kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рлаусыз м?шелер. Жатты?у ж?мыстары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Т?рлаусыз м?шелер. Жатты?у ж?мыстары.

Жалпы ма?саты: Т?рлаусыз м?шелер та?ырыбына байланысты тапсырмалар орындай алатын болады.

Міндеттері:

Мазм?н?а байланысты: С?йлемдегі т?рлаулы, т?рлаусыз м?шелерді ажырата алады, с?йлем м?шесіне талдай алады.

СТО-?а байланысты: Суретке ?арап с?йлем ??растрады, ?яшы?та?ы сандарды та?дай отырып ережелерді ?айталайды, н?ктені? орнына с?здерді ?ояды, т?рлаусыз м?шелер жайлы ал?ан білімдерін толы?тыра алады.

Топпен ж?мыс: Топпен ж?мыс жасай отырып,ал?ан білімдерін бекітеді, ?з пікірлерін еркін айта алатын болады.

Саба?ты? т?рі: «О?у мен Жазу ар?ылы Сынт Т?р?ыдан Ойлауды Дамыту»

Саба?та ?олданылатын стратегиялар: «Блум токсономиясы» «?абыр?а?а ?арап о?у» «Редакциялау» «?алпына келтіру» «Кілтті ??ымдар»

Саба?ты? барысы:

  • ?йымдастыру
  • ?й тапсырмасын с?рау

?ызы?ушылы?ты ояту.

«Блум токсономиясы»?яшы?та?ы сандарды та?дау барысында с?ра?тар?а жауап береді.

  1. С?йлем м?шелері дегеніміз не?
  2. Бастауыш дегеніміз не?
  3. Айдос даладан келді. С?йлемдегі т?рлаусыз м?шені тап.
  4. Т?рлаусыз м?шелер дегеніміз не?
  5. Т?рлаулы м?шелер дегеніміз не?
  6. Баяндауыш дегеніміз не?
  7. ?кем ж?мыстан келді. С?йлемдегі бастауышты тап.
  8. ?андай жа?дайда бастауышпен баяндауышты? арасына сызы?ша ?ойылады?
  9. ?азір ?ыс мезгілі. ?ыста ауа- райында ?андай ?згерістер болады?
  10. Ендеше б?гінгі саба?ымызда осы ?ыс мезгіліне байланысты с?йлемдер ??рап  с?йлем м?шелеріне талдаймыз.

Ма?ынаны ажырату. «?абыр?а?а ?арап о?у» «Редакциялау»

Суретке ?арап с?йлемдер ??райды. Ша?ын топ?а салып спикер жа?сы жазыл?ан с?йлемді о?иды. ?р топты? бір- бір с?йлемін о?иды, м??алім жазады, о?ушылар к?шіреді.

Ой ашар «Пингвин»

Т?рмайды б?л ??с біз жа?та,

Т?рады м??гі м?з жа?та.

То?уды сір? білмейді,

Томпа?дап м?зда билейді.

«Кілтті ??ымдар» ?р топ?а бір с?йлем жазыл?ан ?а?аздар таратылып беріледі, о?ушылар с?йлем м?шелеріне талдайды.

  1. топ. Мектепте асхана бар.
  2. топ. Айжан ?ала?а келді.
  3. топ. ?сем г?лді ?натады.
  4. топ. Шынтас жа?сы о?иды.

О?улы?пен ж?мыс. 179- жатты?у. Жатты?уды та?та?а орындайды. Д?птерлеріне жазады.

Ой тол?аныс «?алпына келтіру»

Та?та?а ?ле? жазылып к?рсетіледі. Н?ктені? орнына керекті с?здерді о?ушылар айтады, м??алім жазып т?рады.

А? киімді ........... а?са?алды,

.......... мыл?ау танымас тірі жанды.

?сті басы а? ......... т?сі суы?,

Бас?ан ...... сы?ырлап келіп ?алды.

?орытынды

  • Б?гінгі саба?та не істедік?
  • Саба? сендерге ?нады ма?
  • Саба?ты? ?ай сатылары ?нады?

?йге тапсырма: 181- жатты?у

Ба?алау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рлаусыз м?шелер. Жатты?у ж?мыстары »

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі













Г. Р. Акманова

М. Т. Бейсенбаева



Сыныптан тыс жұмыстар мен ашық сабақтар үлгілері



Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік- көмекші құрал























Семей – 2014

УДК: 371. 01

А 34

Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті қазақ филология факультеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті міндетін атқарушы, п.ғ.к Г. Р. Акманова

26 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бейсенбаева М.Т.



Сыныптан тыс жұмыстар мен ашық сабақтар үлгілері

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік- көмекші құрал







Пікір жазған: Р. Е. Рахымбаева

Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті Гуманитарлық- заң факультеті журналистика және практикалық қазақ тілі кафедрасының доценті, п.ғ. к

































Алғы сөз



Қазіргі кездегі қоғамның барлық даму кезеңінде және бүгінгі білімді жаңалау, білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру жағдайында мектеп мұғалімдері өз үлестерін қосып отыр. Мұндай мектептердің жұмысы бүгінгі таңда заман сұранысын болашақ талаптарымен ұштастыра отырып, қазіргі жаһандану жағдайында жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған. 
Қазргі кезде оқыту мен тәрбие беру үдерісінде сабақтан басқа сыныптан тыс жұмыстардың да орны ерекше. 
Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны – оқушының теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.

Сыныптан тыс жұмыстарда педагогтар белгілі бір әлеуметтік мәдениетте балалардың қабілеті мен қызығушылығын дамыту ісін жасаса, әрі тәрбиеші ролінде өздерінің дүниетанымы, өз тәжірибесі және іскерлігі арқылы жасөспірімдерді әлеуметтік шығармашылық істерге араластырады, белгілі әлеуметтік жағдайда өмір сүруге және еңбек етуге үйретеді, қоғамдық тәрбие мақсатын тұлғаның өзін өзі дамыту мақсаттарымен тығыз байланыстырады. Осылайша, тұлғаны тәрбиелеудегі мақсат бір жағынан өзін дамыту жолында алдына қоғамды қоятын, екінші жағынан, қоғам өзінің әрбір мүшесінен күтетін міндет пен мақсаттан келіседі. 

Бұл, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралда өзімнің іс- тәжірибемнен өткен сыныптан тыс жұмыстар жоспарымен ашық сабақтар үлгілерін беріп отырмын.































Қазақстан республикасының рәміздері. Рәміздердің авторлары

Мақсаты:

  •  Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздермен жан-жақты  таныстыру;

  •  Ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне,халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау;

  • Оқушыларға мемлекеттік рәміздерің аса маңызды екенін, оны құрметпен  мақтан тұту керектігін ұғындыру,ой өрісін кеңейту;

  • Отанды сүюге,рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.

Барысы

Мұғалім: 

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы, ең алдымен бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Қазақстанға сендердің жасампаз еңбектерін, сендердің күш жігерлерің және сендердің білгендерің қажет …

Отан сендерге зор үміт артады. Сендер оны ақтап шығатындарыңа сенімдімін. Отаншылық сезімі, өз еліңе деген мақтаныш оның рәміздеріне деген құрметтен басталады.» деген. Сондықтан оқушылар елбасымыздың сенімін ақтайтындай азамат пен азаматша болайық дегім келеді.

   Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады. Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел-жұртын жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың тендігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін осы дәрежеге жеткізді. Осындай халық қамын ойлаған азаматы бар қазақ  елін бүгінде әлем таниды.

Әнұран орындалады:

Мұғалім: Құрметті оқушылар, қонақтар!

Рәміздерім – елдігімнің белгісі

Білу керек баладағы ең кіші

Рәміздерім - Әнұраным, Ту, Елтаңба.

Рәміздерді жатқа білген - жөн кісі,- деп бүгінгі «Рәміздерім мақтанышым » атты Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттауға арналған сабағымызда рәміздер еліне саяхатқа шығумен бастаймыз. Біздің саяхатымыздың мақсаты- рәміздер елінен көп мағлұмат әкелу, авторлары, жасалу тарихы тағы басқада қызықты мәліметтер жинауымыз керек.

«Шекара бекеті»

  • Балалар, біз Рәміздер мемлекетінің шекара бекетіне келдік, бұл жерде бізді тексеріп өткізеді.Ол үшін мына сұрақтарға жауап беруіміз керек.


Май қызметкері:

1-сұрақ «ҚР-ның Конституциясы»

-ҚР-ның Конституциясы 1995 жылы 30-тамызда референдумда қабылданды. 9-бөлім

98-баптан тұрады. 9-бабында: ҚР-ның Мемлекеттік рәміздері- Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық Заңмен бекітіледі. 34-бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылған.

Май қызметкері:

2-сұрақ «Өз анттарыңды білесіңдер ме?»

Мен ҚР- ның азаматы Отаным Қазақстанның дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы,өркениетті ел болуы үшін сапалы білім аламын. Жоғарғы мәдениетті азамат боламын. Туған халқымның ата-дәстүрін жалғастырамын. Мемлекеттің президентін құрметтеймін. Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай орындаймын. Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап қастерлеймін деп ант етемін.

Май қызметкері:

Дұрыс балалар өте берулеріңізге болады.

Мұғалім: Ал балалар, біз Рәміздер еліне кірдік. Бұл елде-бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған –Тәуелсіз мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы, өз президенті, өз рәміздері болады. Рәміздер мемлекеті үш аймақтан тұрады: «Әнұран» «Елтаңба» «Ту». Осы үш ауылға сапарымызды жалғастырамыз.

Әнұраным – жанұраным,

Айтар әнім сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым,

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам- Әнұраным,- деп «Әнұран» ауылына келдік. Осы елдің әнші -композиторларымен танысайық.

  1. оқушы:

ҚР –ның мемлеккеттік әнұранының әуені көңілді толқытып, жаныңды шаттыққа бөлейді, жүрегіңді егеменді елімізге деген қуаныш сезімге толтырады.Әнұранның әсерлі үні салтанатты жиналыстар мен мәжілістерде шалқиды. Еліміздің өмірінде аса маңызды орын алған ескерткіш орнатылғанда Әнұран орындалады. Шет елдердің мемлекет басшыларын қарсы алғанда немесе шығарып салғанда оларға мемлекеттік Әнұран әуенімен құрмет көрсетіледі.Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны көпшілік алдында орындағанда міндетті түрде түрегеп тұрып тыңдайды. Бұл – егемен елімізге зор құрмет.Әнұран мәтінін жаттап алып, салтанатты жағдайларда қосылып айту- әрбір азаматтың міндеті.

2- оқушы: Әнұран- тәуелсіз жас мемлекетімізді бүкіл дүние жүзіне паш еткен алтын да асыл сөздермен жазылған. Қазақ халқының кеңпейілділігі мен бауырмалдығының арқасында республика көп ұлттың баласына алтын бесік болып отыр.

Жаңа әнұран ресми түрде 2006 жылы 11-қаңтарда Қазақстан президентін ұлықтау рәсімі кезінде орындалды. ҚР әнұраны бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмет етеді. Жастарды қайсарлыққа, төзімділікке, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.

Мұғалім: Жастарды қайсарлыққы, төзімділікке, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақыратын Әнұранымыздың авторы кімдер екенін білеміз бе?


Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының авторы, экономика ғылымының докторы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының Халықаралық инженерлік академиясының академигі, «Алтын қыран» орденінің дүниежүзінің көптеген елдерінің жоғарғы мемлекеттік наградаларының, бірқатар халықаралық және отандық қоғамыдық ұйымдардың арнайы сыйлықтары мен атақтарының иегері. 1940 жылы Алматы облысының, Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келген. Украинадағы Днепродзержинск техникалық училищесінде, Қарағандаы металлургиялық зауыты жанындағы Жоғарғы техникалық оқу орнында оқып, инженер-металлург мамандығын алған. Еңбек жолын Теміртауда болат балқытушы болып бастап, кәсіпорын, қала және облыс деңгейінде басшылық жұмыстар істеді. 1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасының президенті.


Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов (1935 - 1983)

ҚР мемлекеттік әнұраны авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері. Атырау облысының Құрманғазы ауданыныдағы Қошалақ ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары факультетінде және Мәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет институты жанындағы жоғарғы әдеби курстарда оқыған. «Жазушы» баспасында «Лениншіл жас» газетінде, Қазақстан Жазушылар Одағында, Баспа істері жөніндегі Мемлекеттік комитетте, «Мектеп» баспасында жұмыс істеген.


Шәмші (Жәмшит) Қалдаяқұлы (Әнәпияұлы) (1930-1992)

ҚР мемлекеттік әнұранының музыкасының авторы, көрнекті сазгер, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері.

Шәмші Қалдаяқов есімі аталғанда аузымызға бірден халқымыздың әнұраны айналған «Менің Қазақстаным» әні түседі. Иісі қазақтың көкірегінде жыр болып төгіліп, сыр болып өріліп, әндерінің қай қайсысы да халықпен бірге туғандай біте қайнасып, оның бөлінбейтін бөлшегіне айналып кеткен. Халқының жүрегін осыншалықты сыршыл да кәусар саздың құдіретімен баураған ұлы сазгер есімі ұмтылмайды. Халық жүрегінде.


Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта,

Кім айта алар

Болмаған деп әнұран?

Енді бүгін өлген туым тірілді,

Әнұраным жалғап қалды ғұмырды.

Босағада қалып келген елтаңбам,

Баяғыша төріме кеп ілінді.

Барша халық таныған,

Шырқалғанда әнұран.

Шаттық кернер жүректі,

Біздің үміт, тілекті.

Мұғалім:

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл- таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Мұнда да бар ерлігім.

Мұнда да бар жер күші

Қара шаңырақ- ел күні,

Асқақтатып тұр мұны.

Елтаңбасы- елдігім

Елдің тыныш тірлігі,-деп «Елтаңба» ауылына да келіп жеттік. Бұл елдің сәулетшілерімен және елтаңбаның әр белгісімен танысайық.

Елтаңбамыздың негізгі ойын білдіретін орталық элементі – шаңырақ. Отбасы ынтымағы мен тыныштығының нышаны. Асқан шеберлікпен, әсерлі де әсем бейнеленген түндік көгілдір, ашық аспан аясындағы жарқын күнді білдіреді.Елтаңбаның көгілдір кеңістігінде ортасынан жан-жаққа тең таралған уықтар әлемдегі жылу мен тіршілік нышаны- күн сәулелерін еске алады. Шаңырақтың үш қатардан айқасып тұратын күлдіреуіштері үш жүздің мызғымас бірлігін білдіреді.

Елтаңбаның компазициялық құрылымының келесі құрамды бөлігі аңыз әңгімелердегі алтын қанатты, ай күресте арыстанның айбарын, қыранның қырағылығын, орасан күш иесі бұқаның қуатын, еліктің шапшаңдығы мен жылдамдығын және қимыл көркемдігін, түлкінің айлакерлігі мен тапқырлығын білдіреді. Әсем де мықты мүйіздері жеті буыннан немесе бөліктен тұрады. Бұл жеті буынның байланысы, олардың мызғымас бірлігі жеті атасын білмеудің тексіздік екенін, есімізге салады. Тұлпардың алтын қанаттары бидайдың алтын масақтары түрінде бейнеленген, яғни ол-еңбектің, молшылықтың, байлықтың белгісі.Елтаңбаның орта тұсында бес бұрышты жұлдыз бар, бұл біздің ақ жүрегіміз бен кең құшағымыздың барлық бес континеттің өкілдеріне де айқара ашық екенін білдіреді.Елтаңбамыздың реңдік бейнесі алтын және көгілдір түсті. Алтын түс халықтарымыздың жарқын да, айқын болашағына сай келеді. Ал көгілдір аспан әлемнің барша халықтарына ортақ.

Елтаңбалардың тарихи бастауында мөр таңбасы тұрғанын мойындау керек. Ол меншікті билікті ажыратқан. Мысалы: Шыңғыс ханның мөрі яшма асыл тасынан жасалған. Онда «Құдай билеушісінің мөрі » деген жазулар жазылған. Махмұт Қашқари өзінің сөздігінде «Таңба»сөзі « Ел билеушісінің ерекше белгілері » деген ұғым беретіндігін жазады.

Елтаңбаның мөрге бедерлеп түсірілген бейнесі мемлекет, үкімет атынан қабылданған немесе басқа да ресми құжатқа басылады.

Мұғалім: Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторы кімдер?

Шотаман Ыдырысұлы Уәлиханов

ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, Мемлекеттік сыйлық иегері, белгілі қоғам қайраткері.1932 жылы Көкшетау облысының (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы) Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірді. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері, Алматы қаласының бас сәулетшісінің орынбасары, Қазақстан Сәулетшілер одағы басқармасының төрағасы болды. Республикалық тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау қоғамының төрағасы.

Негізгі шығармашылық жұмыстары: Алматыдағы Ш. Уәлиханов (1969), Әлібй Жангелдин(1975), Тоқаш Бокин (1977) ескерткіштері, «Динамо» стадионы құрылысының (шығармашылық топ құрамынды) жобалары , Алматыдығы Тәуелсіздік монументі авторлар тобының жетекшісі(1998)


Жандарбек Мәлібекұлы

ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторы, Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші. 1942 жылы Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданындағы Екпінді ауылында дүниеге келді. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми-зерттеу жобалау жөніндегі бас сәулетші. Әндіжан қаласындағы әуежай, Ташкенттегі Үкімет қонақ үйі , Ферғанадағы облыстық пошта, Самарқандтағы облыстық әкімшілік үйі, Драма театры мен орталық кітапхана ғимараттарын, Ангрен, Ферғана және Самарханд қалаларындағы бірқатар тұрғын үй аудандары құрылысын жобалауға қатысқан.

Аружан

Елтаңбам, тау біткенмен таласасың,

Үйілген анау қойған ала тасың.

Үкілі қыз секілді ертедегі

Үйіріп бар халқыңды қаратасың.

Кейбіреу Елтаңбаны дөңес десін,

Көзіне басқа таулар елестесін.

Елтаңта, Елтаңбам-ай аты болса,

Білемін басқалардың теңеспесін.


Мұғалім:

Көк аспанда – қызыл күн

Көк аспанда – жас қыран.

Естілгендей біздің үн,

Сол ғарыштың астында.

Туымызға жас тұнған

Бір қарамай өтпейміз.

Сол көк Тудың астында,

Көгереміз көктейміз,- деп «Ту» ауылына да келіп қалыппыз. Мұнда тудың авторымен және ту туралы мағлұматтар аламыз.


Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков

ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі. 1938 жылы 12 қарашада Тараз қаласында дүниеге келді. В.И.Мухин атындағы Ленинград жоғарғы көркемөнер өнеркәсіп училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі. Чехославакияда өткен халықаралық байқаудың алтын медалін (1961) және Санкт – Петерборда өткен плакаттар байқауының бірінші жүлдесін (1982) жеңіп алған.

Дильназ:.

ҚР Мемлекетік Туы – тік төртбұрышты көгілдір мата. Тудың ортасында шұғылалы күн бейнеленген. Оның астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнесі алтын түсті бояумен берілген. Матаның сол жағында ұлттық өрнек салынған тік жолақ бар Онда «қошқар мүйіз» деп аталатын қазақы өрнек ойылған. Күн, күн шапағы, қыран, ою – алтын түстес.

Тудың ені-1метр, ұзындығы – 2 метр. Зеңгір көк түс (түркілік наным – сенім тұрғысынан алғанда – тәңірлік түс)-дегенді білдіреді. Жібек матаның ортасындағы 32 күн шапағы астындағы қыран бейнесінде өкімет билігін паш етіп, көрегендік пен кеңдікті білдіреді

Мирас:

Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен –тек,

Елдің ашық қабағы

Айдана: Тудың қабылданған күні 1992 жылы 4-маусым. Ресми тұсауы кесілген күн – 1992 жылы 6-маусым.

Ту ресми шараларда немесе шетелдік қонақтарды қарсы алғанда немесе шығарып салғанда ілінеді.

Қазіргі кезде барлық жерде мемлекеттік белгі ұлттық ту болып табылады. Туға әскери құрмет көрсетіліп және тағзым етіледі. Туды құрметтемеу елді, жерді құрметтемеу болып табылады. Жоғарғы дәрежедегі қонақты қарсы алғанда оның елінің туы да тігіледі.

Бүгінгі күні мемлекеттік туымыз Біріккен Ұлттар Ұйымы ғимараттарының алдында әртүрлі елдердегі елшіліктеріміздің маңдайшаларында желбіреп тұр. Оны ғарышкер, ұшқышымыз Талғат Мұсабаев ғарыш кемесімен заңғар көкке көтерсе, ал альпинистеріміз 1995 жылы Эверест шыңына қадады және дене шынықтыру саласында көптеген спортшылар еліміздің туын көкке көтере желбіретіп, қуантып жатқаны да белгілі.

«Шекара» бекеті

Шекарашы:

1-сұрақ: Балалар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану рәсімі жөнінде ережені білесіңдер ме?

Әсет: ҚР-ның Мемлекеттік туы; білім беру ұйымы басшысының кабинеттерінде басшы үстелінің оң жағында орналасуы керек. Тарих, Алғашқы әскери дайындық кабинеттерінде міндетті түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары Елтаңба, Ту, Әнұран мектеп тақтасының сол жағында орналасуы керек.

Мустафа: Білім беру ұйымдарының барлық оқу кабинеттерінде міндетті түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандарына арналған (лицензияланған баспа өнімі) арнайы бұрыш безендірілуі керек.

Нұргүл: Мемлекеттік мереке айрықша мәнді мереке күндері салтанатты іс-шаралардың басталуы мен аяқталуына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны барлық қатысушылармен орындарынан тұрып, оң қолдарын жүрек тұсына қойып орындалады. Оны орындау барысында артық қозғалыс-қимылға жол берілмейді.

Қорытынды.

Мұғалім: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы, ең алдымен бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Қазақстанға сендердің жасампаз еңбектерін, сендердің күш жігерлерің және сендердің білгендерің қажет …

Отан сендерге зор үміт артады. Сендер оны ақтап шығатындарыңа сенімдімін. Отаншылық сезімі, өз еліңе деген мақтаныш оның рәміздеріне деген құрметтен басталады.» деген. Сондықтан оқушылар елбасымыздың сенімін ақтайтындай азамат пен азаматша болыңдар.

 Мұғалім: Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады. Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел-жұртын жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың тендігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін осы дәрежеге жеткізді. Осындай халық қамын ойлаған азаматы бар қазақ  елін бүгінде әлем таниды.

Балалар, сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер.

Қазақстан Республикасының азаматтары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының аймағында жүрген адамдардың барлығы Қазақстан Республикасының Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қадірлеуге міндетті. Бұлай болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Балалар, Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Олай болса, еліміздің болашағы сендерсіңдер! Отанды сүюге, қорғауға әрқашанда дайын болыңдар.



Тәуелсіз- Қазақстан


Мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғалы,  жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін одан әрі толықтыру. Отанды сүюге, болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенің аңғарту. Еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді сақтап, әрі қарай жалғастыруғу тәрбиелеу.

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар биыл еліміздің тәуелсіз Қазақстан Республика атанғанымызға 22 жыл уақыт болыпты. Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағатымызға қош келдініздер!

Әнұран орындалады.

Мұғалім:

Данасымен батыры көп қазақпын,

Көрге талай қияметін азаптың.

Аршындаймын көк туымды шалқытып,

Жасай берсің, тәуелсіздік азат күн-дей келе ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.

Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,

Қазағымның өркендеді елдігі

Құрбан болған Тәуелсіздік жолында

Ағалардың ұмытылмас ерлігі

Мұғалім: Тәуелсіздік алғанымызға 22 жыл толды.Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз.1991жылы 16желтоқсан-тарихтағы ұлы күн.Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды.Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті және еркіндік,бірлік,тұрақтылық,гүлдену сияқты негізгі құндылықтары қалыптасады.Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді.Азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді.Бірақ,ешқашан да мойымады,күресе білді.Тәуелсіздік.Қандай қасиетті,ұғым.Тәй-тәй басқан шағынан бастап талай-талай қиындықтарға қарсы тұрған Тәуелсіздігіміздің бірте-бірте еңсесін тіктеп,тұғырын биіктеп,тамаша табыстарымен жігіт жасына жетіп отыр.Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан-теңіз,әліде берері тіпті мол.

Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далада атам қолға ту алған, 
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!


Қасиетті Қазақстан, мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, Жерім, Отаным, бақ- дәулетім,

Болашағым, өнер- білім, өркенім.

Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,

Парақтап сені киеңді түсіне бастадым

Сен менің арым, бағым, барымсың

Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!

Біздің жемістері:( Қазақстан сөзін құрап шығару)


  1. жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды.

  1. жылы қазан айында қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

  1. жылы 1- желтоқсанда тұңғыш Президент сайланды.

  2. жылы еліміз тәуелсіз мемлекет болып жарияланды.

1992 жылы 7- мамырда Қазақстан қарулы күштері құрылды.

  1. жылы 4 маусымда еліміздің рәміздері қабылданды.

1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы теңге айналымға енді.

  1. жылы 30 тамызда Ата Заңымыз бірауыздан қабылданды.

  1. жылы Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.1998 жылы Президент жарлығымен Ақмола қаласы Астана қаласы болып өзгертілді.

Хормен: Біз тәуелсіз қазақстанның болашағымыз!

Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет, 
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым, 
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген, 
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар
Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?


Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді, 
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз, 
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды, 
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:

Ән: «Қазақстан»

Мұғалім: Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі халқымыз өз таңдауымен ел президентін сайлады. Сөйтіп оган үлкен сенім артты, міндет жүктеді. «Рухы күшті ел — алынбайтын қамал» дейді халық нақылы. Халық үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстан келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенеміз.


Гүлдене бер, Отаным,

Көтерген туын Нұр ағамІ

Көбейткен достың қатарын,

Нұр ағ біздің ұлы адам.


Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,

Өмір жолы болған қиын бұралаң.

Қазағымды жарқын жолға бастады

Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.


Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,

Көк алқапты жасыл жайлау далам бар

Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,

Ақ ниетті халық деген данам бар



Естімейік енді елдің жылағанын,

Қайта құлап, бостандық сұрағанын.

Абылайдың жолымен алға. басқан,

Құт болсын «нұрлы жолы » Нұр ағаның.

Биіктей бер, Нұр аға,

Қыран қанат талмасын.

Қадірлемей тұра ма,

Халық сіздей тұлғасын.

Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, 
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп, 
Жас Отанның өмірін де түсініп, 
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, 
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Ән:Отаным- Қазақстан

Мұғалім:

Туым- теңдігім,

Елтаңбам- елдігім,

Әнұраным- айбыным!- демекші, тәуелсіз еліміздің көк байрағы, елтаңбасы мен әнұраны бар.

Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,

Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын

Тұрғанда көкшіл Тудың көкті тіреп,

Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!

Ән: трио ұлдар

Отан! Бұл сөз әрбір дала перзентінің көкірегін кернеген мақтанышпен айтатын сөзі. Менің Отаным - Қазақстан. Қазақстан байтақ елі. Осы сөзді естігенде көз алдымызда жазық дала, кілемде өрнектелген көк шалғын, айдын көлде қиқулаған аққу, қаз, үйіріле жусаған отар-отар қой, құлын-тай ойнақтаған үйір жылқы, еркін сайраған бозторғай үні елестейді.

Аңсап халық көп күткен

Егеменді ел болдық

Көңіл- күйі тоқ жұртпен

Тереземіз тең болдық

Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң Ұлы Отан

Елім менің- тірегім,

Құшағыңда гүл атам

Шығысыңнан арайлы,

Күліп атқан құба таң

Сенен бақыт тарайды

Баршамызға Ұлы Отан

Сарқылмайтын қуатым

Тірегімсің сен , Отан

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің сен, Отан!

Мұғалім: Қазір төрткүл дүние Астанаға көз тігіп отыр. 2010 жылы 1-2 желтоқсан Қазақстан тарихында алтын әріптермен жазылып қалатын болды. Дәл осы күні тәуелсіздік сарайында 56 елдің басын қосқан ЕҚЫҰ саммитінің өткізілуі шын мәнінде теңдесі жоқ тарихи оқиға.

Отан дейміз кең – байтақ Астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады


Мен қазақпын, ұланымын елімнің

Мен қазақпын, тірегімін жерімнің

Ұланымын туын көкке көтерген

Болашаққа алға бастар жетелер

Қиындығын қазағымның әрқашан

Қайыспайтын қара нардай көтерген.


Көз тойғысыз қазағымның жері бар,

Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар

Қазағымның жерін, елін қорғайтын,

Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар


Міне осындай егеменді еліміз

Кең жазира ұлан байтақ жеріміз

Туған елін, туған жерін сүйетін

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз


Мұғалім: Қазіргі Қазақстанның стратегиялық дамуына қажетті - бірлік, ұлт татулығы, тыныштық. «Бірлік бар жерде - тірлік бар» деп халық тегін айтпаған. «Бөлінгенді бөрі жейді» дегенді де естен шығармайық. Тәуелсіздігіміздің баянды болуы достықты дұрыс айқындалған бағыт бағдарда.

Сынып оқушылары дайындағамн концерттік номерлер.


Мұғалім: Тәуелсіздік деген қасиетті ұғым, тек қазақтарға ғана емес, қазақ жерін мекендеген, оған кіндік қаны тамып, бірге қайнап бітіскен, туған топырағым деп егілген басқа ұлттар мен ұлыстардың да ортақ игілігі. Ендігі бар тілегіміз бен мақсатымыз Тәуелсіздігіміз арта берсін!



Алтын жүрек анамыз


Мақсаты: Қазақстанның бірінші ханымы, « Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс - шаралары, еліміздегі адамгершілік - рухани білім беруінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, жер бетінде өмір сүрген барлық халықтардың арманы – өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіре отырып, "Өзін - өзі тану" әлемінің басты мақсаты – ұл - қыздарымызды жеке өзімен және өзін қоршаған ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу. Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата - анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Мұғалім:
- Бүгінгі сабақтың өзгешелігі, мектеп акт залында, қонақтармен ата - аналарымызбен бірге өткізгелі отырмыз. Бұл сабақтың негізгі өткізілу мақсаты: Сара Алпысқызы Назарбаеваның мерей тойына байланысты болмақ.
Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қазіргі кезде өскелең ұрпақты тәрбиелеуде алға қойып отырған негізгі мақсаттардың бірі - қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, мемлекетіміздің болашағы үшін жан - жақты дамыған жеке тұлғаны калыптастыру.

Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек»қорының президенті Сара Алпысқызы «Өзін - өзі тану» рухани - адамгершілік білім жобасы республикамыздың білім беру мекемелерінде, бала бақшаларында эксперименттік пән ретінде жүргізіліп келеді.
Баланы мәдениеттілікке, сыпайылыққа, әдептілікке баулу - ата - ананың да, қоғамның да, мектептің де ең басты міндеті.

Адам бойына кішіпейілділік, сыпайылық, мейірімділік, рақымшылдық, жанашырлық, тілектестік, сыйластық сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білуге, тыңдай білуге, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуға үйрету де «Өзін - өзі тану» пәнінің үлесіне тимек.

Ендеше, біздің бүгінгі танымдық кеш Сара Алпысқызы Назарбаеваға арналмақ. «Даналық шыңы - махаббат» десек балаға деген ұлы сезім Сара Алпысқызының өмірлік ұстанымы. Олай болса осы абзал жанның өмір дерегіне қысқаша тоқталайық.
1. Сара Алпысқызы қай жылы, қай қалада дүниеге келді?
2. «Бөбек» республикалық қоры және «SOS Қазақстан балалар ауылдары» қоры қашан құрылды?
3. Сара Алпысқызы қандай кітаптардың авторы?
4. Сара Алпысқызы еңбектері үшін қандай марапаттауға ие болды?

1 - оқушы
Сара Алпысқызы 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды обылысы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын қарапайым құрылыс жұмысшысы болып бастаған. Жоғары білімді экономист. Сара Алпысқызының елбасымыз Н. Ә. Назарбаевпен отасқанына 50 жыл толды. 3 - қызы бар, немере, шөбере сүйген ардақты, бақытты ана.

2 - оқушы
1992 жылдан бастап Сара Алпысқызы балаларға рухани - адамгершілік білім беру және тәрбиелеуге байланысты мәселелерді шешуге нақты көмек көрсететін «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалашы және президент.
1994 жылдан бастап «SOS - Қазақстан балалар аурулары» қорының президенті. 1999 жылғы наурыз айынан «Демография қайырымдылық қоры» кеңесінің төрайымы.

3 - оқушы
Сара Алпысқызы - қоғамның, адамның рухани адамгершілік дамуы бойынша бирнеше кітаптардың авторы, бақытты балалық шақ туралы тұжырымдама құрды

4 - оқушы.
Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. Қор көмекке зәру панасыз балаларды өз қамқорлығына алып, тәрбиелеуге мән береді. Қазақстанның бірінші ханымының бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды. Осының нәтижесінде Республиканың барлық өңірінде жетім балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып «Үміт» жас өскіндер үйлері ашылуда.

5 - оқушы

Сара Алпысқызы көптеген кітаптардың авторы. Атап айтсақ:
1. Порфирий Корнеевич Ивановтың «Детька» жүйесін пайдаланушы қатысушылардың денсаулығын, адамгершілік тәрбиесін нығайту және дамытудың мәселелері 1999 ж
2. «Өзіңе жол» Порфирий Корнеевич Ивановтың ілімі сау тұлғаны тәрбиелеудің әдісі ретінде 1999ж.
3. «өмір этикасы» 2001 ж.
4. «Сүйіспеншілікпен» 2001 ж.

6 - оқушы

Сара Алпысқызы балалардың құқықтарын қорғау саласындағы еңбектері үшін:
«1 - Дәрежелі Достық орденімен 2001 ж.»
«Алтын жүрек» Халықаралық сыйақысының лауреаты 2006 ж.
«Ш. Айматов атындағы «Алтын медаль» 2003 ж.
«БҰҰ – ЮНИСЕФ балалар қорының естелік медалі» 2007 ж.
«Ихсан Дограмачи атындағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйақысы».
«Жетім балалардың мәселелерін шешуде ерекше еңбегі үшін - sos - Киндердорф»халықаралық қорының алтын медалі 1999 ж.

«Балам дейтін ана болмаса, Анам дейтін бала қайдан табылар» бар баланың анасы болып, әр баланың болашағына ізгі жол сала білген, әлемнің анасы атанған өз анамыз Сара Алпысқызының өмірі мен еңбегінен үлгі ала отырып, болашақта еңбек сүйгіш, мейірімді, адал, Отанымыздың туын биік ұстар, ұлт болашағын көркейтер еліміздің патриот азаматтары болуларыңызға тілекшіміз.


Мұғалім:
«Бала жанын ғажайып пен жақсылыққа толтырсаңыз болады, оның өзі - ақ тәрбиелі болып шығады»- деп ұлыларымыз айтқандай бала тәрбиесінде нәтижелі іске қол жеткізудің жолын тапқан «Бөбек» Республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті С. А. Назарбаеваның бала бойындағы мейірімділік пен қайырымдылық, ізгілік пен рухани құндылықтарды арттыру және адамға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін білім берудегі жаңа «Өзін - өзі тану» пәні әр баланың жүрегінің төрінен орын алғаны сөзсіз. Әр баланың жүрегіне жол таба білген мейірімді жан.

Ана туралы жыр
Сөзін жазған: Ғ. Қайырбеков
Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың қанатын самғаған,
Балалық құштарым өзіңе арнаған.
Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап, өсірген жемісін,
Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де мен саған сәбимиін
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.
Етуге борышың, анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын сыйлар ем, кеш мені,
Сыйлар ем ай, күнін, қолыма түспеді.

Топтық тапсырма. Шағын эссе жазу. Берілген уақыт 5 - 7 минут.

1. Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.
2. Анам үшін мақтанам.
3. Анам менің ардақты.
4. Анам асыл қазынам.

Мұғалім:
- Балалар өз ойларын ашық айтты деп ойлаймын, ендігі кезекті ата - аналарға берейік. Ата - аналардың балалары туралы өз пікірлерін білейік.

Ситуациялық сұрақтардың жауаптары:

1. Балаңызды өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
(Мүмкіндігінше, оның қабілетін одан әрі дамытуына жағдай жасаған дұрыс. Мүмкін, ол бойында жасарын дарындылық қабілет болар. Көптеген биограф - зерттеушілердің айтуынша, мыңдаған Архимед, Моцарт, Рафаэльдердің көбі өмірлерін ешбір атақсыз, қарапайым диқан, қолөнерші, аспаз ретінде өткізген көрінеді).
2. Сізге мектептегі мұғалімдерден « Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды.. Тағы көрші ата – аналардан да « біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
(Баланы тәртіпке келтіруден бұрын, оның агрессивті болуының себебін тереңнен іздеңіз. Басқаларды ренжітетін бала өзі ренжіген бала.
Отбасыңыздағы біреу осыған кінәлі емес пе? Ойланыңыз. Мүмкін, жағдайды талдап, себебін тереңнен табуға болатын шығар?).
3. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?
(Балаңыздың мұндай жөнсіздіктеріне жол бермеңіз, әйтпесе, одан кейін де өрши түседі).
4. Балаңыз күнде 1 - сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?
(Қаталдау болуға қорықпаңыз. Сонда ғана ол өз орнын табады).

Осы аналарымызға арнап Тұрған Ақнұрдың орындауында «Аналарға қатал қарау - зұлымдық» атты өлеңін тамашалайық.

Мұғалім: Балалардың аналарына деген көз қарасы қандай екенін білу үшін. «Ашығын айтсам» деген жаттығуды орындайық. Аяқталмаған сөйлемдерді аяқтаймыз.
1. Ашығын айтсам, кейде анам маған ұрыса береді, себебі.............
2. Ашығын айтсам, мен кейде ата - анамды тыңдамаймын, себебі..........
3. Ашығын айтсам, мен анамның орнында болсам.................
4. Ашығын айтсам, мен анама көп өтірік айтамын...............
5. Ашығын айтсам, анамды тек қуантсам деймін..............
6. Ашығын айтсам, кейде анамды ренжітіп алсам....................
7. Ашығын айтсам, анамның мұңайғанын көрсем........
8. Ашығын айтсам, анам ауырып қалса...................................
9. Ашығын айтсам, анама ұзақ уақыт үйде болмаса.....................
10. Ашығын айтсам, анам бір нәрсе бүлдірсем, мені қатты жазалайды.......
11. Ашығын айтсам, мен анама ренжімеймін..........................
12. Ашығын айтсам, кейде мен анамды түсінбеймін..........

Сергіту сәті. « Ыстық орындық» деп аталады.
Мұғалім:
Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:
– Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтайын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді тоғыз ай абақтыға жапса, одан шыққан соң аузыңа өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса сол адамға не істейсіңдер? Осы сұрақ жөнінде өз ойларыңды ортаға салсаңыздар.
Тұңғыш баласы: Оның басын балтамен шабар едім,- депті.
Екінші баласы: Оны мен мылтықпен атып тастар едім, – дейді.
Ал үшінші баласы: Оның кеңсірігін бұзар едім.
Ал кенже баласы былай депті:
• Жоқ, ана мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі, ал мен болсам, ол адамды аялап өлгенше алақаныма салып бағар едім, – депті.
• Ол мені жаратушы, жарық дүниеге әкелуші адам. Сіз бізді тоғыз ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқымнан шыққаннан кейін таза жатсын деп ағаш бесікке бөледіңіз, – депті.

Қорытынды: Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Өмірде анаға деген сағыныш, оның ыстық мейірімге толы жылы құшағын аңсамайтын адам бола қоймас. Күннің шуақты сәулесіндей ыстық ана жүрегі, одан туындайтын ананың махаббаты әр перзент үшін. Сондықтан баршамыз ана атына кір келтірмей, оларды ардақ тұтып құрметтеуіміз қажет.
Әркімнің ақ жаулықты анасы бар,
Бәрің де ана алдында баласыңдар.
Анасы ақ жаулықты төрде отырса,
Ұяда береке бер, жарасым бар.
Құрметті қонақтар, ата - аналар оқушылар осымен бүгінгі «Алтын жүрек анамыз» атты танымдық кешіміз аяқтаймыз.




Аяулы менің анашым!


Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен әжелерді мерекемен құттықтау, ананың қоғамдағы орнын, ең құдіретті жан екенін ұғындыру.

Барысы:

Мұғалімнің сөзі:

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.

Құрметті аналар, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.


Хормен: Ана деген – жүректегі асыл ән,

«Ана – бақыт» деген сөзге қосылам.


Ән: Анашым

Әдеби монтаж

Әлпештеген, аялаған,

Ақ сүт берген, апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.


Біз доспыз гүлдермен.

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір – бірден

Анаға сыйлаймыз

Сыйлық әкеп әжеме,

Таңғалдырам бар елді.

Өте жақсы көремін,

Өйткені, мен әжемді.


Құшағыңа кіргенде

Жылынамын бір демде

Не жетеді көзіңе

Мейірімді күннен де.


Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші наурызбен.


Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады

Сен деп жаздым алғаш өлең – дастанды.

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба, өзің жоқ деп жыладым.


Бәрі де, ана бір өзіңнен басталады,

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

Би: Қолшатыр

Дүниедегі ең ардақты асыл жан,

Анам менің мәпелеген жасымнан

Мен қуансам қуанады ол бірге,

Мен киналсам табылады қасымнан

Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,

Бар жақсылық аналардан тараған.


Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріңе нәрін берді ақ сүтің

Кең құшағың – аясындай гүл бақтың


Аналар шаңырақтың сәулеті ғой,

Ана деген баршаның дәулеті ғой.

Адамды адам еткен ақ сүт беріп,

Жаңа өмірге сәбиін жетелеген.


Маған қымбат адам жоқ бір Анадан

Бар жақсылық Аналардан жаралған

Жер беріне өмір нәрін себуші

Аналарға борышты ғой бар адам.


Барша ана құтты болсын мерекеңіз

Әрқашанда ана сізбен берекеміз

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам

Сонда біз кісілікке теңесеміз


Ән: Менің анам алтын


Ана деген кім десе,

Шуақ шашқан күн дер ем

Сәби үшін ұйықтамай арпалысқан түн менен

Ана үні өмірде ең мейірімді үн дер ем


Жақсы көрем апамды,

Жүрем ылғи бірге еріп.

Тауға мені апарды,

Талай қайттық гүл теріп.


Алтын апам ол менің

Мені жақсы көреді.

Үйретеді өлеңін,

Ертегі айтып береді.

Би: Рэп

Мұғалім: «Отбасы шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел – ана отбасы жылуын сақтаушысы, қоғамның ертеңі болашақ балалардың тәрбиелеушісі.

Аналар өз тілектерін жазып іледі.

Ән: Аяулы анашым

Мұғалім: сәби деген – аналардың тірегі,

Сәби – деген ақ бесіктің жүрегі,

Сәби деген – мейірімнің тірегі – дей келе балаларыңыздың қол өнерінен шыққан сыйлықтарын қабыл алыңыздар.

Хормен: Мерекеңіз құтты болсын!

Хор: Құттықтайммын ана




«Ал, қанеки, қыздар!» атты сайыс


Мақсаты:Ойын тәсілі арқылы оқушылардың ойын дамытып, пәнге деген қызығушылығын ояту; Өнерді түсініп, бағалап, меңгеруге бағыт-бағдар беру; Өнер үйренуде өз беттерінше ізденудің қажеттілігін сезіндіру.

Міндеттері: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

- сайыстың тақырыбымен таныстыру,

- сайысқа қатысушы топтармен таныстыру,

- әділқазы алқаларымен таныстыру.

- сайыстың шарттарымен таныстыру, (плакатта жазулы тұр)

ІІ. Сайыстың барысы:

ІІІ. Сайыс қорытындысы.


Сайыс барысы:

Жүргізуші:

Қыздарымыз сүйкімді болсын деп,

Өнер –білімге икемді болсын деп,

Бәйтеректей бойшаңдансын деп,

Өрен-өршіл өркенді болсын деп,

Жақсы жолды таңдайық.

Жамандық тәлім алмайық,

Дарынды мектеп дәстүрін

Жаңалайық, жалғайық,

Ары адал, жаны жаз,

Арулар жолын таңдайық, - деп «Ал, қанеки, қыздар» атты кешімізді бастайық.

1) Армысыздар қадірменді көрермен қауым! Қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер дейміз.

Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шартарымен таныстырып өтейін.

1-шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр топ атымен, ұранымен эмблемасымен таныстырады. (4 мин)

2-шарт. «Бәйге» сұрақ-жауап сайысы. (5 мин)

3-шарт. «Кім жылдам?» (8 мин)

Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді.

а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою)

ә) картоп ашу

б) Инені сабақтап түйіндеу

в) түйме қадау

г) 1 мин ішінде инеге бисер өткізу (кім көп тізіп шығады).

4-шарт. «Тіл өнері» (5 мин)

Мақал-мәтелдерден, жұмбақтардан жасырылған сөздердің жауабын табу.

5-шарт. «Ас – адамның арқауы» (10 мин) салат түрлерін дайындау.

6-шарт. «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» - қолөнер бұйымдарын көрсету және үй тапсырмасы (сөзжұмбақ 2 мин).

Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,

Өнерліге өз басым таң қаламын.

Өнерді әділдікпен бағалайтын,

Таныстырайын әділқазы алқаларын.

1. Мектеп директоры:

2. Директордың әдістемелік істер жөніндегі орынбасары:

3. Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары:

4. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі:

Сайыстың 1 шарты бойынша топтардың атымен, ұранымен, эмблемасымен таныстыру. (әр топқа 1 мин – 4 мин)

Ақылдылық қыздарға жарасады,

Көзі ашықпен бәрі де санасады.

Келесі сұрақ – жауап сайысында

Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап береді.

«Бәйге»

Әр топқа 6-сұрақ беріледі, тез әрі нақты жауап беру керек. Әр қатысушыға 2 минуттан 5 минут беріледі.

«Бәйге» І топ

  1. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.)

  2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)

  3. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)

  4. Ою-өрнек түрлері нешеге бөлінеді. (4), (жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық).

  5. Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше (түскиіз)

  6. Кестелеуге ине мен жіптің қандай түрін алған жөн? (жіңішке ине, кесте жіп)

  7. Қандай қолданбалы өнер түрлерін білесіңдер? (кілем тоқу, құрақ құрау, киіз басу, сырмақ сыру)

«Бәйге» ІІтоп

1. Табиғи жүнді неден алады? (қой, ешкі)

2.Кешке жатарда асты неше сағат бұрын ішу керек? (3 сағ)

3.Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)

4.Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)

5.Тамақ әзірлеу өнері (кулинария)

6.Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)

«Бәйге» ІІІ – топ

1. Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. (салфетка)

2. Бидайдан әзірленген ұнтақ (манка)

3. Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек? (түсте)

4. Кестелеу үшін қандай құрал керек? (кергіш, оймақ, ине)

5. Сумоншақтың орысша атауы (бисер)

6. Нанның кептірілген бөліктері (сухари)

3-шарт. «Кім жылдам?»

а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (1 қыз түрлі-түсті қағаздан ою ойып беруі керек).

ә) Картоп тазалау. (әр топтан 1 қыз шығып, картопты тез әрі жұқа, әрі үзілмеген етіп аршылуы керек).

б) Инені сабақтап, түйіндеу. (тез әрі дұрыс істеуі керек).

в) Түйме қадау. (түйме мата түсіне сәйкестігіне, ине, жіп түйілгені ескерілуі керек).

г) Бисер тізу. (1 мин ішінде сабақталған инеге бисер өткізу керек. Ең ұзын тізбек тізген оқушы жеңеді)

4-шарт. «Тіл өнері»

Ал, қанеки, қыздар, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық – дегендей жұмбақ шешіп көрейік.

1-топ

1. Бар екен дүниеде жалғыз көзді,

Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.

Әлемді он сегіз мың киіндіріп,

Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді. (Ине) Оқу инемен құдық қазғандай.

2. Құрғақ жерде сақтайсың

Онсыз тамақ татпайсың. (Тұз) Доссыз адам – тұссыз ас.

3.Екі семсер айқасқан, Асыл қайшы пішуге сән,

Оқта-текте шайқасқан. (Қайшы) Күміс қасық – ішуге сән.

4. Арық ат қарны қабысқан

Бір көлді ішіп тауысқан. (Қасық) Құрғақ қасық ауыз жыртар.

5. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, Қоныс көркі – там,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (Дастархан) Дастархан көркі – нан.

2-топ.

1. Бір сусын бар жұртымда,

Ішсең уыз ұртыңда.

Бәрі содан шығады, Жылқыда өт жоқ,

Ірімшік май құртыңда. (Сүт) Құста сүт жоқ.

2. Дастарханға шуылдап,

Күніне үш жиылар,

Жарты сағат қимылдап, Шешесін көріп, қызын ал

Жарты сағат жуынар. (ыдыс-аяқ) Ыдысын көріп, асын іш.

3. Қимылдаса қос шебер,

Қыруар-қыруар іс өнер (Қол) Көз қорқақ, қол батыр.

4. Инеден өзі бір елі де қалмайды,

Бөлшектерді тігіспен ол жалғайды. (Жіп)

5. Киім деуге жатпайды,

Киімді кірден сақтайды. (Алжапқыш)

5-шарт «Ас адамның арқауы»

Ендеше іске сәт сайыскерлер!

Ас көңілдің ажары деген ырым

Жақсы ғой тағамның да білген сырын,

Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер

Дайындаған жаңашыл салат түрін.

-Өнер-білім тұңғиығынан нәр алған сайыскерлеріміздің тағам дайындау жағынан сыналар уақыты да жетті. Әр топ салат жасайды. (уақыты 5 минут)

Келесі 6-шартымыз бойынша «Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ» дейді қазақ, енді қыздарымыздың қолөнер бұйымдарын тамашалап, бағалайық.

Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Ал қазір кімнің ұпайы көп екенін білу үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз. Жеңген топ марапаттау қағазымен марапатталады.

Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз.

Қорытынды: Салт-дәстүр, әдет-ғұрып ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан халқымыздың асыл мұрасы. Салт-дәстүрлер қоғамдық әлеуметтік дүние, ол халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Халқымыздың осындай баға жетпес құнды қазынасын бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік жасау басты мақсатымыз.

  



"Жігіт сұлтаны"


Мақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, жөн - жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу.


Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Сіздер бүгін жігітке жеті өнер де аз дегендей 2 - сынып оқушыларының «Жігіт сұлтаны» сайысына қош келіпсіздер.

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Ата жолын жалғамақ,

Ел дәстүрін қорғамақ.

Жігіттер шықсын ортаға,

Бүгін сұлтан атанбақ.

Құрметті көрермен қауым, ендеше сайысқа түсетін жігіттерімізді қол соғып қарсы алайық. Бүгін міне біздің сыныптағы жеті жігіт өз өнерлерін көрсетпек. Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап жігіттеріміздің өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.


1. Таныстыру

Жүргізуші:

Жігіттер келіп жетті танысуға,

Бойындағы бар дарынды дамытуға,

Жігерленіп келіп жетті,

Әдеппен, ізетпен табысуға.

1. Қуантады білімімен бізді ....

Қол соғып қарсы алайық, енді оны біз.

Білімің серік болсын талабыңа,

Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.

2. Өнер қуған жасынан

Өнері судай тасыған

Келесі біздің .....

Көрінген күштің басынын

3. Сыйлаған ата - анасын

Үлкеннің алған батасын ол. .....

4. Сүрінбей сыннан өтемін

Мақсатыма жетемін деп келе жатқан ..........

5. Жігіттің дара туған ірісіндей

Жүрісі батырлардың жүрісіндей

Келбетті батыр тұлға

Сом білек Қажымұқанның інісіндей ..........

6. Ақынның тұяғымын сартылдаған

Асылдың сынығымын жалтылдаған деп келе жатқан ........

7. Арман бар биік шыңға шықсам деген

Қыран боп көк әлемге ұшсам деген

Бүгінгі сайыста жеңіп шығып

Кең сермеп қанатымды ұшсам деген ол ............


2 - кезең «Білгенге маржан»

Ал, кәнеки қырандар

Босқа қарап тұрмаңдар.

Бастап жігіт өнерін

Алыстарға самғаңдар

«Біреу білмегенді біреу біледі» дегендей салт - дәстүрге байланысты сұрақ - жауап.

1. Төрт түлік малды ата.

2. Түйенің сүтін ата.

3. Киіз үйге жарық қайдан түседі?

4. Сәби баланың төсегін ата.

5. Ер жігіттің бес қаруын ата.

6. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.

7. Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам


3 - кезең. Өнер көрсету

Кедеймін деп қысылма

Өнерің болса қолыңда

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатыр жолында – кезекті өнер сайысына берейік.


4 - кезең. Күш сынасу

Ат өнері білінбес

Бәйгеге түсіп жарыспай

Қоян қолтық алыспай (Өз ара білектесіп күш сынасады)


5 - кезең. Сән үлгісі

Жігіттер ұлттық киім үлгілерін көрсетеді.

Қорытынды. Жеңімпазға «Жігіт сұлтаны» деген атақ беріліп, қатысқан оқушылардың барлығына сыйлықтар және мақтау қағаздарымен марапатталады.


Ал, қане, ұлдар!


Мақсаты:

Білімділігі: Ата –бабаларымыздан бері ұрпақтан ұрпаққа жеткен халықтың салт-дәстүрімізді дәріптеу, насихаттау.

Тәрбиелігі: Ұл балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелей отырып, баланың жан дүниесіндегі талғамын қалыптастыру арқылы әдептілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушының дүниетанымын кеңейте отырып, ой-өрісін дамыту.


Жоспар:

І. Кіріспе сөз

ІІ. Сайыс

Сайыс 7 бөлімнен тұрады.

1. Таныстыру.

2. «Ойлан, тап» жұмбақтар шешу.

3. Мақал-мәтелдер сайысы.

4. Сұрақтар, тапсырмалар.

5. Ою-өрнек.

6. Ормал тастамақ ойыны.

7. Білек күшін сынасу.


Негізгі бөлім

1. Кіріспе сөз

Мұғалім: Ал, қане, ұлдар атты сайысымызда ата-бабаларымыздан бері ұрпақтан ұрпаққа жеткен салт-дәстүрімізді, асыл сөздерімізді дәріптеу, насихаттау мақсатында өтеді. Ұл балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Сайыстың бөлімдерімен сіздерді таныстырып өтейін.


2. Сайыстың бөлімдерін айтып таныстыру.

1-бөлім:Әр сыныптың оқушылары ортаға шығып өздерін таныстырады.


2-бөлім: «Ойлан, тап» жұмбақтардың шешуін табу.

1. Әжем сақтар тапқанын,

Қоймасы бар шап-шағын. (сандық)

2. Торы тай,

Табында төрт ай. (таға)

3. Сөзі дана, үні жоқ,

Сөйлемейді тілі жоқ.

Қолыңа алсаң шешен,

Ақылы асқан көсем (кітап)

4. Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта,

Сөйлейді шежіредей адам соқса. (домбыра)

5. Иесі оның - сәби,

Әрі төсек, әрі үй. (бесік)

6. Көтеріп орман, тоғай, тастың бәрін,

Жанында шөгіп жатыр, үлкен нарың. (киіз өй)

7. Көліксіз өмір сүрмейді,

Ғұмыры жаяу жүрмейді. (ер тоқым)

8. Жаңылмастан жетеуі.

Кезек қызмет етеді. (аптаның жеті күні)


3-бөлім: «Жалғасын тап» (мақал-мәтелдер сайысы)

1. Туған жердей жер болмас

...(Туған елдей ел болмас)

2. Тіл тас жарады,

...(Тас жармаса, бас жарады)


3. Бұлақты болса көл семіреді.

.... (Ынтымақты болса ел семіреді)

4. Кісі елінде сұлтан болғанша,

...(Өз еліңде ұлтан бол)

5. Туған жердің құдіретін,

...(Шетте жүрсең білерсің)

6. Отан от басынан .... (басталады)

7. Ел елдің бәрі жақсы,

...(Өз елің бәрінен жақсы)

8. Тұғырым менің - .... (туған жерім)


4-бөлім: сұрақтар, тапсырмалар

1. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.

2. Ырым, тиым сөздерді айту.

3. Қазақтың ұлттық мерекесі жаңа жылы қай кезде болады?

4. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата.

(бесбармақ, бауырсақ, құрт-май, айран, шұбат, т. б. )

5. Бала шыр етіп дүниеге келгенде жасалатын дәстүрлерді ата.

6. Батаменен ел көгерер, бата бере білесің бе?

7. Айран қай малдың сүтінен жасалады?

8. Қаймақ қандай сүттен алынады?

- Оқушылардың жауаптары тыңдалады.


5-бөлім: Ою-өрнек

- Сол жерден өздерінің таңдауы бойынша ою қиып көрсетеді.

6-бөлім: Орамал тастамақ ойыны

- Ойын шарты таныстырылады.


7-бөлім: Білек күшін сынаймыз

Кім епті екенін сыныпта,

Күштілер бар біздерде

Төтеп берер тығырықта –деп оқушылар білек сынасады.

Табылар білім болса бар асыл да,

Кезек қазылардың бағасына - деп сөз кезеңін әділқазылар алқасына береміз.


Қорытындылау

Мұғалім:Жас ұрпақтың рухани нәр алып жетілуіне халықтық асыл мұраның әсері мол. Соны жинап зерттеп, келер ұрпақтың бойына дарыту кезек күттірмейтін өзекті мәселенің бірі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді қазақ. Бала жасында қалай тәрбиеленсе, есейгенде соны істейді. Халықтық тәрбиенің туын биік ұстап жас ұрпақты қасиетті халқымыздың тәлімгерлік үлгісімен тәрбиелейік.




Қош бол құтты Әліппем!

Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.
2. Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып, толық жауап беруін, қабылдауын, зейін қоюын, есте сақтауын дамыту.
3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін - бірі сыйлауға, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға және балалардың эстетикалық талғамдарын түсіп, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Барысы:

Ортаға екі оқушы шығады.

  • Қайырлы таң

  • Қайырлы таң

  • Кел танысайық. Менің есімім – Әли.

  • Өте тамаша есім екен. Менің есімім – Дана.

  • О, о қандай керемет есім.

  • Қайда бара жатырсың?

  • Мен №26 мектепке бара жатырмын.

  • Таптым – таптым 1 «Ә» сыныбының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне бара жатырсың ба?

  • Дәл солай. Міне құрметті ата – аналар ертеңгілікке келген екен.

  • Қадірлі ұстаздар да осында.

Бірге: ендеше 1 «ә» сыныбының оқушыларын ұстаздары Марал Тлеуғалиқызымен ортаға шақырайық.

Ортаға оқушылар музыка лебімен шығып орындарына отырады.

Мұғалім:

Бүгін егеменді ел болған еліміз ескеріліп, етек – жеңіміз кеңейіп, тәуелсіз тұлпардай атақ – даңқымыз алысқа жетіп жатқан шақта, бүгінгі күнде біздер, сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. Бұл той балалардың тұсау кесер тойы іспеттес. Төрт ай бұрын ғана мектеп табалдырығын атттап алғаш қолдарына ұстап сауаттарын ашқан Әліппелерімен қоштасқалалы отыр. Саналы азаматтық борыштарының алғашқы асуынан аман – есен асып, бір жасқа тағғы есейіп отыр. Біздің бұл есте қалар сәтіміз үлкен бір мереке «Қазақстанның Тәуелсіздігіне 20 жыл» толған жылмен бірге болып отыр. Бұл балалар біздің болашағымыз. Тойларыңыз тойға ұлассын! Шәкірттер атаның ұлы емес, халықтың ұлы болсын!

Атыңнан айналайын, егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер!


Сан ғасырлар тарихынан кешегі

Туған жердің шежіресі өседі.

Менің елім Қазақстан – Отаным,

Болашағы алға тартқан көшеді.


Жеткен арман – жаса, тәуелсіздігім!

Өз қолына берген ерік тізгінін

Ие болған әлем ілтипатына

Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін.


Әр қазақтың есінде сақталады,

Есімдерің қашанда жатталады.

Ер намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерің мәңгілік мақталады.


Байтақ жерім Отаным,

Кең пейілді әр ұлтқа.

Саған деген сезімім,

Өшпейді мәңгі ойымда.


Қазыналар табылған,

Көп ұлттармен жарысқан.

Байлығы мол қазақтың,

Айта берсем таусылмас.


Бейбітшілік ұраны,

Құлаққа қандай жағымды.

Көз тоймайды қарасаң,

Отаным менің – Қазақстан!


Ата – бабам аңсаған,

Тәуелсіздік таңы еді.

Құтты болсын тойымыз,

Желбірей берсін туымыз.


Қазақ деген жерім бар,

Өркендеген елім бар,

Нұрсұлтандай атам бар,

Біз бақытты баламыз.


Әнұран орындалады.


1 – жүргізуші:

Құтты болсын Ұлы күн!

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе – ғылым атасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.


2 – жүргізуші:

Бар білімнің бастауы,

Бар ғылымның бастауы,

Жас балаға нұр шашқан,

Әліппе кітап тіл ашқан.


1 – жүргізуші:

Ендеше бәріміз бірге Әліппені ортаға шақырайық.

Әліппе, Әліппе, Әліппе


Әліппе келеді:

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Әліппені меңгерген,

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Жақсы білім – көрімдік,

Не үйрендік, не білдік?


Хор: Болайықшы осындай

Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,

Қоштаспақпыз сүйікті «Әліппемен»

Ризамыз бәрімізді тансытырған,

Сөз бен дыбыс әр түрлі әріптермен.


Жақсы кітап – Әліппе,

Үйретеді әріпке,

Қуыршақпен қоштастым,

Әліппемен достастым.


Әліппе сауатым мен санамды аштың,

Достарыммен теңдес араластым.

Үйреніп әріптермен әңгімені

Күн сайын алға қарай қадам бастым


Бірінші беттен елімнің

Елтаңбасын таныдым.

Көк байрақты қазақтың,

Ұрпағымын сәнімін.


Енді жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза боп саған жүреміз,

Сүйікті біздің Әліппе


Әліппе жарты жылдай жолдас болдым,

Ана тілі әкеліп жасғастырдың.

Әр әріпті қостырып сөзін құрап,

Хат танытып, алғаш сен көзімді аштың.


Әліппем менің әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.


Әліппе:

Менің атым Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте,

Мені оқып ержеткен,

Бауыржан да, Мәлік те.

  • Балалар, сендердің Әліппені жақсы меңгеріп сауатты оқуларыңа ата – аналарыңның үлесі мол. Аналраға арнап ән айтайық.

Ән: Анашым

Әліпбилер шығындар,

Баста, кәне, айтысты,

Жібермендер намысты.


Әріптер айтысы:

«А» Астанам аты Астана

Астанам менің бас қалам.


«Ә» Әдептілік дегенің

Әрқашанда керегің.


«Б» Б – деген ол бала ғой

Жұмсаса ол бара ғой.


«Е» Есті бала ержетіп,

Елдің қамын ойлаған.

Ессіз бала кері кетіп

Есерлігін қоймаған.


«І» Інілерін ағалар,

Ісіменен бағалар.


Ән: Балапан

2 – жүргізуші: Есік қағылады.

Әліппе оқулығымен қоштасқалы отырғанда бізге келген кім болды екен?


Ортаға Спанжи боб шығады.

  • Ой балалар, немене сәнді киімдеріңді киіп алғансыңдар? Жүріңдер ойын киімдеріңді киіңдер, ойнаймыз.

  • 1 – жүргізуші: Жоқ Спанжи боб, бұл балалар білім алғысы келеді, сен бөгет жасама.

  • Спанжи боб: ой балалар оқуды қайтесіңдер қарының тойса, дәмді тамақ болса болды емеспе.

  • 2 – жүргізуші: Сен осы балалармен достасқың келмей ме? Сенде білім алып бізбен оқы. Біз Әліппенің достарын тосып отырмыз.

  • Спанжи боб: Білімді болса менің мына мұғалім берген тапсырмаларыма көмектессінші.

  • 1 – жүргізуші: Қане балалар көмектесейік пе?

  1. Алфавитта неше әріп бар?

  2. Неше белгі бар?

  3. Қазақстан Республикасының президенті кім?

  4. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

  5. Біз қай қалада тұрамыз?

  6. Бір аптада неше күн бар?

  7. 10 – ға дейін тура және кері сана?

  • Спанжи боб: Ой, шынымен мына балалар көп біледі екен. Әлде осы балалармен дос болсам ба екен. Балалар, сендер мені дос қыласыңдарма?

Ән: ля, ля ,ля.

3 – жүргізуші: Балалар, бізге тағы бір қонақ кеген сияқты. Қазір көрейік. Қызықққа жұрт кенеді.

Қунышқа бөленді.

Сергітуді бастаушы,

Шрекжан ортаға кел енді.


Шрек:

Қане, түзу тұрыңдар,

Сергітуді бастаймыз.

Қапы қалмай болыңдар.

«А» дегенде отырып,

«Б» дегенде тұрыңдар.

А а а

Б б б

Қайталайық тағыда

Барлығымыз қосылып

А а а

Б б б

Шрек: не деген керемет! Сендерді біраз сергітіп алдымғой енді сұрағым бар, жауап беріңдерші.

  • Кім маған апта аттарын, саусақ аттарын, жеті атанын қалай аталатынын айтыңдаршы.

  • Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

  • Бас бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.

  • Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.


Шрек: ой, рахмет, сендермен менде қалып сабақ оқуды жалғастырайыншы.

Қой бол тұр Әліппе, анамдайсың,

Жақсы бол деп, біздерге алаңдайсың.

Мен үйреткен әріптің құдыретімен

Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың.


Орындаймыз Әліппе ақылыңды,

Жарысқанда жазамын тақымымды.

Қандай қиын жұмбақты шешу үшін,

Арттырамын ғылымға құштарлықты.

Би: Қазақ биі (қыздар)

Ән: Ертегілер

Ертегі: «Күншіл үйрек»


Шрек: Балалар, сендер қандай мақал – мәтел білесіңдер?


2 – жүргізуші:

Балалар бәріміз әліппені шығарып салайық.

Қош бол, Әліппе!

Қош бол, Әліппе!

Сізге мың алғыс.


1 – жүргізуші:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата – ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне, балаңыз.

Ортаға ана тілі келеді.

Ана тілі:

Туған елдің тілімін,

Ақылымен танымын.

Түсіндірер бәріне,

Ана тілі – пәнімін.

Ана тілім – елдігім,

Ана тілім болмаса,

Бүтінделмес кемдігім.

Ән: Ана тілім

Ақылы ойы дананың,

Ана тілі боламын.

Ана тілі ардақты,

Ақ сүтіндей ананың.

Өсірген ой білімді,

Мәнін терең білуде.

Мейірімі мол балаға

Барлық, барлық, анаға.

  • Балалар, енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп қызықты ертегілер, әңгімелер арнаймын, тек сендер ынта қойып, мені таза, ұқыпты оқысаңдар көп нәрсе үйренесіңдер.

  • Мен Әліппеден оқып білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Мені де солай оқыңдар.

2 – жүргізуші: «Кітап – білім бұлағы,

Білім – өмір шырағы» дегендей ендігі кезекті мектебіміздегі кітапханашы Орал апайымызға сөз берейік.

Кітапханашы сөйлеп ана тілі оқулығын таратып береді.


  • Ән: Ел қорғауға әзірміз.

  • Би: қазақ биі (ұлдар)

  • Ән: Диас

  • Би: Вальс

Мұғалім: қымбатты балалар! мектептегі алғашқы жеткен жемістерің мен құттықтаймын. «Әліппе» сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір – біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!


Құттықтау сөздер.

Кішкентай достарымызды құттықтау үшін сөз мектеп директоры Асқарбек Қасабайұлына береміз.




«Бастауышым- балбұлағым»


Мақсаты:

Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сездіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру.Мектепті, яғни білім ордасын, ұстаздарын құрмепттеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата- анасының, Отанының адал ұл- қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақыл, ой өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғашқы есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт- спср тілеу.

Көрініс: «Алғашқы мектепке келу»

Мұғалім: Дана

Жеміске құты толама,

Бір-бірлеп теріп алмасаң,

Әп-сәтте шыға қояма,

Еккен дәнің ойласаң?

Білім де сондай қарағым,

Біртіндеп сіңер ойына,

Ұғып ал білім боларын,

Шам шырағың жолында.

Көлге айналған бұлақтың,

Қайнар көзін көріппе ең

Том-том болған кітаптың,

Басы болар Әліппең!

Оқушы: Гүлназ

Ең алғаш алғанымда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді

Ұстазым оның кілтін алып берді.

Мұғалім: Дана

Мектебің мынау класың,

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кірерсің,

Таудай болып шығарсың.


Сынып жетекші шығады:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда

Жол табар қараңғыда адасқанда

Мал озбас біле білсең білім озар

Ақыры керек болар бір салқанда- деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Бастауышым балбұлағым» атты мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер.

Қош келіпсіздер құрметті ата-аналар, әріптестер, оқушылар. Бүгінгі күн осында отырғн бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырыған жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.


Толқимыз, толқып тұрмыз баршаңыз да

Мұндай күн болған сірә баршаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4 «а» сынып оқушыларын ортамызға

Музыка әуенімен оқушылар шығады.


Мұғалім: Сіздердін алдарынызда тұрған 4 «а» сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне ес білген білімді шәкірттер. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы есейгелі отыр. Ендеше қызық та ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрі мен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық.

Айдана: Армысыңдар ұстаз қауым ата-ана

Құлақ түрің жақсы лебіз батаға

Келдік біздер 4 жыл бойы еркелеп

Бастауыштың балалары ата-ана


Әли: Би биленіп ән айтылар аспандап

Бірте – бірте көтерілді баспалдақ

Алғаш ұстаз алғыс айтып өзіне

Қоштасу сәт қимастықпен басталмақ


Дана: Барлық білім бастауыштан басталған

Алғыс саған үлкендермен жастардан

Рахмет саған алғаш ұстаз апайым

Еңбегінді оқиға тоқып қайтарам


Айдана: Риза болшы ұстаз қауым ардақты

Шәкірт жүрек сізге арнау арнапты

Жылдар жылжып айлар зулап өтседе

Бастауышты орта буын жалғапты


Әли: Қадірлі: ұстаздар, ата – аналар, оқушылар! Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, білімнің ірге тасын қалаған бастауыш мектебімізбен.

Дана: Сондай-ақ біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген оңымызбен солымызды танытқан жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.


Үшеуі бірге: Салтанатты кешімізге қош келіпсіздер!


Айдана: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»- деп Абай атамыз айтқандай ұстазымыз 4 жыл бойы білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйретті.


Әли: Сондықтан алғашқы ұстазымызға бәріміз мың алғысымызды айтамыз.


Дана: Олай болса ән шырқайық.


Хор: «Бастауышым-балбұлағым»


Айдана: Иә осыдан 4 жыл бұрын біз 4 жастағы балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттап едік.

Әли: Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Дана: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды. Ендеше сыныптастарымыздын жырларын тындайық.


Әдеби монтаж

Өтті оқу сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат

Оқулықпен достасып

Бастауышпен қоштастық


Жастың өсті санасы

Елжірейді жүрегі

Бастауышқа бар бала

Алғыс айтып жүреді


Көлге айналған бұлақтың

Том-том болған кітаптың

Басы болған бастауыш


Ақыл – ойың жаңғырып

Бастауышпен қоштасқан

Оңкей білгіш балдырған

Өсті бойың, ойларың


Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышты алған білім, жырларым,

Азық болар, мәңгі талай жылдарда.


Бастауышым бастамам

Білім жолын бастаған

Білім шыңы биікте

Беліңді бу жас данам


Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны

Бір мереке думан боп осы маңдаЖетелеп бір сыныпқа алып барғаны.


Енді міне сағымдай боп өте шықты

4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел таңғалар адамзат бір- бір мықты.


Білім деген бар жүгім

«Беске» толы қоржыным

Осылай мен өткіздім

Он жылымның төрт жылын.

Ән: «Ұстазым»


Көрініс: Өнерлі бала. Қатысушылар: 3 бала, 3 ана, қария кісі.

Қолдарында шелектері бар 3 әйел демалуға отырады. 1-әйел: Менің ұлым ән салғанда бүкіл жұрт аузын ашып таңқалып қалады. Керемет өнерлі ұлым ба.

2-әйел: Әй соныда айтасың ба? Менің ұлым спортты жанындай сүйеді. Өзі шымыр қолымен жүріп, баспен айналғанда барлық жұрт өнеріне таң қалады.

1-Әйел: Сен неге үндемейің?

3-Әйел: Менің баламның ешқандай өнері жоқ.

Үш бала жүгіріп келеді. 1-бала айқайлап ән салады. 2-бала секіріп түрлі нәрселер көрсетеді.

  1. Бала: Анашым саған көмектесейін деп селегін алып кетіп қалады.

  2. Әйел: Ата қайссымыздың баламыз өнерлі?

  3. Қария: Мен өнерлі бір-ақ баланы көрдім. Ол анасына көмектескен бала. Ол Пайғамбарымыздың хадисіне лайықты іс атқарды. Бүкіл адам баласы аналарына көмектесуі керек деп жазылған хадисте. Өнерлі бала анасына жаны ашыған бала дер едім.»

Ұялған әйелдер төмен қарап кетіп қалады.

Ән «Анашым»

Оркестрдің орындауында:

Күй «Балбырауын»

Ән «Өз елім»

Күй «Шынаяқтастар»

Ән «Сәулем-ай»

Әли: Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, апам да, әкем мен анам да, енді мен де мектептен тәлім алудамын. Біздің ұстаздарымызды осы мектептен білім алып осындай зор маман иесі болып отыр емеспе.

Әли: Біздің бүгінгі кешіміздің қонағы мектеп директоры Асқарбек Қасабайұлына сөз береміз.

Ән: «Әкетайым»

Айдана: Мұғалім – мәнгі нұрдың қызыметшісі, ол барлық ой мен қиял-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын танымсыз лаулаған жалын иесі- деп бекер айтпаса керек. Келесі сөз кезегі Назым Әуезқызымен Алмагүл Мадыханқызына беріледі.


Ән «Үкілім-ай»

Әли: Біздің бүгінгі қонақтарымызда біз сияқты бастауышпен қоштастығой. Ендеше қонақтарымыздың балалық шақтарындағы қызықты кездерін естеріне түсірейік. (көрермендерге сұрақтар қою)

Дана: Қуандық Манапбекұлы, өзіңіздің алғашқы ұстазыңыз туралы айтып беріңізші?

Дана: Апай сіз мектепте жаттаған тақпақтарыңыздың бірін есіңізге түсіріп айтып беріңізші?

Әли: Мұхтар Қанатұлы, оқушы барлық сабақты бірдей ұната бермейді ғой, сіздің ұнатпайтын сабағыңыз қайсысы және неліктен?

Дана: Серікжан Құсманұлы сіз оқушы кезіңізде дене тәрбиесі мұғалімі болуды армандаған боларсыз...

Әли: Қарлығаш Советқызы, ең бірінші мектепке барғанда үйренген әніңіз есіңізде ме? Айтып беріңізші.

Би: Ырғақ

Ән: Ана тілім


Әли: Құрметті Ұстаздар! Біз оқып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңідзі ықыласпен тыңдап, пән атаулыны зер салып оқып үйреніп жүрміз.


Пән мұғалімдеріне арнап тақпақ айтып сыйлықтар ұсыну.


Ән: Жайна жан гүлім


Дана: Қазір ата- аналармен «Жүректен шыққан сөз» деген ойын ойнаймыз. Ойын шарты былай: Ата- аналар мына жүрекше алып, өзінің жүрегінің тұсына қойып, бір ауыз жылы лебізін білдіреді.


Ата- аналар сөйлейді.

Ән: Анашым

Айдана: Әр ана өз баласын мейірімді болсын, жақсы оқысын деп, елге қалаулы азамат болсын деп ойлайды.


Әли:

Дүниеде шаттанып шалқып жүрген,

Еліміздің дәстүрін салтын білген.

Ата- аналарымыз бүгінде ортамызда,

Ұрпағына үлкен сенім артып жүрген.

Дана:

Көрмеген артық күліп, артық жүріп,

Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып,

Қоштасамыз біз бүгін бастауышпен

Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып.

Би: вальс



Еңбек – бәрін де жеңбек” сайысы


Мақсаты: балалардың тілдерін шағын халық ауыз әдебиеті арқылы дамыту

Міндеті: Балаларды еркін сөйлеу білу мүмкіндігін дамыту. Өздеріне сұрақ бере отырып ой-өрісін дамыту. Балалардың әдеби сөздік қорын молайту. Үлкендерді сыйлауға, олардың еңбектерін құрметтеу білу үйрету. Балаларды тапқырлыққа, туған тіліне сүйіспеншілік тәрбиелеу.

Құралдар: эмблемалар, суреттер, схема, ойын атрибуттары, 2 жалау, үнтаспа.


Сайыстың барысы:

Кел балалар, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық!


Ал, тыңдаңдар, тыңдаңдар,

Асығыстық қылмаңдар.

Асықпайық дегенге,

Бөгеліп, көп тұрмандар.


Ойшыл болса қай бала,

Тез табады сол ғана!

Кел, ойланып көрейік,

Қызық жұмбақ айнала!


- Бүгін біз “Еңбек – бәрін де жеңбек” атты сайысын өткіземіз. Әр бала кішкентай болса да, ата-аналарына, отбасы мүшелеріне, достарына көмектесіп, қолғабыс жасаулары керек. Адам жас кезінен еңбекқор, тілалғыш болса, ондай балаларды бәрі жақсы көреді, сыйлайды, үлкендердің батасына ие болып, алғысқа бөленеді. Еңбекке адам жас кезінен ұмтылғаны абзал.

“Еңбек ер атандырады” деген халық мақалы бар. Еңбек –адамның атақ-даңқын шығарады. Еңбектеген адам жеңісті, қуанышты болады. Сондықтан, бүгінгі сайысымыздың тапсырмалары еңбекке байланысты.

- Алдымен балалар, сендерге екі топқа бөліну керек. “Жұлдыздар” және “Түймедақ” тобына. “Жұлдыздар” топ басшысы Асылжан болады, ал “Түймедақ” топ басшысы Альбина болады.

- Сендердің ұпайларыңды санауға және қай топ жеңетінің бізге әділ қазылар керек, оларды біз қонақтар ішінен сайлаймыз.

(балаларды екі топқа бөліп отырғызу)


- Қай топ бірінші тапсырмаға жауап беретінің санамақ арқылы таңдайық, ол үшін топ басшылары ортаға шығындар, ал Жарас санамақ арқылы табады:

- Қағаз, қалам,

Қолға алам.

Елге барам,

Малшы болам.

Сиыр бағам.

Отын шабам,

Оны жарам.

Алау жағам.

Он атта

Оң жаққа.

I- тапсырма: “Жұмбақ шешу”

- Әр топқа мен мамандықтар туралы жұмбақ жасырамын, ал сендер жауабын тауып, оның мағынасын ашып айтасыңдар. Жауаптарың дайын болса жалау көтересіңдер. Егер жауап дұрыс болмаған жағдайда басқа топтан ойыншы жауап беруге болады.

Өрнектеп, сәндеп,

Тiгiстерiн бүгетiн.

Солпысын жөндеп,

Кiм көйлек тiгедi?

(Тiгiншi)

Жалтылдап қалағы,

Салатын кiм қаланы?

(Кiрпiш қалаушы)

Оның тiккен бұйымы,

Аяғыңды қаптайды,

Шыға қалса жұлымы,

Әдемiлеп баптайды.

(Етiкшi)

Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрiгер емес, бiрақ ол.

Дәм мәзiрiн қаласаң,

Алға ұсынып тұрады ол.

(Аспаз)

Дабылға тез жететін,

Жалынға сүңгіп кететін.

Қақалса да түтiнге,

Тайсалмайтын батыл кiм,

Жасқанбайтын батыр кiм?

(Өрт сөндiрушi)


Өскен шашты жаратпайтын,

Қайшысы бар жалақтайтын.

(Шаштараз)


II- тапсырма “Жұмбақ құрастыру”.

- Енді сендер өздерін схема арқылы жұмбақ құрастырып, қарсылас топқа оны жасырасыңдар. Ол үшін сендерге суреттер таратамын. Қай топ бірінші бастайтының бізге көмекке санамақ керек.

- Бекслан мен топ басшылары ортаға шығады:

- Қоян қашқын,

- Қайда қаштың?

- Тоғайға қаштым.

- Неге қаштың?

- Сенен састым.

- Неге састың?

- Ізімді бастың.

- Ендеше қашпа.

- Мылтығыңды таста.

- Оң атта

- Екі топқа кастрюль, балға, кітап, қайшы суреттері таратылады.

Схема: (Т.А.Ткаченко әдісімен құрастырылған сызбасы:

1-сызба- ағаштан, темірден, пластмассадан, шыныдан жасалған заттардың суреттері.

2-ші сызба - адам бейнесінің сызбасы.

3-сызба-қол)


- Мысал: ол зат темірден жасалынады, аспазшы қолданады, оның ішіне ас пісіреді.


- III- тапсырма “Өтірік өлеңдер”

- Сендер өтірік өлеңдерді мұқият тыңдап, оның ішінде не өтірік екенің тауып айтыңдар.

Өнербек санамақ айтады:

- Біреу дедік.

Екеу дедік.

Үшеу дедік.

Төртеу дедік,

Сан ішінде кім ұтты?

- Жетеу ұтты.

- Оңды қайда тастадың?

Оңға қарай бас адым.

- Әсет, Аруна, Мустафа Нұргүл..


1. Ақ тауыққа мініп ап,

айға жеттім зымырап.

Екпінінен тауықтың,

Кетті бұлттар ыдырап.


2. Сүтін сауып торғайдың,

Жетім тайды өсірдім,

Аққу жегіп арбаға,

Бүкіл елді көшірдім.


3. Инеменен жер қазып,

су шығардым шөл жерге,

елікпенен су тасып,

бөгет салдым көлдерге.


4. Мініп алып құртқа,

өрмеледім бұлтқа,

алып келіп айды,

көрсеттім жұртқа.


Сергіту сәті: “Қаражорға” – балалар әуенді ырғақтық қимылдар жасайды.

- IV – тапсырма

“Мақал-мәтелдер”, сендер қарсылас айтқан мақалдың мысалын келтіресіңдер.


*Адам жерге нәр береді,

жер адамға нан береді.

*еңбек етпеген ішіп-жемейді.

*кім еңбек етсе – соның қарны тоқ.

*еңбектің наны тәтті,

жалқаудың жаны тәтті.


- V – тапсырма “Жаңылтпаштар”, мен сендерге жаңылтпаш айтамын, ал сендер жылдам және дұрыс айту керек.

- Мирас санамақ айтады:

- Өгіз семіз.

Жылқы қонды.

Түйе қомды.

Сиырым сүтті.

Саулығым құтты.


1. Ала қарға қарға қонды,

Қара қарға қарға қонды

2. Бір қыз кесте тікті,

кестесін түсте тікті.

3. Ақ тай ақ па?

Қара тай ақ па?


- ойын өткізіп жіберейік халық ойыны “Соқыр теке”

ойын шарты: балалар шеңбер құрып тұрады, ортада көзі таңылған “тентек текені”шақырады.Балалар бәрі қосыла өлеңді айтады. өлең айтылып болысымен, “соқыр теке” балаларды ұстауға ұмтылады.

- Соқыртеке” бақ, бақ,

біз айтамыз тақпақ.

Мықты болсаң, кәнеки,

Бірімізді тап, тап.


- Осымен сайысымыз аяқталды, әділ қазылар сендердің ұпайларыңды санап, қай топ жеңгенін айтады.

- әр мерекелерде ең қызық, көңілді айтыс жарысы болатын. Ортаға екі ақын шығып адамдардың көңіл-күйін көтеретін. Бүгін біз де қыз бала мен ұл баланың айтысын тамашалаңдар.

(Ернұр мен Альбина айтысады)


Ұл: Қыздар, қыздар құртыңнан,

Қуып келдім жұртыңнан.

Сол құртыңнан бермесең,

Тесіп шықсын ұртыңнан


Қыз: Бала, бала, қырт бала

Аузымдағы құрт ғана.

Сілекейлеп берейін

Сусын болсын жұт бала.

Ұл: Қасқыр, қасқыр қара ала,

Өтірікке қараша.

Қой болмаса далада,

Осы қызды жарала.

Қыз: Маң төбетім барады,

Қасқырларды алады.

Содан кейін:қар, бәлем!

Тап өзіңді қабады.


- Тамаша балалар. өздерін білімді де, ақылды да, өнерлі де бала екенсіңдер. Өз ана тілдерінде сөйлеп, сөз мағынасын түсіне біледі екенсіңдер. Өте риза болып, көңілім сендерге толып отыр. Енді ақырғы сөзді жюриге берейік.

- Балаларға алғыс хат беріледі.



«Алтын қақпа» викториналық сұрақ жауап ойыны.


Мақсаты: Бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің арасында пікір талас және  тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастыру. Бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепке дейінгі  ұйым тәрбиешілерінің шығармашылық шеберліктерін шыңдау.

Құрметті: — «Сөз атасы — сәлем » — деген емес пе, алдымен амандасайық:

- Армысыңдар апайлар!

- Бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілер бүгінгі «Алтын қақпа» викториналық сұрақ жауап ойынына қош келіпсіздер!

Жүргізуші: Армысыңдар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би де билеп, ән де бүгін шырқалар.

Армысыңдар, қонақтар, ұстаздар

Құрметпенен қол соғар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Бәстеседі ұстаздарың құлшынған.

Түрліше ойын жүйелі,

Ой — өрісті дамытуда бір елі.

«Алтын қақпа» сұрақ жауап мекені.

Барлығыңызды «Алтын қақпа» атты викториналық сұрақ жауап танымдық ойын сайысына ат салысуға шақырамыз.

Ойын шарты: Ойынға қатыушыларды үш топқа бөлеміз:

  1. «Алғырлар» тобы

  2. «Тапқырлар» тобы

  3. «Білгіштер» тобы

Ойын үш кезеңнен тұрады, әр кезеңнің 3 тапсырмасы бар.

Бұнда кездесетін тапсырмалар жан-жақты қамтылған әр түрлі тақырыптарда келеді. Мысалы: «Айналадағы әлеммен танысу», «Балалар көркем әдебиетімен танысу», «Логикалық есептер», «Салт – дәстүр», «Мақал – мәтелдер», «Жұмбақтар»,

1-ші кезеңдегі 3 сұраққа дұрыс жауап берілсе, «Тас қақпа» ашылады.

2-ші кезеңдегі 3 сұраққа дұрыс жауап берілсе, «Күміс қақпа» ашылады.

3-ші кезеңдегі 3 сұраққа дұрыс жауап берілсе, «Алтын қақпа» ашылады.

«Алтын қақпа» ашылғаннан кейін көмбеде «Алтын сандық» бар. Алтын сандықтың да өз тапсырмасы бар.

Ал енді, «Алтын қақпа» викториналық сұрақ жауап ойынымызды бастаймыз.

  • «Тас қақпада» мынадай сұрақтар жасырынған:

1. Логикалық есептер.

- Қандай сағат күніне екі рет айналады?

(Тоқтап тұрған сағат).

2. Абай атамыз атап көрсеткен 5 дұшпанды ата?

( Өсек,өтірік, мақтаншақ, еріншек ,бекер мал шашпақ)

  1. Өсімдік неден көбейеді?

(тұқымнан)

                           («Тас қақпа» ашылады)

  • «Күміс қақпада» мынадай сұрақтар жасырынған:

1. Логикалық есептер.

- Жаңбыр екі күн қатар жауа ала ма?

(Жоқ, арасында түн бар).

2. Жеті қазынаны ата?

Жеті қазына — Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-ой,  жүйрік ат,

қыран бүркіт, берен мылтық .

  1. 3.      Тіркесін табу:

    1. Тіл тас жарады…

(Тас жармаса, бас бас жарады).

  1. Ерді намыс өлтіреді…

(Қоянды қамыс өлтіреді).

  1. Басқа елде сұлтан болғанша…

(Өз еліңде ұлтан бол).

            («Күміс қақпа» ашылады)

  • «Алтын қақпада» мынадай сұрақтар жасырынған:

1. Логикалық есептер.

- Жасы жүзге келген қария өзінің туған күнін қалдырмай атап отырған. Сонда ол 25 рет қана атап өткен. Ол қай күні туған?

(29 ақпанда туған)

2 .Отан туралы 4 мақал айту.

1. «Отан үшін отқа түс, күймейсің»

2. «Отансыз адам-ормансыз бұлбұл»

3. «Отан оттан да ыстық»

4. «Отан-қуат, отбасы-шуақ»

 3. Жұмбақ шешу. (3 жұмбақ шешу)

1. Сақыр-сақыр сақасы,

Ішіндегі бақасы.

Екі торсық азығы,

Діңкілдейді қазығы

(Бесіктегі бала).

2. Табаққа түспес,

Қазанға піспес,

Оны ішпей адам өспес.

(Емшектегі сүт).

3.  Аппас жұмбақ, адам басын таппас жұмбақ,

Қыз тілесе, бермес жұмбақ,

Қызыл алтынға батпас жұмбақ.

(Адамның тәрбиесі).

                             («Алтын қақпа» ашылды).

Ал енді көмбедегі «Алтын сандықты» ашуға дайынбыз ба?

1. Жеті жоқты ата?

Жеті жоқты – Жылқыда өт жоқ,

Құста сүт жоқ,

Таста тамыр жоқ,

Тасбақада талақ жоқ,

Аспанда тіреу жоқ,

Жерде өлшеу жоқ,

Аллада бауыр жоқ.

2. Қазыбек би:

               Не қымбат?

Алтын ұяң- Отан қымбат,

Құт берекең-атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді апаң қымбат.

Кіндік кескен жерің қымбат,

Ұят пенен ар қымбат.

         3. Ақыл туралы 4 мақал айту.

              1.«Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос»

2. «Ақылсыз сұрақ беріп, ақылды жауап күтпе»

3. «Ашу асықанда, ақыл басу айтады»

4. «Ас тасыса, қатығы төгілер, ашу тасыса, ақылы төгілер»

 ( «Алтын сандық» ашылды).      

Көмбеге де жетіп, «Алтын сандықтың да» тапсырмаларын орындадық. Бұдан біз ұстаздармен тәрбиешілеріміздің сегіз қырлы бір сырлы екендеріне көзіміз жетті деп, олардың тәрбиелеп өсірген жеткіншектерінен жақсы нәтежилер күтуге болады деп сенім білдіре отырып, «Алтын қақпа» викториналық сұрақ жауап ойынын аяқтаймыз. «Алтын қақпа» викториналық сұрақ жауап ойынына өте жақсы шабытпен қатысып, сұрақтарға жақсы жауап бергендеріңізге көп-көп рахмет.



Озаттар сайысы


Сабақтың мақсаты: 1.3-сыныптың озат оқушыларының барлық пәндері бойынша

жыл бойы алған білімдерін таразылау.

2.Оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын

кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық

ойлау қабілетін дамыту.

3.Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп

тәрбиелеу. Жан-жақты білімділкке баулу.

Сабақтың түрі: Интеллектуалды сайыс.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, сөз құрастыру, шығармашылық жұмыс, сөзжұмбақ,

ребустар шешу.

Сабақтың барысы:

І. Кіріспе.

- Армысыздар, ұстаздар, оқушылар! «Күлімдейді бізге кемел келешек!» атты бастауыш сыныптар онкүндігіміздің жүріп жатқанын естеріңізге сала отырып, 3-сыныптардың озат оқушылары арасында өтетін «Озаттар» сайысына қош келіпсіздер! Бұл сайыс білімділер сайысы болмақ.


Ал, енді сайысқа қатысатын озат оқушыларымызды қарсы алайық!

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер, - деп,

Сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейік:


Сайыс 5 айналымнан тұрады:

1-айналым. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» - білім сайысы.

2-айналым. «Қызықты төрттік» - негізгі пәндер бойынша сайыс.

3-айналым. «Кім тапқыр?» - сөз құрамақ сайысы

4-айналым. «Полиглот» - жұмбақты шешіп шешуіндегі сөзді орысша айту.

5-айналым. «Ізденген жетер мұратқа» - пиктограмма шешу.

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір сайыс болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын- дей келе,

«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» - деп халық даналары айтқандай 1-айналым білім сайысын бастаймыз. Бұл сайыста әр оқушы сұрақтарға жылдам, әрі ойланып дұрыс жауап беру керек. Әр сұраққа 1 ұпайдан беріледі.


Сұрақтар:

1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қашан жарияланды? (16 желтоқсан, 1991)

2. Мемлекеттік рәміздерді ата. (Елтаңба, Ту, Әнұран)

3. Қазақтың ұлттық аспабы. (Домбыра)

4. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)

5. Заттың атын білдіретін сөздер қалай аталады?

6. Атағы әлемге әйгілі қазақ палуаны кім? (Қ. Мұңайтпасов)

7. Иіс сезу мүшесі не? (Мұрын)

8. Ұзындықтың өлшем бірліктері?

9. Әр адамның шағын Отаны. (Отбасы)

10. 1 жұмыртқа 5 минутта піседі, 4 жұмыртқа неше минутта піседі?

11. Қай құс ерте келеді? (Қарлығаш)

12. Астана қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)

13. Бүгін аптаның қай күні?

14. Абайдың әжесі кім? (Зере)

15. Ең үлкен екі таңбалы сан (99)

16. Судың неше күйі бар, ата (қатты, сұйық , газ)

17. Адам денесінің тірегі (қаңқа)

18. Есту мүшесі (құлақ)

19. Орман дәрігері (тоқылдақ)

20. Үш биді ата

21. Сын есімнің сұрақтары? (қандай? қай?)

22. 9-ды 8-ге көбейт

23. 1 кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма? (тең)

24. Үнді дауыссыз дыбыстарды ата?

25. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (қазақ тілі)

26. Күйді орындайтын адам (күйші)

27. Адамның ішкі мүшелерін ата

28. Адамға не қажет?

29. Абылай ханға Төле бидің қойған аты? (Сабалақ)

30. Бір ата мен әженің 5 баласы, 3 ешкісі, 5 қойы, 2 түйесі бар. Олардың неше баласы

бар?

Ұпай сандарын есептеу.


2 айналым. «Қызықты төрттік»

Бұл айналымда негізгі пәндер бойынша сұрақтар дайындалған. Ұпайлар астында сұрақтар жасырынған.

Математика.

10 ұпай – шаршы дегеніміз не?

20 ұпай – бір сыйлықты орауға 70 см жылтыр қағаз керек. 9 сыйлыққа неше см қағаз керек?

30 ұпай – 6 метр бөренені бір метрден неше метр жерден кесуге болады? (5 жер)

40 ұпай – ұзындығы 600 см жіптің жартысы неше см болады?

Қазақ тілі

10 ұпай – Қосымшаның түрлерін ата?

20 ұпай – Түбір сөз дегініміз не?

30 ұпай – Жалаң, жайылма сөйлем дегеніміз не?

40 ұпай – «Шырағым, Кәмаш, мына Қарасақаудың баласы саған бүлдірген әкеліпті». Қаратпа сөзді тап.

Ана тілі

10 ұпай – «Күлпаш» әңгімесін кім жазған? (Б. Майлин)

20 ұпай – Құрманғазының шәкірті кім? (Дина)

30 ұпай – Ы. Алтынсарин кім? (Жазушы, ақын, ағартушы ұстаз)

40 ұпай – «-Айналайын, қарағым, қыз да болсаң, мұрамды ұстарлық болып туыпсың»

деген жолдар қай мәтінде айтылған?

«Халыққа жеткіз күйімді» Ә. Сәрсенбаев

Дүниетану

10 ұпай – Тыныс алу мүшелерін ата? (Мұрын қуысы, кеңірдек, кеңірдекше, өкпе).

20 ұпай – Жер бетінің қағазға өте кішірейтіліп салынған бейнесін не деп атаймыз?

30 ұпай – Жерге жақын тұрған және күндіз ғана болатын жұлдызды ата?

40 ұпай – Денелер нешеге бөлінеді?

Ұпай сандарын есептеу.


3-айналым. Кім тапқыр?


Бұл айналымда берілген сөзден 2 минут ішінде кім көп сөз ойлап тапса, сол оқушы әрбір сөзге 1 ұпай алады. «Ханталапай»

Ұпай сандарын есептеу.

4-айналым. «Полиглот»

Бұл айналымда «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», - деп Қадір Мырзалиев ағамыз айтқандай, өз ана тілімізбен қоса орыс тіліндегі білімдерің сараланады.

Жұмбақтар.

1. Мамықтай ұлпа, қанттай ақ

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады. (Қар-снег)

2. Сөзі дана, үні жоқ,

Сөйлемейді тілі жоқ.

Қолыңа алсаң шешен,

Ақылы асқан көсем. (Кітап-книга)

3. Сырты жасыл, қап-қатты,

Іші қызыл тәп-тәтті. (Қарбыз-арбуз)

4. Жазу жазып жалықпаған,

Жазу жазып арықтаған. (Бор-мел)

5. Қалқиып екі құлағы

Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян-заяц)

6. Тарыдай болып кіресің

Таудай болып шығасың. (Мектеп-школа)

7. Алты қырлы

Алты сырлы. (Қарындаш-карандаш)

8. Бұдан кір қорқады,

Судан ол қорқады. (Сабын-мыло)

9. Қызықтырып әркімді ақ,

Суда жүрер жалтылдап.

«Б» әріпінен басталған,

Ол жәндіктің атын тап. (Балық-рыба)

10. Жетектесең ереді,

Түздің алып кемесі.

Шың көтеріп келеді. (Түйе-Верблюд)

Ұпай сандарын есептеу

5-айналым. «Ізденген жетер мұратқа».

Пиктограмма «Әріптерді орналастыр». Берілген шарттары бойынша дұрыс шешсе, жалқаулық туралы мақал шығады.


« Жалқаудың жауы - жұмыс»


Ұпай сандарын есептеу.


Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашан осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.





















Ашық сабақтар















Математика 2- сынып


Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Оқушылардың сандарды қосу және азайтуға байланысты білімдерін тиянақтау, қорыту. Есептер шығару.

Дамытушылық: Қызықты тапсырмаларды орындата отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Табигатты қорғауға, жылдамдыққы, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, жемістердің суреттері, ауызша есептеулер.

Сабақтың түрі: Ойын сабақ

Пән аралық байланысы: ана тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

Мұғалімнің сөзі:

  • Балалар бізде қазір қандай сабақ?

  • Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше, себебі, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр.

Психологиялық дайындық

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Сәрсенбінің сәті,

Сәттілікке толсын.

Бүгінгі алған бағамыз,

Кілең бестік болсын

Үй тапсырмасын тексеру 58 бет №5

Жаңа сабақ

Ой қозғау.

1. Қазір қай ай?

2. Аптаның қай күні?

3. Қай мезгіл?

4. Қазан айы қай жыл мезгіліне жатады?

Ендеше , сабағымыз жыл мезгілдеріне байланысты болмақ.

Осыған байланысты мынадай аңыз бар екен.

Ерте – ерте ертеде атақты Жыл атасының Қыс, Күз атты екі ұлы және Көктем, Жаз атты екі қызы болыпты.

Балалары өсіп , ер жеткен соң оларды жиып алып Жыл атасы былай депті:

Балаларым, сендер үлкен азамат болдыңдар, ақылдарың толды. Енді барып халыққа қызмет етіңдер.

Төрт мезгілді үш – үштен бөліп алып ,кезекпен үш айдан өз міндеттеріңді атқарыңдар депті. Бірақ бір ескертерім; Әрқашан халық үшін, адам үшін жұмыс істейтіндеріңді ұмытпаңдар, - деді. Осыдан бастап , үш айдан тұратын төрт жыл мезгілі пайда болыпты .

Қызықты тапсырмалар орындай отырып сурет бөліктерін ашу.Суреттен күннің суреті құрастырылып шығады.

  1. 50+ 10

  2. 5 онд 8 бірл қандай сан

  3. Тоғайда 6 торғай қонып отыр еді, тағы 4 торғай келді. Барлығы неше торғай болды?

  4. 4 дм үлкен бе, 50 см үлкен бе?

  5. 1 сағ қанша минут бар?

  6. 1 ғасырда неше жыл бар?

  • Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Күзде жеміс – жидектер жинайды. Диқаншылар егіндерін жинайды. Бізде бүгінгі сабақта күз мезгілінде өз ауламызда өскен жемістерімізді жинайық.

Мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Теңбіл- теңбіл добым,

Сойып қалсам қып- қызыл.

(Қарбыз)


№1 а

Мысал- 12

Есеп- 3

Барлығы-?

Ш: 12+3⁼15 т

Ж: барлығы 15 тапсырма орындады.

Бір сабақта көп түйме,

Жей алмайсың көк күйде.

Санап қара қанша,

Оның аты ...

(Шие)

№2

4+а⁼10 а-4⁼6 10-а⁼4

а⁼10-4 а⁼6+4 а⁼10-4

а⁼6 а⁼10 а⁼6

4+6⁼10 10-4⁼6 10-6⁼4

10⁼10 6⁼6 4⁼4

Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым.

(Алма)

№3

79, 80, 81, 83,

70+9 80+0

80+1 80+3


Сергіту сәті

Жел соғады бетіме,

Тоғайларды желпуде,

Жел тына қалады,

Тоғайлар биік болып көрінеді.


Жазда інге тығылып Қабат- қабат тоным бар Дәмім тілді үйірген,

Жатқан қызыл түлкіні, Қалай оны шешемін Мен тұздалған күйімде,

Құйрығынан суырып, Бұл не? Жаңа піскен кезімде,

Әкелді әжем бір күні. (орамжапырақ) Жейді бәрі сүйсіне.

(сәбіз) (қияр)

№4

3дм* 13см 5дм 2см* 5 дм 1 сағ* 57 мин

4 дм* 14см 2дм 3см* 3дм 90жыл* 1 ғасыр

2дм* 20см 3дм 7см* 37см 24сағ* 1 тәул

Жапырақты тасалап, Қалың киімді ұнатады,

Өсетін жері бақша-бақ. Шешіндірсең жылатады

Күрең қызыл шіркін-ай, (пияз)

Оның аты...

(қызанақ)

№6 ә

+ ⁼18 - ⁼10

+ ⁼16 - ⁼10

+ ⁼14 - ⁼10

+ ⁼12 - ⁼10



  • Міне, балалар, біз жарқыраған күннің аясында жеміс- жидектерімізді жинап алдық, Қане, күнге арнап бір тақпағымызды айтып жіберейік.

Күннің нұрын сүйемін,

Күнге басымды иемін,

Моншағым көп мойнымда,

Үлкен қалпақ киемін.

Қорытынды

  • Өте жақсы. Күзде тек адамдар ғана жеміс- жидектерін жинап қысқа дайындық жасамайды. Сонымен қатар аңдарда қысқа күзден бастап қамданады.

  • Ендеше қазір қандай аң нені жақсы көреді, немен қоректенеді есімізге түсірейік.


Ойын «Аңдардың қорегі»

10+3 13-3 13-10 30+3

20+3 23-3 23-20 33-3

Бекіту

  • Бүгін сабақта біз не істедік?

  • Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Өте жақсы. Ендеше мен сендерге «Күзгі жапырақтар» деген өлеңді оқып берейін.

Алтын сары, қызыл, көк-

Алуан- алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады жалтырап.


Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Ал аунайық жатып- ап.

  • Сабаққа жақсы қатысқандарың үшін жапырақтарды сыйға тартамын.

Үйге тапсырма: 61 бет №6 а

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды бағалау.


Ана тілі 3- сынып


Тақырыбы : Абай Құнанбаев. Қыс.

Мақсаты :

  1. Абай Құнанбайұлының өмірі , оның шығармалары туралы білімін кеңейту. ”Қыс” туралы өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
    2. Оқушыларға бағыт- бағдар бере отырып сөздік қорын, ой- өрістерін дамыту, өздігінен жұмыс жасауға машықтандыру.
    3.Табиғатты сүюге,қорғауға тәрбелеу. Эстетикалық тәрбие беру. Басқаның пікірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.


  2. Көрнекіліктер:Абай суреті, қыс мезгіліне байланысты суреттер шырша, ойыншықтар, топқа бөлуге арналған суреттер
    Сабақ түрі: жаңа сабақ.
    Сабақ әдістері: сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, топпен жұмыс, ой қозғау, сөздік.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Қуан, шаттан алақай,

Қуанатын күн бүгін.

Күліп шықты күніміз,

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Бәріміз күндей жарқырайық, бәріміз тату дос болайық!


Қызығушылығын ашу

Абай Құнанбайұлы кім?



Абай

Құнанбайұлы










  • Данышпан ақын Абай Құнанбайұлының отбасы жайлы білімдерін толықтыру.


Әкесі Құнанбай анасы Ұлжан

Ата- анасы


Әжесі Зере атасы Өскенбай




Балалары- Мағауия, Әбдірахман




Өлеңдері





Мағынаны ашу

Қазақ халқының ақыны, данышпан ойшылы- Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында, Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Шын аты- Ибрахим. Абай ауылындағы Ғабитхан деген молдадан сауатын ашқан. Әкесі оның білімге деген құштарлығын байқаған соң Семейдегі Ахмет- Ризаның медресесіне оқуға берген.

Абай 12 жасынан бастап өлең жаза бастады. Өз өлеңдеріне 20- дан астам ән шығарған сазгер. Абай ақынның бес жүзге тарта өлеңдері, 45 қарасөзі бар

  • Балалар қазір бәріміз бірлесе жұмбақ шешейік.

Қыста бар да, жазда жоқ.
(қар)

Құлағы мен көзі жоқ,
Жоқ тіпті қол мен аяғы.
Бірақ ғажап өнерпаз,
Мәнерлеп ою ояды.
(аяз)
Көлге жапқан қақпақ
Сіресіп тұр –
Қатты –ақ.
(мұз)
Қанаты жоқ - ұшады.
Аяғы жоқ - желеді.
Аузы жоқ – ұлиды.
(боран)

Жұмбақтың жауаптары тақтаға ілінеді. Бұл табиғат құбылыстары қай кезде болады?

«Дөңгелек стол» стратегиясы

«Кіші дөңгелек стол» Топтарға «Қыс» сөзі жазылған парақтар таратылып беріледі.Топтағы әр оқушы өз ойларын жазады. Соңғы оқушы оқиды.

«Үлкен дөңгелек стол» Топтар қыс туралы бір- бір сөйлем жазады, соңғы топ оқиды.

Бүгін біз сендермен Абай атамыздың «Қыс» өлеңімен танысамыз.

Сөздікпен жұмыс

Шидем- қой тжүнінен тоқылған сырт киім

Соқыр – мылқау – ештеңені көрмейтін, естімейді

Домбығып- суықтан ісіп, қызарып

Өлеңді іштей оқу тапсырылады

Тізбектей оқыту

  1. Автор қысты кімге теңеп тұр?

  2. Шалдың киімдері қандай?

  3. Киім деп отырғаны не?

  4. Автор суреттеген шалды кімге ұқсатуға болады?

Сергіту сәті «Пингвин»

Тұрмайды бұл құс біз жақта,

Тұрады мәңгі мұз жақта.

Тоңуды сірә білмейді,

Томпаңдап мұзда билейді.

Қыс мезгіліне арналған суреттер бойынша топқа бөлу

Егер сендер суретші болсаңдар өз ойларыңды қалай жеткізер едіңдер.

Ой толғаныс

Топтарға тапсырма:

  1. топ Қыс келді

  2. топ Қысқы ойындар

  3. топ Қықы мерекелер

Әр топтан спикер шығып салған суреттерін қоғайды.

Эссе жазу: «Қыс қызығы» оқушылар өз ойларын пікірлерін жазады.

  • Балалар қыс мезгілінде қандай мерекелер болады?

Жұмбақ шешу

Тікен, тікен тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте.
/Шырша/.

Балалар, бәріміз асыға күтетін мереке Жаңа жылда келіп қалды. Бұл мерекеде біз шырша құрамыз, безендіреміз. Ал біздің шыршамызды безендіріп әдемілеу үшін сендердің көмектерің қажет.

Шырша ойыншықтарының артына жасырылынған сұрақтарға жауап бергізе отырып шыршаны безендіру.

  1. Абай Құнанбайұлы кім?

  2. Абай атамыздың қандай өлеңдері бар?

  3. Қысқы еңбек түрлерін ата?

  4. Қысқы ойын түрлерін айт?

  5. Жұмбақ шеш: Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)

  1. Жұмбақ шеш: Ақ көбелек қонады,

Құстар енді тоңады. (Қар)

  1. Қыс мезгіліндегі ауа- райы құбылыстарын айт

Үйге тапсырма: «Қыс» өлеңін жаттау

Бағалау. Оқушыларды бағалай отырып шырша ойыншықтарынан сыйлықтар таратып беру.





Қазақ тілі 3- сынып


Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер. Жаттығу жұмыстары.

Жалпы мақсаты: Тұрлаусыз мүшелер тақырыбына байланысты тапсырмалар орындай алатын болады.

Міндеттері:

Мазмұнға байланысты: Сөйлемдегі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді ажырата алады, сөйлем мүшесіне талдай алады.

СТО-ға байланысты: Суретке қарап сөйлем құрастрады, ұяшықтағы сандарды таңдай отырып ережелерді қайталайды, нүктенің орнына сөздерді қояды, тұрлаусыз мүшелер жайлы алған білімдерін толықтыра алады.

Топпен жұмыс: Топпен жұмыс жасай отырып,алған білімдерін бекітеді, өз пікірлерін еркін айта алатын болады.

Сабақтың түрі: «Оқу мен Жазу арқылы Сынт Тұрғыдан Ойлауды Дамыту»

Сабақта қолданылатын стратегиялар: «Блум токсономиясы» «Қабырғаға қарап оқу» «Редакциялау» «Қалпына келтіру» «Кілтті ұғымдар»

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру

  • Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту.

«Блум токсономиясы»Ұяшықтағы сандарды таңдау барысында сұрақтарға жауап береді.

  1. Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

  2. Бастауыш дегеніміз не?

  3. Айдос даладан келді. Сөйлемдегі тұрлаусыз мүшені тап.

  4. Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?

  5. Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?

  6. Баяндауыш дегеніміз не?

  7. Әкем жұмыстан келді. Сөйлемдегі бастауышты тап.

  8. Қандай жағдайда бастауышпен баяндауыштың арасына сызықша қойылады?

  • Қазір қыс мезгілі. Қыста ауа- райында қандай өзгерістер болады?

  • Ендеше бүгінгі сабағымызда осы қыс мезгіліне байланысты сөйлемдер құрап сөйлем мүшелеріне талдаймыз.

Мағынаны ажырату. «Қабырғаға қарап оқу» «Редакциялау»

Суретке қарап сөйлемдер құрайды. Шағын топқа салып спикер жақсы жазылған сөйлемді оқиды. Әр топтың бір- бір сөйлемін оқиды, мұғалім жазады, оқушылар көшіреді.

Ой ашар «Пингвин»

Тұрмайды бұл құс біз жақта,

Тұрады мәңгі мұз жақта.

Тоңуды сірә білмейді,

Томпаңдап мұзда билейді.

«Кілтті ұғымдар» Әр топқа бір сөйлем жазылған қағаздар таратылып беріледі, оқушылар сөйлем мүшелеріне талдайды.

  1. топ. Мектепте асхана бар.

  2. топ. Айжан қалаға келді.

  3. топ. Әсем гүлді ұнатады.

  4. топ. Шынтас жақсы оқиды.

Оқулықпен жұмыс. 179- жаттығу. Жаттығуды тақтаға орындайды. Дәптерлеріне жазады.

Ой толғаныс «Қалпына келтіру»

Тақтаға өлең жазылып көрсетіледі. Нүктенің орнына керекті сөздерді оқушылар айтады, мұғалім жазып тұрады.

Ақ киімді ........... ақсақалды,

.......... мылқау танымас тірі жанды.

Үсті басы ақ ......... түсі суық,

Басқан ...... сықырлап келіп қалды.

Қорытынды

  • Бүгінгі сабақта не істедік?

  • Сабақ сендерге ұнады ма?

  • Сабақтың қай сатылары ұнады?

Үйге тапсырма: 181- жаттығу

Бағала


Қазақ тілі 4- сынып


Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем.

Сабақтың мақсаты: Сөйлемдердің жай және құрмалас түрлерін ажырата алатын болады.

Сабақтың міндеттері:

  1. Мазмұнға байланысты: Жай сөйлеммен құрмалас сөйлемнің жасалу жолын біледі, бір- бірінен ажырата алады.

  2. СТО ға байланысты: Мәтіннен жай және құрмалас сөйлемдерді тауып жазады, алдыңғы сабақтардан сөйлем туралы алған білімдерін қолдана алады.

  3. Топпен жұмыс: Топпен жұмыс жасай отырып, алған білімдерін бекітеді.

С абақтың түрі: Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан ойлауды Дамыту.

Қолданылатын стратегиялар: «Дөңгелек стол», «Араласқан кезеңдер», «Бірлесіп сурет салу».

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі

  • Үй тапсырмасын сұрау.


Сабақтың сатылары

Сабақта қолданыла

тын стратегиялар

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Қызығушылық

ты ояту









Мағынаны ажырату























Ой толғаныс



Дөңгелек стол









Араласқан кезеңдер














Ой ашар










Бірлесіп сурет салу

Әр тапсырмаға уақыт белгіленіп отырады.

Әр топқа «Күз» деген сөз жазылған қағаз таратылады.



Бөліктерге бөлініп қиылып қалташаларға салынған мәтін таратылады.



Мәтін бойынша тапсырмалар беріледі.

  1. Мәтіннен 4 жай сөйлем табу.

  2. Мәтіннен 3 құрмалас сөйлем табу.

  3. Екінші сөйлемді жай сөйлемге айналдыра-

ды.


«Ақ жаңбыр»

Тәулік бойы тынбайтын,

Болашақты ақ жаңбыр

Астан- кестен жауатын

Өткінші енді біз жаңбыр

Қатты нөсер басылды

Күн жарқырай ашылды

Неше түрлі әдемі

Кемпірқосақ жасалды.


Әр топқа күзге байланысты сурет салу тапсырылады.


Оқулықтағы 456- жаттығу.

4 сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдырып жазады.

«Күз» тақырыбына әр оқушы бір сөйлем жазады. Соңғы оқушы оқиды.



Мәтінді ой желісі бойынша құрастырады.




Әр топтан бір оқушы шығып тапсырманы орындайды.







Оқушылар қимылмен көрсетеді.







Оқушылар күз мезгіліне байланысты сурет салады. Топ жетекшісі, хатшы шығып қорғайды.









  • Үйге тапсырма: «Күз береке» оқушыларға эссе жазу тапсырылады.

  • Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

  • Шығу парағы толтырылады.




Ана тілі 4- сынып


Сабақтың тақырыбы: М.О Әуезов. Жетім

Сабақтың мақсаты: Автор жайлы білімдерін толықтырады, әңгімені оқып танысады.

Сабақтың міндеттері:

  1. Мазмұнға байланысты: Табиғат пен адам арасындағы байланысты салыстыра отырып, дәлелдейді.

  1. СТО ға байланысты: Оқушылардың сөздік қоры молаяды, ой- өрісі кеңиді, тапсырмаларды орындау арқылы сын тұрғысынан ойлау қабілеті дамиды.

  2. Топпен жұмыс: Топтық жұмыс кезінде бір- бірімен пікірлеседі, өз көзқарасын дәлелдейді, тыңдауға үйренеді..

С абақтың түрі: Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан ойлауды Дамыту.

Қолданылатын стратегиялар: «Ой қозғау», «Болжау», «Автордың орындығы».


Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі

  • Үй тапсырмасын сұрау.


Сабақтың сатылары

Сабақта қолданыла

тын стратегиялар

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Қызығушылық

ты ояту







Мағынаны ажырату


























































Ой толғаныс

Ой қозғау









Болжау




















































Ой ашар







Автордың орындығы

М. Әуезов кім?









«Жетім» деген әңгімеде не туралы оқимыз?

Ойлануға, пікірлесуге уақыт беріледі.




Мәтін таратылады.



Мәтін бойынша сұрақтар қойылады.

  1. Үш салт атты адам және жалғыз жаяу бала келе жатқан кездегі табиғат көрінісі қандай?

  2. Табиғат балаға қалай көрінді?

Әңгімені ары қарай желісі қалай болуы мүмкін?


Мәтін таратылады.




Екінші бөлік бойынша сұрақтар қойылады.

  1. Сүйеніш деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  2. Әжесі өлерінде не деп тіледі?







Мәтін таратылады.


  1. Исаға Қасымның малын берерде жұрттың айтқан сөзін тауып оқы.

  2. Иса мен Қадиша туралы не айтасың?

  3. Қасымның Исаға бағытталған сөзін тауып оқы.

  4. Қасым Қадиша мен Исаның үйіне келуі мүмкін бе?


«Әрқашан күн сөнбесін»






Әңгіме қалай аяқталады деп ойлайсың?

Оқушылар топпен өзара пікірлеседі, бір оқушы шығып айтады.





Оқушылар өз ойларын қағаз бетіне түсіреді, әр топтан бір оқушы оқиды.







Оқушылар бірінші бөлікті оқиды.



Оқушылар сұраққа жауап береді.













Оқушылар екінші бөлікті оқиды.



Оқушылар сұраққа жауап береді.














Оқушылар үшінші бөлікті оқиды.


Оқыған бөлік бойынша өз ойларын, пікірін, көзқарасын білдіреді.








Оқушылар қимылмен келтіріп ән айтады.



Оқушылар өз ойларын қағаз бетіне түсіреді. Әр топтан бір оқушы шығып, автордың орындығына отырып оқиды. Авторға бір ұсыныс, бір пікір айтылады.



  • Үйге тапсырма: Әңгімені аяқтап оқу.

  • Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

Шығу парағы толтырылады




74



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Т?рлаусыз м?шелер. Жатты?у ж?мыстары

Автор: Бейсенбаева Марал Тлеугалиевна

Дата: 17.08.2014

Номер свидетельства: 112100


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства