САБАҚ: Өтебай Тұрманжанов «Қарлығаш пен дәуіт» | |
Күні: | |
Сынып: 6 | Қатысқандар: 12 | Қатыспағандар: 0 |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 1. Тыңдалым. Т1. Т4. Әңгіменің мазмұнын тыңдау арқылы талдау, кейіпкерлерге сипаттама жасау. 2.Оқылым. О1.О4. Әңгімені түсіну, негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру. 3. Айтылым. А4. А1. Шығармашылық тапсырмалар арқылы ауызекі сөйлеуге машықтандыру. |
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар орындай алады: Балалар сөз тіркестерінен қысқа сөйлемдер құрай алады, дұрыс оқи алады, сөздерді аудара алады. |
| Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Берілген сөз тіркестерінен мәтін құрастыра алады, сөздерді тәуелдей алады және мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді таба алады. |
| Кейбір оқушылар орындай алады: Бірден оқи отыра сөйлемнің аудармасын бере алады, өз ойын тақырыпқа сай жеткізе алады. |
Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: берілген сөздерге фонетикалық талдау жасай алады. |
| Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: дәуіт, шыбын-шіркей, есекқұрт, шұбалшаң, көгал, тостағандай, бозторғай |
| Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: киелі құс, қамқор болу, шұбар жылан, жем іздейді, дос болады, икөмекке келді және т.б. |
| Талқылауға арналған сұрақтар: ( |
| Не себепті.......деп ойлайсыз? - Не себепті туған күнде біз сыйлық сыйлаймыз? |
| Ишара: -Жыланды көргенде қарлығаштың қатты қиналған жерде қарлығаш қандай күйде болды? Соны ым, мимика арқылы көрсетіп бере аласыңдар ма? (балалар шиқылдап, дыбыс шығарып, қолдарымен құстың ауада қалбалақтап ұшып тұрғанын көрсетеді) |
Алдыңғы оқу | Үй тапсырмасы: Өтебай Тұрманжанов өмірі және шығармашылығымен танысу. |
ЖОСПАР | |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері: | Ресурстар |
Басы | 1.Сәлемдесу - «Сәлеметсіңдер ме, балалар!» - Көңіл-күйлерің қалай? - Психологиялық дайындық. (5мин) Жарқырап күн де ашылды, Айналаға нұр шашылды. Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз, Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз. Мақсатымыз - білім алу, Міндетіміз - еңбектену Еңбектену арқылы “5 “- ке қолды жеткізу! -Оқушылардың көңіл-күйлерін білу үшін, балалар тақтадағы үш көңіл-күйдегі смайликтерді таңдайды. 2. «Миға шабуыл» (3мин) - Балалар, туған күн қандай мейрам? - Сендердің туған күндерің қашан? - Аналарыңның туған күнін білесіңдер ме? - Аға-інілеріңнің туған күні қашан? (тақтадағы отбасы мүшелерінің портреттері арқылы әңгімелеу) 3. Топқа бөлу: (2мин) партада үш түсті гүлдер жатады. Қызыл түсті гүлді таңдағандар 1 топты, көк түсті 2 топты, сары түсті 3 топты құрайды. | Интерактивті тақта. Түрлі-түсті гүлдер-кеспелер. |
Ортасы | Тапсырмалар: 1. «Шашыраған сөздер» (3мин) Әр топ берілген сөздер мен суреттер арқылы сөйлем құрайды. 2. «Семантикалық карта» (5 мин) Тақтада берілген 8 сөзді қай жақта тұрған тез белгілеп шығу. 3. Деңгейлік тапсырмалар: (5мин) 3деңгей- тақтадағы сөзжұмбақтан 10 отбасы мүшесін табу. 2деңгей- 10 отбасы мүшесін тауып, олармен сөйлем құрау. 1 деңгей- 10 отбасы мүшесін тауып, оларды тәуелдеу. 4. Сергіту сәті. («Алдар көсе» видеосы арқылы жаттығу орындау) (3 мин) 5. «Кластерлер» құрау.(5мин) 1 топ- Досымның туған күні. 2топ- Анамның туған күні. 3 топ- Менің туған күнім. | Интерактивті тақта Кеспелер. Видеоролик. Интернет. Плакаттар, түрлі-түсті суреттер, фломастерлер, қиындылар. |
Соңы | «Синквейн» құрау. 5 жолды өлең. (5мин) (музыка әуенімен қосылады) Туған күн. Зат есім. (1) Сын есім. (2) Етістік. (3) Көңіл-күй. Сөйлем. 2. Рефлексия. (3мин) Тақтада үлкен бағдаршам ілулі тұрады. Оған балалар сабақтан не алғандарын, сабақтың қалай өткені жайлы үш түсті стикерлерді сол бағдаршамның тұсына жапсырып, өз сөзімен айтып кетеді. Сондағы: «жасыл»- маған бәрі ұғынықты болды, мен көп нәрсе өзіме алдым. «сары»- мен әлі де үйренуім керек, кейбір нәрселерді ұқпадым. «қызыл»- маған қызықсыз болды, қиыншылықтарды жеңе алмадым. Үй жұмысы: Туған күндегі қызықты оқиғалар (шағын шығарма) 3. «Туған күн» әнімен аяқталады. (3мин) | Плакаттар. Компьютер. Стикерлер, бағдаршам салынған үлкен плакат. |
Қосымша ақпарат | Жалпы мерекелер жайлы ақпарат беру. Интернет көзі. |
Саралау оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Деңгейлік тапсырмалар арқылы баланың деңгейін білу. Дұрыс орындалған тапсырма үшін кәмпит беру. | Бағалау оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? «Шашыраған сөздер»: 1.Тез әрі дұрыс құралды- (3б) 2. Баяу әрі 1-2 қате болды. (2б) 3. 1 ғана сөйлем құрады. (1б) «Семантикалық карта» 1. 8 сөзді де дұрыс белгіледі. (3б) 2. 1-2 қате жіберді (2б) 3. 3 қате жіберді (1б) «Кластер» құру 1. Тез әрі әдемі безендіріліп, жақсы қорғалды (3б) 2. Тақырыпқа сай жасалды (2б) «Синквейн» құрау. 1. Дұрыс әрі ұғынықты жасалды. (3б) 2. Сөздері шатасып келді (2б) Жалпы балл: «5»- 12 -11б «4»- 10- 7б «3»- 6-3б | Пәнаралық байланыс. Денсаулық және қауіпсіздік. АКТ мен байланыс. Құндылықтармен байланыс, тәрбие элементі. Бұл сабақ орыс тілі, музыка пәндерімен байланысып тұр. Оқушылардың бірін бірі , достарын, жақындарын сыйлауға, құрметтеуге, қадірлеуге, бағалай білуге тәрбиелеу |
Рефлексия (Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттер орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма, тапсырмалар сәйкес болды ма? Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?) | Сабақтың мақсаты орындалды. Оқушылардың өз білімдерін көрсете алды. Нашар оқитын балалар да өз деңгейлеріне сай барлық тапсырмаларды игере алды. Оқушылар өз ойын жеткізе отырып, кластерлер, синквейн құрауды үйренді және әлі де білімдерін шыңдауда. Сабақ өз деңгейінде өтті. Балалар сабаққа белсенді араласты. Барлық тапсырмалар балалардың жас ерекшелігіне сай. Топпен жұмыс жасауда балалар, бірін-бірі тыңдауды, біреудің сөзін бөлмеуді, бөлісу керектігі жайлы көп үйренді. Уақытты ұтымды пайдаландым. Әр тапсырма берілген уақыт бойынша жүргізілді. |
Қорытынды бағалау (Ең жақсы өткен екі нәрсе оқыту мен оқуға қатысты) | Менің ойымша, ең балалардың көңілінен шыққан, балаларға қызық болған жаттығулар: кластер және синквейн құрау. | |
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді, оқыту мен оқуға қатысты | Оқыту үрдісінде «Джигсо» әдісін қолдануға болады. Сондай-ақ үндемей отырған балаларды орнынан тұрғызу үшін кофе араластырғыш таяқшаларды пайдалану арқылы сабақты одан тиімдірек жасауға болады. | |