Тақырыбы: Мүмкіндігі шектеулі балаларға тіл дамыту дағдыларын қалыптастыру.
Тіл тек ойды бейнелеу құралы ғана емес,сондай-ақ тіл оқыту құралы, тілсіз оқыту үрдісін ұйымдастыру мүмкін емес.
Дамуы дұрыс балаларға қарағанда, мүмкіншілігі шектеулі балаларда тіл кемістігі көп кездеседі. Түзеу кабинетінде балалардың бұл ерекшеліктерін ескере отырып,олардың тілін қалыптастыру жұмысын түзетіп-оқытуды негізгі мақсаты деп есептейді. Оқушылардың тіл кемістігі олардың таным қабілеттерінің дамуына кері әсер етеді, ойын қалыптастыруда,өз ойын әңгімелеуде қиындық туғызады. Осылардың бәрі қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас жасауға кедергі келтіреді. Оқушы тіл кемістігінен туған психологоиялық уайымдаудан оқу үрдісі қиындайды,сондай-ақ оның бүкіл өмірі қиындыққа ұшырайды.
Тілдің бұзылуы,кемістіктері әр қалай. Мүмкіншілігі шектеулі балалар оқитын түзеу кабинеттерінде ½ оқушының тіл кемістігі бар. Қоршаған орта туралы дүниетанымының тарлығы,сөйлеу қатынасының әлсіздігі,қызығушылықтары,сөйлеу тілінің даму қарқыны төмен,т.б. мүмкіншілігі шектеулі балалардың тілінің баяу және аномальды дамуын көрсетуші факторлар.
Түзету кабинетінде әр түрлі тіл кемістіктері бар балалар оқиды: дислалия,дизартрия,алалия,ринолалия,тұтығу,әр түрлі деңгейдегі тілдің дамымағаны,дисграфия,дислексия. Сабақтар қазақ тілінде жүргізіледі. Ең алдымен қазақ тіліндегі дыбыстардың айтылуын ескере отырып, алдағы уақытқа жоспар құрылды,соның негізінде логопедия бойынша дыбыстарды оқытудағы жүйені реттеу қажет.
Жеке-дара және топтық сабақтарда көрнекіліктер мен дидактикалық материалдарды кеңінен пайдалану керек. Бұл материалдар мүмкіндігі шектеулі балалардың материалды жақсы ұғынуына көмектеседі,сондай-ақ дұрыс дем алу,есту зейіні мен көрнекі есте сақтауын дамытуға әр түрлі жаттығулар пайдалану қажет. Ұсақ саусақ- қол моторикасын және артикуляциялық моториканы дамытуға,ортада өзін ұстауын түзетуге, сондай-ақ барлық психикалық (зейін,есте сақтау,ойлау) үрдістерді дамытуға дидактикалық жеке топтамалар,перфокарталар,әр түрлі дидактикалық материалдар қолдану керек.
«Тілі зордың-елі зор, асыл тілді абзал халық еш уақытта болмас қор»,-деп ұлы адамдар айтқандай, әлемдегі алдыңғы елу елдің қатарында болу, ең алдымен, жеткіншіктердің қолында екені белгілі. Ал олардың білімді,өнерлі,сөзге шешен,ойға ұшқыр болуы әбден қажет. Әрбір адамның өз тілінің бүге-шігесіне, терең иіріміне бойлай алуы, ойын жатық тілмен әдемі жеткізе алу-сол адамның мәдениеттілігінің белгісі. Олай болса, жеткіншіктерімізді шебер,мәнерлі сөйлеуге үйрету логопедтің міндетті. Бұл аса жауапкершілікті қажет ететін күрделі жұмыс. «Баланы жастан» демекші, туған күннен бастап әр ата-ана, әр ұстаз, әр логопед ұстаз бір-бірімен байланысты жұмыла жұмыс жүргізуде ғана бұл істе жақсы нәтижеге жетуге болады. Жоғарыда айтқанымыздай, баланы өте кішкене кезден бастап әр дыбыс,әр сөз, әр сөйлемде дұрыс айтқызуға баулу керек. Сонда ғана ол өз ойын дұрыс жеткізуге үйренеді.
Ата-аналармен мынандай жұмыстар жүргізіледі: жеке-дара әнгімелесу,жаттығулар көрсету консультациялары, жалпы мектеп және сынып жарыстарына, сабақтарға ата-аналардың қатысуы.
Мүмкіншілігі шектеулі баланың тіл кемістігі жүйелік өзгешелікке тән,кеңістік механизмі,деңгейі,көрінуі бойынша әр түрлі,сондықтан оларды талдауда дифференциалды бағытты талап етіп, үлкен қиындықтармен түзетіледі.