kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сенімхат

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Сенімхаттар жайлы мағлұматтар беру, түсіндіру,

ережелермен мазмұны жайлы ұғындыру

  1. Дамытушылық: Есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту, таратпа

тапсырмалар арқылы білімдерін жетілдіру

  1. Тәрбиелік: Адамгершілік қабілеттерін қалыптастыру, құжаттарды

сауатты да таза, қатесіз, ұқыпты жазуға үйрету

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақ өткізу әдісі:  жеке және топпен, аударма, сұрақ-жауап, өзін-өзі тексеру,  тапсырмалар арқылы іздендіру, деңгейлік бақылау, іскерлік әдіс

Көрнекіліктер: құжат үлгілері, таратпа тапсырмалар, деңгейлік тест тапсырмалар

Пән аралық байланыс: қазақ тілі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сенімхат»

Оқытушы: Рахымжанова Н.Ж

Топ: 31 ХПК

Пән: Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

Сабақтың тақырыбы: Сенімхат


Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Сенімхаттар жайлы мағлұматтар беру, түсіндіру,

ережелермен мазмұны жайлы ұғындыру

  1. Дамытушылық: Есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту, таратпа

тапсырмалар арқылы білімдерін жетілдіру

  1. Тәрбиелік: Адамгершілік қабілеттерін қалыптастыру, құжаттарды

сауатты да таза, қатесіз, ұқыпты жазуға үйрету

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақ өткізу әдісі: жеке және топпен, аударма, сұрақ-жауап, өзін-өзі тексеру, тапсырмалар арқылы іздендіру, деңгейлік бақылау, іскерлік әдіс

Көрнекіліктер: құжат үлгілері, таратпа тапсырмалар, деңгейлік тест тапсырмалар

Пән аралық байланыс: қазақ тілі

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу, кабинеттің сабаққа даярлығын тексеру, бейдж және пәнге қатысты папкаларын тексеру

  2. Тақырып бойынша негізгі бөлім өзектілігі: өткенді қайталау, құжат үлгілерін тексеру, жалпылама және жеке сұрақтар

  1. Өмірбаян қандай құжат және құрылымын ата?

  2. Мінездеме қандай құжат, неше түрге бөлінеді?

  3. Талап арыз дегеніміз не? Және қандай құрылымнан тұрады?

  4. Түсініктеме дегеніміз не? Мысал келтір

  5. Өтініш қандай құжат? Мысал келтір

  6. Қолхат қандай құжат? Мысал келтір


  1. Меңгерілген материалдарды бекіту :

  1. Сенімхат құжатының түсінігі

  2. Сенімхаттың түрлері

  3. Мазмұны мен құрылымы

  4. Сенімхат үлгісімен танысу

  5. І - тапсырма. «Білгенге маржан» сұрақ-жауап

  6. ІІ- тапсырма. Екі жақты сәйкестендір

  7. ІІІ- тапсырма. Сөздікпен жұмыс

  8. ІV- тапсырма. Сенімхатқа мысалдар келтіру

  9. V- тапсырма. Тест.

  10. VІ- тапсырма. Қосымша тапсырмалармен жұмыс


  1. Қорытынды: қорытындылау және білім алушылардың білімдерін бағалау


  1. Үйге тапсырма

  • Сенімхат жайлы қосымша мәліметтер және үлгілерін әзірлеу

  • Азамат Өскенбаев Жәнібек, азамат Асанов Өтеген Асанұлына, Дөнентаев көшесіндегі 19-үйді жекешелендіруіне сенетіндігіңіз туралы сенімхат үлгісін құрастыру



Сенімхат - Сенім білдірген тұлғаға сенім білдіруші атынан (кәсіпорын, азамат) қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқық беретін құжат.

Сенімхаттың екі түрі болады:

  1. Мекеме атынан берілетін ресми сенімхат

  2. Жеке тұлға атынан берілетін жеке сенімхат

Ресми сенімхат - мекеме өкіліне сол мекеме атынан мәміле жасауға, құндылықтарды алуға, ақша алуға немесе басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыруға беріледі. Ресми сенімхаттар мекеме бланкісінде толтырылады.


Жеке сенімхат - жеке адам атынан беріледі. Онда сенім білдіруші сенім білдірген адамға өзінің орнына:

  • Зейнетақысын, жәрдемақысын, жалақысын, шәкіртақысын, хат-хабарды, құжаттар алуға;

  • Үйді сату, сатып алу ісіне;

  • Өз орнына қол қоюға;

  • Өтініш жазуға;

  • Машинаны жүргізуге;

  • Банктегі есептерді пайдалануға;

  • Барлық мекемелерде іс жүргізуге;

  • Пәтерді жеке адамға жалға бергенде;

  • Сот мекемелерінде оның өкілі болуға құқық беретін құжат.

Есте сақта!

Сенімхат белгілі бір мерзімге беріледі. Егер оның мерзімі көрсетілмесе, берілген күннен бастап бір жылға дейін өз күшін сақтайды. Ал егер берілген күні көрсетілмесе, ол өз күшін жояды.

Сенімхат нотариалдық кеңседе куәландырылады. Нотариалдық кеңседе сенім білдірушінің жеке басы анықталады, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексеріледі. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылып, тізбеге тіркеледі, тиісті мемлекеттік салық алынады және нотариустың қолы қойылып, кеңсенің мөрі басылады.



Сенімхаттың құрылымы:

Ең алдымен жолдың ортасына “Сенімхат” деген құжаттың атауы жазылады. Содан кейін жылы, күні ,айы, мекен-жайы көрсетіледі. Азат жолдан сенімхаттың мәтіні жазылады. Онда сенім білдірушінің және сенім білдірген адамның аты-жөні, мекен-жайы, жеке басы куәлігінің нөмірі мен берілген орны, орындалуға тиісті іс-әрекет жазылып, сенім білдірушінің қолы қойылады. Одан кейін сенімхат нотариалдық кеңседе куәландырылады.



Жеке сенімхат үлгісі:

Сенімхат

2001 жылғы 20 қаңтар, Алматы қаласы

Мен, азамат Жұбанов Қайрат Оспанұлы, мекен-жайым:Алматы қаласы, Әуезов көшесі,16-үй, 25-пәтер, Қазақстан Республикасының IIМ 1995 жылғы 12 наурызда берген жеке куәлігімнің №645782131, Алматы қаласы, Абай даңғылы 56-үй, 45-пәтерде тұратын азамат Ержанов Асылбектің, Қазақстан Республикасының IIМ 1998 жылғы 14 қарашада берген жеке куәлігінің №925168111, Алматы қаласы, Гагарин даңғылы, 34 мекен-жайындағы үйімді сату ісін жүргізуге сенім білдіремін.

Бұл үшін азамат Ержанов Асылбекті менің атымнан мәміле жасауға; анықтамалар мен құжаттар алуға; менің орныма қол қоюға өкілетті етемін.

Сенімхат 2001 жылдың 20 сәуіріне дейін берілген.


2001 жылғы 20 қаңтар қолы----


Осы сенімхатты 2001 жылғы 20 қаңтарда мен, Бижанова Назгүл , Алматы қаласындағы лицензия №001911 “Сенім” нотариалдық кеңсенің нотариусы куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Жұбанов Қайрат қол қойды.

Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс - әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылды, №22 тізбегіне тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 300 (үш жүз) теңге.


Нотариус қолы -------

мөр орны


Ресми сенімхат үлгісі:

Сенімхат


2003 жылғы 20 сәуір, Алматы қаласы


Мен, сүт өнімдерін өндіретін «Агропродукт - Асептик» ЖШС-ның президенті, Ербол Алтайұлы аталған кәсіпорынның менеджері Бақыт Сағатұлына (жеке куәлігінің Қазақстан Республикасының IIМ 2008 жылғы 12 қазанда берген жеке куәлігімнің №00144115, мекен-жайы - Алматы қаласы Достық даңғылы, 15-үй, 78-пәтер) Семей қаласындағы «Айналайын» ААҚ-мен мәміле жасауға сенім білдіремін.

Бұл үшін менеджер Бақыт Сағатұлына менің орныма қол қоюға; мәміле барысында келісімшарт талаптарына қажетті өзгерістер енгізуге құқық беремін.

Осы сенімхат бойынша өкілдікті басқа тұлғаларға беруге болмайды.

Сенімхат 15 күнге берілді.

2003 жылғы 20сәуір Қолы--------------


Осы сенімхатты 2003 жылғы, 25 сәуірде мен, Досанова Айна, лицензия №001911 “Айқын” нотариалдық кеңсесінің нотариусы, куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Ербол Алтайұлы қол қойды.

Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеттіліг тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап оқытылды, № 21 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 300 (үш жүз) теңге.


Нотариус қолы-------- мөр орны

I – тапсырма «Білгенге маржан»


Тақырып және мәтін бойынша сұрақ жауаптарын жаз


1.Сенімхатта сенім білдіруші кім ?


2.Сенім білдіруші кімге сенім білдіреді ?




3.Нотариалдық кеңседе сенімхат қалай

куәландырылады ?


4.Сенімхаттың неше түрге бөлінеді ?



5.Жеке сенімхат дегеніміз не ?



6. Ресми сенімхат дегеніміз не?


7. Қандай жағдайда сенімхат өз

күшін жояды?



