kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақтың Тақырыбы: «Өзімді-өзім танумен өсіп келемін» 6 "А" сыныпқа арналған сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзін - өзі тану сабағы жаңаша әдіс - тәсілдермен құрылған 2017 жыл ақпан айындағы курстан алған білімдерімді оқушыларға көрсетудемін!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың Тақырыбы: «Өзімді-өзім танумен өсіп келемін» 6 "А" сыныпқа арналған сабақ жоспары»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: Гастелло орта мектебі. Мерзiм: 06.10.2016 ж. № 1 сабақ

Тақырып: «Өзімді-өзім танумен өсіп келемін»
Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: Өз-өзіне адал болу, шыншылдық, шынайылық. Мұғалiм: Тараш Шолпан Cынып: 5 Оқушылар саны: 6

Сабақ мақсаты: Өзін-өзі тануға ұмтылудың маңызы туралы түсіндіре, ақиқат құндылығының мағынасын ашу.

Міндеттері:

  • шыншылдық туралы түсінік беру;
    - шынайылыққа үйрету;
    - Өз-өзіне адал болуға тәрбиелеу.

Ресурстар: (нақыл сөз,үнтаспа) түрлі – түсті шарлар, пламастер, плакаттар, түрлі – түсті қағаздар.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. 5Т ережені сақтау

Тыныштық сәтi. №1 Нұрға бөлену.

  1. Үй тапсырмасын тексеру. «Адалдық, әділдік, шыншылдық» құндылықтарын қатыстырып эссе жазу.
    Оқушыларды топқа бөліп, әр топ үй жұмыстарын ортаға салып, өз қалаулары бойынша оқып береді.

Сабақ барысын талқылау: Волшебная композиция Хрустальная МР4



  1. Дәйексөз.

Дүниедегі ең оңай нәрсе – біреуге ақыл айту,
Ең қиын нәрсе – өзіңді-өзің түсіну. Әл-Фараби
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

1 рет қыздар, 1 рет ұлдар, барлығы қосылып айтады. Дәптерге жазып алады.

3.Әңгiмелеу (сұхбат).

«Таным тағылымы»

Ертеде екі данышпан өмір сүріпті.
Біреуі өз шәкірттеріне: «Көп затты танып білу үшін қиындықтарды жеңе білу керек, шыңға өрлеп, биік асудан өтіп үйрену қажет», - дейді екен. Ол өз шәкірттерін адам аяғын баспаған құзды шыңдарға апарып, биік асулардан, тар соқпақтардан өтуге үйретеді.
Екіншісі болса: «Ақылды адам шыңға өрмелейді, оңай жолын іздейді», - деуден жалықпайды. Ол өз айтқанынан қайтпай, шәкірттерімен сол шыңды айналып, жеңіл де оңтайлы жол іздеуден танбайды.
Алғашқылары қиындықты жеңе отырып, өмірден көп нәрсені үйренеді, өздерінің мүмкіншіліктерін, қабілеттерін дамытып, шыңды бағындырады. Сөйтіп, айналсындағыны алыстан көруін үйренді. Соңғылары қиындықтан қаша жүріп, асуды айналып өтеді, жолда не іліксе, соған риза болады. Олар тек жанындағыны ғана көргендеріне мәз болады.
Өзіңді, өмірді танып білу үшін қиындықтан жасқанбай, «тар жол, тайғақ кешуден» тайсалмау керек.


Талқыланатын сұрақтар:

• «Алыстан көруін үйренеді» дегенді қалай түсінесіңдер?
• Сендер танымның қай жолын таңдап алар едіңдер? Неге?
• Қай данышпанның тағылымы табандылыққа, болашақты болжауды үйретеді? Неліктен?























бейнежазба көрсету.

«Өзіңнен баста»

4.Шығармашылық, топтық жұмыс.

    1. Мәтінді сахналау.

Қатысушылар:

  1. Автор

  2. бірінші ақыл айту

  3. екіншісі ақыл айту

4.Абайдың қара сөзінен берілген үзіндіні оқып, сұрақтарға жауап жаз. Абай атамыздың «Өзіңнен –өзің әр күн сайын есеп ал» деген сөзін қалай түсінесіңдер? Есті болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет?

6 – 7 бет

Сахналау.





5.Үй тапсырмасы. «Менде өсемін!» өлеңді жаттап келіңдер. 4-5 бет.


6.Топпен ән айту.

«Мен де өсіп келемін» - Ә. Орманшина

Желдей жүйткіп жылдармен

Үйренемін, ұғамын,
Мен де өсіп келемін.

Өмірдің жинап керегін.
Отанымды сүйемін,

Керек болса көмегім,
Қадірін оның білемін

Қол ұшымды беремін.
Мектепке де барамын,

Адал туған Отанға
Білімнің бойлап тереңін

Ұлы болсам, деп едім.
Топтар бірлесе отырып әнді әуенге қосылып орындайды.

«Мен де өсіп келемін» - Ә. Орманшина


7.Соңғы тыныштық сәтi.

Мұғалім:

- Балалар бәріміз көзімізді жұмып, тыныштық әлеміне енейік. Бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлерімізді есімізге алып, жүрегімізге орналастырайық. Сіздерге көп рахмет! Сау болыңыздар.

Мелодия – красивая медленная

(аудио) МР3


ТЕКСЕРІЛДІ, Абдраимова А.Б




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 6 класс

Автор: Тараш Шолпан сертификат, Алғыс хат

Дата: 12.02.2017

Номер свидетельства: 391076

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Аялай біл сен деп со??ан ж?ректі "
    ["seo_title"] => string(41) "aialai-bil-sien-diep-sok-k-an-zhuriekti-1"
    ["file_id"] => string(6) "181028"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1425294190"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства