Сыныбы: 4 | Күні: | Пәні: қазақ тілі | Мұғалімі: Киреева Айгуль Сериковна |
Сабақтың тақырыбы | Күз мезгілі. Қандай? Қай? |
Мақсаты | Жыл мезгілдері туралы жалпы түсінік беріп, күз мезгіліне байланысты Қандай? Қай? сұрақтарына байланысты тапсырмалар орындату. Оларды бір - бірінен ажырата білу және екітілділік принциптерді қолдана отырып, жаңа тақырыпты кеңінен таныту. |
Күтілетін нәтижелер | Күз мезгілін ажырата алады. Екі тілде күз мезгілін таниды. Сұрақтарға нақты жауап береді. |
Керекті жабдықтар | презентация, топшамалар, бағалау парағы. |
Сабақ барысы: |
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Бағалау |
Псих. дайындық 2 мин | «Шаттық шеңбері» тренингін ұйымдастыру | Психологиялық орта құру, шеңберге тұрып бір-біріне жақсы тілектер айтады. | қолпаштау |
Кіріспе 5 мин | Жыл мезгіліне байланысты ертегі оқу. | Оқушылар бар назарын сабаққа аударып, сабақтың тақырыбына болжау жасайды. | |
Негізгі бөлім 20 мин | Интерактивті тақтадан күздегі болатын өзгерістерді көрсету.
| Тыңдайды, толықтырады. | 2 балл
|
| Суретпен жұмыс. Тақтада жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі. | Тыңдалым. Әр жыл мезгіліне сипаттама береді. | 3 балл
|
| Мәтінмен жұмыс. А) Мәтінді оқу. Ә) Мәтіннен қандай? қай? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді дәптерге жазу. | Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қояды. Қандай? Қай? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп жазады. | 2 балл |
| Тақтамен жұмыс. «Алтын күз» өлеңімен жұмыс жасау. Өлеңді мәнерлеп оқып, жолдарды буындарға бөлу. | Өлеңді мәнерлеп оқиды. Өлең жолдарын буынға бөледі. | 3 балл
|
| Дәптермен жұмыс. Топшамамен жұмыс. | Берілген сөздерден сөйлем құрайды. | 4 балл |
Қорытынды 10 мин | Тақырыпты қорытындылай келе Венн диаграммасын жасау. | Оқушылар күз және қыс мезгілдерін салыстырады. | 1 балл |
5 минут | Қорытынды бағалау жүйесі | Ат ы-жөні | Интер. Тақтамен жұмыс | Суретпен жұмыс. | Мәтінмен жұмыс | Буынға бөлу | Топшамамен жұмыс | Венн дтаграммасы | | | | | | | | | 12–15 –«5» 9-11-«4» 6-8-«3» 3-5-«2» |
Үй жұмысы 3 мин | «Күзгі саяхат» тақырыбына сурет салу. | Күнделіктеріне жазып алады. | |