-Сәлеметсіңдер ме, балалар? Сабаққа деген көңіл -күйлерің жақсы деп ойлаймын? Ендеше барлығымыз сабағымызға кірісейік. / Орманға ойша серуен/ Тыныс алған сайын неғұрлым босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өздерің сыныптан шыққандарыңды елестетіндер. Таза ауаны жұтып, күн сәулесің сезініңдер. Енді орманға қарай жүре бастаңыз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Айналада толған әсем гүлдер. Бір гүлдің жанына келіп хош иісін сезініңіз. Сендер өздеріңді бақытты және қауіпсіз сезінесіңдер.Қауіпсіздікті, егеменділікті, бақытты өмірді бізге кім сыйлағандығын көз алдымызға елестетейік. Келген жолымызбен кері қайтамыз. Міне, мектепке де келіп қалдық, сыныптың есігін ашып сыныпқа кірдік. Енді көзімізді ашып, бір- бірімізге қарап күлімсірейміз. /Оқушылар тыныштық сәтінен алған ойларын ортаға салады/ Батылдық деген не? Өжеттілік деген ше? Өжет, батыл оқушылар бар ма арамызда? Батылдық, өжеттілік көрсеткен кездерін болды ма? Батыл болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар? «Қойшы Қаһарман» Мәтінді балалар тыңдайды -Қаһарманың ержүрек батырлығын қандай іс-әрекетінен байқадыңдар? -Қаһарман батырдың тағы қандай жақсы қасиеттері туралы айта аласыңдар? -Өз бойларыңда батылдық бар деп ойлайсыңдар ма? Неліктен? «Батыл болмай, батыр болмайды» -Бойында батылдығы бар адам батыр бола алады.Ал батыл болу үшін өжет, төзімді, шыдамды, сабырлы болған жөн. Ата-анасын, елін- жерін сүйетін, қорқуды білмейтін адам ғана батыр бола алады. Бұл мақалдың айтылуы тегін емес. Адам бойына батылдықтың қалыптасуына дене жаттығуларының да әсері бар. Сондықтан бойымызды сергітіп алайық. Шынығамыз жастай біз,(Орындарынан тұрады) Жаттығуды бастаймыз.(Қолдарын бүйірлеріне қояды) Бір,екі,үш(Қолдарын алға,жоғары,жанына созады) Бір,екі,үш Бойымызға жинап күш.(Қолдарын ішке бүгеді) І. Сөзжұмбақты шешу. Абылай ханның Қабанбай батырға қойған аты. (Дарабоз) Ақжолтай батыр.(Ағыбай) Махамбеттің серігі. (Исатай) Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры. (Рахымжан) Желтоқсан оқиғасының батыры. (Қайрат) ІІ. Тарихтағы батырларды, олардың бойындағы қасиеттерді еске түсірейік те батылдық ұғымына топтастырайық. Схема арқылы көрсету. ІІІ. Жағдаятты шешу -Балалар жарты шеңбер құрып тұрады. Ортаға ұзындығы 2-3 метр болатын түзу жіп Межеге белгіленеді. Ортаға бір ойыншыдан шығады. Ойыншыны ойын басқарушы орнында тұрып айналдырады. Бірнеше рет айналғаннан кейін сызылған сызықтың бойымен екі қолын жайып түп-түзу жүру керек. Кім межеге сызықтың бойынан ауытқымай түзу жүріп жетсе, сол батыл, жеңімпаз атанады. Жеңімпаздарды марапаттайды, қол шапалақтап, қошеметтейді. Доп ойнап жүрген балалар. «Жер,су,ауа,от» Ойынның барысы: Балалар дөңгелене тұрады.Кез келген ойыншыға «Жер,су,ауа,от» деген сөздердің біреуін айтып допты лақтырады.Допты тосып алған бала «жер» десем жан-жануарлардың атын, «ауа» десем құстардың атауын, «су» десем балықтардың атауын, «от» деген сөзді естігенде допты ұстап алып үндемей келесі балаға лақтырады. Батылдық - адам бойындағы жақсы қасиеттің бірі. Адам батыл болу үшін бала күнінен денесін шынықтырып, салауатты өмір сүргені абзал. Халық батырларының ерлігін мақтаныш етіп, үлгі тұта білейік. Сонымен, 1. Батылдық деген не? 2.Сен батылдық жасадың ба? 3.Бейбіт күнде ерлік жасауға бола ма? 4.Бүгінгі сабақтан нені үйрендің? 5.Нені білгің келеді? Халқымыздың батыр, өжет азаматтарының бірі туралы шағын әңгіме жазыңдар. Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. -Бір-бірімізді қиын сәттерде қолдай білейік.. -Деніміз сау болсын. -Бойымызға батылдықты, батырлықты дарыта білейік және т.б. Батыр ата «Батыр!» деген барша сүйген жақсы сөз. Алтын туы сияқты ол ғасырдың. Батыр ата «Батыр бол!»-деп ұрандар! Естіндер жас жеткіншек қырандар ! Батыр болып, туған жерді қорғауды.- «Шын бақыт!»- деп тілек етіп сұраңдар |