Пәні | Физика және астрономия |
Сабақтың тақырыбы: | Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу. Электр тогының жұмысы мен қуаты |
Сабақтың мақсаты: а)білімділік | Кон Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосудың заңдылықтары мен ерекшеліктерін күнделікті мен ла байланыстыра отырып түсіндіру, электр тогының жұмысы мен қуатына есептер шығару |
б)тәрбиелік: | Оқу Оқушыларды ізденімпаздыққа, өз бетінше еңбектенуге, жылдам ой қорыта білуге дағдыландыру, топпен жұмыс істей білуге баулу |
в)дамытушылық: | Практикалық дағды, іскерлікті қалыптастыру. Физиканы өмірмен байланыстыра отырып оқушыларға кәсіптік бағдар беру |
Сабақтың типі | аралас сабақ |
Сабақтың түрі | теориялық |
Сабақта қолданылатын технологиялар: | Биоақпараттардыру және сенергетика технологиясы Ұжымдық оқыту технологиясы |
Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер: | Топпен жұмыс, иллюстративті-түсіндірмелі әдістер, лекция элементтері, миға шабуыл, сұрақ-жауап |
Қолданылатын құралдар: | Интерактивті тақта, флипчарт, электронды оқулық, виртуальді зертхнана, физикалық құрал-жабдықтар, таратпа материалдар |
Қолданылатын әдебиеттер: | Г.Я. Мякишев, Б.Кронгарт- Физика оқулығы Электронды оқулықтар Л.Жданов Физика оқулығы |
Сабақтың кезеңдері | Әдіс- тәсілдер | Оқытушының іс- әрекеті | Оқушының іс- әрекеті | Күтілетін нәтиже |
Ұйымдастыру жұмыстары | Психологиялық ақуал | Аудиторияның тазалығына,сабақ өтуге дайындығына, оқушылардың назарын сабаққа аударды. | Оқушылар сәлемдесіп болған соң, топқа бөлініп, бар назарларын сабаққа аударды. | Кезекші оқушы мен оқытушының арасындағы әрекет |
Үй тапсырмасын сұрау | 1.«Мозаика» ойыны 2. «Кім жылдам?» Тест тапсырмалары | ) та Әрбір топқа есептерді бере отырып, оқушылардың тапсырманы орындалуын қадағалады. Өтілген тақырып бойынша тест тапсырмалары ұсынады | Оқушылар берілген есептерді шығара отырып, мозаиканы құрастырады Интерактивті тақтаның көмегімен тест тапсырмаларын орындайды. | Физикадан есептер шығаруға дағдыланады Физикадан тест тапсырмаларын орындауға дағдыландыру |
Сергіту сәті | «Формулалар биі» | Музыканың көмегімен оқушылар билей отырып, физиканың формулаларын шығарады | оқушылар топ болып ортаға шығып, қойылған музыкаға ырғақпен билейді. | Оқушылардың формулаларды түрлендіруды үйренеді. |
Жаңа сабақ | Ой толғаныс» Түсіндіре-баяндау, сұрақ- жауап | Жаңа сабақтың тақырыпты баяндайды. Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу. Электр тогының жұмысы мен қуаты. Қаралатын сұрақтар: Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу. Электр тогының жұмысы мен қуаты | Оқушылардың жаңа сабаққа бар ынтасымен назар салып, сабаққа қатысып отырады. | Жекелей және топпен жұмыс жасай отырып сабаққа белсенді араласады. |
| | Зарядталған бөлшектердің өткізгіш бойымен реттелген қозғалысында электр өрісі жұмыс өндіреді. Бұл жұмысты ток жұмысы деп атаймыз. А = U I ∆t Тізбектің бөлігіндегі токтың жұмысы ток күшінің кернеуге және жұмыс өндіруге кеткен уақытқа көбейтіндісіне тең. Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы бойынша не кернеуді ток күші арқылы, не ток күшін кернеу арқылы өрнектесек, ток жұмысы үшін өзара эквивалентті үш формула аламыз: А = U I ∆t = I²R ∆t = U² / R ∆t = Q Тогы бар өткізгіштің қоршаған ортаға бөліп шығаратын жылуының мөлшерін анықтайтын заңды ағылшын ғалымы Д.Джоуль мен орыс ғалымы Э.Х.Ленц тәжірибе жүзінде тағайындаған. Джоуль-Ленц заңы былай тұжырымдалады: тогы бар өткізгіштің бөлініп шығатын жылуының мөлшерін ток күшінің квадраты, өткізгіштің кедергісіне және өткізгіш бойымен ток жүретін уақыттың көбейтіндісіне тең: Q = I²R ∆t Токтың қуаты ∆t уақыттағы ток жұмысының сол уақыт аралығына қатынасына тең: Р = A / ∆t = IU Тізбектің бөлігі үшін Ом заңын пайдаланып бірнеше эквивалентті қуаттың формулаларын аламыз: Р = IU = I²R = U² / R Приборлардың көпшілігінде олардың тұтынатын қуаты көрсетулі болады. | 1.Өткізшітерді тізбектей және параллель қосу 2.өткізгіштерді : А)тізбектей қосу Б)параллель жалғау 1.Өткізгіштерді тізбектей қосқанда: І =I1=I2 U=U1+U2 R=R1+R2 2.Өткізгіштерді параллель қосқанда: І =I1+I2 U=U1=U2 1/R=1/R1+1/R2 | Оқушылар конденсаторды жалғау арқылы Потенциалдар айырымы, электр сыйымдылығы және зарядтың өзгерісін біле алады. |
Жинақтау | 3.«Менің электрлі үйім» | Әрбір топқа .«Менің электрлі үйім» кестесі ұсынылады, сол бойынша есептеулер жүргізіледі. құралдар | қуаты Вт | кернеу В | ток күші А | уақыт с | жұмыс кВт*сағ | жұмыс бағасы теңге | 1.Электр шамы 2. Кір жуғыш машина 3.Шаң сорғыш | 60 1800 1200 | 220 220 220 | | 2 2 2 | | | Электр энергиясын үнемдейік!!! Тариф =13 теңге/ кВт*сағ | 3-сайыста: Оқушылар берілген құралдардың көрсетіген қуаты бойынша, шығынды есептеуді үйренеді. 4-сайыста: Оқушылар тізбектердегі бос формулалардың орнын толтырады. |
| 4.«Тізбектер» ойыны | «Тізбектер» ойынында оқытушы әрбір топқа тізбектелген есептерді интерактивті тақтаға ұсынады. Сол бойынша әр топ өзіне ұсынылған есептерді шығарады. |
Қорытынды | Ой қорытындылау | Оқытушының жауаптарды толықтыра отырып сабақты қорытындылауы | Оқушылар өткізгіштерді тізбектей және параллель қосудың заңдылықтарын түсініп, электр тогының жұмысы мен қуатын есептеуді үйренеді. | Оқушылар жаңа сабақ барысында не үйренгендерін дәптерлеріне жазып алады |
Оқушыларды бағалау | Білімді бақылау, бағалау. | Сабаққа жақсы қатысқан топ пен жеке оқушылар жинаған жұлдызшалар бойынша бағаланады | | |
Үйге тапсырма | | § 8.10-8.11 Б.Кронгарт Физика -10 оқулығы Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар | Тақырыпты оқып келу | |
«Білім және кәсіби маман – заманауи білім беру жүйесінің негізгі бағдары» - онкүндігі