Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Мағауия портреті, Африка картасы, Занзибар елінің суреті, тест сұрақтары, т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: география
Сабақтың әдіс-тәсілі: ой шақыру стратегиясы, поэмадағы кейіпкерлерді талдау, түсіндіру, пікірталас,сұрақ- жауап әдісі
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу (әскери талап бойынша рапорт беру);
бір-бірімізге жылы лебіз ....
топқа бөліп отырғызу
назарларын сабаққа аудару.
Бүгінгі күнді дәптерлеріне жазу, сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазу.
5-слайд: ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасы: 1)А) Ақынның өмірбаянын баяндау(2-3 оқушы) Ә)Шолу сұрақтар - Мағауия Абайұлы кім? - Ол қайда дүниеге келген? - Мағауия қандай адам болған?
Б) Романтикалық шығарма дегенді қалай түсінесіңдер?
6-слайд:2) Тест
1.Мағауия неше жыл өмір сүрген? А) 27, Ә) 34, Б) 35, В) 24 2. Мағауия кімнің кеңесімен кітаптарды құмарта оқиды? А) әжесінің кеңесімен, Ә) анасының кеңесімен, Б) әкесінің кеңесімен, В) туыстарының кеңесімен 3. Абай Мағауияның сауатын алдымен қалайша аштырған? А) мұсылманша, Ә) орысша, Б) еуропаша, В) қазақша 4.Мағауия елге қалай танылады? А) еуропаша білім алған азамат ретінде, Ә) өзінің зор адамгершілігі мен әділеттілігі, жан сұлулығы жағынан әкесіне тартқан азамат ретінде, Б) анасына тартқан аяулы азамат ретінде, В) әжесі еркелеткен азамат ретінде 5. Мағауияның поэмасын көрсетіңіз. А) «Күн шығыс», Ә) «Ер Қосай», Б) «Абылай», В) «Күйші» 1- В; 2 – Б; 3 – А; 4 – Ә; 5 - Б
7-слайд: 3) Неге? А) - Неге Мағауия ауылға қайтып келді? - Неге ол Еуропаша білім алған жастардың бірі болған? - Неге Мағауия әкесіне жұбаныш болады?
Ә) Ақынның қандай шығармаларын білеміз?
ІІІ Жаңа сабақ
8-слайд Бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы:
Мағауия Абайұлы Құнанбаев. «Медғат Қасым» поэмасы
Сабақтың мақсатымен таныстырамын.
9-слайд: Жаңа сөздермен танысу:
Зәңгі-негр
Құл-раб
Ғашықтық-влюбленность
Қарақшы-разбойник
Мот-расточитель
10-слайд Мұғалімнің поэма туралы түсінік беру сөзі:
Мағауияның поэмаларының ең көлемдісі, көркемі- «Медғат Қасым поэмасы». Оның қазақ жазба әдебиеті тарихында алатын орны ерекше. Өйткені оның оқиғасы қазаққа бейтаныс жұрттың өмірінен алынған, романтикалық шығарма.
-Романтикалық шығарма дегенді қалай түсінесіңдер?
-Романтикалық шығарма дегеніміз- асқақ арман, қиялға негізделген шығарма.
Оқиға Африкада, Ніл өзенінің бойында өрбиді. Көз алдымызға Африканы елестетейік. Африка дегенде ойымызға не келеді? ( Ніл өзені) Дұрыс айтасыңдар, Ніл өзені дүние жүзіндегі ең ұзын өзен. Ол қандай мемлекеттердің аумағынан өтеді? ( Мысыр, Судан, Эфиопия) . Сонымен оқиға Мысыр елінде болған. Мұрат деген байдың көп құлдарының бірі-нәсілі зәңгі Қасым болады. Қасым қожасының асырап алған қызы – Мәрияға ғашық болады. Өзінің ғашықтығын қызға білдіргенде, ол Қасымның намысына тиетін сөздер айтады. Бұл жайды естіген Мәрияның көңілдесі Медғат (Медғат деген Мұрат байдың баласы) Қасымды азаптап қинайды. Содан Қасым Мәрияны өлтіріп, қашып кетеді. Осы тұстан әңгіме желісі үзіліп, бірнеше жылдан кейінгі оқиға баяндалады.
11-12-13 –слайдтарды көрсету
Оқулықта берілген поэманың мазмұнынан үзінділер арқылы оқи отырып талдаймыз.
14-слайд:
Медғат әкесінің байлығын орынсыз шашады. Шығынға батқан Мұрат бай Занзибарға көшеді. Жолда оларға зәңгі-қарақшылар шабуыл жасайды. Олардың басшысы осы өңірдің зәре-құтын алған Сары бастық деген екен. Ұрыста Мұрат бай өліп, Медғатты тұтқынға алады. Қарақшылардың бастығы Қасым болып шығады.
- Бұл үзіндіден не түсіндік?
- Оқиға қалай жалғасты?
Осы жерден поэманың жаңа оқиғасы басталады.
15-слайд:
Сәлім деген аңшы жігіт сол түні өзінің Халит деген досымен сырласып отырады. Сәлім өз әңгімесінде ғашықтықтан елден безгенін айтады. Ол Мұрат байдың Ғазиза деген аса сұлу қызына ғашық болыпты. Қыз да мұны ұнатыпты. Бірақ бай Сәлімді кемсініп, қызын бермепті. Сүйген қызына қосыла алмаған жігіт бәрін тастап, осылай алысқа кетіп, аңшылық етіп жүріпті.
-Жаңа оқиға кім туралы?
-Бұл кейіпкерлердің алдыңғы оқиғамен қандай байланысы бар?
Мұғалімнің сөзі: Қарақшылар шабуыл жасағанда Ғазиза да сонда болған екен. Тұтқындағы Ғазизамен сөйлескен Қасым Сәлім екеуінің бір-біріне ғашық екенін біледі. Ол Ғазизаға көмектесуге уәде береді. Поэманың соңында Қасым Ғазизаны Сәлімге табыстайды да, сөйтіп өзінің кегін қайтаруымен аяқталады. Ал қазір поэмада Мұрат бай, Қасым, Медғат образдары қалай суреттеледі, соны талдап көрейік.
16 -слайд:
Қызығын Африканың жаңа тапқан.
Қақ жарып, бір ықылымды Ніл дария аққан.
Бұрынырақ ізденіп, талаптанып,
Мұрат деген бай кепті Мысыр жақтан.
Құлы көп, егіні көп бұл үлкен бай,
Еңбек қылып, мал тапқан жан аямай.
Құлды малша таяқпен жұмсаушы еді,
Адам деп обалына қарамай.
Мұрат бай кім?
Ол қандай адам?
17-слайд:
Дейтұғын бір құлы бар Қасым атты,
Қара сұрлау пішіні зәңгі затты.
Отты қара көзі бар, ұзын бойлы,
Тәкаппар, тәуекелші, бек қайратты.
- Қасым деген кім?
-Қасым қалай суреттелген?
Ал, енді Сары бастық ретінде қалай суреттеледі соны үзіндіден оқиық.
18-слайд:
Қайдан шыққан, еш жанға сырын айтпас,
Өлемін деп, қорғанып, бойын тартпас,
Жауға қарап ақырып,қол сермесе,
Жолдастары ұрынар оттан қайтпас.
Әсіресе байларға рақым етпес,
Ағаш толы зәңгінің бәрі ниеттес.
Сорлы болған жандарға тағы әдеті,
Бір жақсылық қылады естен кетпес.
Қасым-Сары бастық
19-слайд Осы үзіндіден оның бойынан қандай қасиеттерді байқаймыз?
20-слайд:
Бар еді Медғат деген жалғыз ұлы,
Мот қылып бұзып еді малдың молы.
Қаталы әкесінен бетер еді.
Тітіреп тұрушы еді барша құлы.
-Медғат кімнің ұлы?
-Оның мінезі қандай?
21-слайд
-Бұл кімнің бейнесі?
Сәлім оған ғашық. Қыз да мұны ұнатыпты. Қыз сүйгеніне шын берілген, күшті сезімнің иесі…
IV Дәптермен жұмыс Топтық жұмыс
22-cлайд
Поэма кейіпкерлері
Қандай?
1-топ Мұрат бай бейнесі
2-топ Медғат бейнесі
3- топ Қасым (Сары бастық) бейнесі
1)Әр топ өз бейнесі бойынша 2-3 сұрақ құрастырады
2) Құрастырылған
сұрақтар бойынша топаралық өзара сөйлесім
Оқушылар жауаптарын оқиды. Мағауия поэмасында кейіпкерлерді қалай бейнелейді? ( Суреттеу арқылы, мысалы: қара көзі бар, ұзын бойлы, әкесінен бетер қатал т.с.с.)
Мұғалім сөзі: Әр әдеби шығарманың композициясы болады. Ал композиция неден құралады? ( оқиғаның басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі)
VТақтамен жұмыс
23-cлайд
КОМПОЗИЦИЯ
шешімі
шарықтау шегі
шиеленісуі шиеленісуі
дамуы
Оқиғаның басталуы
оқиғаның басталуы
-Осы композиция құрылымына қарап, поэма мазмұнын талқылап көрейік.
-Оқиға неден басталады? ( Мұрат байдың Мысырдан Ніл өзенінің жағасына көшіп келуі)
-Оқиға қалай дамыды? ( Мұрат байдың құлы Қасымның асыранды қызы Мәрияға ғашық болуы)