Мақсаты: Теориялық білімдерін толықтыра отырып, оқушылардың ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын байытып қазақ тілінде сөйлеу қабілеттерін дамыту. Рефлексия арқылы оқушыларда өзін-өзі бағалау мүмкіндіктерін жетілдіру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Қазақстан - егемен ел" сабақ жоспары»
Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп
Ашық сабақ:
«Қазақстан – егемен ел»
Ибраева А.Қ.
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Петропавл қаласы
2016ж.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – егемен ел
Білімді ұрпақ – еліміздің болашағы
Мақсаты: Теориялық білімдерін толықтыра отырып, оқушылардың ой – өрісін кеңейту, сөздік қорларын байытып қазақ тілінде сөйлеу қабілеттерін дамыту. Рефлексия арқылы оқушыларда өзін – өзі бағалау мүмкіндіктерін жетілдіру.
Міндеттері:
Ел тақырыбы туралы толық мағлұмат беру;
Шығармашылық жұмысты дайындау;
Сабаққа байланысты қосымша материалдарды пайдалану.
Типі: білімдерін толықтыру, жүйелеу
Көрнекілік: интерактивті тақта, (слайд), сызба, қосымша материал грамматика: сөз тіркес, сөз құрамы.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу
Психологиялық ахуал арқылы оқушыларды топқа бөлу.
І, ІІ, ІІІ топтар
ІІ. Сабақтың тақырыбын түсіндіру
Мақсатын айту, эпиграф. (Бағалау парағы)
ІІІ. 1. Үй жұмысын тексеру (қосымша сұрақтар)
«Менің қиялымдағы ел...»
ІҮ. 2. Топ жұмыстары.
Әр топқа мәтін таратылады (қосымша тапсырма беру)
«Менің Қазақстаным» - (мәтін бойынша жоспар құрастыру)
«Қазақ елі – менің Отаным» - (мәтін бойынша - туған жер, Отан туралы мақал – мәтелдерді еске түсіру)
«Жері байдың – елі бай» (сөз тіркестерді тауып, жазу)
Ү. 3. Оқушыларға мәтін тыңдату, логикалық ойын өткізу (сұраққа жауап беру және «сенемін» - «сенбеймін» деген сөздер арқылы дұрыс жауап беру.)
ҮІ. 4. Тапсырма
Кең байтақ Қазақстаным....
Жерім, елім, Отаным, деген сөздің мағынасын әр адам өзіне, біреуге ыстық сезімімен жеткізеді. (Кластер арқылы мәтін бойынша жұмыс жүргізу, өз ойларын жазбаша және ауызша сөйлеу арқылы жеткізу)
«Қазақстан Республикасының рәміздері» (мәтін бойынша 3 сұрақ қою.)
«Қазақстанның кіндік қаласы» (Не туралы айтылды? (аударма))
«Тұңғыш Президент» (мазмұндау)
ҮІІ. Сабақты қорытындылау.
Жалпы берілген тақырып бойынша тест тапсырмасы орындалады. Әр топ бір – бірімен тест жұмыстарын алмастырады – бағалайды. (Әр топтан бір бағалаушы тағайындалады, тақтаға нәтижесі жазылады)
ҮІІІ. Тәуелсіздік мерекесіне орай әр топтан бір оқушы жатқа үйреніп келген өлеңін арнайды.
ІХ. Қорытынды.
Рефлексия : «Жетістік тауы»
Шың, бәрін түсіндім және біреуге түсіндіре аламын;
Ортасы, өзім бәрін түсіндім, бірақ біреуге түсіндіруге қиналамын;
Бастауы, бұл жұмыс бойынша маған нәтижеге жету қиын.
Әр бала өз стикерін тапсырады. Аты - жөні және көрсетілген белгісіне іледі.
Бағалау парақтарын тапсырылады
«Бәйге»
(сұрақтарға жауап беру)
Қазақстан қандай мемлекет?
Қазақстан қандай құрлықта орналасқан?
Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі?
Қазақстанның тұңғыш Президенті?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне не жатады?
Тудың авторы кім?
Елтаңбаның авторлары кім?
Ән ұранның әнін кім жазды?
Мемлекеттік валюта-теңге қай жылы айналымға кірді?
Қазақстанда қанша облыс бар?
Астана қай жылы бас қала болды?
Қазақстан Республикасының Конституциясы қай жылы қабылданды?