Сабақтың мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. | Ресурстар: Мультимедиялық тақта, оқулық,дәптер,мақал-мәтел,дәйексөз,маркер, аққағаз,гүл,жүрек,көбелек суреттері |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу ә) оқушылар назарын сабаққа аудару Сабақ тақырыбына тарту мақсатында сұрақтар арқылы әңгімелесу өткізіледі: Жазғы демалыстарыңды қалай өткіздіңдер?
б) Тыныштық сәті -Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді.Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз...Басыңыздан бастап,аяғыңыздың ұшына дейін... Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып,бойымыз жеңілдеп қалғандай.Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі.Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар...Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады.Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:«Жақсы болу өзіңнен»,деп қарайды.Ия,ия шынында да,көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау!Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой!Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз. Ал,енді «бір,екі,үш»деп,бұрынғы қалпымызға келейік. |
Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында |
2. Үй тапсырмасын тексеру |
|
Әңгімелесу мәтінді әңгімелеп беру Мәтінмен жұмыс | Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
Дәйексөз туралы айта кету | Халық мақалы |
Шығармашылық жұмыс: Оқулықтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып,сабақты түсіндіру. | Оқушылар тапсырмаларды орындайды |
Топпен ән айту | Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді |
Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. | Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды |
Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып түсінік айту | Күнделіктеріне жазады. |
Соңғы тыныштық сәті: Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар. | Оқушылар көздерін жұмып демалады. |
Сабақтың мақсаты: Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Мінез,адамгершілік ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту; Білімге,оқуға қызығушылықтарын дамыту; Білімді бағалауға тәрбиелеу. Мақсаты:Оқушылардың «білім»құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. | Ресурстар: Мультимедиялық тақта, оқулық,дәптер,мақал-мәтел,дәйексөз,маркер, аққағаз,гүл,жүрек,көбелек суреттері |
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу ә) оқушылар назарын сабаққа аудару б) Тыныштық сәті Тыныштық сәті. Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гул түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басының түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан - жануарларға өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымен... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”. Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. |
Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында |
2. Үй тапсырмасын тексеру |
|
Әңгімелесу мәтінді әңгімелеп беру Мәтінмен жұмыс | Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
Дәйексөз: Тақтаға жазылған мақалдың мәнін түсіндіру. |
Халық мақалы |
Шығармашылық жұмыс Білімнің пайдасы эссе жазу | Оқушылар тапсырмаларды орындайды |
Топпен ән айту: Ерден Атайдың әні Сөзі: Ә.Асылбековтікі Әні: Е.Хасанғалиевтікі Кел,балалар,тұрмаңдар Бізде қызық думан бар. Атамыздың алуан Ертегісін тыңдаңдар Қайырмасы: Ерте,ерте,ерте,екен, Ешкі-ай жүні бөрте екен. Ертегі сөз қашанда Тамашаның көркі екен Түрлі-түрлі ертегі, Тұла бойды ертеді. Ерте өткен ерлердің, Ерлік ісін шертеді. | Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді |
Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. | Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды |
Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып түсінік айту | Күнделіктеріне жазады. |
Соңғы тыныштық сәті: Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар. | Оқушылар көздерін жұмып демалады. |