Оқиғаларды әңгiмелеу Тату ағайындылар Өте ертеде бір патшалықта екі ағайынды өмір сүріпті. Екеуінің үйі таудың екі жағында болса да, олар қиыншылыққа төзіп, шыдамдылық, сабырлық танытып бір- біріне көмектесіп, тату-тәтті өмір сүреді. Содан олар егін егіп, егіндері жайқалып өсіп шығады. Бір күні ағайындылар егінді жинап алып, теңдей бөліп алады. Сол күні түнде үлкен ағасы іште ойлайды: «Біз егінді бірдей етіп бөліп алдық, бұл дұрыс емес. Інім жаңа ғана шаруашылығын бастап жатыр. Оған маған қарағанда көбірек керек». Ағасы тұрып, түнде інісіне бір қап бидайды апарып тастайды. Ал бұл кезде інісі жатып, олда іштей ойлап жатады: «Жоқ, біз егінді дұрыс бөліскен жоқпыз. Ағамның отбасы үлкен, жасы да менен үлкен. Оған маған қарағанда көбірек керек». Таңға жақын інісі де білдіртпей бір қап бидайды ағасына апарып тастайды. Таңертең ағайындылар өз қамбаларына қарап, таң қалады: «Бұл қалай? Кеше бір қап бидайды ағама апарып беріп едім ғой, ал бидай азаймапты». Олар қаптарды қайта-қайта санайды да, таң қалады: «Бұл не ғажайып?!» Түн болысымен ағасы мен інісі бір бидай қапты арқалап, үйлерінен шығады. Толық ай туады жарықтандырып тұрған. Осы жрде қарағайдың түбінде екі ағайынды кездесіп қалады. Ағасысұрайбастайды: - А, бұл сен бе? Кештетіпқайда бара жатырсың? Інісіайтады: -А, бұл сен беедің? Ал сен қайда бара жатырсың? Екеуі де үндемейқалды, бір-бірін іштейтүсінеқоядыОсыдан кейін екеуінде ішкі тыныштық орнап бір – бірін одан әрі қатты жақсы көріп тыныштықта өмір сүреді. 1.Екі ағайындының іс – әрекеттері дұрыс па? 2.Әр нәрсенің байыбына барып, сабырлықпен әрекет етудің маңыздылығы мен пайдасы қандай? 3. Бойында сыпайылық, шыдамдылық, тәртіп қасиеттері ұялаған қандай адам ? |