kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов – ұлттың ұлы ұстазы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік: Қазақтың халық педагогикасын жан – жақты зерттеген, қазақ этнопедагогикасының негізін қалаған  қазақ халқының рухани көсемі, ұлттың ұстазы  Ахмет Байтұрсынов туралы студенттердің білімдерін толықтыру. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов – ұлттың ұлы ұстазы»

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов – ұлттың ұлы ұстазы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақтың халық педагогикасын жан – жақты зерттеген, қазақ этнопедагогикасының негізін қалаған қазақ халқының рухани көсемі, ұлттың ұстазы Ахмет Байтұрсынов туралы студенттердің білімдерін толықтыру.

Дамытушылық:  Студенттердің ойлау, оқу материалын іріктеу, тұжырымдау, алған білімін пайдалана білу дағдысы мен біліктерін дамыту. Қазақ әдебиеті пәнін халықтық педагогика негізінде оқытудың басты міндеттерін айқындау.

Тәрбиелік: Ауыз әдебиетінің салалары арқылы салт – дәстүрді, әдет – ғұрыпты дәріптеуге тәрбиелеу.

Сабақтың ой қазығы: “Мен шәкірттерімді ешқашан да үйретпеймін; мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын”. (А.Эйнштейн) Сабақтың түрі:  аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың әдісі: тыңдау, баяндау, салыстыру, сұрақ- жауап, жартылай ізденіс, озық тапсырма, талдау, интербелсенді әдіс элементтері.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнематериалдар, слайдтар

Интеграциялық мүмкіндігі: әдебиет, тарих, педагогика

Ұран сөздер: «Жасасын қате!»,«Тек ештеңе жасамайтын адам ғана қателеспейді!», «Қатесіз үйрену мүмкін емес!», «Адам қателесу арқылы үйренеді!», «Қатеге кешірімді болайық!».

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а)Студенттермен сәлемдесу, көңіл-күйлерін сұрау
ә) Студенттерді түгелдеу

Сабақ айдары:

Адамгершілік қағидаларын ұстанбайтын білім - адамзатты қатерлі нәтижелерге әкеліп соқтырады.

Сондықтан да, сабақ басталар алдында ерекше көңіл күймен өз бойымыздағы жақсы қасиеттерімізді тізіп жазып, парақтың артқы бетіне өз есімімізді жазып, іліп қояйық. Бұл «Автопортрет» жаттығуы деп аталады. 
Нұсқау: әр қатысушыға қос беттен беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін есімдері көрсетілген беттерді жинап алынатындығы ескертіледі. 
Жаттығу шарты: Сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз болса т.б... 
1. Пікір алмасу

1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы тарихи - әлеуметтік жағдайға талдау жасаңдар

2. ХХ ғасыр басында туған әдебиет жанрларының жаңа түрлерін атаңдар. Олардың негізін салушылар кімдер?

2. Топқа бөліну

"Ахаң ашқан қазақ мектебі. Ахаң түрлеген ана тілі. Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұран. "Қырық мысал", "Маса", "Қазақ" газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер - білім, саясат жолындағы қажымас қайраты - біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын" деп Мұхтар Әуезов айтқандай, біз тарихымызды, әдебиетімізді ұмытпауымыз керек.  Жұмысты жұп немесе топ құрамында орындау үйренушілердің барлығын дерлік белсендіреді. Сондықтан да, «Сиқырлы қобдиша» жаттығуына көңіл бөліңіздер. 
Нұсқау: Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер, ақ тілектер. 
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды.

(Сол бойынша топқа бөлінеді)

3. Студенттердің білімін өзектендіру

Ахмет Байтұрсынов - ұлттың ұлы ұстазы. Оның тағдыры – қиын, бірақ кісі қызығарлық тағдыр. Ғұмыры ащы арманға толы, алайда адамға өнеге боларлық ғұмыр. Мақсат-мұратының  мазмұны, кей тұста қайшылықтарға соқтырды десек те, өте терең. 1929 ж. қамауға алынған қазақ зиялыларының ішіндегі рухани көсемі. 1937 жылы 9 қазанда сталиндік репрессияның қанды пышағына ілігеді

Ахмет Байтұрсынов туралы экранға назар аударайық. Ал енді, сіздерге шағын ғана мәтін таратылады.

1 топқа тапсырма: "Анама хат" өлеңі - Ахмет Байтұрсыновтың күллі ғұмыр тіршілігінің өн бойына желі тартқан қаламгерлік һәм қайраткерлік бағдарламасы. Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолына шолу

2. Осы тақырып бойынша әр топқа сұрақ дайындау.

2 топқа тапсырма: Ахмет Байтұрсыновтың "Қырық мысал" - ұлы ағартушының түбірлі, түбегейлі тәрбиелік мақсаты мен мұратынан туған өлеңді шығармалар топтамасы.

2. Осы тақырып бойынша әр топқа сұрақ дайындау.


3 топқа тапсырма: Ахмет Байтұрсыновтың "Әдебиеттанытқыш" кітабы - әдеби терминдерді қазақша қалыптастырған жаңашыл туынды.

2. Осы тақырып бойынша әр топқа сұрақ дайындау.


Қорытынды:

- Қазақ халқының дарынды  ақыны; - Әдебиет, қазақтың халық педагогикасын зерттеуші; - Ғалым – лингвист, ағартушы; - Түркітанушы;

- Публицист;

- Педагог;

- Аудармашы;

- Қоғам қайраткері;

- Қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі;

- Мемлекет қайраткері;

- Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, іргетасын қалаушы;

- Ұлттық жазудың реформаторы;

- Алаш Орда өкіметінің мүшесі.


4. Ой қозғау

"Маса" қандай ұғымның символдық бейнесі ретінде алынып тұр? Осы жинақты қандай мақсатпен жазған?


5. Ойсергек “Орны ауыстырылған әріптер”

Мақсаты: Өтілген тақырыпқа тікелей қатысы бар терминдердің, есімдердің, мақалалардың атауын әріптердің орнын ауыстырып қою арқылы студенттердің ой – қиялын дамыту.


6. “ТӨРТ СӨЙЛЕМ” ӘДІСІ

Мақсаты: студенттердің алған білімдерін сұрақ – жауап арқылы қорытындылау. А.Байтұрсыновтың қазақ өнерін, тарихын, тұрмысы мен әдет – ғұрыптарын жан жақты зерттеген пікірлерін талдауға, өз ойларын айтуға, сол кездегі қазақ елінің өмірі мен бүгінгі жағдайын, салт – дәстүрді, тілді құрметтеуін салыстыра айтуға үйрету.


  1. Пікір. Оқытушының жаздырған, түсіндірген лекциясы бойынша туындаған ғалым туралы өз пікірін айту.

  2. Дәлел. Келтірілген өзіндік пікірді бір сөйлеммен дәлелдеу. Мысалы: салыстыра айту.

  3. Мысал. Өзіндік пікірді негіздеп кету үшін ақпарат көздерінен, өмірде орын алған жағдайлардан мысал келтіру.

  4. Қорытынды. Өзіндік пікірді тағы бір рет пысықтап, қорытынды шешімді бір сөйлеммен келтіру керек. Оқытушының қорытынды сөзі:

Мемлекеттік қызметкер ретінде үлкен қызметтер атқарып, жас қазақ совет үкіметінің басшыларының бірі болған А. Байтұрсынұлының басына бұлт үйіріліп, бағы таюы да өз халқының басына түскен ауыр күн, зұлматтармен астас болып келеді. Қазақстандағы бар билікті қолына алып, "Кіші октябрь” саясатын жүргізе бастаған Ф. И. Голощекиннің білек сыбана бір көрінген тұсы - ұйып келе жатқан қазақ интеллигенциясын сүтше іріту еді. 1929 жылдың 2 маусымында алғаш қамауға алынған 30- ға тарта оқығандардың алды болып нысанаға, әлбетте, "рухани көсем” – Ахмет Байтұрсынұлы ілінді. Сол соңғы ұсталған сағаттан кейінгі Ахаңның халін қолында тәрбиеленген Самырат Кәкішев естелік кітабында еске алыпты: "Пәтерімізге кіріп келсем, үй ішінде шашылған заттар, сынған ыдыстар жайрап жатыр, Падрес апа жылап отыр екен. Содан соң: "Ой, Самырат, ағаңды НКВД алып кетті. "Қайда апара жатырсыңдар?” – деп сұрасам, бір аласа бойлы, қараторы жас жігіт: "О дүниеге" - дейді. "Сұмдық- ай!”- деп сөйлеп жатыр. Сыртқа қарасам, үйімізді студенттер қоршап алыпты, біздің үйіміздің жанында Заң институты бар еді” .
Ақырында алғаш Архангельскіде, соңынан Томскіде 1929-1934 жылдары айдауда болған қуғын - сүргіннің жаңа толқынына ілігіп біржолата кете барды. Халықаралық Қызыл Крест арқылы М. Горькийдің әйелі Е. П. Пешкованың жәрдемімен кесімді мерзімі бітпей, 1934 жылы босанып, әуелі Батыс - Сібір өлкесіне, кейінірек Алматыға оралады. Бірақ ол бостандық баянды болмай, 1937 жылы екінші рет ұсталып, сталиндік репрессияның пышағына ілініп, атылады. Қазақ халқы өзінің рухани көсемінен осылайша мәңгіге айрылды. 


Асықпаңдар! Артымызда қазы бар, 
Тергеп талай, көрлеріміз қазылар…- 


деп өзі айтқандай 1988 жылдың 4 қарашасында Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты Ахмет Байтұрсыновты ешбір қылмысы жоқ деп тауып, оны толық ақтау туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, ғалымның адал азаматтық есімі қалпына келтірілді 


Студенттерді бағалау

Үй тапсырмасы

1. “Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми – педагогикалық еңбектерінің ұлттық ерекшеліктері” тақырыбында эссе жазу.































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов – ұлттың ұлы ұстазы

Автор: Абжаимова Индира Токсанбаевна

Дата: 03.11.2020

Номер свидетельства: 562282

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "«?лтты? ?лы ?стазы» "
    ["seo_title"] => string(20) "u-lttyn-u-ly-u-stazy"
    ["file_id"] => string(6) "164911"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422718547"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Алаш зиялыларының қызметі мен соңғы тағдыр жолдары"
    ["seo_title"] => string(59) "alash_ziialylarynyn_k_yzmieti_mien_son_g_y_tag_dyr_zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "383074"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485233813"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "?алалы? семинарда ?ткізілген ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(44) "k-alalyk-sieminarda-otkizilghien-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "279093"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453195162"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) "?алалы? семинарда ?ткізілген ?дебиеттік о?у п?нінен ашы? саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(68) "kalalyksieminardaotkizilghiendiebiiettikokupninienashyksabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "279747"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453286864"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(11) "№ 54 ОШ"
    ["seo_title"] => string(6) "54-osh"
    ["file_id"] => string(6) "327439"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463421850"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства