kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ислам діні

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тараз қаласы  әкімдігінің білім бөлімі

№47 орта мектебі  КММ

Сабақ  тақырыбы: Ислам діні

Орындаушы :  Бахтьярова А.А.

Мектебі: №47

 

Тақырыбы:   Ислам діні

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға араб елдеріндегі ислам діні пайда болғанға дейінгі жағдайын, ислам дінінің пайда болуы, ислам дінінің таралуы, Мұхаммед пайғамбар  жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың типі:  Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі:  Қосымша деректер, оқулық, дүниежүзі саяси картасы т.б.

Сабақтың жоспары:

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақ.

IІІ. Жаңа сабақты бекіту.

ІV. Қорытындылау.

V. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

         Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Жаңа сабақ.

Ислам  — әлемдік монотеисттік-ибраһимдік дін. Христиандықтан кейін дүниедегі ең көп таралған дін болып табылады. «Ислам» сөзі «бейбітшілік»,  «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Аллаһтың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Мұсылмандардың негізгі діни кітабы Құран Кәрім — классикалық әдеби араб тілінде  Аллаһ тарапынан түсірілген.

Исламдық көзқарас бойынша, жаратушы Аллаһ әрдайым адамзат баласын тура жолға салып тұру үшін әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим (Авраам), Мұса (Моисей), Иса (Иисус) т.б. бар. Мұсылмандардың сенімі бойынша ең соңғы пайғамбар — Аллаһтың елшісі Мұхаммед.

Ислам – үш әлемдік діндердің ішінде ең жас дін болып саналады. Қазіргі уақытта мұсылмандар әлемнің 120 елдерінде өмір сүреді, мұсылман қауымдастығы 1,5 млрд. жуық, яғни бүкіл адамзаттың 20 %-ын құрайды.

Бұл дін Мысыр, Иордания, Тунис, Катар, Біріккен Араб эмираттары, Ирак, Иран, Кувейт, Марокко, Сауд Арабиясы және т.б. сияқты елдердің конституцисында өз көрінісін тауып, 28 мемлекетте мемлекеттік немесе ресми дін болып саналады. Мұсылмандардың шамамен ¾ 35 елдерде қоныстанған, бұл елдерде олар бүкіл халықтың 95%-дан 100%-ға дейін бөлікті құрайды, олар келесі елдер: Алжир, Ауғанстан, Бахрейн, Гамбия, Батыс Сахара, Индонезия, Иордания, Йемен, Катар, Коморы, Ливия, Мавритания, Мальдивы, Нигер, БАЭ, Оман, Сомали, Тунис, Түркия және т.б.

Ислам иудаизм мен христиандық діндер сияқты әлеуметтік-діни және тілдік ортада қалыптасқандықтан, қазіргі заманғы дінтану ғылымы оны аврааматикалық (иудеохристиандық) дәстүрге типологиялық туыстас болып қарастырады.

Оның негізгі ерекшелігі - ол дін мен құқық арасында, зайырлы және діни өмір арасында, сенім мен өмір сүру салты арасында нақты айырмашылықтардың болмауы.

Ислам сөзі араб тілінен аударғанда бағыныштылық деген сөзді, ал муслим немесе мұсылман атауы өзін Аллаға берілген, яғни мұндай бағыныштықты өмір сүру салты ретінде қабылдаған деген мағынаны білдіреді. Бұл дінге табынатын адамның өмірін шектеу әрекеті осымен түсіндіріледі.

Ислам VII ғ. Аравия түбегінде пайда болды. Бұл уақытқа қарай мұнда ежелгі таптық мемлекеттердің құлауы, транзиттік сауданың, дәстүрлі қоғамдық байланыстардың құлдырауы, көшпенділер мен отырықшы тайпалар арасында шиеленістің артуы сияқты объективті алғышарттар өрістей бастады. Осы барлық жағдай ортағасырлық араб халқының әлеуметтік және рухани ізденістерінде өз көрінісін тапты, оның нәтижесінде жаңа саяси құрылыстың – Халифаттың, жаңа этноконфессиялық қауымның – мұсылман қауымның (умма) қалыптасуына әсер етті. Исламға дейін араб халқында бір дін болмады, көп құдайларға сену болды, көпқұдайлылық уағыздалды. Бірақ біртіндеп жергілікті діндер арасында жалпыаравиялық құдайлар бөліне бастады. VII ғ. Аравияда курайшиттер тайпасы жоғарғы билікке жетеді, осыдан курашиттердің «илах» немесе «аль-илах» құдайы аз ықпалды және күшті тайпалардың құдайларын ығыстыра алды. Кейінірек, ол исламға жалғыз және нақты«Аллаха» құдайы ретінде енді.

