Басталуы | Амандасу. Психологиялық ахуал туғызу. Суреттің бөліктерін құрастыру арқылы топқа бөлу. II. Үй тапсырмасын тексеру. 1. Ой шақыру. Сұрақ-жауап. — Көк түс нені білдіреді? — Ашық аспанды білдіреді. — Сары түс нені білдіреді? — Күн сәулесін білдіреді. — Осындай күн сәулесі төгілген, ашық аспанда тұрып жатқан біздің Отанымыз қалай аталады? — Қазақстан. — Қазақстан дегенде сендердің ойларыңа қандай сөздер түседі. (Кластер құрастыру, әңгімелеу) | «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау | Оқулық Қазақ тілі, әдістемелік құрал, «Алматыкітап» -2015. |
Ортасы: | III. Жаңа сабақ 1 Кіріспе бөлімі: — Қазақстан бәріміздің Отанымыз. Өйткені әр адамның өзінің туып-өскен жері болады. Сондықтан әрбір адам өз Отанын, туған жерін, ата-мекенін қорғауы тиіс. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақстан — біздің Отанымыз» деп аталады. Осы сабақта сөздік қорымызды байытып, өз туған жеріміз туралы мағлұматтар алып, ойымызды еркін жеткізіп, ауызша сөйлеуге үйренеміз. 2. Сөздікпен жұмыс . 3 тілде айту. 3.Мәтінді үнтаспа арқылы тындау. 4 С.ұрақтарға жауап беру. 5 «Менің Отаным» тақырыбына «Ыстық картоп» әдісі бойынша постер қорғау. 4. Сергіту сәті . Отан –атам, Отан – әкем! Осы сөзім қате ме екен?! Қате болса Неге біздер Дейміз оны «Атамекен?!» Отан – әжем, Отан – анам! «Туған ел» деп, «Туған жер!» деп, Ол бекерге аталмаған... (Ж.Әбдірашев) ІV. Грамматикалық тапсырмалар орындау 1. Тапсырма. «Ойлан, тап!» Отан, Ту, Елорда, елбасы сөздеріне синонимдер тауып жаз. Сөйлем құрастыр. 2. Тапсырма. Дәптермен жұмыс. Төменде берілген мақал — мәтелдердің екінші сыңарын тауып жаз.Мағынасын түсіндір. Ел іші — ........ Отансыз адам — ...... Отан — оттан да ..... Отан отбасынан ...... Керекті сөздер: ормансыз бұлбұл, басталады, алтын бесік, ыстық. 3. Тапсырма. Бос орынға керекті сөзді қой. Менің Отаным - ....... . Қазақстан .... мемлекет. Қазақстанның табиғаты ... | «2 жұлдыз, 1 ұсыныс» | Интерактивті тақтадан слайд көрсету . |
Аяқталуы: | VII. Сабақты бекіту, қорытындылау. 1) Сұрақтарға жауап беру. «Серпілген сауал» (әр топқа 10 сұрақ қойылады). 2) Стикерге өз туған еліне арнап тілек жазу, ағашқа жапсыру. Үйге тапсырма: Мәтінді әңгімелеу. Мақалды жаттау. | «Тілек жазу». (Балардың жазған тілектері тыңдалады). | |
Қабілеті жоғары балаларға мақал-мәтелдің жалғасын табу, мағынасын түсіндіру тапсырмасын беруді жоспарладым. | Табыс критерийлері арқылы оқушылар өздерінің бүгінгі сабақта не үйренгенін, қандай тапсырмаларды орындай алғанын балл бойынша есептеп, жалпы балды шығарады, ұсынған шкалаға сәйкес өзіне баға қояды. Критерийі | балы | Сұраққа жауап бере алдым, өз ойымды еркін жеткіздім. | 1 2 3 | Сөздердің синонимін табу. | 1 2 3 | Мақал-мәтелдердің жалғасын таптым, мағынасын түсіндірдім. | 1 2 3 4 | Жалпы саны | 3-4 5-7 – «4» 8-10 – «5» | | Топта жұмыс жасау арқылы ұжымдық қарым-қатынас мәдениеті қалыптасады. Оқушыларға сұрақ қою кезінде әлеуметтік, мінез-құлық, эмоционалдық ерекшеліктері ескеріледі. |