IІ – тапсырма

Екі қатарды сәйкестендір


Сенімхат 4 айға дейін құқығын бердім

Нотариалдық кеңсенің қабілеттілігі

Менің қатысуым тіркелді

Қол қою алынды

Өтініш жазуға дауыстап оқылды

Құқықтық іс-әрекетке өкілетті еттім

Тізбеге кезінде

Салық нотариусы

Сенімхаттың мәтіні өз күшінде



ІІІ – тапсырма

Сөздікпен жұмыс


  1. Сенім білдірген тұлға - доверенное лицо

  2. Сенім білдіруші - доверитель

  3. Жеке тұлға - физическое лицо

  4. Официальная доверенность- ресми сенімхат

  5. Жеке сенімхат - личная доверенность

  6. Терять силу - күшін жою

  7. Личность - жеке бас

  8. Совершать сделки - мәміле жасау


IV – тапсырма


Төмендегі тапсырма бойынша сенімхат үлгісін құрастыру.


  1. Азамат Жомарт Есенгелдин, азаматша Ботагөз Серікбайқызы Қалиеваға еңбекақыңызды алуды сеніп тапсыратындығыңыз туралы сенімхат беріңіз

  2. Топ басшыңыз А.Н. Асановаға шәкіртақыңызды алуға сенім білдіретіндігіңіз туралы сенімхат беріңіз.

  3. Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 2-үй, 2-пәтерді сатуға өзіңіздің апайыңыз Ботагөз Серікбайқызы Оспановаға сеніп тапсыратыңдығыңыз туралы сенімхат беріңіз.

  4. Өзіңіздің ініңіз А.Е. Болатовқа «Волга 3110» маркалы машинаңызды бір жылға жүргізуге сенімхат беріңіз














V – тапсырма

І- деңгейлік тест

Сенімхат бойынша лексика – грамматикалық тест.


І – нұсқа

  1. Арман Досановты өз 6. Осы сенімхат... куәландырамын

орныма қол қоюға ...... етемін А) – тан

А) ерікті Б) – ты

Б) куәлікті С) – қа

С) мұрагерлік Д) – тың

Д) өкілетті Е) – ның

Е) еркін

2. Мен, ..... Ержанов Қайрат 7. Сенімхат №112 ....... тіркелген

А) мырза А) өтінішке

Б) ханым Б) пәтерге

С) азамат С) сенімхатқа

Д) жолдас Д) қолхатқа

Е) басшы Е) тізбеге

3. Кеңсе...... мөрін басу 8. Құқықтық ...... қабілеттілігі анықталды

А) - ге А) куәлігіне

Б) - де Б) жеке басының

С) - мен С) іс - әрекетке

Д) - нің Д) ережеге

Е) - лер Е) іс - әрекетпен

4. Сенімхат 3 ай өз ....... 9. Сенім ........ жеке басы анықталды

А) күшімен А) етушінің

Б) күшінде Б) білдірушінің

С) күшінен С) көрсетушінің

Д) күште Д) жасаушының

Е) күшке Е) жасауға

5. Жеке ....... нөмірі 10. Менің .... кезінде қол қойды

А) куәлігінің А) көруім

Б) төлқұжатының Б) жауабым

С) паспорттың С) сенімхатым

Д) құжаттың Д) жазған

Е) құжатқа Е) қатысуым










ІІ- деңгейлік тапсырма

ІІ – нұсқа

  1. Жеке сенімзат дегеніміз не? 6. Нотариалдық кеңседе мемлекеттік .....

алынды

А) мекеме атынан беріледі А) сенім

Б) жеке адам атынан беріледі Б) құн

С) сенімсіз адамға беріледі С) ақша

Д) фирма атынан беріледі Д) салық

Е) кәсіпорын атынан Е) бағалы

2. Мекеме ........ мәміле жасау 7. Пәтерді ....... берді

А) орнында А) сенімхатқа

Б) атынан Б) қарызға

С) бірге С) рұқсат

Д) сияқты Д) жалға

Е) сияқтысы Е) пайда

3. Сенімхаттың мәтіні ....... оқылды 8. Мен сенімхат мәтінімен ......

А) дауысты А) таныстым

Б) дауыстап Б) оқылды

С) қатты С) жаздым

Д) қазақша Д) куәландырдым

Е) дауысқа Е) танысқан

4. Жекешелендіру...... Сенімхат 9. Сенімхаттың екі түрін ата?

А) жүргізу А) ресми және кіріспе

Б) жөніндегі Б) жеке және баршаға ортақ

С) жайлы С) жеке және негізгі

Д) білдіру Д) ресми және ортақ

Е) жүргізудің Е) ресми және жеке

5. Менің атымнан өтініш жазуға 10. Мекеме атынан мәміле жасауға, ақша,

........ білдіремін құндылықтарды алуға сол мекеме

А) сенімхат өкіліне берілетін қандай құжат

Б) сенім А) жеке сенімхат

С) куәлік Б) өтініш хат

Д) рұқсат С) сұраныс хат

Е) қарсы Д) ресми сенімхат

Е) жеке арыз











ІІІ – нұсқа

  1. Сенімхат неше түрге бөлінеді

А) 3

Б) 4

С) 2

Д) 6

Е) 5

2. Сенімхатқа кім қол қояды?

А) сенімхатты көшіруші

Б) сенімхатты тіркеуші

С) сенімхатты теруші

Д) сенімхатты алушы

Е) сенімхат беруші

3. Сенімхат қай құжат түріне жатады?

А) жеке құрам бойынша

Б) ұйымдық құжатқа

С) анықтамалық құжатқа

Д) қаржылық құжатқа

Е) коммерциялық құжатқа

4. Сенімхат жазылған мерзім атауының жазылу орны

А) құжаттың аяғында

Б) құжаттың ортасында

С) құжаттың басында

Д) құжаттың оң жақ басында

Е) құжаттың сол жақ басында

5. Сенімхатты кім куәландырады?

А) хатшы

Б) мекеме басшысы

С) теруші

Д) нотариус

Е) хат жазушы

6. «Төлқұжат» қандай мағына береді?

А) бланк

Б) справка БТИ

С) удостоверение личности

Д) вид на жительство

Е) паспортные данные

7. Мекеме өкіліне сол мекеме атынан мәміле жасауға, құндылықтарды алуға, ақша алуға немесе басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыруға берілетін қандай құжатты айтамыз?

А) сұраныс хат

Б) ұсыныс хат

С) ресми хат

Д) сенімхат

Е) жолдама хат

8. Сенімхат негізінен қандай түрде беріледі?

А) жазбаша

Б) толық

С) еркін

Д) ауызша

Е) нотариалды

9. Белгілі бір адамның өз өкілеттігі мен құқығы екінші бір адамға берілгенін жазбаша растайтын құжат ата?

А) ресми хмт

Б) сұраныс хат

С) ұсыныс хат

Д) жедел жат

Е) сенімхат

10. Сенімхат қандай жағдайда өз күшін жояды?

А) берілген күні көрсетілсе

Б) берілген күні көрсетілмесе

С) берілген мөлшері көрсетілсе

Д) берілген уақыты көрсетілсе

Е) берілген мерзімі көрсетілсе

































Қосымша тапсырмалар

Перфокартамен жұмыс





Жауабы

Сұрақтар

  1. Сенімхат қандай құжат?

  2. Сенімхаттың неше түрлерін ата?

  3. Сенімхат қайда куәландырылады?









  1. 3.





  1. Сенімхат қайда куәландырылады ?

















Сөзжұмбақпен жұмыс





ж

ұұұұұұұұұұұ

қ

ааа

тт









  1. Белгілі бір құндылықтардың алынғанын куәландыратынқандай құжат?

  2. Қандай да бір міндетті шешу үшін кәсіпорын директоры шығаратын нормативтік өкімдік құжат?

  3. «Личное дело» қазақша аудармасы?

  4. Жеке адамның кандай да бір ұйымға немесе заңды тұлғаға өзінің құқықтары мен мүдделерін іске асыру үшін өтініш білдіретін қандай құжат?

  5. Қандай да бір оқиғаны немесе фактіні дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын құжат?

Қолхат пен сенімхат құжаттарының ұқсастықтары мен айырмашылықтары



Қолхат

Сенімхат















Қорытындылау









Құжат





Ресми сенімхат



Жеке сенімхат

Сенімхат







Іс-қағаз түрі






























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Сенімхат

Автор: Рахымжанова Назымгуль Жастулековна

Дата: 09.02.2017

Номер свидетельства: 389681

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(17) "Сенім хат"
    ["seo_title"] => string(11) "sienim_khat"
    ["file_id"] => string(6) "397084"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1488422035"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Ресми іс-?а?аздар стилі"
    ["seo_title"] => string(21) "riesmiiskagazdarstili"
    ["file_id"] => string(6) "329958"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464081042"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "?аза? тіліні? стильдері"
    ["seo_title"] => string(21) "kazaktilininstildieri"
    ["file_id"] => string(6) "262481"
    ["category_seo"] => string(12) "russkiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449336906"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Неке ж?не отбасы ??ымы. Отбасылы? ?атынастар ??ымы. "
    ["seo_title"] => string(58) "niekie-zh-nie-otbasy-u-g-ymy-otbasylyk-k-atynastar-u-g-ymy"
    ["file_id"] => string(6) "133573"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1416546555"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "К?ркем ?дебиет стилі (9-сынып ) "
    ["seo_title"] => string(30) "korkiem-diebiiet-stili-9-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "210358"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431428839"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства