kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өзімді - өзім танумен өсіп келем

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыдардың адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретіндегі өзін - өзі тану адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өзімді - өзім танумен өсіп келем»


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп: Өскемен қаласы әкімдігінің «О. Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ

Мерзiм ____________ Мұғалiм Советова М.Е

Сынып 5 «М», 5 «Ж» Оқушылар саны 5 «М»__, 5 «Ж»__ Тақырып 3. Өнер – өмір өрнегі

Құндылық Ішкі тыныштық. Қасиеттер білуге құштарлық, еңбекқорлық, қабілеттілік, дарындылық, жасампаздық, табандылық.


Сабақтың мақсаты: оқушылардың адам өміріндегі өнердің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту

Сабақтың міндеттері:

а) адамның жасампаздық мүмкіндіктері мен рухани адамгершілік тұлғасының өзара байланысын ашу;

ә) жасампаздық қабілеттерінің дамуына ықпал ету;

б) өмірді сұлулық, жақсылық қырынан қабылдай білуге тәрбиелеу.

Құндылық: ішкі тыныштық (эмоционалдық деңгей) , сүйіспеншілік (адамгершілік деңгей)

Қасиеттер: білуге құштарлық, еңбекқорлық, қабілеттілік, дарындылық, жасампаздық, табандылық.

Ресурстар: интерактивті тақта, С.Тұрысбеков күй «Көңіл толқыны», слайдтар, А-4 қағаздар, түсті қарандаштар, Әлемнің 7 кереметі слайдтар


Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

1. Топқа бөлу. Шаршы, үшбұрыш, шеңбер, тіктөртбұрыш сияқты геометриялық фигураларды таңдау арқылы топқа бөлінеді.

2. 5 «Т»- ұстанымын еске түсіру:

3. Тыныштық сәтi:

 ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.

 (Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек).Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайыннеғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына  көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта  оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!


Рахмет.

  • Қандай сезімге бөленгендеріңізді айтуларыңызды сұраймын.

Ескерту

2. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген тапсырма бойынша З. Серікқалидың 10 беттегі мәтінінің мазмұны сұралады. Төмендегі сұрақтар боййынша әңгіме жүргізіледі.

Адамның өмірді жасампаздықпен қабылдауын қалай байқауға болады?

«Өнерлі адамның өмірі бақытқа, шаттыққа толы» дегенге қалай қарайсыңдар?

Өнердің адам өміріне ықпалы қандай?

3. Дәйексөз.

«Өнер – адамның рухани азығы, ол халықтың бүгіні мен келешегі, арманы мен қиялы, жалпы болмысы,» – деп бағалайды Б. Момышұлы.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Оқушылар дәйексөздің мағынасы бойынша өз пайымдауларын жасайды.

Дәйексөзді оқушыларға 3 рет қайталатып оқыту.

Дәйексөзді дәптерлеріне жаздыру.


4. Оқиғаны әңгімелеу.

Өнер туындысының құдіреті туралы түсініктерін кеңейту мақсатында оқушыларды көрнекті жазушы Ілияс Есенберлин шығармасының үзіндісімен танысуға шақырамын. Бұл айдармен берілген мәтін шығармашылық үдерістің мәні, адам сезімі туралы оқушылардың түсініктерін дамытады.

«...Осы екі арада әйгілі «Ave Магіа» баппен баяу толқындап, кең жазира күзгі даланы, даладай мол тынысты кенен жүректерді түгел баурап, күміс күмбірге, шетсіз-шексіз дария сезім мен сырға кенелтіп үлгірген екен. Исабеков те сонау шалқар сұлулыққа, ұлы рухқа іштей елтіп, күлім көз күн мен күміс сәукеле шыңның, айдын аспан мен аялы жер үстінің, шабытты Робертино мен әсерленгіш жас қыздын мәңгі бақи үндестігін, туыстығын, жарастығын анық сезінді. Саудырай ұшқан сарғыш жапырақ арасында машина да баяу жылжиды; жапырақтар да желге емес, әнге қалықтап ұшып жатқандай.

Исабековтің кеудесін мұншалық сұлу толқын кернемегелі көп болған. Ол ойға қалды: «әркімнің кеудесінде асыл армандай өз «Робертиносы» бар-ау. Адам табиғаты солай ғой. Сол рухани дүниенің майда сыңғыр келісімін бұзар. тұтастығын бүлдірер бүлік әрекеттер болмаса нетті! Осыны неге ұмытамыз осы!.. Міне, дәл қазір өз баламның осындай жан сұлулығына өзім қиянат жасағалы келем... Мұным не? Немен тынбақ бұл?!»

Робертино өзін-өзі ұмыта, көкке шаншылта самғай шырқап, теңбіл теңіз жайлы, алыс аралдар туралы әндетті. Оған ыңылдап Анар қосылды; әкесі машинасын үлкен алма бағының шетімен өзенге бұрғанда да, ән әуенін үзген жоқ.

Исабековтер бұл араға жаз сайын жиі келеді. Адам аяғы көп таптамаған таза көгал. Исабеков бұл алаңның сол тазалығын ұнатады. Өзен - саяз болғанмен, тыпырлап тез ағатын тырнакөз су, тау суы. Жағасы құмайт емес, тастақ. Сонда да әрлі, әсем. Сол әдемілікке адам ғана сұқтанбайды. Тау да телміріп, төне түскендей. Тау демі мен өзен лебі қосылып, төңірекке қоңыр салқын тыныс таратады. Әр жерде таудан домалап түскен қойтастар жатыр. Анар бұл тастардан секіріп ойнауды сүйеді.

Талма түс, тау баурайы тып-тыныш. Анар әдетінше тастан-тасқа секіре жөнелді: Робертино әуезін қайталап, бір сыңғырлап, бір былдырлап, көбелектей ұшып-қонып жүрді.

«Ave Магіа» әсерінен айыға қоймаған Исабеков тау мен далаға жаңа көргендей бір түрлі тың оймен, соны пиғылмен көз жүгіртті. Өзінің осы халіне озі таңданды: «жер бетіне жаңа келгендей, төңірекке неге тамсана қалдым. Күз қандай көркем. Күллі дүние күз көркіне бөленіпті-ау. Ең арғы жағы мынау ошағанға дейін күз бояуына малынып тұр, жел тұрып, қар басқанша тірлігін түгесер түрі жоқ. Тіршілік! Дүние түгел тіршілікке құштар...»

Оқулықта берілген сұрақтар аясында әңгіме жүргізіледі. Ол оқушыларға әңгіменің жан тебірентерлік жерлерін естеріне түсіріп, өнерлі адамның қадір-қасиетін, жан дүниесін талдауға мүмкіндік береді.

Оқушылардың жауабын толықтай тыңдап, талқылағаннан кейін мұғалім өнердің адамның өмірге деген құштарлығын арттыратындығы туралы өзі қорытынды жасайды.



5. Шығармашылық жұмыс.

Өскеменнің жеті кереметін сипаттап, суретін салу.


6. Топпен ән айту.

С. Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі тыңдалады.



7. Үй тапсырмасы.

17-бет. Қос өнерпаз мәтінімен танысып келу.


8. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Балалар енді бүгінгі сабақта өткен кезеңдерді есімізге  түсірейік. Енді осы барлық жағымды әрекеттерімізді жүрегімізде сақтайық!

Қатысқандарыңызға рахмет!






1



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Өзімді - өзім танумен өсіп келем

Автор: Советова Мейрамгуль Ергазыкызы

Дата: 08.11.2016

Номер свидетельства: 356684

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) ""?зімді - ?зім танумен ?сіп келемін" "
    ["seo_title"] => string(35) "ozimdi-ozim-tanumien-osip-kieliemin"
    ["file_id"] => string(6) "158887"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421827858"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Өзімді-өзім танумен өсіп келемін"
    ["seo_title"] => string(35) "ozimdi_ozim_tanumien_osip_kieliemin"
    ["file_id"] => string(6) "398222"
    ["category_seo"] => string(4) "obzh"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1488820950"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) ""Өзімді-өзім танумен өсіп келемін""
    ["seo_title"] => string(37) "ozimdi_ozim_tanumien_osip_kieliemin_1"
    ["file_id"] => string(6) "404050"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1490679642"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(164) "Сабақтың Тақырыбы: «Өзімді-өзім танумен өсіп келемін» 6 "А" сыныпқа арналған сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(80) "sabak_tyn_tak_yryby_ozimdi_ozim_tanumien_osip_kieliemin_6_a_synypk_a_arnalg_an_s"
    ["file_id"] => string(6) "391076"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1486925598"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "?зін-?зі тану 5 сынып"
    ["seo_title"] => string(21) "ozin-ozi-tanu-5-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "273586"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452249100"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства