мен  тәуелсіз елдің азаматы болғаныма  мақтанамын.

3-қатар:

Тәуелсіздікті аңсамайтын халық ешқашан болмайды.  

    Сөйлем

Бастауыш

баяндауыш

толықтауыш

анықтауыш

пысықтауыш

         1

         2

       3

        4

         5

        6

Біз

 

 

 

 

 

Бүгінгі

 

 

 

 

 

жетістіктерімізге

 

 

 

 

 

тәуелсіздіктің

 

 

 

 

 

арқасында

 

 

 

 

 

Жеттік

 

 

 

 

 

 

    Сөйлем

бастауыш

баяндауыш

толықтауыш

анықтауыш

пысықтауыш

         1

         2

       3

        4

         5

        6

Мен

 

 

 

 

 

Тәуелсіз

 

 

 

 

 

Елдің

 

 

 

 

 

Азаматы

 

 

 

 

 

болғаныма

 

 

 

 

 

мақтанамын

 

 

 

 

 

 

    Сөйлем

Бастауыш

баяндауыш

толықтауыш

анықтауыш

пысықтауыш

         1

         2

       3

        4

         5

        6

Тәуелсіздікті

 

 

 

 

 

аңсамайтын

 

 

 

 

 

Халық

 

 

 

 

 

ешқашан

 

 

 

 

 

Болмайды

 

 

 

 

 

 «Мықты болсаң тауып көр»

“Бөлшегін тап”

Өлең жолдарындағы мәтінді дұрыс құрастырып, мәнерлеп оқы

Рефлексия (ой толғау ):   Бүгінгі сабақ  сендерге ұнады ма?

                                             Қандай әсер алдыңдар?

                                             Қандай тапсырма сендерге қиындық туғызды?

Бағалау:  Сабаққа қатысқан оқушылардың білімін бағалау.

Үйге  тапсырма:  Тәуелсіздік тақырыбына 5 сөйлем құрастыру


Тұрлаусыз мүшелер
1. «Эстафета»оқыта үйрету ойыны
(Оқушылар алдарына берілген қағазға берілген тапсырманы 2 минут ішінде жазып шығады)

Тапсырмалар:
1. Толықтауыш
2. Анықтауыш
3. пысықтауыш

«Өз жартыңды тап»
(қағаздың жартысында берілген тапсырманы іздеп тауып, жұптасып жұмыс жасайды)
Тапсырмалар: 1 - топ

1. Мезгіл пысықтауышы бар сөйлем қайсы?
(жас уақытында Төле би мен Әйтеке би Қазыбекті сынамақ болады.)
2. Қандай жер жетім, ел жетім, сөз жетім?
(Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім.)
3. Амал пысықтауышы бар сөйлем қайсы?
( қуаныштан шаттана айқайлады.)

2 - топ
1. Қандай есікті қалай жаппау керек?
Қандай досты ренжітпеу керек?
(Қайтып кірер есігіңді қатты серпіп жаппағайсың.
Қайтып көрер досыңа ауыр сөз айтпағайсың.)
2. Тура толықтауышы бар сөйлемді қайсы?
(Сен құрметте оны.)
3. Үйірлі пысықтауышы бар сөйлем қайсы?
(Сырым ат жалын тартып мінген жас кезінде атақты Малайсары биден бата алуға келді.)

3 - топ
1. Ағайынның қадірі қашан білінеді?
(Ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің)
2. Мақсат пысықтауышы бар сөйлем қайсы?
(Өзің үшін үйренсең, ашыларсың жылма - жыл)
3. Бір деген не, екі деген не?
(Бірлігі кеткен ел жаман,
Егесіп өткен ер жаман.)

«Қатені тап»
(көп нүктенің орнына жоқ сөзді тауып қойып, қай мүше екенін айту)
1 - топ
Анықтауышқа байланысты
..... адам сағыңды сындырмас.
...... адамды халық қадірлейді.

Сабыр түбі........ алтын.
........ ағаш үй болмас.
......... жігіт би болмас.

Атадан......... ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.

......... бас ұстазы ата - ана.


2 - топ
Пысықтауышқа байланысты

Үйдің жылы - суығын
......... білерсің.

........ тұрған әйелдің бір ісі артық.

......... басатын жасты
Кері тартқан кәрі қайтарады.

Жаманға айтқан ақылың -
.......... атқан оқпен тең.

...... еңбек етсең -
Ернің асқа тиеді


1.Бастауыштың сұрақтарын ата.
2.Қайда? Қашан?Қайдан? Қалай ?деген сұрақтар қай сөйлем мүшесінің сұрақтар?
3. «Ананың көңілі балада»сөйлеміндегі анықтауышты тап.
4. Баяндауышты тап «Көп түкірсе көл».
5.Тура толықтауыштың сұрақтарын ата.
6.Мекен пысықтауыштың сұрағын ата?
7. «Қанша?»қай пысықтауыштың сұрағы?
8.Ол қуанғаннан қозғалмай қалды.Пысықтауышты тап.
9.Анықтауыш құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
10.Барыс,жатыс,шығыс,көмектес септік сұрақтарына жауап беретін толықтауыштың қай түрі?
11.Жақсы-ісімен жақсы сөйлемінде сызықша қай жерге қойылады? Неліктен?
12.Бастауышты тап. Жұмысы жоқтық аздырар адам баласын.

І топ.Жұмбақты шеш.Шешуі болған сөзге мақал-мәтел ойла.
• Өзі қысқа,өзі нұсқа,
Сөз қаймағын есіңде ұста. (Мақал-сөз мәйегі)
• Шік түсті,бүк түсті,
Алшы тұрды,тәйке тұрды,
Шеше алады ал кім бұны? (Асық ойнаған азар,доп ойнаған тозар)
• Кірш-кірш етеді,
Ішіне кіріп кетеді. (Оқу инемен құдық қазғандай)
• Су астында ірімейді,
Жер астыында шірімейді. (Алтын көрсе періште жолдан таяды)
ІІ топ. Мақал-мәтелдің жалғасын тап.
• Арқанның ұзыны жақсы,
.......................................... Әңгіменің қысқасы жақсы.
• Дұшпанға тастай қатты бол,
.................................................. Досқа балдай тәтті бол.
• Ақымақ ішіп-жегенін айтады,
................................................. Ақылды көрген-білгенін айтады.
• Өз білмегеніңді кісіден сұра,
................................................. Үлкен болмаса,кішіден сұра.
ІІІ топ. «Сәйкестендіру» тесті

р/с Тұрақты сөз тіркестері Мағынасы
1 Арқаны кеңге салу- көмектесті

2 Азуы алты қарыс- хабарласпау
3 Арасынан қыл өтпейді- өнерлі
4 Ат салысу- қорқу
5 Ат ізін салмау- қаһарлану
6 Бес аспап- елеусіз

7 Екі көзі шарасынан шықты - асықпау

8 Зәріне міну- жақтырмау
9 Жетім қыздың тойындай- тату

10 Кірпідей жиырылу- қаһарлы

        Сызба бойынша сөйлем құрастыру:

  1. Анықтауыш  - бастауыш – пысықтауыш – пысықтауыш – баяндауыш.

  2. Пысықтауыш – бастауыш – пысықтауыш – баяндауыш.

  3. Бастауыш – толықтауыш – пысықтауыш- баяндауыш.

Кері байланыс парағы

Аты-жөні: --------------------------- Сабақ не туралы болды? -------------------------
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Бұл сабақта мен үшін не қиын болды?---------------------------------------------------------
Бұл мен үшін неге қиын болды?-----------------------------------------------------------------
Бұл қиындықты ненің көмегімен еңсердім/Еңсере аламын?-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Табиғат-ғажап әлем

Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі . Табиғат пен адам қатар ұғым . Адамсыз табиғат , табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтады . Табиғат - тіршіліктің құт-берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Экологияны қорғау, табиғатты сақтау қазіргі жастардың қолында. Табиғаттың сырын қазіргі кезге дейін ғалымдар зерттеуде. Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады. Қазақтар жұлдыздарға қарап бағыт бағдарды болжаған. Табиғат біздің сыраушымыз,байлығымыз,күнделікті тынығатын сарайымыз. Табиғат–адамның еңбегінсіз,адам игілігі үшін жаралған жаратылыстың сыйы. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін - асыл ана. Өйткені адам баласы табиғатта,тіршілікте өсіп-өніп, жетілген.Қажетін алып, өз пайдасына жаратқан. Табиғат –ырыздықтың,ырыс пен мол қазынаның кайнар көзі , адам денсаулығының сенімді сақинасы. Ұрпақтан –ұрпаққа мол мұра ретінде калушы.

Аяулы анам

Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар.

Туған жер-алтын бесігім

Кіндік қаның тамып, туып - өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата - бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті.

Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Бұдан біз әр халықтың туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқағандаймыз. Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен - ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер жайлы мақал - мәтелдерден, аңыз әңгімелерден, батырлар жырынан көреміз. «Ит тойған жеріне, ер – туған жеріне» немесе «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп ерекшелеп көрсетеді. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын.
Егеулі найза қолға алып, еңку - еңку жер шалып, ел қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту – бәрімізге парыз.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тұрлаусыз мүшелер

Автор: Даулетова Гүлжан

Дата: 06.12.2016

Номер свидетельства: 366339

Похожие файлы

object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Т?рлаусыз м?шелер "
    ["seo_title"] => string(21) "tu-rlausyz-mushielier"
    ["file_id"] => string(6) "140838"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1418030565"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) ""Т?рлаусыз м?шелер" презентация"
    ["seo_title"] => string(34) "turlausyzmushielierpriezientatsiia"
    ["file_id"] => string(6) "289018"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1454702961"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Т?рлаусыз  м?шелер. "
    ["seo_title"] => string(23) "tu-rlausyz-mushielier-1"
    ["file_id"] => string(6) "192742"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427518397"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Конспект урока на тему "Т?рлаусыз м?шелер""
    ["seo_title"] => string(40) "konspiekturokanatiemuturlausyzmushielier"
    ["file_id"] => string(6) "271686"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451735579"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Т?рлаусыз м?шелер. Жатты?у ж?мыстары "
    ["seo_title"] => string(43) "tu-rlausyz-mushielier-zhattyg-u-zhu-mystary"
    ["file_id"] => string(6) "112100"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1408291976"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства