kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәрбие сағаты: «Туған өлке»

Нажмите, чтобы узнать подробности

ШҚО, Семей қаласы М.О.Әузов атындағы педагогикалық колледжінің 1 курс студенті

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты: «Туған өлке»»

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМҚК




«Бекітемін»___________

Колледжс әдіскері: Керимбаева А.Д

«Келісемін» ___________

Сынып жетекшісі: Салимбекова Н.Ш



ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ



Тақырыбы: «Туған өлке»

Өтетін орны: №4 ЖОББМ КММ

Сынып: 7“Б”

Мерзімі: 24.04.2020 ж.

Тобы: 202

Машықкер: Утепова.М.С

Баға: «___» ___________________

Семей 2020 жыл

Сабақтың тақырыбы: «Туған өлке»

Мақсаты: Оқушыларға отанымыз біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз екенін, оларды қорғау, аялау ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Отанымыздың табиғаты, байлығы, адамзат өмірінің баға жетпес асыл қазынасы, өмірлік қоры екендігін ұғындыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың отанға деген, жеріне деген сүйіспеншілігін ояту.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетінің жетілуіне, өз білімін көтеруге бағытталған.

Сабақ түрі: сынып сағаты.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, мақал-мәтел, қортындылау.

Көрнекі-құралдар: суреттер, слайд https://cloud.mail.ru/public/3zPt/kaAyqRDv9

Сабақтың барысы:

І. Шаттық шеңбері

Шаттық шеңберіне тұрып, сол жағымыздағы баланың жақсы бір қасиетін айтамыз.

ІІ. Кіріспе /мұғалім сөзі/

Балалармен танысу, амандасу.

Құрметті ұстаздар,оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыздың негізгі тақырыбы «Туған өлке»

Бүгінгі тәрбие сағатына “Туған жер туралы жыр” атты ертегі дайындап алып келдім, бәріміз мұқият тындайық

“Туған жер туралы жыр” ертегі

Ежелгі ерте заманда қалмақтар қытай императорына өзгеше сый әнші құсты сыйға тартыпты.Император ғажайып құсқа аранап алтыннан тор жасатады, астына мамық төсетіп, арнайы ас әзірлетеді. Күнде таңертең император құстың әсем ән салуын күтеді, бірақ құс болса үнсіз отыра береді. “Таза ауаға үйренген құсқа сарай іші қапырық болар”-деп, ойлаған императыр торды салқын баққа апаруға әмір етеді. Әйткенмен құс бұл арада да тырс еткізіп дыбыс шығармайды. “Бұл құс енді неге ән айтпайды”-деп ойланады императыр. Ол бүкіл даналарды жинап, ақыл кеңес сұрайды, бірақ даналар да оған жарытып жақсы ақыл кеңес бермейді. Амалы таусылған императыр соғыста қолға түскен, тұтқында жатқан жат-жұрттық данагөйді алдырады.

- “Егер құсқа қалай ән салғызудың жолын айтсаң, басыңа азаттық беріп, еліңе қайтарамын!”- дейді.

Данагөй бір апта ойланып, жауабын айтады.

- “Елден ел, жерден жер аралатып, құсты алып жүріңіздер мүмкін сайрап кетер.” - дейді.

Император құсты алып, өз иелігіндегі барлық елді, барлық жерді аралатады. Ақыры бір шөлитті шөлді жерге келіп тоқталады. Олар демалып алмақ болып, ұйықтап кеткен кезде құс сайрап ән сала бастайды. Осы кезде император ұйқысынан оянады. “Еее, бұл жер біздің құсымыздын туған өлкесі екен ғой!”- деп ойға батады император. Кенет императордың есіне үш жыл бойы көрмеген өзінің туған елі, туған жері есне түседі.

-Тордың қақпағын ашып құсты қоя беріңдер!- деп нөкерлеріне әмір етеді.

Сонда құс туған жерін мадақтап, мың мәрте ән шырқапты.Еркіндікті, бостандықты жырлап, туған өлкесін әсем әуенге бөлепті деседі.


Сұрақтар

Қалай ойлайсыңдар әнші құс өзге елде неге шырқап ән айтпады?

Тұтқын адам құстың сайрамау себебін қалай біліп қойды?

Құсты босатуға император неліктен әмір берді?

Туған жердің әр бір тасына дейін, құмына дейін, топырағына дейін біз үшін қымбат екен, құс та өзінің туған елін, туған жерін аңсайды екен.

ІІІ. Негізгі бөлім.

Туған өлкеміз Шығыс Қазақстан Облысы жайында қысқаша мәлімет айтып кетейін.

Шығыс Қазақстан облысы — Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлігі.

Шығыс Қазақстан облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылған

1997 жылғы 23 мамырдағы № 3528 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен облыс құрамына таратылған Семей облысының территориясы қосылды.

Елтаңбасы.

19 ғасырдың екінші жартысында Ертіс өзенінде пайда болған кеме жол қатынасының маңызы күшейді. Кемелер Семейден Омбыға дейін, Зайсан көлі мен Қара Ертіс бойымен жоғары көтерілді.

19 ғасырдың соңынан бастап Семей қаласында өңдеу өнеркәсібі біршама дами бастады. Оның негізгі салалары: ұн тарту мен жүн жуу болды. Жиналған астық пен бидай ұны Ертіс арқылы кемемен 600 км-дей жердегі Сібір темір жолына жеткізіліп тұрды. 

Пайдалы қазбалар

Шығыс Қазақстан облысының жер қойнауы кен байлықтарына бай. Мұнда мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын, кадмий, сүрме, күшәла, темір, күкірт, висмут, индий, галий, селен, теллур, сынап, қалайы, тантал, ниобий, молибден, вольфрам, титан, никель, кобальт, көмір, жанғыш тақтатас, сондай-ақ әр түрлі химиялық шикізаттар мен құрылыс материалдарының кен орындары бар.

276,7 мыңға жуық экспонаты бар 11 мұражайлар:

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың музейі

Облыстық этнографиялық музей

Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнерінің облыстық музейі

Облыстық тарихи өлкетану-музейі

Шығыс Қазақстан көркемөнер музейі.

Ұлттық құрамы

қазақтар - 61% астам

орыстар - 35% астам

басқа ұлттар - шамамен 4%

Шығыс-Қазақстан: танымал есімдер - Ақын жазушылары

1 Әуезов Мұхтар Омарханұлы

2 Шәкәрім Құдайбердіұлы

3 Алтынбаев Қалихан

4 Арғынбек Апашбайұлы

5 Әбенов Шәкір, ақын

6 Тұрсынхан Әбдірахманова

7 Ғабдуллин Серік

8 Ибраев Мерғали

9 Қайсенов Қасым

10 Сапаев Ғазиз

11 Ысқақов Қалихан

12 Ысмаилов Төлеужан

ІV.Сергіту сәті.

Ән: “Туған жер”. Апош сарбаз. https:\\youtu,be\Y8mylA3u8

V. Ойлан тап!

Төмендегі отан туралы қазақтың мақал-мәтелдерінің жалғасын тап.

1.Ер — елінде, гүл — (жерінде.)

2.Өз елінде көртышқан да (батыр.)

3.Отан үшін күрес — ерге тиген( үлес.)

4.Орағың өткір болса, қарың талмайды,

Отаның берік болса,( жауың алмайды.)

5.Елінен безген ер болмас,

Көлінен безген (қаз болмас.)

6,Сағынған елін аңсайды,

Сары ала қаз (көлін аңсайды.)

7.Жат жердің қаршығасынан,

Өз еліңнің (қарғасы артық.)

8.Егілмеген жер жетім,

Елінен айырылған (ер жетім.)

9.Отан — (отбасынан) басталады.

10.Опасызда (oтан) жоқ.

11.Отан оттан да (ыстық.)

12.Отансыз адам — (ормансыз бұлбұл.)

VI. Рефлексия:

“Бүгінгі тәрбие сағатынан алған әсерім .....”

VII. Қорытынды

Ыстық қой, шіркін, туған жер! Туған жерге жеткенше, қайтіп дәтің шыдайды? Кім сағынбас өз қағын? Кім сүймесін өз жерін?

Сүймесе сүймес зердесіз, шерсіз жүрек, тілеуі бөлек жетесіз... демекші, балалар, бүгінгі ашық тәрбие сабағында айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.

















Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«№ 4 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Білім бөлімі» ММ

Министерство образования и науки Республики Казакста

Коммунальное государственное учреждение «Средняя общеобразовательная школа№ 4»

ГУ «Отдел образования город Семей ВКО»







Тәрбие сағаты

Тақырыбы

«Туған өлке»
























Семей 2020 жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Тәрбие сағаты: «Туған өлке»

Автор: Утепова Махаббат Серікқызы

Дата: 18.05.2020

Номер свидетельства: 550146

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Тәрбие сағаты: "Туған жерді сүйемін""
    ["seo_title"] => string(39) "t_rbiie_sag_aty_tug_an_zhierdi_suiiemin"
    ["file_id"] => string(6) "415733"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494910495"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Т?рбие са?аты:Мені? ту?ан ?лкем"
    ["seo_title"] => string(36) "t-rbiie-sag-aty-mienin-tug-an-olkiem"
    ["file_id"] => string(6) "311373"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459186379"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Ту?ан ?лке т?н?ан шежіре "
    ["seo_title"] => string(32) "tug-an-olkie-tu-ng-an-shiezhirie"
    ["file_id"] => string(6) "206875"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430297820"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Авторлы? ба?дарлама: Ту?ан ?лке 4-сынып "
    ["seo_title"] => string(41) "avtorlyk-bag-darlama-tug-an-olkie-4-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "209762"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1431282678"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Мен өз Отанымның патриотымын! тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(45) "mien_oz_otanymnyn_patriotymyn_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "348107"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1476122084"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства