Ұйымдастыру кезеңі | 1.Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Бұл қай кезде болады? Қар жауады жапалақтап, Балалар жүр шапалақтап. Балалар тон киеді, Аяз беттен сүйеді. 2.Оқушыларды Қар ұлпаларының суреті арқылы шағын топтарға бөлу. 1-топ 2-топ 3-топ Шағын топтарға жұмбақтар беріледі. 1-топ: Қолы мен қаламы жоқ, Бiрақ сурет салады көп. (Аяз) 2-топ: Ұшады зырлап, Жанын қинап, Ұлиды зарлап. (Боран) 3-топ: Әуеде ақ мамық Қалбалақтап ұшады (Қар) | Амандасады. Кезекші жауап береді. Шағын топтағы оқушылар топтаса отырып жұмбақты шешеді. 1-топ: «АЯЗ» 2-топ: «БОРАН» 3-топ: «ҚАР» | |
«Ой шақыру» стратегиясы.
| Қайталау –білім анасы. Топтар тапсырмасы: «Шырша» сөзіне «АЯЗ»: Фонетикалық талдау жасату. «БОРАН»: Септейді. «ҚАР»: Сөйлем құрастырады | | Плакат және маркер, стикер. |
Негізгі бөлім Жаңа сабақ. Сергіту сәті | Сабақтың тақырыбын хабарлау, жалпы мақсатты айту және оқушыларды мақсат қоюға тарту. Оқулықпен жұмыс. Лексикалық тақырыпты меңгеру. 1«Қыс мезгілі» мәтіні бойынша жалпы шолу 2.Мәтінді мәнерлеп оқу, аудару 3.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру Бүгінгі сабақта грамматикалық тақырып бойынша барыс, жатыс пысықтай отырып, жаттығулар орындаймыз. Кірпі «Қара жорға» «Ой толғаныс» 1.Қыс мезгілін суреттеу 2.Мәтіннен септік жалғаулы сөздерді теріп жазып, талдайды. 3.Қыс мезгілі тақырыбына өлең құрастыру. | Дәптерге сабақтың тақырыбын жазады. Оқушылардың пікірлері тыңдалады. Жаңа сөздермен жұмыс: Аққала-снеговик сырғанайды-катаются сырғанақ-каток қалпақ-шляпа домалату-катать Тақтамен жұмыс: 1.Зат есім дегеніміз не? 2.Сұрақтары? 3.Жалпы және жалқы зат есімдер? 4.Зат есімнің септіктері? 5-тапсырма. (105 бет) Тірек-сызба бойынша сөйлемдер құрастырамыз. 1.Зат есім+жатыс септік+зат есім+етістік 2.Зат есім+барыс септік+етістік
Сұрақтарға бірлесе жауап беріп, түйіндеуге дағды қалыптасады. | |
Сабақты топтастыру әдісімен қорытындылау | Септіктер Бүгін біз сыныпта «АЯЗ», «БОРАН», «ҚАР» топтарымен жұмыс істедік. Топ мүшелері « Қыс мезгілі» тақырыбы аясында мәліметтер ала отырып, өз білгендерін де ортаға салды.
| Оқушылар постер жасап, қорғайды | Плакат және маркер, стикер. |