Ислам қатаң монотеизмнің, яғни бірқұдайлылықтың діні болып табылады. Мысалы, бұл дінде Троица мәселесі – үшбірліктің, яғни Құдай-Әке, Құдай-Ұл, Құдай-Қасиетті Рух байланысы сияқты мәселесі кездеспейді. Алланың жалғыз болуы мен тұтас болуы туралы сенімнің әмбебап ұстанымы «Алладан басқа ешқандай құдай жоқ» деген формуламен айқындалады.

Тарихи тұрғыда ислам діні белгілі бір саяси орталығы жоқ, көптеген пұтқа табынушылық құдайлар пантеоны бар көшпенді, жартылай көшпенді және отырықшы тайпаларды біріктіріп, оларды адамзат тарихында өте маңызды және ықпалды дінге айналдырды. Исламның негізгі догматтардың пайда болуы мен қалыптасуы, оның әлемдік дінге айналуы қысқа мерзімде болды, тіпті ХІІІ ғ. араб өркениеті әлемнің жартысын қамтыды және өзінің мәдени дамуы бойынша ортағасырлық Батыстан озып түсті.

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

         1. Ислам діні пайда болғанға дейінгі діндерді атаңдар.

         2. Ислам діні қай ғасырда пайда болды?

         3. Ислам діні қай жерде пайда болды?

ІV. Қорытындылау, бағалау.

V. Үйге тапсырма беру.

       Үйге:  Ислам діні

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ислам діні»

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі

47 орта мектебі КММ

Сабақ тақырыбы: Ислам діні

Орындаушы : Бахтьярова А.А.

Мектебі: №47


Тақырыбы: Ислам діні

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға араб елдеріндегі ислам діні пайда болғанға дейінгі жағдайын, ислам дінінің пайда болуы, ислам дінінің таралуы, Мұхаммед пайғамбар жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.


Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, дүниежүзі саяси картасы т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақ.

IІІ. Жаңа сабақты бекіту.

ІV. Қорытындылау.

V. Үйге тапсырма беру.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.


ІІ. Жаңа сабақ.

Ислам — әлемдік монотеисттік-ибраһимдік дін. Христиандықтан кейін дүниедегі ең көп таралған дін болып табылады. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Аллаһтың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Мұсылмандардың негізгі діни кітабы Құран Кәрім — классикалық әдеби араб тілінде Аллаһ тарапынан түсірілген.

Исламдық көзқарас бойынша, жаратушы Аллаһ әрдайым адамзат баласын тура жолға салып тұру үшін әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим (Авраам), Мұса (Моисей), Иса (Иисус) т.б. бар. Мұсылмандардың сенімі бойынша ең соңғы пайғамбар — Аллаһтың елшісі Мұхаммед .

Ислам – үш әлемдік діндердің ішінде ең жас дін болып саналады. Қазіргі уақытта мұсылмандар әлемнің 120 елдерінде өмір сүреді, мұсылман қауымдастығы 1,5 млрд. жуық, яғни бүкіл адамзаттың 20 %-ын құрайды.

Бұл дін Мысыр, Иордания, Тунис, Катар, Біріккен Араб эмираттары, Ирак, Иран, Кувейт, Марокко, Сауд Арабиясы және т.б. сияқты елдердің конституцисында өз көрінісін тауып, 28 мемлекетте мемлекеттік немесе ресми дін болып саналады. Мұсылмандардың шамамен ¾ 35 елдерде қоныстанған, бұл елдерде олар бүкіл халықтың 95%-дан 100%-ға дейін бөлікті құрайды, олар келесі елдер: Алжир, Ауғанстан, Бахрейн, Гамбия, Батыс Сахара, Индонезия, Иордания, Йемен, Катар, Коморы, Ливия, Мавритания, Мальдивы, Нигер, БАЭ, Оман, Сомали, Тунис, Түркия және т.б.

Ислам иудаизм мен христиандық діндер сияқты әлеуметтік-діни және тілдік ортада қалыптасқандықтан, қазіргі заманғы дінтану ғылымы оны аврааматикалық (иудеохристиандық) дәстүрге типологиялық туыстас болып қарастырады.

Оның негізгі ерекшелігі - ол дін мен құқық арасында, зайырлы және діни өмір арасында, сенім мен өмір сүру салты арасында нақты айырмашылықтардың болмауы.

Ислам сөзі араб тілінен аударғанда бағыныштылық деген сөзді, ал муслим немесе мұсылман атауы өзін Аллаға берілген, яғни мұндай бағыныштықты өмір сүру салты ретінде қабылдаған деген мағынаны білдіреді. Бұл дінге табынатын адамның өмірін шектеу әрекеті осымен түсіндіріледі.

Ислам VII ғ. Аравия түбегінде пайда болды. Бұл уақытқа қарай мұнда ежелгі таптық мемлекеттердің құлауы, транзиттік сауданың, дәстүрлі қоғамдық байланыстардың құлдырауы, көшпенділер мен отырықшы тайпалар арасында шиеленістің артуы сияқты объективті алғышарттар өрістей бастады. Осы барлық жағдай ортағасырлық араб халқының әлеуметтік және рухани ізденістерінде өз көрінісін тапты, оның нәтижесінде жаңа саяси құрылыстың – Халифаттың, жаңа этноконфессиялық қауымның – мұсылман қауымның (умма) қалыптасуына әсер етті. Исламға дейін араб халқында бір дін болмады, көп құдайларға сену болды, көпқұдайлылық уағыздалды. Бірақ біртіндеп жергілікті діндер арасында жалпыаравиялық құдайлар бөліне бастады. VII ғ. Аравияда курайшиттер тайпасы жоғарғы билікке жетеді, осыдан курашиттердің «илах» немесе «аль-илах» құдайы аз ықпалды және күшті тайпалардың құдайларын ығыстыра алды. Кейінірек, ол исламға жалғыз және нақты«Аллаха» құдайы ретінде енді.

Ислам қатаң монотеизмнің, яғни бірқұдайлылықтың діні болып табылады. Мысалы, бұл дінде Троица мәселесі – үшбірліктің, яғни Құдай-Әке, Құдай-Ұл, Құдай-Қасиетті Рух байланысы сияқты мәселесі кездеспейді. Алланың жалғыз болуы мен тұтас болуы туралы сенімнің әмбебап ұстанымы «Алладан басқа ешқандай құдай жоқ» деген формуламен айқындалады.

Тарихи тұрғыда ислам діні белгілі бір саяси орталығы жоқ, көптеген пұтқа табынушылық құдайлар пантеоны бар көшпенді, жартылай көшпенді және отырықшы тайпаларды біріктіріп, оларды адамзат тарихында өте маңызды және ықпалды дінге айналдырды. Исламның негізгі догматтардың пайда болуы мен қалыптасуы, оның әлемдік дінге айналуы қысқа мерзімде болды, тіпті ХІІІ ғ. араб өркениеті әлемнің жартысын қамтыды және өзінің мәдени дамуы бойынша ортағасырлық Батыстан озып түсті.


ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1. Ислам діні пайда болғанға дейінгі діндерді атаңдар.

2. Ислам діні қай ғасырда пайда болды?

3. Ислам діні қай жерде пайда болды?


ІV. Қорытындылау, бағалау.

V. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Ислам діні





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ислам діні

Автор: Бахтьярова А.А.

Дата: 01.12.2016

Номер свидетельства: 364718

Похожие файлы

object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Ислам дініні? пайда болуы ж?не таралуы"
    ["seo_title"] => string(34) "islamdinininpaidaboluyzhnietaraluy"
    ["file_id"] => string(6) "301495"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456931812"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Конспект урока на тему: Ислам дініндегі жи?ад ??ымы. "
    ["seo_title"] => string(57) "konspiekt-uroka-na-tiemu-islam-dinindieghi-zhihad-u-g-ymy"
    ["file_id"] => string(6) "171994"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423750175"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) ""Ислам діні - тамыры тере? дін""
    ["seo_title"] => string(25) "islamdinitamyrytieriendin"
    ["file_id"] => string(6) "274923"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452487005"
  }
}
object(ArrayObject)#876 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Ислам – дін ?ана емес, ол бізді? м?дениетіміз"
    ["seo_title"] => string(47) "islam-din-g-ana-iemies-ol-bizdin-m-dieniietimiz"
    ["file_id"] => string(6) "328762"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1463715784"
  }
}
object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Ислам мадениеты (Культура ислама)."
    ["seo_title"] => string(33) "islam-madieniiety-kul-tura-islama"
    ["file_id"] => string(6) "268093"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450541715"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства