Бұл сабақ жоспарында қолданылған әдіс-тәсілдер, көрнекіліктер қарастырылған. Пазл әдісі бойынша оқушылар мәтінді құрастырады. Алматы метросы туралы бейнежазбамен таныса отырып, өз ойларын айтады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
2.Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырып бойынша жауап беру.
3. Рецепт бойынша сабақтың тақырыбын анықтау.
Берілген рецепт бойынша сабақтың тақырыбын анықтаймыз.
Жерасты көлігінің атын анықтайық. Ол не?Дұрыс,метро.
4.Осы тақырыпқа қатысты сөздермен танысайық.103бетті ашайық. 1топ қазақшасын, 2топ орысшасын оқиды. Бірнеше сөздің антонимін,синонимін айтайық.
*Бейбітшілік даңғылы - проспект Мира
жылжи жөнелу–быстро двигаться
абыржу – растеряться
байқалмау – быть незаметным
жол қиылысындағы бағдаршам – светофор на перекрестке
кедергі болмау – не быть препятствием
өз жолы – свой путь
басты қала – главный город, столица
жүз жылдан астам – более ста лет
пайда болу – появиться
5.Оқулықтарыңды жабыңдар.Пазл әдісі бойынша берілген мәтінді оқып,құрастырамыз.
Мұндай жерасты теміржолының толық аты – метрополитен. Ол гректің «басты қала,астана» мағынасын білдіретін «метрополис» деген сөзінен шыққан.Алғашқы метро бұдан жүз жылдан астам бұрын Англияның астанасы Лондонда пайда болды. Жарқыраған кең вагондардың іші толған халық. Әркім өз шаруасымен: біреу жұмысқа, біреу мектепке, енді біреу дүкенге бара жатыр.
Сақ болыңыздар, есік жабылады. «Келесі Бейбітшілік даңғылы» деген дауыс радиодан айтылған соң,жылжи жөнелген пойыз тоннельге кіріп кетеді.
Жүздерінен кешігіп қаламын-ау деген абыржу байқалмайды.Метро пойызына жол қиылысындағы бағдаршам да, қаптаған автомобильдер мен жаяу жолаушылар да кедергі болмайды.Оның терең жер астынан салынған өз жолы бар.
Әр топтан 1 оқушы құрастырған мәтінді оқып береді.
6. Енді оқулықтарыңдағы103-беттегі 2-тапсырмадағы мәтінмен салыстырайық.
7. 3-тапсырмадағы қарамен жазылған күрделі сөздердің қандай сөз таптары екенін анықтаңдар.
-Біздің туған жеріміз қалай аталады?
-Қазақстан қандай мемлекет?
- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласында не туралы айтқан?
-Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар.Әрбір өлкенің халқына суықта пана,ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс,- деген кімнің сөзі және қай бағдарламадан алынған?
8. Stop кадр.Алматы метросы туралы бейнежазбаны мұқият тыңдаңдар.Мен кез келген уақытта оны тоқтатып, сендерге сұрақ қойғанда, дұрыс жауап беруге тырысыңдар.
-Алматы метросында қанша бекет бар?
- Абай бекетіндегі Абайдың портретінің биіктігі қанша метр?
-Болашақта қандай бекеттер салынбақшы?
- Әр бекеттегі қай халықтың тарихынан сыр шертеді?
9. Жұмбақ әңгімелер ұсыну.
10. Қорытынды.
11. Бағалау
12. Үйге тапсырма: Метро туралы қосымша мәлімет жинау.