| Сабақ тақырыбы | Әжем мейірімді. |
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау 2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау |
| Сабақтың мақсаттары | Барлығы: иллюстрация/ суреттер/сызбалар таңдау және қарапайым сұрақтарға жауап береді. |
| Көбі: сұраулы сөйлем құрастыру үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолданады. |
| Кейбірі: сөйлеу барысында көптік/тәуелдік/септік жалғауларын қолданады. |
| Күтілетін нәтиже | Қазақша өз әжесі жайлы айтады, қарапайым сөйлеу үлгілері негізінде әжесін сипаттайды, сыныптастарына әжесін таныстарыды. |
| Жаңа сөздер: | Мейірімді, ақылды, ерекелетеді |
| Сабақта қолданылатын материалдар: | Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты суреттері, плакат, маркерлер, А4 парағы, желімқағаздар (стикерлер). |
| Оқыту әдістері: | Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы, сергіту жаттығуы. |
| Дереккөздер: | Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік |
| Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу | Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «шаттық шеңбері» тренинг өткізеді. | Оқушылар «Шаттық шеңбері» тренингігің негізінде сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді. |
| Өткен сабақты тексеру | Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. | Үй тапсырмасын айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. |
| І. Қызығушылықты ояту | Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында ой шақыру сұрақтарын қояды: -Үлкен отбасында әр адамның өз орны бар. Ал, отбасында бәрінен жасы үлкен, ақыл-кеңес айтатын, бәріне қамқор адам бар. Ол кім, балалар? Сендердің әжелерің бар ма? Сипаттап беріңдерші. | Әр оқушы тақтада ілулі тұрған плакатқа маркермен өз түсінігін жазады. |
| ІІ. Мағынаны тану | 1.Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. | Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. |
| Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады. | Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды. |
| 2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқылым. Оқулықтағы мәтінді оқытады, қайталатады. | Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді оқиды, сұраққа жауап береді. |
| 3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Оқылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады. | Оқылым. Айтылым. Мәтінді оқиды. Әр сөйлемге сұрақ қояды. |
| Ә) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады. | Жазылым. Айтылым. Үлгі бойынша жазады, Әлібекті кім қалай еркелететінін айтады. |
| 4. Мәнерлеп оқу. «Жаттайық!» айдарымен берілген өлеңді мәнерлеп оқиды. Оқушыларға өлеңді жаттатады, мәнерлеп оқуға машықтандырады. | Тыңдалым. Айтылым. Тыңдайды, мәнерлеп оқуға машықтанады, жаттайды. |
| 5. Сергіту сәті. Күнделікті сергіту жаттығуын жасатады. | Сергіту жаттығуын жасайды. |
| ІІІ. Ойтолғаныс | Мұғалім Б. Дәлденбаевтың әніне салып отбасы мүшелері туралы санамақты айтқызады. (Бас бармағым атам, үйдің данасы...) | Әнді орындайды. Әр отбасы мүшесін сипаттайды. |
| ІV. Бекіту | А) Оқулықтағы 4-тапсырма орындатады. | Айтылым. Бір-біріне әжесін таныстырады, оның қандай адам екенін айтады. |
| Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады. | Сөйлемдерді оқиды, талдайды. |
| V. Бағалау | Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзін бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды. | «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды. |
| VІ. Үйге тапсырма | Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады. | |
| VІІ. Рефлексия | Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленеді? Мұғалім оқушыларға кесте салынған А4 апарағын таратып береді. | Не білдім? | Не ұнады? | Сабақтан алған әсерім | | | | | | Оқушылар сабақтан алған әсерлерін параққа белгілерді қою арқылы білдіреді. +көп нәрсе білдім; -ешнәрсе үйренбедім; 5-өте жақсы; 4-жақсы; 3-қанағаттанарлық; 2-өте жаман. |